Кіріспе. Аңшылық алқаптарды жіктеу Аңшылық алқаптар типологиясының мақсаты мен міндеттері



жүктеу 0.69 Mb.
бет1/4
Дата03.07.2016
өлшемі0.69 Mb.
  1   2   3   4
КІРІСПЕ. Аңшылық алқаптарды жіктеу

1. Аңшылық алқаптар типологиясының мақсаты мен міндеттері

2. Аңшылық алқаптардың сапасы.

3. Аңшылық алкаптарды жіктеу.


Аңшылық алқаптары типологиясы – аңшылықтану ілімінің бір саласы, оның зерттеу нысанасы болып аңшылық алқаптарының түрлері. Типологияның мақсаты – аңшылық алқаптарының табиғи өндірістілігін және шаруашылық өнімділігін анықтау және аңшылық шаруашылығын ұйымдастыру жайлы теориялық білім беріп және іс жүзінде дағдыландыру, биолог-саяткерлерді ҚР аңшылық алқаптарын толық және тиімді игеруді тұрақты құралы, берік теориялық білімдерімен қаруландыру.

Казақстанның жалпы 60 млн. га жері аңшылық алқаптар болып саналады, оның 27 млн. гектары спорт бағытындағы аншылық және балық шаруашылық ұжымдарына бекітіліп тіркелген.

Біздін еліміздің, ел қоныстанбаған және өндіріс шаруашылықтары орналаспаған территорияның барлығы әртүрлі аңшылық алқаптарына (орман алқабы, су айдыны, далалық алқап) жатады. Бұл алқаптар аңның өмір сүретін ортасы. Қазақстан бұл тұрғыдан алғанда, басқа мемлекеттермен салыстырғанда көптеген артықшылығы және келешегі бар ел. Жайылым және шабындық жерінін көлемі жағынан Қазақстанмен Монголия және АҚШ-ты салыстыруға болады. Тек, мемлекетіміздің солтүстік аймағында дала алқабы 200 млн. гектарға дейін барады. Ол дегеніміз Франция мемлекетінің жер аумағынан үш есе артық. Дегенмен жерге байлық, оны тамақ және азықтық проблемаларды шешу үшін тиімді пайдалану, қазіргі заманда өзекті мәселе. Өнім аз беретін дала алқаптарын, шөлді және жартылай шөлді аймақтарды аңшылық алқабы ретінде пайдалану қажет.

2. Аңшылық алқаптардың сапасы.

Аңшылық алқаптың сапасы - азықтылығымен, құстар ұялауға және басқа аң жануарларын қорғаушылық қасиеттілігімен бағаланады. Кейбір аңдардың (қабан, елік, бұғы) табиғатта таралуы, түскен қардың қалыңдығына байланысты болады. Борсық, түлкі және т.б. аңдар қыратты және ойпақ, жыра, сайлы - ін қазып тығылатын жерлерде өмір сүруге бейімделген.

Аңшылық алқаптың сапасы ең бірінші онда өсетін өсімдіктердің молдығына және түрлеріне байланысты. Ал оған әсерін тигізетін негізгі факторлар қатарына: ауа-райы, топырақтың құндылығы, жердің рельефі және адамзаттың іс- пыйғылы жатады.

Бұл тұрғыдан, аңшылық алқапты зерттеу барысында проблемаға көніл бөлу қажет:

1. Экологиялық, яғни қоршаған орта жабайы аңдарға және құстарға өмір сүруге жарамды орын.

2. Аң шаруашылықтық, яғни алқап өндірістік аймақ ретінде аншылық жүргізуге пайдаланғанда.

Осы себептен оны дұрыс жүргізу мақсатпен, аңшылық алқап мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік және т.б. қоғамдаі мемлекеттік қаулы шығарылып бекітіледі.

Қазақстанда аңшылық алқаптың 2/3 бөлігі ауыл және орман шаруашылығының қарамағына енеді. Осы себептен аңшылық алқапты дұрыс ұйымдастыру және тиімді пайдалану, халық шаруашылығының бір саласы, аң шаруашылығының да жоспарымен келісімді болуы қажет.

Еліміздің әртүрлі географиялық аймақтарында аңшылық алқаптың құрамы және сапасы әртүрлі болады. Осы себептен мемлекеттік аймақтарды, аң шаруашылық аудандарға жіктеу және бекіту жұмыстары өзекті мәселе. Мұндай аудандандыру, тек қана аңшылық алқаптарын типологиялау негізінде жүргізілуі тиіс.

3. Әрбір аңшылық шаруашылыққа өзара жақсы ажыратылатын алқаптардың типтерін белгілейді. Әрбір типке өзіне сәйкес жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің құрамы, олар популяцияларының тығыздығы тән. Бір типке жататын алқаптарда мекен ету стацияларында қоректік және қорғаныс жағдайларының қайталануы байқалады. Аңшылық алқаптар типологиясын құрағанда зерттеушілер рельеф, өсімдік жабынының құрамына, жасына, толықтырылуына ж.т.б. көрсеткіштерге сүйенеді.

Аңшылық алқаптар типологиясының негізгі жіктеу бірлігі болып алқаптардың типі саналады, тип деп өсімдіктер өскен, жануарлар мекендеуге жағдайлары ұқсас көлемі бойынша ең кішкене учаскені атайды.

Орман аңшылық алқаптарының белгілі типіне кіретін территория құрамы бір-біріне жақын, ағаштың бір түрі басым келетін ұқсас жерлерді біріктіреді. Типтер келесі жалпы ірі типология бірлігі – кластарға бірігеді. Класстар оны құрайтын ағаш тұқымына байланысты бөлінеді. Мысалы қарайлы орман, шырша, листвяга . ең жоғарғы классификациялық бірлік ол категория. Барлық орман аңшылық алқаптар бір категорияны құрайды – орман және бұталар.

Барлық орманды емес алқаптар 3 категорияға бөлінеді: қына, мүк немесе шөптесін жабыны бар ашық категория; сулы-батпақты категория және шөп жабыны жоқ алқаптар. Сонымен қатар аңшылық шаруашылығын жүргізуге жарамайтын аумақтар бөлек категорияға бөлінеді.


АҢШЫЛЫҚ АЛҚАПТАР ТИПОЛОГИЯСЫ.

Біздің еліміздің, ел қоныстанбаған және өндіріс шаруашылықтары орналаспаған территорияның барлығы әртүрлі аңшылық алқаптарына (орман алқабы, су айдыны, далалық алқап) жатады. Бұл алқаптар аңның өмір сүретін ортасы. Қазақстан бүл түрғыдан алғанда, басқа мемлекеттермен салыстырғанда көптеген артықшылығы және келешегі бар ел. Жайылым және шабындық жерінің көлемі жағынан Қазақстанмен Монголия және АҚШ-ты салыстыруға болады. Тек, мемлекетіміздің солтүстік аймағында дала алқабы 200 млн. гектарға дейін барады. Ол дегеніміз Франция мемлекетінің жер аумағынан үш есе артық. Дегенмен жерге байлық, оны тамақ және азықтық проблемаларды шешу үшін тиімді пайдалану, қазіргі заманда езөкті мәселе. Өнім аз беретін дала алқаптарын, шелді және жартылай шөлді аймақтарды аншылық алқабы ретінде пайдалану қажет.

Аңшылық алқаптың сапасы - азықтылығымен, құстар ұялауға және басқа аң жануарларын қорғаушылық қасиеттілігімен бағаланады. Көптеген аңдарды (бурундук, тиін, ақ қоян, тау аюы, сусар, жанат) алқапта өсетін өсімдіктер қажетті қоректік заттармен толық қамтамасыз ете алады. Алқаптың қорғаушылық қасиетінің (жыртқыш аңдардан, тығылуға қажетті табиғи, ия болмаса жасанды орындар) архарлар, тау текелері үшін үлкен маңызы бар. Өйткені олар тек қана тау басында, жыртқыш аңдардан тығылатын және дем алатын дүңгіршек тастар бар учаскесінде жайғасады. Кейбір андардың (қабан, елік, бүғы) табиғатта таралуы, түскен қардың қалыңдығына байланысты болады. Борсық, түлкі және т.б. аңдар қыратты және ойпақ, жыра, сайлы - ін қазып тығылатын жерлерде өмір сүруге бейімделген.

Аңшылық алқаптың сапасы ең бірінші онда өсетін өсімдіктердің молдығына және түрлеріне байланысты. Ал оған әсерін тигізетін негізгі факторлар қатарына: ауа-райы, топырақтың қүндылығы, жердің рельефі және адамзаттың іс- пыйғылы жатады. Солтүстік Казақстан аймағында алқаптың сапасына көп жағдайда ауа-райы әсерін тигізеді.



Табиғи азықтарды есепке алу.

Мекендеу орталардың экологиялық жағдайын зерттегенде, маңызды сұрақтардың бірі, азықтар қорын есептеу, өйткені бұл көрсеткішті пайдаланып әртүрлі аңдар және құстарға аншылық алқаптың сиымдылығын анықтайды.

Азықтың молдылығы және әртүрлі болуы аңдардын тәртібіне, белсенділігіне және тұзақталған жемдерге (приманки) қатынасына әсерін тигізеді. Тұзақтағы жемдерге қатысы, әртүрлі аңдарды қандай әдіспен аулауға болатынына деректер береді. Аңшылық алқаптар типіндегі азықтар қорын есептеу жазғы және күзгі кезендерде жүргізіледі. Мұндағы мақсат, негізгі типтес алқаптардағы ең маңызды азықтардың қорын есепке алу. Азықтық қор және азықтық ресурс деген түсініктердің мағнасы әртүрлі. Азықтық қор-аңшылық алқап аймағындағы аңдарға қажетті әртүрлі азықтар түрінің қоры.

Оны бірнеше жыл арасында желінген өсімдіктердің орташа өнімі арқылы анықтайды. Азықтың қорын зерттеу, аңшылық алқапты бонитировкалауға және келешекте биотехниялық шараларды (кептіру, ағаштарды кесу, себу) жоспарлауға деректер береді.

Азықтық ресурс - ол өткен жылғы азықтар қоры, яғни бірақ жылғы азықтар өнімімен анықталынады. Азықтар ресурсын анықтаудағы мақсат, келесі жылы аңшылық аңдардын азықпен қамтамасыз етілінуі.

Бұл келесі жылға биотехниялық шараларды (қосымша азықтар, аңдарды аулау, ия болмаса қоя тұру, ату және т.б.) жоспарлауға қажет мәлімет.

Ағашты және бұталы тұқымдастардың дән өнімділігін, орман шаруашылығында қолданатын В.Г. Каппердің 5 балдық көзбен бағалайтын шкаласымен жүргізу толық жеткілікті. Дегенмен, кейбір типтес аңшылық алқаптың дән және жеміс өнімділігін басқа да орман шаруашылық әдістерімен бағалайды, мұнда бүршіктердін жәндіктермен және саңырауқұлақтармен залалдану дәрежесі есепке алынады.

Тиіндерге азықтар мөлшерін есептегенде "қышқыл бүршіктерді", яғни былтырғы жылы бал қарағай торғайлары және басқа құстармен, желмен жерге түсірілген бүршіктерді ескереді.

Олардың ішіндегі дәндері, ылғалды ортада екі жылға дейін бұзылмай сақталынады. "Қышқыл бүршіктердің" келесі жылғы өнімнен соң, тиіндерді азықтандыруда маңызы өте зор. Алқап жидектерінін өнімін бағалау үшін, А.Н. Формозов бес балдық шкаланы қолдануды нұсқайды.

Аңшылық аңдар үшін өсімдік және жануар тектес азықтарын есепке алу және қорын бағалау.

Аңшылық алқаптарының өнімділігі, жайғасқан жануарлар тығыздығы және жылдап өсуі, алқаптың азықтық қасиетімен тура байланысты. Ал, алқаптың азықтық қасиеті ондағы өсетін өсімдіктердің әртүрлігіне, оның қорына және кезеңділігіне байланысты. Азықтың әртүрлілігі және қоры, аңшылық аңдардын әрүрлі топты болуын және алқаптағы мінез-құлқын анықтайтын негізгі фактор болып саналады.

Өсімдік және жануар тектес азықтарды есепке алу және қорын бағалау жазғы-күзгі кезендерде жүргізеді. Ең маңызды азықтар түрінің қорын негізгі басты типтес алқаптарда анықтайды және ол көп жылдық өнімді зерттеу арқылы жүргізіледі.

Аңшылық аңдар азықтары органикалық и минералдық азықтар болып екіге бөлінеді. Бірінші топқа өсімдік және жануар тектес азықтар кірсе, екінші топқа суда, табиғи және жасалынған сор жердегі минералдық тұздар жатады.



Ағашты және бұталы тұқымдастардын жемісі және дәні жоғары калориялық және қоректілікпен қасиеттелінеді. Өнімді жылдары бұл азықтардың қоры 1 га алқапқа ондап және жүздеп килограмдап есептелінеді және көптеген жануарлар түрлеімен тамаққа пайдалынылады. Жемістің және дәннін өнімі жыл сайын тұрақсыздығымен мінезделінеді. Өсу жағдайына байланысты ағашты тұқымдардың жемістенуі де кезеңдес болады. Аң шаруашылық тәжірбиеде ағашты тұқымдастардын дән өнімділігін бағалауда жай күрделі емес әдіс қолданылады - өнімді В.Г. Каппер, Д.Н. Даниловпен толықтырылған бес балдық көзбен анықталынатын шкала қолданылады (өте жақсы, жақсы, орташа өнімді, орташадан төмен өнімді және өнімсіз).

Жидектер өнімі. Көптеген жидекті өсімдіктер үлкен ареалға тараған, дегенмен олардың молдап дәнделуі енсіздеу жола-жола аймаққа тән. Айталық, мүк жидек және қара жидек тоғайдың оңтүстік беткейінде, ит бүлдірген-орталық және солтүстік тоғайдың оңтүстік аймағында, көк жидек, мүк қарақаты солтүстік тоғайда және оған шектес тоғайда көптеп жидек береді. Жылдан жылға жидек өнімдері де тұрақты болмайды. Жидек өнімдерін мөлшерлейтін негізгі факторлар, ол жидек өсімдіктерінің гүлдену кезеңіндегі ауаның қызулық режимі және өсу кезеңінде болатын жаңбыр-шашын мөлшері. Жазғытұрғы кеш түскен аяз, ертерек гүлдеген жидектер өнімін жартылай, ия болмаса түгелдей төмендетіп жіберуі мүмкін. Жидек өнімін, жидектің толық пісуіне 10-15 күн қалғанда есепке алады. Жидек өнімін бағалау-көзбен және қайталап есептеу әдістерімен және В.Г. Каппердің бес балдық шкаласымен жүргізіледі.

Санырауқұлақтар андар рационында азықтар ретінде негізі болмағанымен де, ежәптәуір маңызы бар. Олар аңшылық алқаптардың барлық вегетациясында кездеседі, дегенмен ең мол мөлшері шілде айының ортасынан бастап қыркүйек айының ортасына дейін болады.

Жазда әдетте 2-3 қабат негізгі саңырауқұлақ массиві (саңырауқұлақтың молдап тарауы) өседі. Жылдық өнімін есепке алу мақсатпен, өсу кезеңінде (2-2,5 ай) ылғый бақылау жүргізу қажет.

Саңырауқұлақтардың өнімділігі жылда жақсы бола бермейді. Мысалы, әлемнің Еуропа бөлшегінде мол өнім төрт жыл арасында бірақ рет болуы мүмкін. Жоғары айтылғандай, өнім мөлшері ауа-райының жағдайына байланысты (жауын-шашынның айлық нормасы және интенсивтілігі, өте жоғары және орташа температура, ауаның ылғалдылығы және т.б.).

Өнімділігін көзбен және санымен бес балдық шкаламен бағалайды. Көбінесе жергілікті тұрғындарды сұрау арқылы жиналған деректер пайдалынылады.



Ағашты-бұтақты азықтар көптеген аңшылық аңдар түрлеріне қыстық кезенде негізгі азық болып саналады. Бұл топты азықтар қатарына жас тармақты бұтақтар, жапырақтар, жас қылқан жапырақтар, бүршіктер, қайың сырғалары, ағаш және бұта кабықтары және талшықты қабықтары жатады. Қылқанды жапырақтар, жапырақтар және бүршіктер саны егілген ағаштардын кұрамына, бонитетіне, жасына және толықтығына байланысты. Бұл азықтардын қоры бір гектар алқапқа шаққанда тонналап есептелінеді.

Жоғарғы аталған азықтар негізінен ағаштың жоғары сатысында жайғасқан себептен, кебінесе аңшылық фаунасынын қанаттылары ғана (санырау құр, құр, шіл және т.б.) молдап пайдаланады.

Тоғайдың ішінде бұтақты азықтар-жас шыбық және майда тоғай, жанарған төмпешіктер және ағашы кесілген учаскелерде - әртүрлі ағаштар тұқымдастарының жас ағашы және бұталары ретінде кездеседі. Бұтақты азықтар қоры алқаптағы әртүрлі аңдар санын шектейді: бұғының, бұланның, ақ қоянның және т.б. Сол себептен алқаптың сиымдылығын бұл аңдар үшін анықтау, нақтылы осы азықтар тобының қорымен байланысты. Әрбір типтес аңшылык алқаптарының бұтақты азықтар қорын көзбен, жас шыбық және майда тоғайдың құрамын ескеріп анықтайды. Жас шыбықтар, майда тоғайлар құрамын, құрайтын тұқымдарын көрсетіп формулаға жазады да, қалыңдығын (қоюлығын) төрт градациямен анықтайды жоқ, сирек, орташа, қалың (қою) деп.

Жас-майда ағаштар қабаты тік жар болып жайғасқанда, жамылу дәрежесін пайызбен көрсетеді.

Егерде бұтақты азықтарды сандап бағалау сондай нақты бағалау қажет болса, тек есептеу алаңында өскен жас-майда ағаштар қабатын ғана есепке алады.

Тышқан түстес кеміргіштер жыртқыш аңдардың азықтануынд; басты орын алады. Негізгі тышқан түстес кеміргіштерге сұр тышқан дала және ірі ағаш тышқандары, ағаш леммингі, жертескіш тышқандары енеді.

Олардың тұқым беру кезеңінде, ауа-райының жағдайына және алқаптың азықтың қорына байланысты, жылдап саны өзгеріп тұрады

Тышқан түстес кеміргіштерді есепке алу басқа да азықтар қорын есептеу сияқты, алқап типтері бойынша учаскелеп жүргізеді.

Кеміргіштердің өнімін бағалауда күрделі емес әдіс қолданылады дегенмен тиімділігі ойдағыдай, ол салыстырмалы санын есептеу әдіс Аулау орларын пайдаланып маусым айынның бірінші және тамыздыі екінші жартысы екі рет есепке алу жұмысын жүргізеді. Жазғытұрғы жүргізілген есеп, қыста кеміргіштер санының өзгеріштігін және осы жылдағы көбеюін көрсетеді, жаздың аяғындағы есептеу жазғытұрдан күзге дейінгі кебею интенсивтігін және санын дәлелдейді.



Азық қорын болжау, алқаптың өнімін бағалауда манызы өте зор. Болжаудың екі түрі болады: қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімд Қысқа мерзімдік жобалау азықтардың осы жемістену жылы, ал ұзақ мерзімдік - бір және одан да жоғары жылдар өнімділігімен жүргізіледі

Жоғары айтылғандай әртүрлі айуандар дүниесі үшін (тиін, тұяқтылар) саңырауқұлақтардың азық ретінде маңызы бар. Олар көптеп өскен жылдары (шілде айының ортасынан қыркүйек айының ортасына дейін) азықтар құрылымының біраз үлесін құрады.

Солтүстік жасыл шыршалар, қайыңдар және теректер арасында өскен санырауқұлақтардың өнімділігі 50-70 кг/га. Дегенмен, жас бал қарағай және қылқан жапырақты тұқымдас алқаптың өнімділігі одан жоғары. Әр жылда мол өнім бола бермейді. Мысалы, жер шарынын еуропа бөлшегінде 10 жыл арасында 2-3 жыл саңырауқүлақ жақсы өнімді, 4 жыл орташа өнімді және 3 жыл нашар өнімді болуы ғылыми дәлелденген. Саңырауқұлақтың маңызы солтүстік аймақта тиіндер үшін өте жоғары, мысалы Якутияда.

Ірі ағашты-бұтақты азықтар күзгі-қысқы және ерте жазғытұрғы кезеңдерде аңшылық аңдардың көбіне негізгі азық болып саналады. Жас тармақты бұтақтарды, қабықты, ағаш жапырақтарын және бұталарды барлық тұяқтылар, көптеген кеміргіштер және қылқанды орман құстары жейді. Кейбір жануарлар саны аздығы (бұлан, ақ қоян, құндыз) алқапты ағашты-бұтақты азықтардың деңгейі төмен болуымен байланысты.

Бұл жануарлар үшін ағашты-бұтақты азықтар қоры алқаптың сыйымдылық көрсеткішін мінездейді. Азықтық қасиеті нашар алқаптарда аңдар тығыздығы төмендігінен басқа, олардың өсімталдығы нашарлайтыны байқалған, көптеп бойдақ, жалғызды және аздап саналынатын жануарлар үйірі кездеседі.

Өсімдіктер және қыналар түрлес азықтық қорын анықтағанда, олардың түрлі құрамын, топырақты жамылу дәрежесі және кейбір түстілерінін молшылдығын еске алу керек.

Ағаштардың төменгі бұтақтарында, діңінде өсетін, яғни андардың бойы жетерлік, қыналарды да есепке алады.

Жабайы аңдардың азықтың рационында суатта өсетін өсімдіктер қорының да манызы зор. Суаттағы азықтык өсімдіктер кейбір аңдар үшін (ондатра, су тышқаны, су егеуқүйрық) негізгі азықтың ресурсы болса, басқаларына (құндыз, бұлан, бұғы, қабан) қосымша азықтар болып саналады.

Суда өсетін өсімдіктердің маңызы әсіресе суда жүзетін құстар үшін өте жоғары.

Жануар тектес азықтар тобынан түлкілер, ала тышқан тұқымдастары үшін тышқан түсті кеміргіштер қорының көп болғаны өте дұрыс. Олардың санын "Геро" аулағышты қолданып анықтайды.

Есепті 100 аулағыш-тәулікке шағып жүргізеді. Ала тышқан және шиқыл тышқандарды әдетте көзбен үш балды жүйемен (көп, орташа және аз) есепке алады.

Ағаштарға зиян келтіру (негізінен бұландар) дәрежесін, жағдайы жақсы учаскеде өскен жас қарағайлардан (1-3 бонитетті) сынақ ретінде алаң бөліп және басқа учаскеде өсірілген қарағайларды көзбен бағалау әдісінің нәтижесін салыстыру арқылы бағалайды. Зиян келтіру мөлшері андардын алқаптағы тығыздығына, қыста тұяқтылар азықтанатын аймақта азық қорынынын жеткіліктігіне және андардын болу ұзақтығына (орта ендікте 200-220 күн) байланысты. Бұл жағдайлар көбінесе ауа-райынын көрсеткішіне де байланысты, яғни аязды - қарлы қыстан және жердің қабыршақтап мұздануынан. Жазғы кезенде бұлан мен бұғылар шөп және бұталы өсімдіктермен азықтануына мүмкіншілігі бар.


Қазақстанның аңшылық алқаптары

Казақстанның жалпы 60 млн. га жері аңшылық алқаптар болып саналады, оның 27 млн. гектары спорт бағытындағы аншылық және балық шаруашылық ұжымдарына бекітіліп тіркелген.

Тіркелген аңшылық алқаптар республиканың әр алуан. ландшафты аймақтарында жайғасуына байланысты, ондағы аңшылық аңдардың да түрлері көп болып келеді.

Орманды-далалы аймақ түгелдей Солтүстік Қазақстан шегінен өтіп Қостанай, Көкшетау, Орал аймақтарының солтүстігінде, Павлодар және Семей алқабында жайғасқан Ертіс өзенінің оң жақ жағасын шолып жайғасқан.

Ағашты массивтер, жыртылған далалы учаскелермен, көптеген көлдермен (көбінесе еріген сумен толықтырылатын) араласып дамыған. Бұл аймақтарда ағаштар өкілі болып қайың және терек саналады, ал кейбір учаскелерде қарағай да кездеседі.

Аң шаруашылықтарын бұлан, елік, қабан, ақ қоян, сұр қоян, құр, шіл, қаз, үйректің барлық түрлері мекендейді.

Далалық аймақ еліміздін Батыс және Орталық Қазақстан бөлігінде жайғасқан. Бұл аймақтарда негізінен сулы аңшылық алқапта көп тараған. Аңшылық кәсіпшілік объектісі болып суда жүзетін жабайы құстар саналады. Далалық аңшылық алқаптар фаунасына қарсақ, суыр, борсық, саршұнақ, сұр қоян, дуадақ, безгелдек.

Құрақ және қопалы суаттардың жағалауында қабан, ал ағашты шоқтарда еліктер кездеседі.

Шөлейтті және жартылай шөлейтті аймақтар. Бұл аймаққа сирек бұталы және аздап шөп жамылған алқаптар қасиетті. Шөлейтті алқаптың жағдайына бейімделген сүт қоректі жануарлар көптеп кездеседі қарақұйрық, манул (мысық түстес жыртқыш), хаус. Бұлардың барлығы да селдір кездесетін аңдарға жататын себептен Қазақстанның қызыл кітабына тіркелген. Шөлейтті аймақтың фаунасының ең бағалы және көп тараған өкілі ақ бөкен.

Далалы алқаптағыдай, шөлейтті және жартылай шөлейтті алқаптардағы аңшылық шаруашылықтар, көбінесе бұтақты өсімдіктес өзен жағалауында жайғасқан. Мұндай суаттар маңындағы өсімдіктермен жамылған учасклерде қабан, елік, құм қоян фазандар кездеседі. Спорттық аң аулау объектісі, шөлейтті жабайы құстар: бұлдырық, қарабауыр.

Таулы алқаптар республиканың оңтүстігінде, оңтүстік- батысында және батыста жайғасқан. Қазақстанға шектес болып кіретін Алтай тауының ағаштары нағыз орманды құрайды. Жануарлар дүниесі тауларда мекендеуге бейімделген түрлерден тұрады. Көп тарағандары: аю, елік, таутеке, марал, қабан, қүндыз, қара күзен, тиін, борша, сібір күзені.

Қылқанды ормандағы жабайы құстардан құр, саңырау құр, шіл, орман ақ кептері сияқты қанаттылар .

Алтай аймағындағы өзендерде, көлдерде және батпақтарында қоңыр қаз, барылдауық үйрек, қоңыр үйрек, біз құйрық, айдарлы қасқалдақ, көк ала үйрек, қасқалдақтар кездеседі.

Қазақстанда Жоңғар, Іле, Талас Алатауы, Тянь-Шан тауы таулы аймақтар жүйесіне енеді. Өсетін өсімдіктер аса әртүрлі болып мінезделуіне байланысты, мұнда аңшылық аңдардың көптеген түрлері тараған.


Аңшылық алқаптарды инвентаризациялау

Біздің мемлекетімізде аншылық алқаптарға далалалы, орманды және су-батпақты айуандар әлемімен мекенделген, жабайы жануарларды кәсіптеуге бейімделінген және аншылық шаруашылықтар жайғастырылған аудандар енеді.

Алқапты мекендейтін жабайы аңдар және құстар, аймақтар кімнің қарамағына енетініне қарамай, аңшылық фондты құрады және де мемлекеттік меншікке жатады.

Ан шаруашылығының формасы және қызметтік бағыты, аңшылық алқаптың табиғи және экономикалық жағдайына байланысты.

Олар бөлінеді: мемлекетке, кооперативке, қоғамдық өндірістерге және ғылыми мекемелерге бекітілген алқаптар: жалпы пайдалынылатын алқаптар, яғни аңшылылық ереже бойынша барлық азаматтарға рұқсат берілген; аңшылық ету жабық алқаптар (қорық, қорықша және қала, ірі өндіріс шеңберіндегі жасыл белдеу (зона).

Қорықшада барлық аңдар фаунасына, 10 жылға дейін аңшылық етуге тыйым салынады. Қорықшалар республикалық және мәнісі жағынан жөргілікті болады, олар республикалық және облыстық әкімшілігінде тіркеледі.

Аңшылық алқаптар өндіріске арендалық (жалдау) құқықпен келісім бойынша 10 жылға беріліп тіркеледі. Бұл уақыты аяқталған соң арендатор келісімді қайта жасап, әрі қарай пайдалана беруге құқықты. Егерде арендатор келісім ережелерін бұзса, орындамаса, келісім үзіліп, алқап басқаға пайдалануға беріледі. Келісім бойынша арендаторға міндеттелетін шаралар: алқапты қорғау, аң аулау кезенін және ережелерді сақтау, алқапта биотехниялық шаралар жүргізу, оның ішінде залалды жыртқыштарды құрту, аңдарды ұдайы өндіру, мемлекетке мамық жүн теріні және ет өнімдерін өткізу жоспарын орындау.

Аңшылық алқаптарының өнімділігін жоғарлату мақсатпен, оларды инвентаризациялау және ғылыми тұрғыдан жіктеу жұмыстарын жүргізеді. Аңшылық алқаптың өнімділігі және сиымдылығы, аңдар дүниесінін шаруашылыққа маңызды түрлеріне, оптималды экологиялық жағдайларына байланысты.

Табиғи факторлардың және адам баласының шаруашылық әсерімөн аңшылық алқаптар әрқашан өзгеріп тұрады. Алқаптарда бағытты өзгерістер, олардың сиымдылығын біршама жоғарлатады.

Аңшылық алқаптың өнімділігін мінездейтін, негізгі экологиялық факторлардан азықтық және қорғаушылық қасиеттерге аса көніл бөледі. Дегенмен, бұл жағдайда да "минимум заңдылығы" бекітіледі. Ол бойынша ең басты болып, минимуммен берілген фактор саналады.

Аңшылық алқаптардың қорғаушылық қасиеті, жабайы аңдар үшін өте маңызды экологиялық жағдай. Алқаптың қорғаушылық қасиеті андар дүниесінің метрологиялық қолайсыз кезеңдерінде, жауларынан жасырынуына, өсіп-енуіне, азықтануына және дем алуларына қажетті жағдай жасайды.

Алқаптың қарғаушылығына әртүрлі аңдардың талабы бірыңғай болмайды. Өміршілік циклдарына байланысты бір түрлі аңдардың да талабы әртүрлі және жыл кезеңдеріне қарай өзгеріліп түрады.

Орманды аңшылық алқаптарының, далалық ашық аймақпен салыстырғанда, қорғаушылық қасиеті өте жоғары. Олардың құрамында неше түрлі вариациялар болады, корғаушылық қасиеті көп сырлы (фактор).

Кұрамы күрделі, аралас ағашты және әртүрлі жасты келген орманды алқаптың қорғаушылық қасиеті табиғи түрінде толық беріледі. Осы себептен мұндай алқаптардың сыйымдылық қасиеті де өте жоғары.

алқаптың мәліметін.

Аңшаруашылық картографиясы.

Аншылық-кәсіпшілік тәжірибеде әртүрлі формалы картографиялық материалдар кең қолданылады: ірі масштабты картаның топографиялық негіздері, орман шаруашылық аймақты құруда картографиялық жоспар негізінде жасалынған аңшылық учаскелердің карта-схемалары.

Аншаруашылыққа арналған карта негізгі екі сұраққа жауап береді. Біріншіден-аңшылық алқаптарды аймақтап реттеу ерекшелігін ескереді: екіншіден-кәсіпшілік ету технологиясын ескеріп, кәсіпшілік жағдайларды сипаттайды. Карта ландшафт негізінде құрылуы мүмкін, яғни шартты белгілеу ретінде аншылық алқаптардың тікті белдеуі (вертикальный пояс) және өсімдіктер флорасы көрсетілген.

Картаны бланк негізінде де құрайды, әдетте ол карта-схема түрінде. Карта көзге көрнекті, жақсы оқылатын, айқынды-мәнерлі, әйткенменде маңызсыз деректер тым артық болмауы өте қажет. Картаның масштабы, аймақтын табиғи мөлшері картографиялық белгілеуде неше рет кішірейтіліп жасалғанын көрсетеді.

Жердің және оның картаға белгіленген арақатынасы



Масштаб

Аталынған масштаб

Контурдың минималдық нормасы 1-4мм болғанда жердің бөлшек ауданы

1 см-де

1 см2 -та

1 : 10000

100м

1 га

100-400 м2

1 : 25000

250м

6,25 га

625-2500 м2

1 : 50000

500м

25 га

0,25-1 га

1 : 100000

1 км

1 км2

1-4 га

1 : 300000

3км

9 км2

9-36 га

1 : 1000000

10км

100 км2

1-4 км2

Масштабы ірі карталардың мазмұны толықтау, әбден талданылған және нақтылау. Топографиялық картаның ең ірі масштабы-1:2000 нан 1:100 000-ға дейін.

Аншылық учаскелерге жұмыс карта-схемасын құру үшін қажетті құжаттар: топографиялық карта, орман шаруашылығының орман таксациялық жоспары, жерді пайдалану және аңшылық құру жоспарлары және т.б. Олар бойынша карта-схемада нақтылы бағдарлау және орынды тұрақтату-бекіту, аңшылық алқаптардың негізгі типтерінің контурын түсіндіру, гидросеттерді, рельефті және т.б. көрсету жұмыстары жүргізіледі.
Кәсіпшілік жұмыстар процесінде картаны пайдаланудың бір ерекшелігі мынада: аңшыдағы, аңшылық учаскенің (маршруттың) кейбір бөлшегіндегі кәсіпшілік жағдайдың сипаттамасы арқылы карта боиынша жақсы елеулі аңшылық алқаптар типтерінде аңдар әлемінік таралуы, молдығы және құрылымы жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік болады

Аңшылық учаскелердің жұмыс карта-схемаларын толтыру масштабтан тыс белгілермен (кебінесе ол кәсіпшілік объектіге қатысы бар) атқарылады. Картографиялық белгілерді аңдар-құстар мекендейтін жерге қатысы бар орындарға қояды.

Аңдар-құстар санын, олардың тәуліктік және кезеңдік жайғасуын да белгімен көрсетуге болады. Аңдарды-құстарды әріппен белгілеу жиілеп кездеседі: бұғы-Б, қабан-ҚБ, елік-Е, бұлан-Б, құр-Қ, құндыз-Қ аю-А, түлкі-Тү және т.б. Белгілер геометрикалық символикалық жәнв керкемді формалы болуы мүмкін. Формаға қарағанда, түстері артык аиқындалады осы себептен мүмкіндігінше картада түсі арқылы бейнелеиді. Көбінесе ол картаны аңшылық алқаптар типі бойынша болмағанда қолданылады.

Векторлық тілді линиялар аңшылық аңдардың ауысып жылжу бағыттарын көрсетеді. Андардың жыныстық айырмашылығы әдейленген белгімен көрсетіледі.

Аңдардың жайғастырылуы изолиниялармен яғни бірқалыптас мөлшерлі картографиялық құбылыстар нүктесін қосатын қисық келген сызықпен, немесе штрихпен белгіленеді.

Мұндай әдіс картографиялық бейнелеуді және фенологиялық құбылыстарды (құстардың үшып келу және кету кезеңдері, өніп-өсу процесінің басы және соңы, төлдеу кезеңдері, ұйқыға кету және ояну кезеңдері) көрсетуге өте пайдалы нүктелі әдіс көбінесе алқаптағы аңдар-құстар санын бағалау үшін қолданылады. Әрбір нүкте бір ғана аң түріне емес, алқапты мекендейтін бірнеше аңдар түріне сай келеді. Ол туралы картаның легендасында (түсінік сөзінде) айтылуы тиіс. Аңдар молдығын бағалау шкаласы 5 баллды болады аңдар түрі өте кеп санды, аз санды, әдеттегідей, сирек, өте сирек.

Карта-схемаға, аңшылық учаскелердің барлық өндірістік объектілерін, жолдарын және маршруттарын, яғни басқаша айтқанда технологиялық жағдайын көрсетіп жазады (белгілейді).

Осының негізінде, біріншіден аң-құстардың санын және олардың аулануын салыстыруға мүмкіндік болса, екіншіден техникалык (технологиялық) жабдықтарымен қамтамасыздану дәрежесі туралы мағлұмат алуға болады.

Аймақтың табиғи рельефтік бейнесі аңшылық алқаптың қорғаушылық қасиетін жоғарлатуы және төмендетуі де мүмкін. Мысалы, қүндыз үшін оптималды қорғаушылық (оның ішінде азықтық қасиеті де) жағдай, таулы-тайгалы бал қарағай-май қарағай-шыршалы орманда кездеседі. Мүндай алқаптарда аңдар тығыздығы өте жоғары: 1000 га алқапқа 15-20, кейде 30 қүндызға дейін барып қалады. Жазық қарағайлы, ия болмаса, еменді, төмен класты бонитетті, жердің көп бөлшегін алып жатқан, ормандардың қорғаушылық қасиеті нашар және көптеген жануарлар дүниесінө азықтық қоры қашанда жеткіліксіз келеді. Яғни, мұндай алқаптың сиымдылығы ете төмен, 1000 гектар жерге небәрі 1-3 құндыз ғана келеді.

Жас шыбық, майда тоғай, биік сабақты өсімдіктер және шөпшек шырпы (валежник) жамылған учаскелер, аңшылық алқаптың қорғаушылық жағдайын ежәптәуір жоғарлатады.

Өткен тарауларда айтылғандай, аңшылық алқаптардың қорғаушылық қасиеті жыл кезеңіне сәйкестеніп өзгеріп тұрады. Ағаш жапырақтары түскен кезеңде, орман алқаптарының қаралуы тым жақсы болады, ол қорғаушылық қасиетін күрт төмендетеді.

Ағаш бітімінің қүрамына және жасына байланысты, түскен қардың да қорғаушылық қасиетке тигізетін әсері мол. Алқапта қылқан жапырақты жас шыбық барлығы қорғаушылық қасиетті жоғарлатады, ал орташа жасты, піскен және көп тұрған, қураған жапырақты егілме орманның ол қасиеті қашанда төмен.

Көптеген жабайы аңдар және құстар баспана ретінде қалын қылқан жапырақты ағаштардың шор басын, қуысын және шөпшек шырпыларын, түбір-тамыр түбіндегі тесіктерді, тас үймелерді және т.б. пайдаланады.

Ағаш арасындағы өсімдіктердін өзгеру дәрежесіне қарай алқаптың қорғаушылығы да өзгереді. Әсіресе, ағашты молдап кескенде ол күрт өзгереді. Айталық мүндай кесуде кейбір учаскелердің аймағы бәлен шаршы километрге дейін болуы мүмкін. Осы себептен ең ірі аң, бұлан мұндай учаскелерге тоқтамай жерсінбей ауып кетеді. Ал ағаш кесу жұмысын енсіздеу ленталы (көлденеңі 50-100 м) әдіспен жүргізсе, қорғаушылық қасиетін онша төмендетпейді, әдетте алқаптың сиымдылық жағдайы да бүрынғы дәрежеде қалады, қалуы мүмкін. Ал аздап төмендеген сиымдылық қасиеті, азықтық қасиетінің жоғарлауымен қалыптасады (толық тырылады). Ағаштарды шоғырлап кескенде (при концентрированных рубках) бағалығы аз учаскелерді қалдыру, жабайы аңдардың кейбір түрлерінің санын сақтаудағы тиімді шарапардың бірі болып есептелінеді.

Алқаптың қорғаушылық қасиетінің өте жоғары дәрежеде сақталуы, оның экологиялық факторының табиғи қалыптасу көрсеткіші болып саналады. Әйткенмен, ол аңды кәсіпкерлеу кезеңінде еңбек өнімділігін төмендетеді, әсіресе бағалы терілі аңдарды аулағанда: тиінді, құндызды, ала тышқанды және т.б.

Осы себепке байланысты, өте жоғары өнімді таулы-тайгалы құндызды алқаптар толық пайдаланылмай қалады.

Аңшылық алқаптарынын қорғаушылық қасиетін бағалай отыра, олардың ұялық жағдайын да міндеті түрде ескергенабзал (мысалы спорттық бағыттағы шаруашылықта суда жүзгіш құстар үшін). Үялау орынның түгелдей жоқтылығы, ия болмаса жетіспеушілігі, аншылық алқаптың сиымдылығын шектейді.

Түжырып келгенде, негізгі экологиялық факторлар арасында, (азықтық қоры, қорғаушылық қасиеті және т.б.) көптеген жағдайда тура байланыс бар, айталық табиғаттың тірі және тірі емес компонентінің арасындағыдай.

Орманды аншылық алқаптарды инвентаризациялаудың негізі ретінде орман шаруашылығын құру материалдары алынады.

Ал негізгі қүжат болып таксациялық бейнелеп жазуы және ағаш

егу-отырғызу жоспары саналады. Таксациялық бейнелеп жазу

іқұжатынан аңшылық құру мамандар, орман арасындағы әртүрлі

■учаскелердің азықтық және қорғаушылық жағдайы түралы деректер

Іалады, ең соңында барлық аңшылық

Д.Н. Даниловтың аңшылық алқапты бонитеттеу шкаласы (бес балдық шкала)

I класс бонитеті - ең жақсы алқаптар. Әртүрлі азықтар түрімен, жиі және мол өнімділікпен, ете жоғары қорғаушылық және ұялық касиеттілігімен, өте көп және тұрақты аңшылық аңдар санымен мінезделінеді.

II класс бонитеті - жақсы алқаптар. Жақсы азықтық және уялық-қорғаушылық жағдайымен қасиеттелінеді. Аңдар жайғасу тығыздығы әжептәуір.

III класс бонитеті - алқаптың сапалылығы орташа. Азықтық жағдайы әртүрлі өсімдіктер құрамы жағынан бірыңғай, тұрақтылығы және мол өнімділігі аздау. Қорғаушы және ұялық жағдайы орташа келген. Аңшылық аңдар саны жыл бойы әжептәуір өзгеріп тұрады.

IV класс бонитеті - алқап сапасы орташадан темен (нашар) азықтық, қорғауыш-ұялық қасиеттері нашар дамыған. Аңшылық аңдар аздаған шамада, кейбір азықты жылдары ғана кездеседі.

V класс бонитеті - сапасы өте нашар алқаптар. Бұл бонитет қатарына аңдар түрі бойынша бағалауда, аң түріне қасиеттілігі өтө сай емес алқаптар кіреді.


Ондатр алқабының бонитет шкаласы Г.К. Корсаков, А.А. Смиренский
I - бонитет - сапасы ете жақсы алқаптар. Барлық суат пайдалы ауданды, азықтық жөне қорғауш - ұялық жағдайы ерекше жақсы Суаттың енімділігі 100 га суатқа 100 ұядан жоғары болып келеді.

II - бонитет - сапасы жақсы алқаптар. Көптеген пайдалы ауданды суаттың қалған ауданы потенциалды пайдалы. Қысқы кезендө азықтық жағдайы 100 га суаттық ауданға кем дегенде 50-100 ұя ондатра жайғастыра алады.

III - бонитет - сапасы орташа алқаптар. Суаттың көп бөлшег потенциалды пайдалы ауданды, орташа еңбектеніп мелиоративті жұмыстар жүргізше, пайдалы ауданға бейімдеуге болады.

Пайдалы ауданы онша емес. Өнімділігі, 100 га суатқа 10-50 ұядай келеді.

IV - бонитет - сапасы нашар алқаптар. Пайдалы суатты аудань өте келемсіз. Потенциалды пайдалы ауданы көлемді, пайдаль ауданға бейімдеу үшін күрделі мелиоративтік жұмыстар жүргізу/і қажет етеді.

V - бонитет - сапасы ете нашар алқаптар. Пайдалы аудандарь жоқ, потенциалды пайдалы аудандары шектелген, ия болмаса түгелдей қатыспайды.

Қысқы кезеңде азықтар жоқ, бар болғанда да қолайсы жайғасқан. Ондарт жазда ғана біртіндеп кездеседі, 100 га алқапта ондатр саны бес ұядан аспайды.

Аңшылық алқаптарды экономикалық бағалау.

Ресурстарды экономикалық бағалау – ол барлық аңшылық аңдар басын құндап, аңшылық алқаптың биологиялық және шаруашылық өнімдерін бағалау.

Экономикалық бағалау аңшылық аңдардың түрлері, ия болмаса барлығының қосындысы (алқапта пайдаланылатын) бойынша жүргізілуі мүмкін. Қосынды арқылы бағалау мүмкін екені, барлық аңдар түрлері, олардың әртүрлі топтары тек қана бірақ көрсеткішпен бағаланады - тенгемен. Бұл тұрғыдан алғанда аңдар түрлерімен экономикалық бағалау, аңдардың қосындысы арқылы экономикалық бағалаудың бір этапы болып саналады.

Құндылық көрсеткіш арқылы бағалау, аншылық шаруашылық өндірісінде қосымша пайдаланылатын қандай да болмасын ресурстарды бағалауға жол береді. Мысалы, кәсіпкершілік шаруашылықта жабайы аңдардан алынатын тек қана мамық жүнді тері, ет және т.б. өнімдерден басқа, жидек, саңырауқүлақ, дәрілік өсімдіктер, техникалық шикізаттар, ағаш, үй жануарларына және клеткада үсталынатын мамық жүнді аңдарға азықтар дайындалады.

Спорттық шаруашылықтарда рекреациялық ресурстар деп аталынатын көрсеткіштің маңызы бар. Оның мелшері, алқапты қандай эстетикалық дәрежемен қабылдау (түсіне білу), аңдарды бақылау мүмкіншілігі, дала гүлдерінің, жидектің, саңырауқүлақтың көрілуі, жыйнауға болатындығы және көптеген тағы басқада жағдайларға тығыз байланысты болып келеді. Әуескер аңшыға шаруашылықтың тартымдылығы алқапты рекреациялық бағалауға байланысты. Бұл бағалаудың негізгі принциптері, аншылық алқаптарды экономикалық түрғыдан бағалағанда ескерілуі қажет.

Әртүрлі аймақтың табиғи жағдайы аңшы-кәсіпкершінің еңбектік қарқынына, әуесқой аңшының белсенді дем алуына, аңшылық өндірістің тиімділігіне әсерін тигізеді.

Осы себептен табиғи аңшылық ресурстарды экономикалық бағалау құрамына, еңбектік жағдайдың экономикалық көрсеткіштері де енеді.

Аңшылық аңдардың, өсімдіктердің, рекреациялық ресурстарды қосып және еңбек ету жағдайын бағалау, алқап ресурстарын
комплексті бағалауға мүмкіндік туғызады да, оны аңшаруашылығы қолданады және қолдануға болуына жол ашады.

Аншылық алқаптарды қосындылап және комплекстеп экономикалық бағалаудың мәнісі, қортындылап келгенде бағалау тұжырымы бірақ санмен көрсетілуі. Дегенмен ол, алқапты дифференциалдап бағалаудың қажеттілігі жоқ деген емес.

Дифференциалдық бағалау бірнеше аспектіде (құбылыста, жайда) жүргізілуі мүмкін.

Біріншіден, ол әртүрлі ресурс топтарын бағалау: аңшылық аңдарды, өсімдіктер және рекреация жағдайын, аңшаруашылык өңдірістер жағдайын және т.б. Аңшылық аңдар және өсімдіктер ресурстарын топтап және аңдар, өсімдіктер түрлерімен жекелеп бағалануы мүмкін.

Алқаптардың өнімділігіне сәйкес келетін, аңшылық ресурстарының әртүрлі градациясы да бағалануы тиіс.

Кәсіпшілік, ия болмаса аңшылық кезең алдындағы белгілі бір аймақтағы аңдар және есімдіктердің барлық қосындысы, алқаптын қоры, не болмаса жалпы саны деп аталынады.

Белгілі алқаптың бірлік ауданына есептелген аңдар қорын, әртүрлі аңдар тығыздығы (плотность) деп атау тәжірибеге енгізілген. Аңдар тығыздығы - әртүрлі аңдар түрімен есептелінеді, осы себептен алқаптарды және оның ресурстарын экономикалық бағалауда оларды қосындылап алу мүмкін емес. Ал андар тығыздылығы қүнымен бірлік ауданға есептеп көрсетілгенде, не алқаптың өнімділігі (Стаховский, 1969), не болмаса жалпы, ия болмаса қосынды биологиялық ресурс деп аталынады (Рогачева, 1974).

Аңдар қорына негізгі аңдармен қоса өсіп келе жатқан популяциялар да (әдетте биологиялық өнім деп аталынатын) енеді.

Популяцияның саны аңдар есу кезеңінің аяғында, ия болмаса аншылық кәсіпкерліктік кезеңнің алдында өсептелуі қажет.

Әйткенмен негізінде, аң төлдері ерте өлуіне байланасты, бүл екі есептеу нәтижесінің арасында айтарлықтай айырмашылық болады Аңшылық шаруашылықтарында биологиялық өнімді анықтауды, аңшылық кәсіпкершілік кезеңінің басында жүргізуге келісімге келген өте дұрыс және оны аңшылық алқаптың бірлік ауданына шағып есептейді.

Биологиялық өніп-өскен аңдар басынын белгілі бөлшектері, яғни теория жүзінде шаруашылықтың мақсатына пайдаланылатын, алқаптың шаруашылықтың өнімділігі, не болмаса барлык, шаруашылықтық ресурс деп атайды. Бұл көрсеткіш, биологиялық өнімділіктен, негізгі табынды толықтуруға қалдырылған аңдар санымен айырықшыланады.

Шаруашылықтық өнімділік, жоғарғы айтылған өнімділіктердей алқаптын бірлік ауданына шағылып есептелінеді, әйткеменде барлык зерттелінген аймақтың жалпы еспетелінген санына да кіруі мүмкін Биологиялық ресурстардың шаруашылықта нақтылы

пайдалынылатын бөлшегі, нақтылы пайдалынылатын ресурс деп ия болмаса алқаптың нақтылы енімділігі деп аталынады.

Нақтылы пайдалынылатын ресурстар тауарлы және тауарсыз болып екіге бөлінеді: біріншісі мемлекетке дайындау жоспарына жатады, ол екіншісі аңшылардың, кәсіпкершіліктердің, жеміс, саңырауқұлақ жыйнаушылардың жеке меншіктерінде қалады.

Алынған өнімді алқаптың бірлік ауданына шағып есептесе, тауарпы және тауарсыз нақтылы алқаптық өнімді аламыз.

Алқаптар енімділігіне сәйкес келуіне қарай, аңшылық ресурстарды басқаша жіктеулері бар. Айталық, Э.В. Рогачев және Е.Е. Сыроечковский (1968) ресурстарды пайдалануды аймақтық жобамен байланыстырып қарайды да, рационалды қолайлы аңшылық ресурстарын жекелеп беледі.

Бұл алқаптарды дифференциалдап бағалаудың маңызды бір категориясы. Өйткені, мұнда қазіргі кезеңдегі шаруашылықты жүргізу және кәсіпшілік қылу дәрежесі ескеріледі: ресурстар болуы мүмкін, дегенмен олар ия болмаса қолайсыз (алқаптар алыста жайғасқан), ия болмаса экономикалық тиімсіз. Рационалды қолайлы ресурстар мөлшері, әдетте аңшылық кәсіпшілік аудандарда жалпы шаруашылық ресурстан (шаруашылық өнімділік) төмен болады.

Интенсивті дамыған спорттық аңшылық шауашылығында бұл айырмашылық өте аз, ия болмаса нөлге тең.

Аңшылық алқаптар өнімділігі, олардың сапасындай қазіргі және перспективті (прогрессивті, не болмаса регрессивті) болуы мүмкін. Экономикалық көрсеткіштерде перспективтік өнімділікті, қазіргі өнімділікті экономикалық бағалауды пайдаланып, аңшылық алқаптардың сапасын салыстырып бағалау арқылы құруға болады. Болжау (прогноз) есеп, алқаптардың сапалық өзгеруін жобалауға сәйкестелініп, міндетті түрде келешекке әртүрлі аңдардың алқаптардағы тығыздығын анықтау сатысын өтеді.

Аншылық алқаптарының қазіргі өнімділігін бағалау бірімен-бірі байланысты үш жолмен жүргізіледі (2-сурет). Біріншісі - ресурстың барлық түрін түгелдей есептеуге бейімделген. Апқапты бағалауда, ресурстардың және өнімділіктің көп жылдық орташа көрсеткішін мінездеу керек. Осы себептен есептеу жұмыстарының бірнеше жылдық нәтижесін жыйнайды да, бағаланатын аймаққа орташалап қалыптастырады. Егерде кейбір жағдайларға байланысты көп жылдық мәліметтер болмаса, бағалау жүргізуге соңғы бір жылдық көрсеткіштерді қолданады, дегенмен тұрғындардан сұраныс^ арқылы жыйналған деректермен түзету енгізеді.

Тәжірибелі аңшы, ия болмаса кәсіпкер соңғы жылдардағы аңдар санын, олардың көбейгенін айта алады.
Водно-болотные охотничьи угодья

В основу классификации водно-болотных угодий положен принцип деления акватории на участки по пригодности их для обитания животных, то есть в основном по кормовым, защитным и гнездопригодным свойствам. Категория водно-болотных охотничьих угодий делится на 2 подкатегории: водные и болотные.

Различают несколько типов озер: тектонического происхождения; ледниковые, или мареновые; долинные, или речные; запрудные, или плотинные; береговые, или остаточные; провальные.

В водные охотничьи угодья наряду с озерами входят реки, дельтовые водоемы, плавни. Для определения размеров водоемов используют крупномасштабные карты и планы. При описании водоемов дают характеристику водного режима, в которую входят питание водоема, площадь водосбора, прозрачность и химизация воды, сроки и величина половодий и паводков, сроки ледостава и вскрытия.

По местоположению плесы делят на центральные, прибрежные, разделяющие и глухие. Первые располагаются в центре водоема и разделяются между собой широкими проливами. Прибрежные плесы находятся в непосредственной близости от берега, а зеркало воды вплотную подходит к береговой линии. Разделяющие плесы — зеркало воды с двух противоположных сторон подходит к берегу, а с других сторон окаймлено растительностью. Глухие плесы самые маленькие по размерам и находятся в середине очага зарастания.

Наибольшее значение при оценке этих угодий имеет наличие и сочетание зарослей тростника, рогоза и камыша. Угодья обладают прекрасными защитными условиями, подводные растения служат кормами, сплавины — хорошими гнездопригодными свойствами.

Основным критерием для выделения типов охотничьих угодий служит классификация типов зарастания водоемов (Смиренский, 1956). Различают 7 типов зарастания.

  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет