Кiрiспе I. тарау. Ақшаның пайда болуының теориялық негiзi


Төлем құралы қызметiн толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық мiндеттемелердi өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады



бет3/8
Дата25.02.2016
өлшемі310 Kb.
#20714
1   2   3   4   5   6   7   8

Төлем құралы қызметiн толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық мiндеттемелердi өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.

Төлем құралы ретiндегi ақшаның, қызметi оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерiнен айырмашылығы болғанымен ол олармен берiк байланыста екенi анық. Ақшаның төлем құралы қызметi, оның құн өлшемi және айналыс құралы ретiнде қызмет етуi барысында көрiнуi мұмкiн. Ақшаның төлем құралы ретiнде қызмет етуiнiң дамуы резервтiк қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерiнiң туындауының қажет екенiн көрсетедi.

Ақшаның төлем құралы қызметiн атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзiнiң неғұрлым толық көрiнiсiн тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген қажеттiлiгiн азайтады. Бiрақ төлем мерзiмi жақындаған сайын борыштарды жабу үшiн ақша айналымының қажетiлiгi артады. өзара өтелетiн төлемдер сомасы айналыс үшiн ақшаның санын азайтады. Егер қандайда бiр бөлiмде борыштық мiндеттеме бойынша төлем түспейтiн болса, онда бұл өзiмен бiрге басқа да төлемсiздiк тiзбесiн тудырады.

Ақша қорлану және қазына жинау құралы ретiнде. Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi. Ақшаның қорлануының қажеттiлiгi Т-А-Т айналымының екi актiлерге Т-А және А-Т айырылуымен байланысты.


Капиталистiк қоғамдақ формацияға дейiнгiлер үшiн байлықты “таза қазына” формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келедi. Бұл экономикалық дамуға ешқандай ықпал еткен жоқ. Себебi олар шын мәнiсiнде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелiп жұйе және қор биржалары арқылы пайда әкелiн капиталға (өнеркәсiптiк немесе сауда) айналады. Қазына жинау қызметiнiң қажеттiгi тауар өндiрiсiмен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшiн ең бастысы ақша жинау қажет. Әрбiр тауар тек қана жекелеген қажеттiлiктi анықтайды және олар жалпы байлықты бiлдiрмейдi. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретiнде байлықтың жалпы өкiлiн сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызметiн тек толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкiн. Қазыналарды қорландыру алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрiнде жүзеге асады.

Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеушi райы атқарған болатын. өндiрiстiң және тауар айналысының кеңеюi барысында немесе керiсiнше. Қазiргi жағдайда қазына жинау қызметi айналыстағы ақша массасын реттегiш қызметiн атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттiң сақтандыру қоры ретiнде болады. Алтын резервтерi мемлекетке экономикалық тәуелдiлiктiң болуына кепiлдеме бередi. 1998 ж. 1 қаңтарда Қ.Р. Ұлттық банкiсiндегi монетарлық алтынның қолдығы 41781,1 млн теңгенi құрады.

Несиелiк және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметiн атқара алмайды, себебi олардың меншiктi құны жоқ. Бiрақ та осы қызмет негiзiнде олар қорлану қызметiн жүзеге асырады.

Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейiн олар қорлана бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң құнын сол формада сақтай отырып, олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретiнде тұсе алады. Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкiн.

Тауар өндiрiс жағдайында қорлану екi формада жүредi;


  • кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттiк шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы тұрiнде ұжымдық қорлану;

  • банктердегi салымдар, мемлекеттiк облигациялар.

Несиелiк механизмнiң арқасында кәсiпорындар мен халықтың ақшалары банктен берiлетiн қарыздар түрiнде қайтадан айналыс процессiне түседi. Сөйтiп, ақшалар қайта бөлу процессiне дәнекер болады.

Дүние жүзiлiк ақша қызметi. Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалднауы дүние жүзiлiк ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмет етедi. Бұл қызметтi бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейiннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келiсiмi дүние жүзiлiк ақша қызметiн алтынға балап бекiттi. Егерде елдiң iшiнде ақша ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқоры жерде К. Маркстiң айтуынша: “ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi.”, яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi. Бiрақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есеп айырысуларға алдыңғы елдердiң ұлттық валюталары қызмет еттi. 1913 ж. халықаралық есеп айырысулардың 80%-зы ағылшын фунт стерлингiнде бейнеленген аударым вексельдер көмегiмен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет еттi. Бретон-Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келiсiмге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтiк валюталар мәртебесiн бердi. Кейiннен дүние жүзiлiк ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы; ӘКЮ – еуропалық есепке алу бiрлiгi пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қантарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша бiрлiгi “еуро” айналысқа шықты.

Қазiргi уақытта дүние жүзiлiк несиелiк ақшалардың жобаларын жасалуда, бiрақ одан әлi нәтиже жоқ. Енгiзiлген шартты есептесу бiрлiктерiнiң өзiндiк сменшiктi құндары жоқ. Сондықтан олар толыққанды түрде дүние жүзiлiк ақшаның қызметiн атқара алмайды. Бұл қызметтi тек қана алтын нарығындағы оперциялар арқылы алтын атқарады.



    1. Ақша айналымын реттейтiн заңдылықтар.

Ақша жүйесiн реттейтiн нақты заңдылықтар қабылданбайынша, елдегi ақша жүйесiн дұрыс жолға қою мұмкiн еместiгiн бұрынғы жұргiзiлген ақша реформалары дәлелдеп бердi.

Ал ендi елiмiздегi ақша жүйесiне келер болсақ ҚР-дағы ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы, Қазақстан Республикасы µлттық банк туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұймдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұймдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады.

ҚР-да орталық Банк-µлттық банк болып саналады. ҚР ұлттық банкiнiң негiзгi мiндеттерi-Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiне мынадай қосымша мiндеттер жүктеледi:

1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет