Кіріспе 1 геологиялық БӨлім



бет5/23
Дата28.05.2023
өлшемі0.86 Mb.
#474411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
диплом жумыс

2 – Кесте. Қабаттың үйлесімсіздік коэффициенттері

Текше


Қабат


Үйлесімсіздік коэффициенттері

жайылу

Қосылу

А

1

0,42

-

2

0,17

-

3

0,42

0,2

4

0,75

-

Б


1

0,58

0,33

2

0,5

-

В


1

0,75

0,33

2

0,92

0,3




3

0,83

0,67

4

0,75




А текшесінің қабаттары аймақ бойынша бір қалыпты емес,көбіне сазбалшық араласқан жыныстар. Неғұрлым дамыған 4-ші қабат, оның жайылу коэффициенті 0,75-ке тең, ал қалған қабаттарда бұл коэффициент 0,17-0,42 аралығында. 18-ші ұңғымада А текшесі түгелдей саз балшықтан құралған. Қосылу коэффициенті 0,2-ге тең 3-пен 4-ші қабаттардан басқа қабаттарда бір-бірімен байланыс жоқ екендігін жоғарыдағы таблицадан байқаймыз. Ең тиімді газдалған қабаттың қалыңдығы 0,8 м (1-ші ұңғыма) 7,8м (5-ші ұңғыма) өзгереді. Орташа бұл қалыңдық 4,3 м тең және барлық қабаттың 53%-ін құрайды.


Б текшесі 2 қабат-коллекторға бөлінген, ол екеуі қосылып (К-0,33) бір табиғи резервуар құрайды. Мұнда 1-ші қабаттың жойылу коэффициенті 0,58-ге тең,өйткені 5,11,16,17,18-ші ұңғымаларда ол сазбалшықпен араласқан. 2-ші қабат аз тараған, жыныстары 4,5,7,8,15,18-ші ұңғымаларда сазданған. Тиімді газдалған қабат қалыңдығы 0,8 м (8-ші ұңғыма) 4 м дейін (1-ші ұңғыма), орташа қалыңдық 2,9 м тең және барлық қабаттың 90 процентін құрайды.
А мен Б-ға қарағанда В текшесі бірқалыпты қалыптасқан. В текшесінің шегінде де 4 қабат-коллектор бар. Қабаттардың жайылу коэффициенттері 0,75-ке тең, ал қосылу коэффициенттері жоғары болуына байланысты (0,33),В текшесін тұтас бір резервуар күйінде қарауға болады. Текшенің қалыңдығы 1,8 м (7-ші ұңғыма), 21,2 м дейін (3-ші ұңғыма) өзгереді. Мұнда тиімді газдалған қабат қалыңдығы 1,8 м (7-ші ұңғыма),19 м дейін (5-ші ұңғыма),орташа бұл қалыңдық 11,1 м тең ( Кесте – 4 ).
Горизонттың үйлесімсіздік дәрежесін сипаттайтын көрсеткіш болып тарамдалу коэффициенті және құмайттық коэффициенті табылады. Тарамдалу коэффициенті 5,5-ке тең, ал құмайттық коэффициенті 0,58-ге тең.
Өнімді горизонттың жоғарғы бөлігі қат-қат тығыздалған кішкене түйіршекті құмайттар, саздалған алевроллиттер, қатты аргиллиттер және де әлсіз цементтелген құмайттар болып келеді. Әлсіз цементтелген құмайттар орташа-кішкене түйіршекті және кішкене түйіршекті, алевролитті, минералдық құрамы бойынша көбіне кварц-полевошпоттық. Кесекті жыныстар жақсы сортталған. Цемент(5-20%) карбонатты-сазды, сирек қалыптасқан кварцалық, қосылған кеуекті, кеуекті және де шырмауық кеуекті түрі. Горизонттың ортаңғы бөлігі тығыздалған, сұйық өткізбегіш линза тәріздес алевролит және құмайт қаттары араласқан аргиллит қабатынан тұрады. Мұндай қабаттардың қалыңдығы оңтүстігінде 4-5м, солтүстігінде 1,4-1,8 м дейін өзгереді. Горизонттың төменгі бөлігі көбіне алевролит пен аргиллит қаттары жайлаған тығыз құмайттардан құралған. 1,11,16-шы ұңғымалардың осы қимасында әлсіз цементтелген құмайттар бар. Құмайттар орташа түйіршекті, кварц-полешпотты. Цемент сазды-гидрослюдалы, карбонаттыгидрослюдалы, кеуектіжапсарлас, жапсарлас-кеуекті, кей жерде кеуекті түрі. Кеуекті цементтелудің-20%-тегі түрінде цемент мөлшері-10-16%. Тығыз цементтелген құмайттар ұсақ-ортатүйіршекті, кварц-полешпотты. Цемент (15-20%) саздалған,карбонатты-сазды, сирек карбонатты және кварцты, көбіне төгілмелі кеуекті түрі.
Жоғарыда талданған өнімді горизонтпен қоса жалпы төменгі визейдің астыңғы ярусының қимасы литологиялық айырмада -құмайтта, алевролитте,
аргиллитте, ізбесте және көмірде көрінетіндей қарқынды жарықшақтықпен сипатталады. Тектоникалық жарықшақтықтар мен қатар эпигенетикалық
процестерден туындаған лито-генетикалық микро жарықшақтарда орын алады.
Алынған үлгі тас мәліметтері бойынша және де коллектордың түрін,оның шектік параметрлерін анықтау әдісін қолдану арқылы карбонаттығы 9% ке дейін және саздығы 12% ке дейін болғанда өткізгіштігі мен кеуектігінің шектік мәні 0,35*10-3мкм2 және 10,5% ке тең жыныс-коллекторының кеуекті түрі туралы және де онда жоғары көлемді-фильтрациялық қасиеті бар жыныс линзаларының ерекше бөлініп көрінетіні туралы сөз қозғауға болады. Жыныс-коллекторлардың көлемді-фильтрациялық қасиеттерінің орташа шамасы 5 – кестеде көрсетілген.
Ұңғымалар бойынша есептегенде кеуектіктің орташа шамасы 0,148-ге, ал өткізгіштіктің орташа шамасы -2,7*10-3мкм2 тең. Орташа шама барлық ұңғымалар бойынша шығарылған, себебі ұңғымаларда бұл шамалардың озгеру диапозондары әртүрлі. Мысалы, орташа кеуектілік 7-ші ұңғымада 12,2% ,ал 6-шы ұңғымада 19,3%. (бұлай болуы үлгі тас алу жағдайына жәнеде коллекторлер сапасының кен аймағында өзгеретіне байланысты).
Кен орынның газдылығы жоғарғы турней, төменгі визей және төменгі серпухов шөгінділермен байланысты. Төменгі пермь сульфатты – галогенді – терригенді шөгінділеріндегі кеніш шектеулі қабатты литологиялық болып келеді. Кеніштің жату тереңдігі 850м.
Газ – су контактісі 782м. тереңдікте. Өнімді горизонттың жалпы қалыңдығы 270метр, ал орташа пайдалы қалыңдығы 28.5м. газға қаныққан құмтастар және алевролиттер кеуектілігі 15% және өткізгіштігі 0.14мкм² коллекторлар түріне жатады. Газға қанығу коэффициенті 0.75. Алғашқы қабат қысымы 13.2 мПа, газдың максимальді дебиті 229.5мың м³/тәу.
Жоғарғы турней шөгіндісі өте жақсы зерттелмеген. Оның биіктігі 12.5 м және жату тереңдігі 2140 м. Өнімді горизонттың жалпы қалындығы 50 м және оның ішінде эффективті қалыңдығы 5.6 м. Коллектор кеуекті және қабыршақты болып келеді және құмтастар мен алевролиттерден тұрады. Орташа кеуектілігі 13.6%, өткізгіштігі 0.002мкм². Газға қанығу коэффициен ті 0.4.
Төмеңгі визей шөгіндісі 2053 – 2385м тереңдікте жатыр. Қалыңдығы 252м, газ – су контактісі 1972 м тереңдікте, кеніш ауданы 4991га. Кеніш түрі – қабатты тектоникалық шектеулі.
Өнімді горизонт қалыңдығы 46-57м құмтастар, алевролиттер және аргиллиттер араласқан қатпарларынан тұрады. Горизонт төменгі визей қимасының орта бөлігінде орналасқан. Қиманың жоғарғы жағында қалындығы 5 – 8 м ангидрит қатпары жатады.
Кеуекті және жарықшалы өнімді коллектор құмтастар мен алевролиттерден тұрады. Қалындығы 0.8 – 6.8 м. Коллектордың орташа кеуектілігі 14.8%, өткізгіштігі 2.7 х 10³ мкм², саздылығы 12.5% және карбонаттылығы 9%.
13 ұңғыманы тексеру барысында объект дебит бойынша екіге бөлінді: жоғарғы дебиттік және төменгі дебиттік. Объекттің 81% - і төменгі дебит тобына, ал 19% -і жоғарғы дебит тобына жатады. ﴾дебит 47- ден 229 мың м³/тәу.﴿
Газдың тығыздығы : абсолюттік – 0.868 кг/м³, ауамен салыстырғанда – ғы тығыздығы – 0.721 кг/м³, газдың сығылу коэффициенті – 0.85.
Жоғарғытурней – төменгівизей шөгінділеріндегі газ құрамы, % :
Метан 67.25 – 86.2, этан 4.5 – 10.5, пропан 2.86 – 5.2, бутан 0.82 – 0.92, изобутан 0.42 – 0.57, пентан 0.71 – 1.12 , конденсат мөлшері 30г/м³, көмірқышқыл газ 0 – 2.22 және гелий 0.19 – ге дейін болады.
Серпухов шөгіндісіндегі газ құрамы, % :
Метан 81.45, этан 9.9, пропан 3.0, бутан 0.54, изобутан 0.38, пентан 1.54, көмірқышқыл газ 0.2, гелий мөлшері анықталмаған, конденсат мөлшері 12.85 г/м³.
Төменгі пермь шөгіндісіндегі газ құрамы, % :
Метан 9.47 – 26.05, этан 0.21 - 1.97, пропан 0.02 – 0.49, бутан 0.07 – 0.09, изобутан 0.03 - 0.04, пентан 0.06 – 0.16, гелий 0.04 – 0.24, көмірқышқыл газ 0.15 – 1.3.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет