- Өзінің төл тәжірибелеріне сүйеніп, осыдан 5 ғасыр бұрын жазған медициналық үлкен ғылыми еңбегі – «Шипагерлік баян» бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтқан жоқ. Ғалым бұл кітапты Жәнібек ханның тапсыруымен 1470 ж. «Шипагерлік баянда» – жүрек, ми, сөл (адам организмінен бөлінетін), т.б. мүшелердің адам организмінде алатын рөлі, күйік, үсікті емдеу, тамыр ұстау сияқты өзекті мәселер айтылған. Кітапта шешек ауруына қарсы вакцина егуді ағылшын ғалымы Э. Женнерден (1796) 320 жыл бұрын жазғандығын атап айту қажет.
Халел Досмұхамедов (24.04.1883-1939) - Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым. Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы, тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы, шебер аудармашы Ол «Табиғаттану», «Жануарлар», «Адамның тән тірлігі» (қазақша орысша жаратылыстану сөздігі), «Оқушылардың денсаулығын сақтау», «Дене бітімі және оның жұмысы туралы әңгімелер», «Сүйектілер туралы» т.б. оқулықтар мен ғылыми еңбектер жазды.
- 1. Анатомия және физиология пәні, міндеттері, зерттеу әдістері.
- 2. Анатомия және физиология пәнінің даму тарихы.
- 3. Анатомия және физиология пәнінің басқа ғылымдармен байланысы.
- Тест сұрақтары
- Жеке физиология нені оқытады:
- A) сау ағзаның қызметін
- B) әртүрлі физиологиялық жүйенін қызметін
- C) балалардың және жасөспірімдердің ағзасының қызметін
- D) ағза жүйелерінің және мүшелердің жұмыстарының жалпы заңдылықтарын
- E) ауру туындағандағы ағзаның қызметін
Достарыңызбен бөлісу: |