Түмен өз ішінде мыңдықтан құралды. Бұл әкімшілік-әскери бірлік
соғыс жағдайында бір мың сарбаз шығаратын болған.
Осы әскери бірлікті
Шыңғыс хан "мың қол" (айтылуы "мыңғол") деп атаған. Қазіргі "полк"
ұғымына сай келеді, ал оның сардарын "Мың басы" атаған. Кейін келе бұл
сөз ұлт атауына және империя атауына сай келетін терминге айналды.
Шыңғыс хан заманында "Мыңғол" деген ұлт болған жоқ. "Моңғолдың құпия
шежіресі" [13]
Шыңғыс хан заманынан кейін, Үгедейдің нұсқауымен
жазылса керек. Құпияның "құпия" болуының басты себебі осы.
Мыңдық өз ішінде "ондыққа" бөлінді. Ондық бір ауылға сай келеді.
Соғыс кезінде Он басы бастаған он сарбаз шығаратын болған. Сонда 5-6
кісіден (бір түтіннен) бір сарбаз немесе сардар шығатын болған.
Осы жүйеге сай, әкімшілік-әскери құрылымның әрбір буыны өзіне
тиесілі
жерде қоныстанып, белгілі мезгілде, бағытта көшіп-қонып өмір
сүрген. Түмен басы мен
Мың басын ханның өзі сайлап, Жүз басын Түмен
басы сайлап, ал Он басын Мың басы сайлаған. Міне, кезінде Напольонның
қолдануымен, уағыздауымен бүгінде әлемнің барша мемлекетінде әскердің
ұйымдастырылуы Шыңғыс хан құрған осы жүйеге сай келтіріліп құрылған.
Напольон Шыңғыс ханның әскери білгірлігі мен сауаттылығына жоғары баға
берген.
Достарыңызбен бөлісу: