2.2 Ғимараттарда өрт жағдайын бағалау және болжамдау
Ғимараттарда өрт жағдайын бағалау және болжамдау уақыт пен кеңістік аралығындағы өрттердің негізгі параметрлерін анықтаумен түсіндіріледі.
Басында жанып жатқан бөлмедегі жағдайдың бағалануы мен болжамдалуы өткізіледі, ал содан кейін күштер мен құралдарды енгізу және жұмылдыруды ескере отырып оның мүмкін даму динамикасына ауысады.
Барлық жағдайларда да ғимараттардағы өрттерді сөндіру кезінде өрт дамуының үш параметрі болжамдалады:
өрт ауданы;
жанып жатқан бөлме (бөлмелерде) көлеміндегі температуралық режим;
бөлмеде (бөлмелерде) өрттің дамуы кезіндегі газалмасу.
Қазіргі уакытта нақты өрттердің математико-статистикалық анализ-ұйғарымдамасы негізінде алынған орташаланған мәндер шамалары қолданылуда.
Температураны болжамдау, кезінде өрттің бос даму процессінде: температураның өсуі, орнатылған режим және температураның төмендеуі болатынын ескеру қажет.
Орнатылған режим жанып жатқан бөлмеден кететін газдар шығыны келетін ауа мен жану өнімдерінің қосындысына тең болған кезде басталады. Мұндай жағдай жанып жатқан бөлме көлемінде – жазықтығында нейтральді аймақта орналасуы кезінде басталады, яғни ішкі артық қысым атмосфералыққа тең болған кезде. Нейтральды аймақтан төмен кіші, сондықтан да бөлме көлемінің бұл бөлігіне сыртқы ауа ағысы енеді. Нейтральды аймақтан жоғары қысым атмосфералықтан үлкен. Бұл, от пен қызған жану өнімдерінің жанып жатқан бөлме көлемінде таралуына әкеледі, ол нейтральды аймақтан жоғары орналасады.
Жанып жатқан бөлменің қоршағыш конструкцияларында бір тесік бар болған кезде нейтральді аймақ ойық енісінің шамамен 1/3 биіктігінде орналасады. Ғимаратта өрттің дамуын болжамдау кезінде азаматтық және өндірістік ғимараттарда оттың негізгі таралу жолдары жағыш конструкциялардың сыртқы және ішкі беттіктері (қабырғалар, арақабырғалар, жабындылар, шатырлар); конструктивты элементтердегі еністер мен түрлі конструкциялар; саты торлары; көтергіштер шахталары (лифттер); желдету каналдары болатынын ескеру қажет. Соңғы екі таралу жолы ғимараттағы өрт кезіндегі түтін таралуының негізгі таралу жолы болып табылады.
Түрлі сызбалар бойынша өрттің дамуы кезінде от пен түтіннің таралу жолы от төзімділігіне, ғимараттың тағайындалуы мен қабаттылығына, сол сияқты бөлмелердің жоспарлануына тәуелді болады. Осылайша, бірінші от төзімділік дәрежелі үш қабатты ғимараттарда оттың таралуының негізгі бағыты өрт ауыртпалығының беттігі бойынша горизонтальді және вертикальды болады.
Бірінші, екінші, үшінші от төзімділік дәрежелі көп қабатты ғимараттардағы өрттер кезінде оттың таралуының негізгі бағыты ретінде горизонтальді және конструкциялар ішінде ауалы конструкциялармен деп есептеуге болады, әсіресе корридорлы жүйе кезінде. Бірақ бұл ғимараттарда жанып жатқанға қатысы бойынша төмен және жоғары орналасқан бөлмелерге қабырғалар мен жабындылардағы түрлі ойықтар арқылы, саты торлары мен лифттердің шахталары бойынша, желдету каналдары бойынша тарала алады.
4-ші от төзімділік дәрежелі жанудан қорғалған ғимараттарда от сол сияқты горизонтальді бағытта таралады, бірақ вертикальді бағытта оттың таралу қауіптілігі үлкенірек болады, 1,2,3-ші от төзімділік дәрежелі ғимараттарда тәрізді. 4-ші от төзімділік дәрежелі ғимараттардағы өрттер кезінде оттың негізгі таралу бағыты вертикальді (үстіге) болуы мүмкін. Ғимараттардағы өрттер кезінде түтіннің негізгі таралу жолдары әрдайым вертикальді болады.
Ғимаратта өрттің дамуы кезінде жану қарқындылығының ұлғаюына, от пен түтіннің таралуына, құрылыс конструкцияларының бұзылуы қабілет ете алады.
Өрт жағдайында тасушы қабілеттілігінің жоғалуы температура әсерінен немесе оның жанцынан конструкция қимасының төмендеуінен өтуі мүмкін.
Конструкциялардың от төзімділік дәрежесінің нақты бағалануын қарастыру кезінде, ғимаратта өрт сөндіру кезінде қате шешімдер қабылдануы мүмкін. Практикада мынадай жағдайлар орын алған, конструкциялардың бұзылу қауіптілігі болмаған кезде күштер мен құралдар алынған позициялардан шығарылатын, және керісінше, ал пайда болған бұзылу қауіптілігі кезінде уақытнда шығарылмайды, бұл кейбір жағдайларда жеке құрамның өліміне душар етеді.
Өрт сөндіру басшысы нормативты от төзімділік шегіне сүйене отырып, кейбір кезде (үлкен от төзімділік шегінде) конструкцияларды қорғауға күштер мен құралдарды бөлмейді, олар нормалармен қарастырылған қатаң жағдайларда болады, және тасушы қабілетін жоғалтуы мүмкін.
Нақты жағдайларда құрылыс конструкцияларының тәртібін анықтау кезінде конструкциялардың бұзылуына қабілетті сипатты әрекеттерді білу қажет.
Осылайша, мысалы темірбетон конструкциялардың бұзылуына, әдетте жарықшақтар мен майысулардың түзілуі әсер етеді. Сылама қабатымен қорғалған ағаш конструкциялардың бұзылуына сыламаның ажырауы және т.с.с. әсер етеді.
Құрылыс конструкцияларына уақытша динамикалық және статистикалық ауыртпалықтар әсер етуі мүмкін (жоғары жатқан конструкциялардың құлауы, жарылс кезінде пайда болатын соққы толқыны, жеке құрамның жиналуы, судың көп мөлшерде болуы және т.с.с.).
Түрлі сызбалар бойынша өрттің даму процессін анықтайтын факторлардан шыға, келесі қорытындалырды жасауға болады: бірінші және екінші, ең төмені үшінші сызбалар бойынша өрттің дамуы кезінде ең үлкен өрт ауданы мен түтіндену аймағы болуы мүмкін. Бұл жағдайда ғимараттағы жалпы өрт ауданы барлық жанып жатқан бөлмелердегі аудандар қосындысы тәрізді анықталады.
Ғимараттардағы өрттермен күресу практикасы көрсеткендей, вертикальді бағытта (үстіге қарай) оттың таралуынан кейін, от қабаттардың бөлмелері бойынша тарала бастайды. Бұл жағдайда қабатар бөлмелері бойынша оттың таралу сипаты, ереже бойынша, бір немес екі жақты болады. Кейбір жағдайларда от барлық жаққа тарала алады немесе қандай да бір бұрышқа. Бірақ оттың таралу уақытының өтуімен, екі жақты немесе бір жақты болады. Бұл жағдайда оттың таралу майданының ені от таралатын бөлме еніне тең болады.
Достарыңызбен бөлісу: |