отаны болды. Алтын Орда және мәмлюктер билігі тұсындағы Мысыр мен
Сирия жерлерінде негізгі қатынас тілі қыпшақ тілі болып, халықаралық тіл
дәрежесіне көтерілді. Қазақ тілінің қалыптасуына негіз болған көне қыпшақ
ауызекі тілі және көне қыпшақ әдеби тілі осы тұста өркендеді. Орта
ғасырларда қыпшақ тілінде көптеген грамматикалық еңбектер, сөздіктер,
әдеби шығармалар жазылды. «Қыпшақтанудың» негізгі теориялық
бағыттарын профессор Б.Көмеков былай белгілейді:
1. қыпшақтар және
көшпенділік өркениет;
2. көшпенділік және отырықшылық өркениеттердің өзара байланысы
және өзара әсерлесуі;
3. қазақ халқының этникалық, тарихи және мәдени қалыптасуы;
4. Еуразия және Жерорта теңізі аймақтарындағы қыпшақтардың көне
және орта ғасырлардағы тарихы;
5. қыпшақтануға байланысты жазба дерекнамаларды толықтыра түсу;
6. Орта Азия және Шығыс Еуропа халықтарының қалыптасу
ерекшеліктерін айқындау және т.б.[3].
Біздің бұған қосарымыз, орта ғасырларда
көне қыпшақ әдеби тілінде
жазылған шығармаларды лингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеу қажет.
Олардың тілін бүгінгі жекелеген қыпшақ тілдерімен салыстыра зерделей
отырып, көне қыпшақ әдеби тілінің бүгінгі мұрагері қай тіл екендігін
анықтау. Орта ғасырлардағы «қыпшақ тілінің» тілдік заңдылықтары бүгінгі
10 шақты қыпшақ тілдерінің ішінен қазақ тіліне әлде қайда жақын, ұқсас
келетініне дәлел көп. Мағжан ақын сөзімен айтсақ, «қыпшақтардың бір кезде
дәуірлеп жасаған жазира даласының қара шаңырағының мұрагерлері де сол
қазақтар». Яғни, қазіргі қазақ тілі - көне қыпшақ тілінің жаңа заманға сай
өзгерген, дамыған, түрленген түрі. Қыпшақтану
проблемасы ең әуелі тілге
байланысты өріледі.
Көне қыпшақ тілі туралы ең алғаш мәлімет берген автор – М.Қашқари.
«Диуан лұғат ит – түрік» атты еңбегінде қыпшақ тілінің кейбір
грамматикалық, лексикалық ерекшеліктерін талдап көрсетеді. М.Қашқари
түркі тілдерін зерттей келе ХІ ғасырда жеке қолданылған “қыпшақ тілі”
болғандығын атап көрсетеді. Сонымен қатар, ол “қырғыз, қыпшақ, гуз,
тухси, яғма, чығыл, арғу, йаруқ тайпалары – бәрі бірдей түрікше бір тілде
сөйледі” деп жазады. Белгілі ғалым Н.Т.Сауранбаев осы деректерге сүйене
келіп “бұл аталған тайпалар тілдері өзара бірігіп кетіп, бірегей тілге
айналған да, ортасынан бір топтан қыпшақ тілін шығарған” дейді[4,18б].
Шынында да ХІІ ғасырларда қыпшақ тайпаларының салмағы саяси аренада
арта түсті. Қыпшақтардың мемлекеттік одағына әр алуан тайпалар бірікті.
Қыпшақ тілі сондықтан аралас тіл болды. Бірақ басқа тайпалардың тілінен
гөрі үстем тайпа қыпшақтардың тілі гегемондық роль атқарды.
М.Қашқари түркі тілдерінің лексикалық ұқсастықтарын айта отырып,
олардың дыбысталу жүйесіндегі кейбір айырмашылықтарды ашып
көрсетті. Қыпшақ тілінің мынадай басты
фонетикалық ерекшеліктерін
назарға ұсынды:
й дыбысының орнына дж(ж) дыбысын қолданады:
йанджу емес
Достарыңызбен бөлісу: