қазақ өлкесінде діни үгіт таратып, «ежелгі
Жарғы заңын қалдырыңдар, ол
көкке табынатын дінсіздіктің ісі, шариғат қағидасына ауысыңдар. Сендер ант
бергенде "көк соқсын" демеңдер, "құран соқсын" деп, құранды бастарыңа
көтеріңдер» деп үгіттейді. Бірақ халық бұқарасы оған селсоқ қарап, сол
заманда шариғат қағидасына ойыса қоймайды.
Уақытының көбін мал
бағумен өткізген халық бұқарасына шариғаттың қағидалары өте қиын болып
көрінген. Сондықтан шариғатты кіргіземін деген хандарға халық бұқарасы
қатты наразылық білдіріп, кейде көтеріліске айналдырып отырған.
Бұл тарихи уақиғаларды жақсы білген Қасым хан,
саяси жағдайдың
шиеленіскен кезінде, халық бұқарасының, билер тобының көптен бергі
ойына қарсы тұрмай,
қайта олармен бірігіп, шариғат заңын үгіттеген
Бұхардың ишан-қазыларының тіміскілеуін тойтарды. Шариғатты бүтіндей
қалдырып, халықтың тілегіне жақын әрі ерте заманнан оларға түсінікті
ежелгі «Жарғы» заңын жаңадан күшейтеді. Халық бұқарасы Қасымның
шариғатты алмай, ежелден қалыптасқан билер заңы – жарғыны жаңадан
көтергенін қатты ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кетті.
Бұл заңға кірген ережелер:
1) Мүлік заңы (жер дауы, мал, мүлік);
2) Қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу) ;
3) Әскери заңдар (аламан міндеті, қосын жасау, қара-қазан, ердің құны,
тұлпар ат);
4) Елшілік жоралары (майталмандық,
шешендік, халықаралық
қатынасында сыпайылық, әдептілік);
5) Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер,
жасауыл, бекеуіл, тұтқауылдардың міндеті).
«Қасқа жолдың» заңдары өзгерусіз 17 ғасырға жетіп,
Есімнің кезінде
(1598-1645) «Есім ханның ескі жолы» деп аталады [19].
Есім хан (т.ж. белгісіз – 1645 ж.ш.ө.) – Орта жүз ханы (1598-1645)
Шығай сұлтанның баласы, Орта жүздегі қазақ хандары әулетінің (XVII-XVIII
ғ.) басы. Есім хан Түркістан қаласындағы қазақ хандарының ордасында
тұрды. 1598 ж. қазақ сұлтандары Сырдария маңындағы қалаларда, Түркістан,
Ташкентте т.б. мұрагерлік билік үшін Мауараннахрмен арадағы байырғы
күресті күшейтіп, Түркістаннан Самарқанға дейінгі жерді басып алды. Бұл
соғыста Есім хан 20 мың әскермен Самарқанда қалды да, ағасы Тәуекел 70-
80 мың әскермен Бұқар қаласын алуға аттанды. Бірақ жеңіске жете алмады.
Есім хан соғыста айрықша көзге түсіп, «Еңсегей бойлы ер Есім» атанды.
Тәуекел өлгеннен кейін (1598) таққа отырды. 1599 ж. Бұқармен шарт
жасасып, соның негізінде Ташкент қаласы атрабымен қоса 200
жыл бойы
қазақ хандарының билігінде болды. Есім хан ойрат-қалмақтарға қарсы күрес
жүргізді. Бір орталыққа бағынған мемлекет құруды көздеді. Шығыс
Түркістандағы Құшар қаласына жорық жасады. Қазақ-қырғыз ынтымағын
орнатуға күш салды.
Достарыңызбен бөлісу: