Кімге: Oracle бағдарламалық қамсыздандыруды техникалық қолдау мерзімін ұзарту бойынша қызметті ықтимал Жеткізушіге кімнен



жүктеу 28.52 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі28.52 Kb.



КІМГЕ: Oracle бағдарламалық қамсыздандыруды техникалық қолдау мерзімін ұзарту

бойынша қызметті ықтимал Жеткізушіге


КІМНЕН: «Банк ЦентрКредит» АҚ
Мекенжайы: 050059, Қазақстан Республикасы,Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 38
ТАҚЫРЫБЫ: Oracle бағдарламалық қамсыздандыруды техникалық қолдау мерзімін ұзар

ту бойынша қызметті Жеткізушіні таңдау бойынша жөнінен 2015 жылы өткізілетін ашық

тендерге қатысуға шақыру



Құрметті Жеткізуші,

«Банк ЦентрКредит» акционерлік қоғамы Сіздің Компанияңызға өз ілтипатын білдіре отырып, біздің Банкте Oracle бағдарламалық қамсыздандыруды техникалық қолдау мерзімін ұзарту бойынша қызметті Жеткізушіні таңдау жөнінен 12.08.2015 ж. бастап 14.09.2015 ж. дейін өткізілетін ашық тендерге қатысуды ұсынады.
Тендерге қатысуға келіскен жағдайда, Сізден қатысатыныңызды растауды және Банктің тендерлік комиссиясының төрағасы орынбасарының атына ресми хат (хаттың үлгісі ұсынылады) жолдауыңызды сұраймыз. Содан соң Сізге өткізілетін тендердің ережелері мен талаптары бойынша қосымша құжаттаманы, сондай-ақ тендерге қатысушылар толтыруға тиісті өтінімнің нысанын ұсынамыз.
Тендерге қатысу үшін растаушы хаттарды қабылдау 17.08.2015 жылғы Алматы уақытымен сағат 16:00-де аяқталады (мерзімдері өзгерген жағдайда, ол туралы Сізге қосымша хабарлаймыз).
Осы тендер бойынша ұсыныстарыңызды қабылдау 31.08.2015 жылғы Алматы уақытымен сағат 16:00-де аяқталады (мерзімдері өзгерген жағдайда, Сізге қосымша хабарлаймыз).
Осы жобаны іске асыру бойынша тендерлік ұсыныстарыңыз «Банк ЦентрКредит» АҚ-тың Кеңсесі арқылы жеке тендерлік комиссия төрағасының орынбасары Зданович Лариса Петровна ханымның атына жіберілген жабық конверттермен ғана қабылданады.
Баға бойынша ұсыныстары бар құжаттар пакеті Компанияның мөрімен бекітілген жеке конвертте барлық қалған тендерлік құжаттамалардан бөлек берілу керек.
«Банк ЦентрКредит» АҚ қандай да бір ұсынысты қабылдауға немесе кез келген тендерге қатысушымен келісімшарт жасауға міндетті емес. ЦентрКредит Банкі түпкілікті шешімді дербес қабылдауға құқылы.

«Банк ЦентрКредит» АҚ ұсыныстар дайындау барысында мүмкін болатын шығыстар үшін жауап бермейді және конкурстық құжаттар пакетін қайтармайды.

Бұл құжат, сондай-ақ Сізге тендер өткізу барысында берілетін басқа кез келген ақпарат қатаң құпия болып табылады және сіздің Компанияңыздың уәкілетті қызметкерлері, оның ішінде осы тендерге қатысу бойынша жұмыс атқаратын қызметкерлер ғана алынған мәліметтерді пайдаланады деген талаптармен беріледі. Осы құжатты көшіру, оны немесе оның бір бөлігін қайта жазуға рұқсат берілмейді.


Осы тендерге қатысты барлық құжаттарды пошта арқылы төмендегі мекенжайымызға жөнелтуді өтінеміз:

050059, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 38, «Банк ЦентрКредит» АҚ, Oracle бағдарламалық қамсыздандыруды техникалық қолдау мерзімін ұзарту бойынша қызметті Жеткізушіні таңдау бойынша жөнінен 2015 жылы өткізілетін ашық тендерге.


Тендерлік комиссия

төрағасының орынбасары Л.П.Зданович


Банктің БО тендерлік комиссиясының

бэк-офисінің телефоны

8 (727) 244 30 24

aserkeba@centercredit.kz

* * *





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет