Кіріспе АҚшаның МӘні және оның есебін ұйымдастыру ерекшеліктері


Кесте 1 – «К – Елдос ЛТД »ЖШС қаржы – шаруашылық қызметінің технико – экономикалық көрсеткіштері



бет2/6
Дата03.07.2016
өлшемі483 Kb.
#175863
1   2   3   4   5   6

Кесте 1 – «К – Елдос ЛТД »ЖШС қаржы – шаруашылық қызметінің технико – экономикалық көрсеткіштері




Көрсеткіштер

Жылдар, мың тенге

Ауытқу

(+,-)

2006

2007

+,-

%

1

Негізгі құралдардың орташа жылдық құны, мың теңге

73594,8

30723,3

-42871,5

139,5

2

Ағымдағы активтердің орташа жылдық құны, мың теңге

54949,4

67432,7

+12483,3

122,7

3

Еңбекке ақы төлеу қоры, мың теңге

2582,7

3000,5

+417,8

13,8

6

Орташа тізімдік жұмысшылар саны, адам

68

79

+11

13,9

7

Өнімдерді (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыс, мың теңге

14896,6

76465,4

+61568,8

80,5

8

Өткізілген өнімдердің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны, мың теңге

7928,6

66705,2

+58776,6

88,1

9

Қаржылық нәтиже, мың теңге табыс(+), залал(-)

6968

97602

27922

140,1

10

Қор қайтарымдылығы, теңге

0,2

2,4

+2,2

91,6

11

Қор сыйымдылығы, теңге

4,9

0,4

-4,5

112,5

12

Өткізу рентабельділігі, %

0,5

1,7

-1,2

70,5




Таза пайда (зиян)

-37548,5

-52809,8

-15261,3

28,8

Сонымен жоғарыдағы кестеден көріп отырғанымыздай, яғни серіктестіктің 2006 жылы өнімді сатудан түскен түсім 14896,6 мың теғгені құраған, ал 2007 жылы 76465,4 мың теңге болып отыр. Демек өнімді сатудан түскен түсім сатылған өнімнің өзіндік құнының және өнім көлемінің, сонымен қатар сұраныстың өсуіне байланысты 61568,8 мың теңгеге яғни, 80,5 пайызға өскен. Ал ақша қаражаттары елеулі төмендеген. 2006 жылы 321435,5 мың теңгені, ал 2007 жылы 206484,1 теңгені құқраған, яғни 14951,4 мың теңгеге төмендеген, яғни 7,2 пайызға төмендеп отыр. Ақша қаражаттарының төмендеуі негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, қаржылық активтерді сатып алумен және қарыздарды өтеумен байланысты. Негізгі құралдардың көрсеткіштері бойынша 2006 жылы 73594,8 мың теңгеге, ал 2007 жылы 30723,3 мың теңге, яғни 42871,5 мың теңгеге төмендеп отыр, бұл крсеткіштің төмендеуі негізгі құралдардың істен шығуымен түсіндіріледі. Қорыта келгенде, рентабельділік деңгейі төмендеген. Жалпы серіктестікте екі жылда да, зиянмен аяқтап отыр.



2 Ақша қаражаттар есебі

2.1 ХҚЕС бойынша ақша қаражаттар есебінің ерекшеліктері
ХҚЕС бойынша арнайы ақша қаражаттар есебінде есепті реттеу сұрақтары қарастырылмайды. Ақша қаражаттар қозғалысы туралы есептілікті құру кезінде ХҚЕС-тың 7 “Ақша қаражаттар қозғалысы туралы” есеп беру стандартын басшылыққа алу қажет. Берілген стандартқа сәйкес ақша қаражаттар құрамына кассадағы және банктің ағымдағы шотындағы ақша қаражаттары және қалдықтары кіреді. Ақша қаражаттар есебі түзетуді талап етпесе де, ХҚЕС көшу барысында баланстың барлық баптарына талдау жасауды қажет етеді.

Ақшалай шоттар жедел төленетін міндеттемелерді қолдану кезіндегі есептемелерді құрайды. Баланстың “Ақща қаражаттар” шоттарындағы қалдықта ақша қаражаттар шоттарына енгізілген барлық есептемелер көрініс табады. ХҚЕС 1 “Қаржылық есептілікті ұсыну” ережесін ескере отырып, банктің ағымдағы, салым және арнайы шоттарындағы ақша қаражаттарының компенсациялық қалдықтарына белгілі бір шектеу болған жағдайда оларды ағымдағы немесе ұзақ мерзімді активтер ретінде қарастырады. ХҚЕС өту кезінде мұндай ақша қаражаттар қайта жіктелінуі тиіс.

Ал қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарында ақша қаражаттарының осы аспектісі ескерілмеген және ақша қаражаттар есебінде көрсетілмеген. ХҚЕС өту барысында осындай шектеулері бар ақша қаражаттары қайта жіктелуі міндетті.

Ақшадан өзге де ақша қаражаттар құрамында ақша қаражаттар эквиваленттері де (нақты ақша қаражаттар сомасын оңай тартатын және құнының өзгеру тәуекелділігіне алып келетін қысқа мерзімді өтімділігі жоғары салымдар) ескеріледі.

Ақша қаражаттар эквиваленттері инвестициялау және өзге де мақсаттар үшін ғана емес, олар қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді өтеу үшін де қолданылады.

Өтеу мерзімі қысқа инвестициялар ақша қаражаттардың эквиваленттері ретінде танылады.

Ақша қаражаттардың эквиваленті түрінде қарастырылатын қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды мойындау талаптары бойынша ҚБЕС мен ХҚЕС арасында елеулі айырмашылық бар және олар келесідей: ҚБЕС сәйкес кейбір қаржылық инвестициялар ақша қаражаттардың эквиваленті ретінде қарастырылады, ал ХҚЕС бойынша қарастырылмайды. ХҚЕС сәйкес есептіліктерде ақша қаражаттар эквиваленттерін қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ретінде мойындалуы тиіс.

Ақша қаражаттар құрамына пошта маркалары, іс – сапар шығындарына берілген аванстар, сыртқы қатысушылар мен жұмысшыларына төлемдер енгізілмейді.

Кәсіпорындарда күнделікті шығындар үшін шағын касса құрылады. Бұл касса ағымдағы транспорттық, пошталық және кеңсе шығындарын өтеу үшін өте қажет.

Шағын касса шоттарындағы қалдық жалпы ақша қаражаттар қалдықтарының бір бөлігі болып табылады және шағын кассаны жалпы касса есебінен толтыру немесе құру кезінде өзгеріске ұшырайды.

Ақша қаражаттарының артықшылығы немесе жетіспеушілігі кіріс және шығыс шоттарында көрініс табады.

ХҚЕС өту кезінде басшылық “Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын алғашқы пайдалану” ережесін қадағалаған жөн. Бұл стандарттардың мақсаты ХҚЕС-те қолданылатын кәсіпорынның қаржылық есептілігін құрастыру сәйкестігіне жету болып табылады. Берілген 10 стандартқа сәйкес барлық активтер мен міндеттемелер есептілікте көрініс табуы міндетті. Осы міндеттемелер мен активтердің есептілікте көрініс табуы ХҚЕС-тің басты талаптары болып табылады.



ХҚЕС бойынша ақша қаражаттар есептілігіне мысал.

Талдау және шоттарды ауыстыру үшін ақпараттар.

ЖШС “ЛТД К-Елдос” 2005 жылы 1 қаңтардан бастап ХҚЕС өтті. ХҚЕС – ның талаптары бойынша есетілікті құру шін 2005 жылы 1 қаңтарға құрылған қаржылық есептілікті талдау қажет.

Берілген есеп саясатты және оның бухгалтерлік есепте қолданылатынын талдау.

Талдау барысында ұйымның кассалық операциялары 23.07. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен “Кассалық операцияларды жүргізу тәртібі” бойынша жүргізілетіні анықталды.

Кассалық операцияларды толық материадық жауапкершілігі бар кассир жүзеге асырады.

Кассалық операциялар есебі 1С : кәсіпорын бағдарламасы арқылы электронды түрде жүргізіледі.

Касса ревизиясы ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңына сәйкес бірінші басшының бұйрығымен тағайындалған комиссия мүшелерімен әр ай сайын жүргізіледі. Барлық тексерулер актта рәсімделеді, тексеру нәтижелері бойынша ЖШС президенті шешім қабылдайды.

Кассада өзге тұлғалардың ақша қаражаттарын және құжаттарын сақтау тиым салынады. Ал табылған уақытта оларды артықшылық ретінде кірістейді.

Бос ақша қаражаттарын сақтау және қолма – қолсыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін ұйым банкте өз қызметіне және қаржыландыру көздеріне байланысты есеп айырысу, ағымдағы және өзге де шоттарды ашады.

Бірінші қол қою құқығы ЖШС президентіне, ал екінші қол қою құқығы бас бухгалтерге берілген.

Есеп айырысу шотына сомаларды есептеу бойынша немесе оны банкке жіберу бойынша операциялар шот иелерінің жазбаша түрдегі бұйрықтары немесе олардың келісімі негізінде жүзеге асырылады.

Әр күні немесе өзге де мезгілде банк белгіленген келісім шарт бойынша есеп айырысу шоттарынан ұйымға құжаттар беріп отырады. Банк құжаттары тексеріледі және сомалар арасында корреспонденттік шоттар қойылады.

Талдау барысында ЖШС ақша қаражаттар есебі «Кассалық операцияларды жүргізу ережелеріне» және қызмет етуші банктің келісімшартына сәйкес жүргізіледі. Жыл соңында бухгалтерлер бақылау мақсатында қызмет етуші банкке есеп айырысу шотына кассадан ақша қаражаттарын тапсырды. Касса бойынша сальдо нольге тең.



Талдау нәтижелерін кесте арқылы өрнектеуге болады.
Кесте 2 – ХҚЕС талаптарына сәйкес бухгалтерлік есеп элементтерін салыстыру



Есеп элементтері

Айналым сальдо тізімдемесі бойынша шоттар

БЕҚС бойынша шоттар жоспарының бөлімі

ХҚЕС сәйкестігі

Ескертпе

лер

Жолдағы ақшалар

411

Ақша қаражаттар

Сәйкес




Карт–шоттағы ақшалар

423

Ақша қаражаттар

Сәйкес




Ел ішіндегі шетел валютасындағы ағымдағы шоттағы ақшалар

431

Ақша қаражаттар

Сәйкес




Ұлттық валютада ағымдағы шоттардағы ақшалар

441

Ақша қаражаттар

Сәйкес




Ұлттық валюта түріндегі кассадағы қолда бар ақшалар

451

Ақша қаражаттар

Сәйкес





Кесте 3 – ХҚЕС негізінде есеп саясатындағы қажетті өзгертулерді талдау, сипаттамасын және қайта қарастырудың қажетті көлемін анықтау



Есеп элементтері

Есеп саясатындағы өзгерістер

Өзгеріс сипаттамасы

Жолдағы ақшалар

Жоқ

Жоқ

Карт–шоттағы ақшалар

Жоқ

Жоқ

Ел ішіндегі шетел валютасындағы ағымдағы шоттағы ақшалар

Жоқ

Жоқ

Ұлттық валютада ағымдағы шоттардағы ақшалар

Жоқ

Жоқ

Ұлттық валюта түріндегі кассадағы қолда бар ақшалар

Жоқ

Жоқ


Кесте 4 – Корректировкаға қажетті ақпараттарды жинақтау және талдау



Есеп элементтері

БЕҚС бойын

ша шоттар

ХҚЕС бойынша шоттар

Баланс сома

сы

Коррек

тировка сомасы

ХҚЕС бойын

ша сома

Жолдағы ақшалар

411

1030 «Жолдағы ақша теңгемен қаражаты»

150000



150000

Карт–шоттағы ақшалар

423

1070 «Арнайы шоттағы ақша қаражаты»

250000



250000

Ел ішіндегі шетел валютасындағы ағымдағы шоттағы ақшалар

431

1050 «Ағымдағы банк шоттағы валютамен ақша қаражаты»

680000



680000

Ұлттық валютада ағымдағы шоттардағы ақшалар

441

1040 «Ағымдағы банк шоттағы теңгемен ақша қаражаты»

870000



870000

Ұлттық валюта түріндегі кассадағы қолда бар ақшалар

451

1010 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты»

0,00



0,00

Талдаудан соң ХҚЕС талаптарына сәйкес құрылған жаңа шоттары бойынша трансформационды өткізбелер жасау қажет.

Дт 1030 Жолдағы ақша теңгемен қаражаты 150000

Кт 411Жолдағы ақшалар 150000

Дт 1070 Арнайы шоттағы ақша қаражаты 250 000

Кт 423 Карт–шоттағы ақшалар 250000

Дт 1050 Ағымдағы банк шоттағы валютамен ақша қаражаты 680000

Кт431 Ел ішіндегі шетел валютасындағы ағымдағы шоттағы ақшалар 680000

Дт 1040 Ағымдағы банк шоттағы теңгемен ақша қаражаты 870000

Кт 441 Ұлттық валютада ағымдағы шоттардағы ақшалар 870000



Халықаралық стандарттар бойынша ақша қаражаттарының есеп саясатын құру

Ақша қаражаттар есебі активті шоттарда, яғни ХҚЕС бойынша «Ақша қаражатар» 1000 бөлімінде жүргізіледі. Кассалық операциялар ҚР ҰБ 23.07.1993 ж. бекіткен «Кассалық операцияларды жүргізу ережелері» бойынша жүргізіледі.

Ақша қозғалысы туралы есептілік халықаралық стандарттарға сәйкес қаржылық есептіліктің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Көп жағдайларда ұйымға ақшаның қайдан келіп түскені және қайда жұмсалғаны туралы мәліметтер қызықтырады. Ақша – кез - келген бизнестің негізі. Сондықтан ақша ағынының негізін және қайда жұмсалғанын білу өте маңызды. Сонымен қатар ақша қозғалысы турлы есептіліктің негізгі бағыты ретінде есептілік кезеңінде жүзеге асырылған ұйымның ақшалай түсімі және төлемдері туралы ақпараттарды қарастыруға болады.

ХҚЕС 7 «Ақша қозғалысы туралы есептілік» стандартына сәйкес есептілікте ақша қаражаттарының түсімі және төленуі, сонымен қатар ақша эквиваленттері туралы мәліметтер қарастырылуы тиіс.

Ақша қаражаттар құрамына іс-сапар шығындарына аванстар, жұмысшылар мен қызметкерлердің дебиторлық қарыздары және ақшалай аванстар кірмейді.

Ақша қаражаттары кәсіпорынның қызмет түрлеріне байланысты топталады. Кәсіпорынның барлық шаруашылық қызметтері үш топқа бөлінеді:



Операциондық қызмет – ұйымға таза табыс алып келетін қызмет түрі. Операциондық қызметтен ақша ағыны ұйымда операциондық мүмкіншіліктерін ұлғайтуда, банктен алынған несиелерді өтеуде, дивидендтерді төлеуде және инвестициялауды жүзеге асыруда негіз бола алады. Операциондық қызметтен ақша қаражаттар құрамына келесілер жатады:

  • тауарларды сатудан, қызмет көрсетуден және атқарылған жұмыстан түскен ақша түсімі;

  • сатып алушылардан немесе тапсырыс берушілерден алынған аванстар;

  • операциондық жалдан, комиссиондық сыйақылардан ақша түсімі;

  • тауар, қызмет және атқарылған жұмыстар үшін мердігелерге төлем;

  • ұйым жұмысшылары мен қызметкерлеріне төлем;

  • салықтар және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер және т.б.

Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді активтер (негізгі құралдар мен материалдық емес активтер) мен басқа да инвестицияларды алумен немесе шығарумен байланысты қызмет түрі. Инвестициялық қызмет түрінен пайда балатын ақша қаражаттар ағыны:

  • негізі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтер түрін сатудан түскен түсім;

  • басқа да ұйымдарға берілген несилер және ақшалай аванстық төлемдер;

  • фьючерстік және форвардтық келісім шарттар, опциондар мен своптар.

Қаржылық қызмет – ұйымның өзіндік капиатл мен қарыз қаражаттар құрамына немесе көлеміне әсер ететін қызмет түрі. Қаржылық қызмет түрінен пайда болатын ақша қаражаттар ағыны:

  • акциялар мен басқа да бағалы қағаздар түрін эмиссиялаудан түскен түсім;

  • акция иелеріне төлем;

  • қысқа және ұзақ мерзімді қарыздармен, облигация және вексельмен байланысты ақша түсімдері;

  • қарыз сомаларын өтеу;

  • қаржылық жал бойынша қарызды өтеу үшін жалгердің төлемі.

Ақша қозғалысы туралы есептілік тура және жанама әдіспен құрылады.

Тура әдіс – ұйымның операционды қызметіне байланысты ақша түсімдерінің және төлемдерінің негізгі түрлерін көрсету. Халықаралық стандарттарға сәйкес тура әдіс ақша қозғалысы туралы есептілікті құру кезіндегі ең негізгі әдіс болып саналады. Себебі бұл әдіс ұйымның операциондық қызметтен түскен түсімінің ақша қажаттар шоттарына әсері және ұйымның негізгі қызметтерінен түскен түсімдері немесе төлемдері туралы ақпараттарды қамтиды.



Кесте 5 – Ақша қозғалысы туралы есептілік (тура әдіс)


Көрсеткіштердің атауы

Сомасы

Операциялық қызметтен ақша қаражаттарының қозғалысы

Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы, оның ішінде:




Тауарларды сату




Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы, оның ішінде:




Тауарлар мен қызметтер үшін берушілердің төлемдері




Берілген аванстар




Жалақы бойынша төлемдер




Корпорациялық табыс салығы




Операциялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы




Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаржаттарының қозғалысы

Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы, оның ішінде:




Негізгі құралдарды сату




Материалдық емес активтерді сату




Басқа да ұзақ мерзімді активтерді сату




Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы, оның ішінде




Негізгі құралдарды сатып алу




Материалдық емес активтерді сатып алу




Басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алу




Инвестициялық қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы




Қаржы қызметтен түскен ақша қаржаттарының қозғалысы

Ақша қаражаттарының түсуі, барлығы, оның ішінде:




Акциялардың және басқа бағалы қағаздардың эмиссиясы




Қарыздарды алу




Ақша қаражаттарының істен шығуы, барлығы, оның ішінде:




Дивидендтерді төлеу




Өзгелер




Қаржы қызметтен түскен ақша қаражаттарының таза сомасы




Жиыны: ақша қаражаттарының көбеюі(+) / азаюы(-)




Есептік кезең басындағы ақша қаражаты мен олардың эквиваленттері




Есептік кезең соңындағы ақша қаражаты мен олардың эквиваленттері






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет