Кіріспе Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы



бет16/25
Дата22.09.2022
өлшемі93.98 Kb.
#461163
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25
Дәріс 1 Энтомология

Бақша бітесі-Aphis gossypii Glov(Homoptera отряды,Aphididae тұқымдасы).Бұл жәндік қиярды ,асқабақты,патиссонды,кәдіні зақымдайды.Бақша бетінің ұзындығы -1,2-2мм ,түсі сарыдан бастап қара жасыл,тіпті қара болып келеді.Баланқұрттары сары және жасыл.Ересек бітелер немесе баланқұрттар сары және жасыл.Ересек бітелер немесе баланқұрттар арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12 С температурада бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе өсімдіктерге көшеді. Ашық алаңда біте қиярда шілде-тамыз айларында, ал жабық алаңда көктемде пайда болады. Бітелер тобы жапырақтардың төменгі бетінде, өскіндерінде, гүлдері мен түйіндерінде орнығады да, олардың бүрісуіне, қатпарлануына және кеуіп қалуына әкеп соқтырады. Кейде жапырақтар бетінде, бітелердің тәтті шырынына күйе саңырауқұлақтары орнығады.


Күресу шаралары. Арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру, себебі біте екпе дақылдарына тек арамшөптерден ғана көшеді. Тускен жапырақтардың астындағы қыстап жатқан қанқызын жинап, оларды жылыжайларға жіберу; сілті (10 л суға 200 г күл мен 50 г сабын араластырып) бүрку. Инсектицидтерді «Тізімге…» сәйкес қолдану.

Кәдімгі өрмекші кене – Tetranychus urticae Koch. ( Arachnida класы, Acariformes отряды, Tetranychidae тұқымдасы)
Өрмекші кене өте ұсаққ, ұзындығы -0,4-тен 0,6 дейін болады.Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін немесе қызғылт реңкті жасыл түске айналады. Ересек дарақтарында 4 жұп аяқ, ал баланқұрттарда – 3 жұп аяқ болады.
Ұрықтанған аялдаушы ұрғашы жәндіктер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Ашық алаңда олар жыртылған жерлерде өліп калады және кенелер жолдың жетегінде, сондай-ақ ағаштар мен бұташықтар түбінде сақталады. Кене бәрінен де жаздың ыстық уакытында қарқынды түрде дамиды. Өрмекші кененің ұрғашысы ормек астына жұмыртка (140-600 дана) салады. Жұмыртқалары дөнгелек шыны тәрізді мөлдір, анықтап қарамаса, көрінбейді. Ұрықтың дамуына қарай жұмыртқалар көмескіленеді және құрттар шағар алдында інжу тәрізді түске енеді. Кенелер жапырақтың төменгі бетіне орнығады және өсімдіктің клетка шырынымен қоректенеді. Зақымданған жапырақтар түссізденеді де, қурап, түсіп қалады. Орныққан жері мен температуралық жағдайда байланысты зиянкес 6-дан 18-ге дейін ұрпақ бере алады, ал кененің бір ұрпағынаң дамуы 7-ден 20 күнге дейін уақыт алады.
Күресу шаралары. Кенемен аса көп зақымданатын дақылдар (қияр) аз зақымданатын (қызанақ) және зақымдайбайтын дақылдармен (гүлді қырыққабат) араластырып отырғызу қажет. Жабық алаңда қорғау шараларын бірлі-жарым дарақтар байқала бастағанда жүргізеді. Зиянкестің алғашқы ошағы біліне бастағанда өсімдікке жыртқыш кенені – фитосейулюсті, яғнижыртқыштың 15-60 дарағын бір өсімдікке шаққанда жібереді, бірақ жыртқыш пен оның құрбанының арақатынасы 1:80 кем болмауы тиіс. Өрмекші кене өсімдіктерді жаппай басып кетсе, фитосейулюсті есеппен 50-100 дарағын 1 м алаңға жібереді. Акарицидтермен өңдеу «Тізім…» регламенті бойынша жүргізіледі. Ашық алаңда өндірістік себу үшін өткен жылғы егістерден, жылыжайлардан, асқабақ дақылдарынан 1000 метрден аса ара қашықтықты сақтау қажет.Егін орағынан кейінгі егістердегі арамшөптер мен өсімдік қалдықтарын жою.Ашық алаң үшін ЭЗШ саны 10% отырғызылған өсімдіктер өрмекші кенесімен қоныстанылса және кененің даму дәрежесі 1 балдан жоғары болса (кенелер тобы жапырақ бетін 25% -ке дейін алып жатады.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет