Кіріспе Әдебиетке шолу


Проблеманың өзектілігі және мұнаймен ластану көздері



бет2/18
Дата28.09.2022
өлшемі272.02 Kb.
#461518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
1 Бөлім. Мұнаймен ластанған топырақтарды тазартуда микробтарды қолдану

1.1 Проблеманың өзектілігі және мұнаймен ластану көздері

Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түсті. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Әсіресе, XX ғасырдың екінші жартысынан бастап адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырып, жер қойнауы жедел игеріле бастады.


Жер бетінде экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейтті.
Қазір Қазақстандағы 182 млн. гектар жайылымның 110 млн. гектары (60%) әр түрлі деңгейде зиян шекті. Жер қойнауынан жылына 360 млн. тонна шикізат алынады. Елде 21 млрд. тонна қалдықтар жиналған. Жиналған қалдықтардың басым бөлігі минералды - шикізат кешеніне келеді. Жер қыртысының ластануы көптеген жағдайларда мұнай барлау, мұнай өндіру және мұнай өңдеу жұмыстарымен байланысты. Сонымен бірге, өндірістік, коммуналдық, тұрмыстық және ауыл шаруашылық қалдықтарын, минералды шикізаттарды, пистицидтер мен гербицидтерді және химиялық тыңайтқыштарды сақтау кезінде олар мұқият қымталмаса, ол жерлерде ластану ошақтары пайда болуы мүмкін. Қалдықтар қатты және сұйық болып бөлінеді. Сондай-ақ, бұрғылауда пайдаланылатын ерітінділер қалдығы мен ұнтақтар да қоршаған ортаға: жерге, ауаға, жер бетіндегі және жер астындағы суға таралып, зиянды заттар қатарына қосылады.
Қоршаған ортаның ластану мәселелерін қарастырғанда жиі қолданылатын негізгі терминдер: ластану көздері, компоненттері, типтері, ластанудың сипаты мен жағдайы.
Қоршаған ортаның ластану көздері мен типтері табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану көздеріне көмірсутегі шикізатының құрамында мұнай өнімдері бар тау жыныстары мен ауыр металдардың жер бетіне шығып кетуі жатады.
Техногендік ластауға әдетте мұнай - газ өнімдерін өндіру, тасымалдау, қоймаларда сақтау кездерінде төгіліп, ауаға ұшып, жерге төгілетін улы заттар жатады. Ауаға таралатын заттар 60 шақырымдық қашықтыққа дейін жетсе, қауіп төндіруі мүмкін. Мысалы, мұнай мен газ факельдерде жанғанда, жабдықтар бүлінгенде, мұнайды құюда, олардың мұнай амбарларында булануы нәтижесінде осындай жағдайлар болады.
Ластағыш заттардың қоршаған ортаға таралу сипаты жағынан: желілік және алаңдық болып бөлінеді. Ластаудың желілік көзіне жататындар: темір жол, автокөлік магистральдары және мұнай-газ құбырлары. Ал алаңдық көздеріне, негізінен, көмірсутегі және минералды шикізаттарды өндіріп жатқан учаскелер мен оның айналасы жатады.
Сонымен, жер қыртысының ластану көздері:
· тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды жинау және сыртқа шығару жүйесі болмағандықтан;
· қалдықтарды су түбінің лайын тазалағанда экологиялық талаптарды бұзу салдарынан;
· мал шаруашылығы кешендерінде ауыл шаруашылығы қалдықтарына химиялық қалдықтарды сақтау, тасымалдау ережелерін сақтамағандықтан;
· су құбырларының, кәріздің дренаж жүйелерінің қирауы; суаратын судың ластануы;
· өндірістік кәсіпорындардың, көліктердің, жанып тұрған факельдердің шығаратын қалдықтарынан ауаның ластануы;
· улы қалдықтарды көметін полигондардың болмауы;
· ядролық және ракеталық полигондар жұмысының зардаптары;
· өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату, қайта өңдеу кәсіпорындарының болмауы;
· радиоактивті қалдықтармен жұмыс ережелерін бұзу салдарынан;
· мұнай құбырларының бұзылуы, қоймалардан мұнайдың төгілуі, құрал-жабдықтардың бұзылуы, ашық мұнай-газ фонтандары.
Жер қыртысының ластану себептері:
· қатты тұрмыстық қалдықтардың тазалануы, сілтіден айырылуы;
· өндірістік қалдықтардың ағуы, сүзілуі, сілтіден айырылуы;
· ауыл шаруашылығы қалдықтарының ағылуы, сүзілуі, сілтіден айырылуы;
· ластанған сумен суару, жер асты суларының ластануы;
· кендер мен көмірсутегі шикізаттарын барлау, пайдалану, сақтау және тасымалдау кезінде оның құрамына ластағыш заттардың еніп кетуі;
· әскери полигондарда ракета отындарынан улы қалдықтардың төгілуі;
· ауаға ластағыш заттардың (күл, ауыр металдардың қалдықтары, қышқылды жауын) түсуі;
· радиоактивтік ластану (ядролық полигондар, мұнай мен газ өндіруде жер асты суларының радиоактивтілігі) сияқты салдарынан жер қыртысының ластануы.
Қазіргі кезде жер қыртысындағы химиялық заттардың шектеулі рауалы концентрациясы (ШРК) жөнінде бірыңғай әдістеме жоқ. Әр елде ШРК мөлшері әр түрлі болып белгіленуі аумақтың экологиялық жағдайын бағалауда қиындық келтіріп отыр.
Мұнай және мұнай өнімдерінің табиғи ортаға таралуы салдарынан жалпы экологиялық жағдай қалыптасады:
а)топырақтың құрамы және оның беткі қабатының қасиеттері өзгереді;
б)жер бетіндегі және жер асты сулары ластанады,түбінде тұнбалар түзіледі;
в)өсімдіктердің химиялық құрамы және сыртқы түрі өзгереді;
г)ландшафтар жалпы деградацияға ұшырайды.
Топырақ концентрациясы төмендегі деңгейге жеткенде,бұл топырақ мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған деп есептелінеді:
- Өсімдіктер солып,өзгерістерге ұшырайды;
- Экологиялық тепе-теңдік бұзылады,альгофлора және мезофауна түрлері жоғалады;
- Судың физико-химиялық қасиеттері және топырақ құрылысы өзгереді;
- Карбонатты емес сутекті топырақтарда мұнай өнімдеріндегі сутегі мөлшері көбейеді;
- Ауылшаруашылық жерлерінің өнімділігі төмендейді;
- Мұнай өнімдері топырақ арқылы сіңіп жер үсті және жер асты суларына таралады;
Жер қыртысының мұнай өнімдерімен ластанған кездегі қауіпсіз деңгейі деп жоғарыда айтылған негативті(ыңғайсыз) жағдайлар туындамаған кезеңді айтады;
Топырақтың «қалыпты» деңгейдегі көрсеткіші деп,топырақтың өзіне сай негізгі функцияларын орындау жағдайының сай болуы және қоршаған ортаға,өсімдіктерге және адамға негативті әсерінің болмайтын жағдайын айтады;
Әлемнің түрлі елдеріндегі,сонымен бірге түрлі табиғи аймақтардағы экспериментті зертеулер көрсеткіштерін қорытындылай отырып мұнай өнімдері концентрациясының төмендегідей алғашқы деңгейі ұсынылған. [5], [6]
Түрлі табиғи аумақтардағы топыратардың ластануының биогеоценоздық реакциясы тәжірибе жүргізу арқылы анықталады. Бұл жағдайда реакцияның топырақты ластаушы заттардың алғашқы салмағына байланысты екені ескеріледі. Экологиялық жүйенің ластану шамасына қарай қайта қалпына келуі немесе келмеуі ластанудың кенеттен,жаппай жүруіне немесе оның біртіндеп жинала келе ластануына байланысты болуы мүмкін.
Топырақ қыртысындағы мұнай өнімдері мөлшерінің ең төменгі шамасы деп,оның концентрациясының жоғарғы қауіпсіз шегін айтады.
Егер концентрация мұнан көп болған жғдайда табиғи ортаның сапасы нашарлай бастайды.
Топырақтардағы мұнай өнімдерінің мүмкін болу шегі көп елдерде бекітілмеген, себебі бұл көптеген факторларға байланысты,түріне,құрамына,қасиетіне,климаттық жағдайға,мұнай өнімдерінің құрамына,өсімдік түрлеріне,жерді пайдалану түріне,тағы да басқадай жағдайларға байланысты. Бұл нормалар белгілі бір ауданға және белгілі бір топырақ түріне қарай белгіленуі керек.
Көп жағдайда қайта қалпына келу мерзімі белгілі болса,осы жағдайға негізделіп шаралар белгіленеді. Егер топырақтың жоғарғы қабаты ғана ластанса қолдан тазартылады,себебі кейде биогеоценоздардың өзінен-өзі тазарып,қалпына келетін табиғи мүмкіндіктерін осы процестерді жылдамдататын әдістермен бірге пайдалну аса тиімді болады.
Анықтап зерттеу барысында жойылған,жарамсыз деп табылған аумақтың гумусты аккумуляторлық қабатының қалпына келуіне ондаған,болмаса жүздеген жылдар кетуі мүмкін. Бұл жағдайда топырақ өзінің сүзгіштік қасиетін жоғалтады,яғни жер асты суларына және қабаттар жүйесіне ластанған қоспалар өте бастайды.
Құрамында жоғары мұнай өнімдері бар топырақ санациялану және рекультивациялану керек. Себебі осы шаралар жүргізілмейінше ол аумақтар тозу жағдайында болады және қоршаған ортаға тұрақты негативті әсер етеді.
Голландияда және Германияда химиялық заттармен ластанған топырақты ьағалау үшін,оның ішінде минералды мйлармен,қоршаған ортаны қорғау үшін жүргізілетін қажетті шараларға байланысты үш шама қабылданған. Бастапқы шама ретінде,ластанған топырақты бағалау үшін «фондық шама» жүйесі қабылданған.
Елдердің аймақтарына тән улы элементтермен заттардың құрамына байланысты аймақтық фон болады,және саны жағынан 1-шама деп алынған.
2-шама ластану динамикасын бақылауды және ластану себептерін жоюды талап ететін,ластану шамасы жоғары деген белгі. Бұл шамадан жоғары ластанушы топырақты «өте лас» деп есептейді.
3-шама топырақ пен жер қыртысын тазалауға тура келеді. Топырақтағы мұнай өнімінің шамасы кестеде көрсетілген. WCA классификациясына сәйкес мұнай өнімдерінің концентрациясы 5г/кг-нан жоғары болса топырақ қабатын одан тазалау шаралары жүргізіледі.
Голландияның нормативті актілерінде топырақтар мұнай өнімдерінің концентрациясы 5000мг/кг болғанда тазалау шаралары жүргізу қаралған.
Әртүрлі елдердегі ластанған топырақ шамасы 5000-нан 10000мг/кг деп алынған осы көрсеткіштер аралығындағы топырақтың санациялау және рекультивациялау үшін интенсивті шаралар талап етіледі,1000-нан 10000мг/кг аралығында топыраққа өздігінен тазалау процестерін аздап күшейту шаралары жүргізіледі. Осындай шаралардан кейін бір жылда топырақтағы мұнай өнімдері қауіпсіз шамаға дейін төмендейді екен. Ластану шамасы 10000мг/кг-нан жоғары болса рекультивациялау әдісінің тиімді түрі таңдап алынады. [7], [8]
Мұнаймен ластанған топырақ қасиеті көптеген физико-химиялық өзгерістерге ұшырайды. Әлсіз топырақ құрамының бұзылуы және топырақ бөлшектерінің суды сіңіру қасиеті төмендейді.
Мұнаймен ластанған топырақта көміртегі мен азоттың арасындағы салыстырмалы көрсеткіші жылдам өсіп кетеді,ол топырақтың азот режимін нашарлатады және өсімдіктің тамырымен қоректенуін бұзады. Бұдан басқа,мұнай жерге төгілгенде және топырақ қыртысына сіңе отырып оттегіні ығыстырады,ал оттегі өсімдік және микроорганизмдердің өмір сүруі үшін қажет.
Мұнай кен орындарын пайдалану процестерінде,мұнайды тасымалдап және қайта өңдеу кезінде көптеген әртүрлі қалдықтар түзіледі. Олардың негізгі бөлігін ашық резервуарларда жиналып сақталған мұнай шламдары құрайды. Бұл мұнай шламдары екінші дәрежелі қоршаған ортаны ластайтын қалдықтар көзі болып саналады. Сондықтан мұнай өндіруші аймақтардағы құрамында мұнайы бар шламдарды қайта өңдеу,қоршаған ортаны қорғау облысындағы негізгі мәселелердің бірі.
Соңғы уақыттарда мұнай өнімдерін ыдырату үшін биологиялық әдіс кеңінен пайдалануда. Ол түрлі биопрепараттарды қолдануға негізделіп,артықшылығы экологиялық тұрғыдан қауіпсіз болады. Ұсынылып отырған әдісте,технологиялық қондырғылар,жабдықтар тікелей мұнай шламдары орналасқан орындарда қолданылады және эрегетикалық шығындарды талап етпейді,сонықтан бұл әдістің болашағы зор.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет