Кіріспе қазақстан республикасында шетелдік инвестицияны пайдаланудың Қажеттілігі


Микроэкономикалық көрсеткiштермен өзара байланысты “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ инвестиция тартуды басқару



бет3/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.59 Mb.
#178185
1   2   3   4

2.2 Микроэкономикалық көрсеткiштермен өзара байланысты “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ инвестиция тартуды басқару
Рыноктық жағдайда қандай да бiр кәсiпорынның қызметi әрi қарай дамудың перспективасын есептеусiз жүзеге асырыла алмайды. Ағымды кезеңде кәсiпорынның өндiрiстiк мүмкiндiктерi кез келген уақытта тұрақты. Жоспарланатын перспектива үшiн маңызды қосымша қаржы мен сәйкес келетiн негiзгi және айнымалы қаражат түрiндегi ресурстар қажет, сондай-ақ сәйкес келетiн инфрақұрылыммен бiрге дайын еңбек ресурстары қажет.

Егер кәсiпорын орын үшiн мемлекеттендiрiлген экономика әр түрлi себептер бойынша өндiрiс үшiн маңызды шығындарды елемеу болса, онда бәсеке жағдайында өндiрiстiң кәсiпорын ұзақ мерзiмдi әрекет ету моделiн басшылыққа алуға мәжбүр. Бұл жерде ұзақ мерзiмдi стратегиялық бағдарламалау мен жоспарлау өз күштерiне енедi. Мысалға, мұнай бизнесi геологияның барлау жұмысының алдында маңызды инвестициялауды талап етедi, содан соң кен орнын өңдеуге қаражат және көмiртегi шикiзатын тасымалдауды талап етедi. Пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде үлкен көлемдегу инвестицияға деген жоғарғы тұтынушылық бақыланады, бұл жерде инвестор үшiн бiр уақытта инвестицияны салу үлкен мәселе болып табылады. Осыған байланысты, кәсiпорын пайдалы қазбаларды өндiру бойынша ғылыми техникалық (инновациялық) саясат пен болашаққа инвестициялық шешiмдердi қабылдауға көңiл бөлсе болады.

Мына жағдайды айта кеткен жөн, инвестициялық жобаның қаржылық тиiмдiлiк көрсеткiшiне төмендегiлер әсер етедi:


  1. жалпылама инфляция- экономикадағы өндiрiстiк ресурстар (шикiзат, капитал, қызмет, еңбек және т.б.) мен өндiрiлетiн өнiмге деген жалпы баға деңгейiнiң жоғарылауы;

  2. инфляцияның бiртектi еместiгi - өнiм мен өнiдiрiстiк ресурстар бойынша оның айырмасының шамасы;

  3. шетелдiк валюта курсының өсуiнен инфляция деңгейiнiң көтерiлуi.

Осымен бiрге, тиiмдiлiк көрсеткiшiн есептегенде кез келген инвестициялық жобаны объективтi бағалау үшiн келесiдей динамиканы ескеру қажет:

  1. жалпы баға деңгейiн (жалпы инфляцияны);

  2. iшкi және әлемдiк рынокта өндiрiлетiн өнiмнiң бағасын;

  3. пайдаланатын ресурстарға бағаны;

  4. түрлерi бойынша тiкелей шығындарды;

  5. жұмысшылардың категорияларының түрлерi бойынша жалақы деңгейiн;

  6. жалпы және әкiмшiлiк шығындарды;

  7. негiзгi қорлардың элементтерiнiң құнын: жер, мекеме және ғимарат, құрал-жабдық;

  8. өнiмдi өткiзудi ұйымдастыруға шығындарды;

  9. банкiтiк пайызды.

Болашақ ақша ағымдарын нақты есептеудiң қаржылық талдау кезiнде оларды болжаулық немесе базистiк бағада анықтау қажет, ал интегралдық тиiмдiлiгi таза дисконтталған табыс, iшкi табыс нормасы немесе инвестицияның табыстылығы, инвестиция табыстылығының индексiн есептiк бағада анықтау қажет, яғни жалпы инфляциядан тазартылған. Бұл жағдайда есептiк бағалар инвестициялық жобаны өткiзудiң бастапқы сәтiне әкеледi /34/.

Кейбiр жағдайда капитал салымының тиiмдiлiгiн бағалаудың типтiк әдiстемесiн пайдалану мүмкiн емес, өйткенi бiрiншiден, “әкелiнген шығындар” сияқты көрсеткiштер – рыноктық экономика жағдайында iшкi және сыртқы факторлардың (баға деңгейi, экономикалық конъюнктура, экономикалық, техникалық және басқа да құрылым шарттары) тұрақтылығымен тұжырымдалған, ағымды шығындардың өзгеруi кезiндегi әлсiз сенiмдiлiк себептерi бойынша критериясы бола алмайды. Екiншiден, бұрын тәжiрибеде қолданылған капитал салымының тиiмдiлiгiн талдауда экономикалық, экологиялық, коммерциялық, әлеуметтiк сипаттағы әртүрлi тәуекелдер есептелiнбеген. Үшiншiден, тиiмдiлiктiң бiртектi нормативiн қаржыландырудың әр түрлi пайыздық қойылымының, яғни өткiзу шартының салдарынан пайдалану мүмкiн емес. Төртiншiден, шығынға алып келетiн бiртектi нормативiн пайдалану мүмкiн емес, өйткенi тауар мен капиталға бағаның және табыстылықтың деңгейi әрдайым өзгерiп отырады.

Рыноктық экономика жағдайында инвестицияның бағалау тиiмдiлiг ретiнде баға, құн, технология және т.б. бойынша болжау нәтижелерiнiң өзгеруiнiң анықталмағандығының үлкен дәрежесiн санауға болады. Анықталмағандықтың қосымша қайнар көздерi болып инфляция, сұраныстың өзгеруi, депозиттiк қойылымдар, валюталық курс саналады. Тұрақсыз даму кезiнде соңғы нәтижеге терiс әсер етiп тағы да бiр фактор болып республикадағы заңдардың тұрақсыздығы саналады /35/. Ұзақмерзiмдi жоспарлау кезiнде маңызды толқулар тәуекелдiктiң жоғарлығына әкеледi. Рыноктық экономикада осы себептер бойынша салымның бағалау тиiмдiлiгiнде жүргiзу уақытының факторы үлкен маңызға ие болады.

Рыноктық экономикасы бар әр түрлi елдердiң әдiстемесiндегi капитал салу тиiмдiлiгiн бағалаудың ерекшелiгi болып мыналар саналады:



  1. күтiлетiн табыс пен инвестициялық жобаның құнын мiндеттi дисконттау және уақыт факторын есептеу;

  2. икемдi пайыз қойылымының жоғартылған рөлi /30/.

Бұл аспект, жай ғана инвестициялауды көрсетпейдi, ол бар құрал-жабдық пен сәйкес келетiн негiзгi қорлардың жұмысқа жарамды күшiн одан әрi тұрақты жасауда да көрсетедi. Сондықтан, инвестициялық процестердi жаңа кәсiпорын құру кезiнде бiр уақытта салым салу түрiне қарастыру қажет.

Осы жағдайға байланысты көрiп отырғандай, әртүрлi iс-әрекет аспектiлерiне капитал салу, сондай-ақ жөндеу жұмыстарын ағымды инвестициялау ретiнде санауға болатын өндiрiстiк инвестициялау жағынан қарастыру керек.

Маңғыстау аймағы жағдайында саланың кәсiпорынның жақсы қызмет ету негiзi ретiнде әлеуметтiк-экономикалық жағынан минималды жоғалтулар кезiнде өндiрiстiк қуаттылықты қолдау мен әлемдегi жалғасып жатқан мұнай дағдарысы салдарынан минималды қаржылық жоғалтулармен байланысты фирманың ағымдағы қозғалысы саналады. Қойылған тапсырмаға негiзделе жақын уақыт аралығында жұмысқа қабiлеттi, бәсекеге қабiлеттi өндiрiсте мұнай өндiру деңгейiн қолдау үшiн минималды қаржылық шығынын анықтау қажет./27/

Берiлген 13-кестеде 1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мен оның “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ және “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ бөлiмшелерiндегi инвестициялық ағымдардың қозғалысын көрсетедi. Жұмысқа қабiлеттi өндiрiстi қолдаумен байланысты жөндеу жұмыстарының барлық түрлерiн есептеу мүмкiн емес, бұл бәрiнен бұрын бухгалтерлiк және экономикалық есептiң жаңа стандарттарына көшудi бiлдiредi /36/.



“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ және оның “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ мен “Қаламқасмұнайгаз”МГӨБ құрылымдық бөлiмшелерiндегi скважиналарды жөндеу жұмыстарының саны бойынша өзгеруiнiң нақты суретi бейнеленедi (4-сурет).
1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ, “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ мен “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ скважиналарын жөндеу жұмыстары бойынша өткiзiлген жөндеулер саны
4-сурет

13-кесте 1998-2000 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ және оның құрылымдық бөлiмшелерiндегi жөндеу жұмыстарының сандық және сапалық сипаттамалапры*


Көрсеткiштер

Жылдар




1998

1999

2000




1 кв.

2 кв.

3 кв.

4 кв.

1 кв.

2 кв.

3 кв.

4 кв.

1 кв.

2 кв.

3 кв.

4 кв.

Жөндеу жүргiзiлген скважиналардың саны

ММГ АҚ
ЖМК МГӨК
ҚМГ МГӨК

137
47
90

126
45
81

123
39
84

126
47
79

84
43
41

65
34
31

69
35
34

81
40
41

58
36
22

63
31
28

63
35
28

76
41
35

Жөнделген скважиналардың саны

ММГ АҚ
ЖМК МГӨК
ҚМГ МГӨК

85
16
69

70
16
54

77
18
59

82
20
62

35
18
17

41
20
21

48
18
30

51
20
31

39
23
16

43
21
22

45
22
23

41
19
22

Негiзгi қорлардың тозуы, мың тг.

ММГ АҚ


ЖМК МГӨК


ҚМГ МГӨК

450830,5
191842,5

258988


450830,5
191842,5

258988


450830,5
191842,5

258988


450830,5
191842,5

258988


1479574
129823

180651


1479574
129823

180651


1479574
129823

180651


1479574
129823

180651


1896983
1484509

412474


1896983
1484509

412474


1896983
1484509

412474


1896983
1484509

412474


Мұнайдың товарлық шығымы, мың тонна

1109

114,5

1136

1120

958

1086,7

1198

1213

1290

1293

1185

1110

Газдың товарлық шығымы, млн м3

10,7

10,8

10,9

11,2

10,7

11,4

11,8

11,9

12

12,3

11,2

11,1

* “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мәлiметi бойынша
4-суретте көрiнiп отырғандай, cкважинаны жөндеу толқын сияқты көрiнедi және 01.01.2001 жылға жай-күйi бойынша көтерiлу деңгейiнде болды. Бұндай жағдай жөндеу процесiне кететiн шығындардың өсуiн күткiзедi, яғни өндiретiн мұнайды сатуды төмендету кәсiпорынның ақшалай түсiмдерiнiң шығыс бөлiгiнiң ұлғаюы мен табыс бөлiгiнiң төмендеуiне әкеледi. Егер бұл процесс жалғаса берсе кәсiпорынның тұрақты табыссыздығының қалыптасуы бойынша прецеденттi құрады, оның бағалы қағаздары рынокта рөлi болмай қалады, және де соңында потенциалды сатып алушыларды жоғалтуға алып келедi. Бiрақ, ең терiс салдары, активтердiң құндары құнсызданады және бiрiншi меншiк иесi банкротқа ұшырау кезiнде маңызды жоғалтуларға ие болады.

Ақша ағымдарымен өзара байланысты ағымды қамтамасыз етудiң инвестициялық мүмкiндiктерiн бағалау үшiн ұсынылып отырған экономикалық-статистикалық модель мұнай және сәйкесiнше қосалқы газ үшiн ақша түсiмдерiн жеке бөлуге мүмкiндiк бередi.

Жүргiзiлетiн жөндеу сандарымен қоса “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мұнай өндiрумен өзара байланысты бiрiншi модель келесiдей көрiнедi:
Мө  1796,669 * 0,999 х1 * 0,9887х2 * 0,0022 х3

(3)
мұндағы, Мө - “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мұнай өндiруi, мың тонна;



х1 – 1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ скважиналары бойынша жүргiзiлген жөндеулер саны, жөндеудегi скважиналар;

х2 – 1999-2001 жж. аралығындағы “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ скважиналары бойынша жүргiзiлген жөндеулер саны, жөндеудегi скважиналар

х3 – 1999-2001 жж. аралығындағы “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ скважиналары бойынша жүргiзiлген жөндеулер саны, жөндеудегi скважиналар.
Жоғарыда берiлген модель 0,4294-ке тең көпше түрдегi корреляция коэффициентiне ие, бұл “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ скважиналарындағы жөндеу (ремонттар) саны мен жалпы мұнай өндiру арасындағы тығыз байланысты бiлдiредi. Сондықтан, жақын уақыт кезеңiне бар тенденцияларды есепке ала отырып, мұнай өндiру нәтижелерiн болжауға болады, яғни (3) моедельдегi белгiсiз х1 х2 және х3 орнына осы уақыт кезеңiндегi қорытынды мұнай өндiрудiң натуралды сандық шамасы түрiнде нәтиже беретiн бағасы болды, бұл арқылы мұнайдың болжанатын рыноктық бағасы негiзiнде өндiрушi скважиналарды жөндеуге қаражаттарды берiлген ағымды инвестициялау кезiнде күтiлетiн ақша табысын анықтауға болады. Сонымен қатар, осының негiзiнде жөндеуге салынған қаражаттардың қайтарымдылығын анықтауға болады. Соңғысы жөндеу жұмыстарымен байланысты шаралардың тиiмдiлiгiн неғұрлым дұрыс бағалау да мүмкiндiгiн бередi, ал бұл, жай бағалау кезiнде қиын процесс. Берiлген 7-кестенi статистикалық өңдеуден кейiн алынған нәтижелердiң әсерiн талдау кезiнде келесiдей нәтижелер көрсетiлген (14-кесте).
14-кесте “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мұнай өндiруiне скважиналардағы жүргiзiлген жөндеулер саны факторларының әсерi, бiрлiк үлесi*


Скважиналарды жөндеулер саны

Корреляциялық коэффициентi

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-да

- 0,3426

“Жетбаймұнайгаз” МГӨБ-де

- 0,3174

“Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ-де

0,0137

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi
“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ – жүргiзiлген жөндеулер саны неғұрлым көп болса, соғұрлым күтiлетiн мұнай өндiру (-34,26 %-ға) аз болады. Осындай байланыс “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ-де де көрiнедi, мұндағы жөндеулер санының өсуi өндiрудi 31,74 %-ға азаюына әкелiп соғады.

“Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ жөндеулер саының өзара байланысы басқа да арақатынасқа ие. Осы бөлiмшедегi жөндеулердiң өсуi “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ скважиналарында мұнайдың өсуi мен өндiрiлуiн 1,37 %-ға ынталандырады, яғни берiлген МГӨБ –дегi скважиналардың жөндеу тиiмдiлiгiн бiлдiредi. Сондықтан “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ жүйесiндегi “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ маңыздылығы жоғары екендiгi туралы, ендi жөндеу көрсеткiштерi бойынша көрсетуге болады.

13-кестенiң мәлiметi бойынша жүргiзiлген жөндеулер санымен қатар қосалқы газ өндiрудiң өзара байланысты экономикалық-статистикалық моделi алынған. Ол келесiдей түрде:
Гө  14,142 – 0,00357 Х1 - 0,05595 Х2 - 0,0029 Х3

(4)
мұндағы, Гө - “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ газ өндiруi, млн м3;



Х1 – 1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ скважиналары бойынша жүргiзiлген жөндеулер саны, жөндеудегi скважиналар;

Х2– 1999-2001 жж. аралығындағы “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ скважиналары бойынша жүргiзiлген жөндеулер саны, жөндеудегi скважиналар

Х3– 1999-2001 жж. аралығындағы “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ скважиналары бойынша жүргiзiлген жөндеулер саны, жөндеудегi скважиналар.
Берілген модельде көпше түрдегі корреляция коэффиценнті 0,6024 тең, бұл “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ скважиналарындағы жөндеулер саны мен газды жалпы қосалқы өндірудің арасындағы жоғарғы байланысты көрсетіп отыр. Сонымен қатар, (4) модельдегі белгісіз х1, х2, х3 мәндерінің орнына осы уақыт кезеңіндегі жоспарланып отыр жөндеулерді есепке ала отырып жақын уақыт кезеңіне қосалқы газ газ өндіру нәтижелерін болжауға болады. Жиынтық нәтиже қосалқы газ өндіру шамасынын натуралдық сандық түрде соңғы бағалауы болады, яғни, болжанатын рыноктың соңғы бағанын негізінде өндіруші скважиналардың жөндеулеріндегі қаражаттарды ағымды инвестициялау кезінде күтілетін ақша табысын анықтауға болады. Бұл процесс скважинаны жөндеуге салынған салымның қаражатының берілуін анықтауға мүмкіндік береді. Яғни төлеу және ақшалай марапаттау үшін жөндеу жұмыстары мен байланысты шаралардың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. /32/

Сондықтан, инвестициялар өндірістік қорларды жаңарту мен тікелей байланысты деп сонан, мынаны айта кеткен жөн, скважиналардағы күнделікті жөндеуге қарағанда жоспарлы жөндеу мұнай өндіруге инвестиция қосудың негізгі жолы болып отырған сияқты. Өйткені скважинанын бір метрінің құны бір миллион доллар деңгейінде болады. Сол себептен бір скважинанын жұмыстан шығып қалуы өте ірі соқтығыс болып табылады. Сондықтан, инвестицияны жұмыс істеп жатқан скважиналардың жұмыс күйін қолдауға бағытталуы қажет. Берілген 7 “кестені” статистикалық өндеуден кейін алынған мәліметтің әсерін талдау келесідей нәтижені алуға мүмкіндік берді. (15 кесте).


15-кесте “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қосалқы газ өндіруге скважиналардағы жүргізілген жөндеулердің сандық факторларының әсері, бірлік үлесі.*



Скважиналарды жөндеулер саны

Корреляция коэффициенттері

“Жетбаймұнайгаз” МГӨБ-де

- 0,7039

“Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ-де

- 0,6490

“Маңғыстаумұнайгаз” АҚ-да

- 0,4893

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi
Кестедегі мәліметтер скважиналардағы жүргізіліп жатқан жөндеулер мен қосалқы газ өндірудің кері байланысын көрсетіп отыр, яғни неғұрлым жөндеу жұмыстары жоғары болса, соғұрлым газды қосалқы өндіру төмен болады.

“Жетбаймұнайгаз” МГӨБ, “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ және “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ бойынша өзара байланысты жөндеулер санынын мәліметтердің біріктірген, келесідей суретті алуға болады. (16- кесте).


16-кесте 1999-2001ж. ж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ мен оның құрылымдық бөлімшелеріндегі жүргізілген жөндеулер санынын арасындағы өзара байланысы*


Жөндеулер саны

Корреляция коэффициентi

“Қаламқасмұнайгаз”-да

0,4904

АҚ-дағы мұнай өндіру

- 0,3426

“Жетбаймұнайгаз”да

0,2686

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi
неғұрлым жүргізілетін жөндеулер “Қаламқасмұнайгаз” (49,04%) және “Жетібаймұнайгаз” (26,86 %) көп болса, соғұрлым акционерлік қоғамның скважиналарында жөндеу жұмыстары көп болады, бұл өз кезегінде “Маңғыстаумұнайгаз” кәсіпорындарына ағымды инвестициялауға сәйкес тұтынушылықты білдіреді.

17-кестеде көрініп отырғандай, “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ жөндеулер санынын “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ, “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ жалпы санынына қаншалықты әсерін көрсетіп отыр, сондай-ақ ММГ АҚ мұнай өндіру.


17-кесте 1999-2001 ж. ж. аралығындағы “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ, “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ – жүргізіліп жатқан жөндеулер санын арасындағы өзара байланысы мен олардың жалпы мұнай өндірілуі*


Жөндеулер саны

Корреляция коэффициентi

“Қаламқасмұнайгаз”

0,6900

АҚ мұнай өндіру

- 0,3175

“Маңғыстаумұнайгаз”

-0,2686

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi
“Жетбаймұнайгаз” МГӨБ жөндеулер санынын өсуі, кестеде көрініп отырғандай, “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ жөндеулерді 69 %-ға өсіруге ынталандырады және акционерлік қоғамдағы мұнай өндіруді 31,75%-ға төмендетеді, бұл “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ скважиналардың жоғарғы салмағын білдіреді.

Осыдан талдау “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ жүргізіліп жатқан жөндеулерге қатынасы бойынша жүргізілді. (18-кесте).


18-кесте 1999-2001 ж. ж . аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ, “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ, “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ жүргізіліп жатқан жөндеулер санын арасындағы өзара байланысы мен мұнай өндіру*


Жөндеулер саны

Корреляция коэффициентi

“Жетбаймұнайгаз”

0,6900

“Маңғыстаумұнайгаз”

- 0,4904

АҚ мұнай өндіру

-0,0137

* Ұлттық статистика агенттiгi мен “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ қызметiнiң экономикалық көрсеткiштерiнiң мәлiметi
“Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ жүргізілген жөндеулерге қатынасы бойынша жүргізілген талдау көрсетіп отырғандай, “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ жөндеулер санын өсуі “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ жөндеулердің 69%-ға өсуін ынталандырады, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ өзінде 49,04%-ға және мұнай өндіру 1,37% өсіреді.

Сондай-ақ, мұнай өндіру мен қатар кәсіпорынға қосымша ақшалық табыс әкелетін қосалқы газ өндіруде жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жерге берілген ақша ағымын басқару бойынша тиімді шешім жасау үшін осы процесс пен скважиналарды жөндеу бойынша талдау қажет.

Осы аспектіде кәсіпорындағы скважиналарда жүргізілген жөндеулер мен негізгі қаражаттардың шығындары арасындағы өзара байланысын шығару керек, бұл 1999-2001 ж. ж. аралығындағы бухгалтерлік баланс бойынша кәсіпорындағы скважинаны жөндеу мен қатар негізгі қаражаттар шығынының қосымша экономикалық-статистикалық моделін қалыптасу қажеттігін құрады және инвестициялық тапсырмаларды шешу кезінде маңызы зор. Аталған барлық модельдер белгілі схема бойынша функцияны таңдаудан бастап оны бағалауға дейін тізілді.

“Маңғыстау мұнайгаз” АҚ негізгі қаражаттар шығынын экономикалық-статистикалық моделі келесідей көрінеді:


Шнег/АҚ  1742244 – 1299,847 Х1 + 19312,124 Х2 - 22746,234 Х3,

(5)
мұндағы, Шнег/АҚ – “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ негізгі қаражаттардың шығыны, мың теңге;



Х1 – 1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ” скважиналарда жүргізілген жөндеулер саны, жөндеудегі скважиналар;

Х2– 1999-2001 жж. аралығындағы “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ скважиналарда жүргізілген жөндеулер саны, жөндеудегі скважиналар;

Х3– 1999-2001 жж. аралығындағы “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ скважиналарда жүргізілген жөндеулер саны, жөндеудегі скважиналар;

Көрсетілген модель көпше түрдегі корреляцияның (0,9888) өте жоғары екенін көрсетеді, яғни оны болжау мақсаты үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан жоспарлы жөндеу мәндерін х1, х2 және х3 белгісіз шамалардың орнына қоя отырып осы кезеңге шығындардың жоспарлы маңызын алуға болады.

“Жетбаймұнайгаз” МГӨБ негізгі қаражаттар шығынының экономикалық-статистикалық моделі осылайша алынып келесідей көрінеді:
Шнег/ЖМГ  1581594 – 1398,829 Х1 + 10782,708 Х2 - 24478,319 Х3,

(6)


мұндағы, Шнег/ЖМГ – “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ негізгі қаражаттардың шығыны, мың теңге.

Х1 – 1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ скважиналарында жүргізілген жөндеулер саны, жөндеудегі скважиналар;

Х2– 1999-2001 жж. аралығындағы “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ скважиналарында жүргізілген жөндеулер саны, жөндеудегі скважиналар;

Х3– 1999-2001 жж. аралығындағы “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ скважиналарында жүргізілген жөндеулер саны, жөндеудегі скважиналар.

Берілген модельде 0,9888 тең көпше түрдегі корреляцияның жоғары мәніне ие, бұл болжау мақсаты үшін пайдалануға мүмкіндік береді. х1, х2 және х3 мәндерінің орнына қоя отырып, “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ негізгі қаражаттар үшін шығындардың болжау нәтижелерін ашуға болады.

“Қаламқасмұнайгаз”МГӨБ негізгі қаражаттарының шығының бағалау үшін осындай модель алынған, ол келесідей көріністе:


Шнег/ҚМГ  160649,2 + 98,981 Х1 – 1470,584 Х2 + 1732,085 Х3,

(7)


мұндағы Шнег/ҚМГ – “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ негізгі қаражаттардың шығыны, мың теңге;

Х1 – 1999-2001 жж. аралығындағы “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ скважиналарда жүргізілген жөндеулер саны, жөндеудегі скважиналар;

Х2– 1999-2001 жж. аралығындағы “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ скважиналарда жүргізілген жөндеулер саны, жөндеудегі скважиналар;

Х3– 1999-2001 жж. аралығындағы “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ скважиналарда жүргізілген жөндеулер саны, жөндеудегі скважиналар.

Алдыңғы модельдегі негізгі қаражаттардың шығыны сияқты, берілген модельде көпше түрдегі корреляцияның жоғары коэффицентіне ие (0,989), бұл болжау мақсаттары үшін пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен, “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ ең күшті құрылым болып “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ табылады, өйткені бұл бөлімшенің жоғарғы мәнінің күшіне байланысты көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар айта кететін жағдай, берілген кәсіпорындағы инвестицияларды ағымды инвестициялау жағынан қарастыру қажет, сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялау жағынан. Сонымен қатар олардың қосылуы міндетті түрде негізгі көрсеткіштер негізінде (кәсіпорын скважиналар ондағы жөндеу жұмыстарының саны, негізгі қаражаттардың шығыны) жүзеге асырылуы қажет. Осындай тәсіл ғана инвестициялық процесті екі деңгейде басқаруға, инвестиция тартуға кепілдік береді /33/.

Негізгі өндірістік қорлардың шығыны пайдаланатын инвестицияның басты элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу скважинаның жұмысқа жарамды күйінде қолдаудың интегралдық көрсеткіші ретінде қабылдауға болады. Егер “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ бір бөлімшесінде жөндеу жұмыстарының төмендеуі бақыланатын болса, онда мұнай өндіру көлемімен шығындардың өсуінің төмендеуі байқалады және керісінше. Сонымен қатар осы кезде жөндеу жұмыстар санының көптігі мұнай өндірудің нәтижелі көрсеткіштерінің жағдайын әлсіретуі мүмкін. Сондықтан жүргізілетін жөндеулер мен мұнай өндіру арасындағы оптималды арақатынасын шығару қажет. Қарастырылған барлық өзара байланыстар мынадай қорытынды бекітеді, яғни осы факторлардың динамикасын талдау және жөндеу мен мұнай өндіру арасындағы арақатынасын өлшеу кезінде “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ тәжірибелік қызметіндегі осы факторларды әрдайым бақылау жүргізіп отыру қажет. “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ және оның “Жетбаймұнайгаз” МГӨБ мен “Қаламқасмұнайгаз” МГӨБ құрылымдық бөлімшелеріндегі негізгі қорлардың тозуы жайлы қарастырылған барлық моделдер кең орындарынан көмірсутегі шикізаттарын бәсекеге қабілетті шығару мақсатында өндірістің процестегі технологиялық ережелерді сақтау қажеттілігін қолдау үшін қажетті инвестициятартуды бағалауға мүмкіндік береді. Сондықтан берілген моделдер кәсіпорынның өзінің активтерін бағалау мен жеделдетілген тәжірибе мақсаты үшін пайдалануы мүмкін, өйткені қор нарығы жағдайында өте қажет. Осылайша мұнай газ өндіретін кәсіпорындар активтеріне қор рыногында бағалауына, потенциалдық инвесторларды тарта отырып немесе керісінше ығыстыра отырып оларға ықпал етеді /36/.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет