Кіріспе Энтомология пәнінің өсімдік қорғаудағы маңызы



бет21/25
Дата22.09.2022
өлшемі93.98 Kb.
#461163
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Дәріс 1 Энтомология

Шығысалма жемірі– Laspeyresia pomonella L. Қабыршақ қанаттылар отрядының жапырақ ширатқыштар тұқымдасына жатады. Жер жүзі бойынша алма ағашы өсетін зоналардың барлығында тегіс таралған ең қауіпті зиянкес.
Көбелектің алдыңғы қанаттары артқыларына қарағанда ұзын, көлденең орналасқан көптеген қара сызықтары бар ағаштың қабығына ұқсас қара сұр түсті болады. Сонымен қатар олардың ұшында қола түсті жылтыр 3 жолағы бар қоңыр дақ орналасқан. Артқы қанаттары қоңырлау сұр, жиектерінде ақшыл-сұр түсті қысқа шашақтары бар. Қанаттарының өрісі 20 мм жетеді.
Көбелектің жетіліп қоректенуін тоқтатқан жұлдызқұрттар алма ағашының діңі мен бұтақтарының өлі қабықтары астында, жарықтарында , кеуектерінде жерге түскен жапырақтардың және басқа өсімдік қалдықтарының арасында, сонымен қатар жеміс сақтайтын орындарда қыстап шығады.
Көктемде жұлдызқұрттар қыстап шыққан орындарында қуыршаққа айналады. 2-3 жетіден соң қуыршақтардан көбелектер ұшып шығады. Әдетте олардың ұшу мерзімінің басталуы алма ағашының гүлдену кезеңінің аяқ кезіне тура келеді. Көктем кешіккен жылдары көбелектің жалпы ұшу мерзімібір айға, ал жаппай ұшу кезеңі 7 күннен 14 күнге созылады.
Қуыршақтан шыққан соң бірнеше күннен кейін көбелектер жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын бір-бірлеп алғашында жапыраққа, одан соң жеміс түйіндеріне салады. Көбелектер кешке қарай күн батқан соң және түнде ұщады. Ауа райының жылылығы 160С төмен болатын салқындау күндері көбелектер жұмыртқалауын тоқтатады. Әрбір ұрғашы көбелек өз өмірінде 100 және одан да көп жұмыртқа салады. Оншақты күн өткен соң жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады. Ол дереу немесе 1-2 сағаттан кейін жемістің қабығын кеміріп, жұмсақ тканіне енеді де онда тұқым дәнегіне қарай жол салып, жемістің тұқымдарымен қоректенеді. Одан соң келесі жеміске көшеді. Жұлдызқұрттардың қоректенуі 25-30 күнге созылады. Дамуы аяқталған жұлдызқұрттар қоректенуін тоқтатып, жемістен шығады да, ағаштың өлі қабықтарының астында, жарықтарында және басқа орындарда қуыршаққа айналады. Оңтүстік аудандарда бұл кезең мамырдың соңғы оңкүндігінде, ал Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында маусымның екінші жартысына немесе аяқ кезіне тура келеді.
Қуыршақтану кезеңі басталғаннан соң 10-15 күннен кейін жаңа ұрпақтың көбелектері ұшып шығады. Олар жұмыртқаларын көбінесе жемістің үстіне салады. Бұл ұрпақтың жұлдызқұрттары да жемісті кеміріп, ішіне жол салып енеді де оның тұқымдарымен қоректенеді. Зақымданған жеміс түйнектері пісіп жетілмей төгіліп қалады, пісуі жеткен кезде зақымданғандары төзімсіз келеді.
Алма жемірі республиканың оңтүстігіне жылына 3, оңтүстік шығысына 2, ал батыс, орталық және солтүстік аймақтарында бір ұрпақ беріп дамиды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет