Кіріспе і-тарау. Жоғары оқу орындарында болашақ маманды дайындаудың педагогикалық-психологиялық негіздері


Жоғары оқу орындары студенттерін кәсіби тәрбиелеудің мақсаты ретіндегі маманның субъектілік қалыптасуы мен өзін-өзі дамытудың моделі



бет3/3
Дата13.06.2016
өлшемі296 Kb.
#134051
1   2   3

2.2. Жоғары оқу орындары студенттерін кәсіби тәрбиелеудің мақсаты ретіндегі маманның субъектілік қалыптасуы мен өзін-өзі дамытудың моделі.

Екі қарама-қарсы өмірлік позициялары – „иелену” позициясы мен „болу” позициясын Эрик Фром анықтайды [74]. Біріншісі өмірдің мәнін қажеттіліктерді өтеуді қарастырумен байланысты: «Мен мендегі бар затпен анықталады». Екіншісі әлеммен әрекеттестігін басынан кешірумен байланысты: «Мен мендегі болып жүрген әрекеттермен анықталады». Біріншісінде адам күн көрушілік тәсілдеріне сүйенеді. Екіншісінде - өмірдің мазмұнына. Осындай тұрмыстық (немесе онтологиялық) тәрбиелеудің түсінігі қазіргі педагогикалық-психологиялық ғылым мен тәжірибесінде қалыптасып, нығаю үстінде. «Адам өзінің болмысымен тұрмыстың ақиқатына тасталынған, яғни экзистенділеу негізінде.... Болмыстың ақиқатын сақтау үшін, яғни болмыс жағдайында мағыналық мәнінде болу үшін» (М.Хайдеггер).

Гуманитарлық тәжірибе ретіндегі тәрбие үш аспектіде қарастырылады (әлеуметтік құбылыс, үрдіс және іс-әрекет), адамның рухани болмысының үш аспектісін бейнелейтін (таңдау мен мінез-құлық пен өмір сүру мәдени бағыттығы бейнесін іске асыру), жеке (даралықты дамыту, өзіндік ерекшелік) және өзі үшін маңыздылығы бар өзгелермен қатысты болмыс (диалогтік әрекеттестік, мәдени үрдістің субъектісі болу, оқиға). Осымен бірге 1-ші аспект өмірлік мағыналарды анықтайды (тәрбиелік), тәрбиенің нәтижелілік сипаттамалары, 2-сі болмыстың бейнесін бейнелейді, мақсатқа бағытталған тәрбиенің сипаттамасы мен пәні болатын, ал 3-сі – тәрбиенің мазмұны мен механизмі. Болмыстың үш аспектісіне үш жетекші тәрбие кеңістігі жатады: әлеуметтік (мәндер алаңы) және өзараәрекеттестік кеңістігі (мағыналар алаңы) және әрекеттестік кеңістігі (құндылықтар алаңы). Тәрбие құбылыстарының, үрдістердің, жобалаудың және тәрбие іс-әрекетін меңгерудің гуманитарлық түсінігі ерекшелігі келесідей болады:


  • Тәрбие адамның мәніне бағытталған жеке адамның сапалы өзгерістері логикасымен түсіндіріледі;

  • Тәрбие үрдісі – адам субъектілігінің өсу және әлеуметтік-мәдени ортада оның өзін-өзі бекітудің үрдісі;

  • әрекеттестіктің бірегей мағыналық кеңістігінде тәрбие үрдісі субъектілері құндылықтық-мәндік трансформациясына тәрбие механизмін ашады (педагог пен тәрбиеленушінің);

  • тәрбиелеу жағдайы диалогтік сипатта болады, яғни сыртқы әрекеттестігі оның әр субъектісінің ішкі әлемінің шарты мен алғышарты болады.

Осы ерекшеліктер бірдей мөлшерде жоғары оқу орындарының кәсіби тәрбиесін сипаттайды. Оқытушының қабілеттілігі тәрбие қызметтерін іске асыруға осы тұрғысынан оның сапалы өзін-өзі өзгертуге бағыттаушылығы анықталады, студенттермен әрекеттестігі барысындағы трансформациялану, оның педагогикалық қолдаудың позициясының болашақ маман өздігінен қалыптасуына өтеді, әрекеттестіктің бірегей құндылықтылық-мағыналық кеңістігінде. Оның барысында оқытушының өзі іс-әрекеттің субъектісі болып, студентпен кәсіби әрекеттесуі барысында өзінің кәсіби-педагогикалық көзқарасын іске асырады, үнемі өзін-өзі дамытуға мүмкіндігін жасайды.

Тәрбиенің әлеуметтік мәдени аспектісі культурологиялық көзқарас шеңберінде қамтамасыз етіледі, педагогикалық мақсатқа сай ортасын ұйымдастыру арқылы: қоғамдық пікір, дәстүрлер, ұжымдық істер, оқиғалар, мерекелер және т.б. Жүйелілік көзқарас тәрбие үрдісін технологизациялауға және тәрбиелік әсерлердің тұтастығы дәрежесін көтеруге, ортаны әлеуметтік – мәдени тәрбие кеңістігіне ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Осымен бірге әлеуметтік мәдени кеңістік деп арнайы ұйымдастырылған педагогикалық ортаны айтамыз, педагогикалық факторлардың құрылымдық жүйесін және студент тұлғасы қалыптасу жағдайларын қарастырамыз. Кеңістіктің сипаттамалық белгілері – оның әлементерінің ұзақтылығы, құрылымы, өзара байланысы, өзара анықтауы, оның ортадан бөлініп шығуы, тәрбиеленушімен субъективті міндетті түрде қабылданады (кеңістіктің бейнесі ретінде ортадан ажыратылған). Тәрбиенің тұтастылық дәрежесін көтеруге ұмтылу адамға көңілді аударуды талап етеді, оның мәдениеттегі жеке болмысына, яғни адам 2.1-ші тарауда зерттеп қарастырғандай өзін тек қоғамдық индивид ретінде жүзеге асырады, сонымен қайталанбас даралық ретінде өзінің ерекше сұраныстары мен әлеуметтік өзін-өзі жетілдірудің қажеттіліктерін өтейді. Егер тұлға - өзгелермен қатынасындағы адам позициясының анықтығы болса, онда даралық - өмірдегі өзіндік позициясын анықтау болып түседі, бұл өзінің Өзгемен кездесуі секілді. Адамды тәрбиелеу – мәдениеттің, тарихи үрдістің, өз өмірінің субъектісі болуға көмектесу, яғни өмірлік шығармашылыққа „үйрету”. Субъект – пассивті, сырттан келетін әсерлерді тек қабылдайтын және оларды өз „табиғатынан” туындаған тәсілімен оларды өңдейтін, даралық өзін-өзі бекітетін белсенділіктің тасушысы болып табылады.

Сонымен, онтологиялық бағытта түсінілетін кәсіби тәрбиенің негізгі бағыттары келесілер болады:


  • Жоғарғы оқу орындарында мәдени бағытталған ортасын құру (заттық-кеңістіктік, мінез-құлықтық, оқиғалық, ақпараттық- мәдени ортасының және оқытушының құрастырушылық әлеуметтік пайдалы іс-әрекетте);

  • Студенттің максимальды және жан-жақты өзін-өзі көрсетудің жағдайларын және оқытушының констрктивті әлеуметтік пайдалы іс-әрекетте қамтамасыз ету.

  • Бірлескен іс-әрекет түрлерінде оқытушы мен студенттердің түрлі деңдейдегі мен әр аспектідегі педагогикалық әрекеттестігіне ықпал ету.

Осының барысында үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды тәрбие қызметін адамның өзін-өзі жетілдіруіне ықпал ету, оның өзін-өзі өзгертудің жағдайын жасау күрделене түсетін креативті әлеуметтік тәжірибе міндеттерін шешу үшін, яғни адам білім беру кәсіби іс-әрекет субъектісі болып қарастырылады.

Білім берудің жетекші рөлі міндеттерді шеше білетін, мемлекет және қоғамның алдында тұрған мамандарды дайындаумен анықталады. Осы міндеттер еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінің нақты жағдаймен анықталады, ол болжалынбайтын өзгерістерге ұшырайды. Сондықтан да бітірушілердің алдында үнемі жұмыс орнын ауыстыру қажеттілігі тұрады, өз білімдерін жаңарту, өз біліктілігін алу мәселесі тұрады. Жоғары оқу орындары әдетте оқытылушыларға көптеген пәндер бойынша жалпы білімдерді беретін, оған кәсіби дайындық негізделетін. Бірақ қазіргі кезде және де жақын болашақта еңбек әлемі өзгереді және студенттік аудиторияда алынған білімдер тез ескіреді. Осыған орай, студенттерді оқытуда кейбір өзгерістер қажет.


Қазіргі кезде болашақ маманның моделін жасау проблемасы зерттеушілердің назарын көптеп аударады. Білім беру проблемасына гуманистік-тұлғалық көзқарас “Қазіргі білімбіру технологияларында” Г.К. Селевконың еңбегінде қарастырылған, тұлға қасиеттерінің тұтас жиынтығының дамуын анықтайды. Маманның моделінде келесі шарттар ескерілген. Студенттерді оқыту процесі барысында көп көңіл олардың фундаментальдық дайындығына аударылады, туысқан мамандықтарды игеру үшін негізін құрайтын білімдерді меңгеру. Осы фундаментальды кәсіби білімдердің негізінде студент білім беру бағдарламаларын меңгере алатын, бірнеше дәрежелерді алу құқығын қамтамасыз ететін. Социологиялық сұрақ-жауаптың мәліметі бойынша студенттердің 60 пайызы бірнеше кәсіби дәрежелердің алғанын қалайды және еңбекпен қамтылу мәселесін табысты шешкенін қалайды. Фундаментальды білімдердің жеткілікті мөлшері қорын меңгере тұра, маман әрі қарай қысқа мерзімді оқыту барысында жаңа дәрежелерді алуға колын жеткізеді, яғни жұмысты ауыстыру мүмкіншілігіне ие болады.


Жаңа дәрежені алу үшін дистанциондық оқытудың жүйесі үлкен рөль атқарады, және екі бағытта дамытылады. Біріншісі – жаңа ақпараттық және коммуникативтік технологияларды қолданумен байланысты оқыту, Internet жүйесін қолданумен байланысты. Екінші бағыты – бұл дәстүрлі сырттай оқу және оның келесі түрлері, студенттердің Жоғары оқу орнынана келуді қажет етпейтін. Оқытудың осындай формасы өзінің іс-әрекеті мүмкіншілігіне қарай немесе материалдық пен отбасы жағдайына қарай жоғары оқу орнына, яғни сессияға бара алмайтын студенттерге ыңғайлы.

Қазіргі кезде студентерге бірнеше дәрежедегі мамандықтарды игеруге мүмкіндік беріліеді, осының негізінде олар кафедра аралық сипатта болады. Осындай мамандықтардың жүйесі өзін дәлелдей білді, студенттік ортада өзінің қалауын тапты. Және жұмыс берушілерге таныс болып, бітірушілерде еңбекпен қамтылу проблемасы шешіле басталды. Дистанциондық оқытудың екі бағыты да даму үстінде. Жүздеген студенттер шет ел жоғары оқу орындарының сертификаттарын алуда, электронды, дистонциондық білім берудің ұсынылған пәндері оқу барысында. Оқытудың осы формасы электронды дистанциондық оқытудың жүйесін қарастыруға мүмкіндік береді, болашақта алыс райондарда студенттерді оқыту үшін. Екінші бағыты бойынша дистанциондық білім беру Орталығы 15 ел өкілдерімен жүргізіледі. Оқыту ерекше оқу пландары бойынша жүреді, мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес жасалған. Осындай оқыту формасына үлкен қызығушылықты жергілікті өкімет пен түрлі мекемелердің және оқу орындарының басшылары жоғары көңіл аударады.

Сонымен, жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологиялар бір қатар проблемаларын айқындайды, олар оқытумен байланысты, бірақ сонымен бірге оның мүмкіншіліктерін анықтайды: жаңа ақпараттық әлемде қоғам дамиды және білімді, жақсы оқытылған мамандарды керек етеді.

Бүгін бәрімізге мәлім, қазіргі университеттер мүмкіншіліктері жоғары болады. Оқытушының рөлі білім беру үдерісіндегі делдалдық қызмет атқарады. Нәтижесінде университеттік білім берудің құндылығы төмендемей керісінше өседі.


Жоғары білімі бар болашақ маман тұлғасының әр-түрлі жақтары қарастыру барысында, соның ішінде мынадай өзекті аспектілері көтеріледі: қазіргі тұлға қалыптасуының факторлары, өз шығармашылық мүмкіншілігін дамытуға бағытталған тұлғаның дайындығын қалыптастыру мәселесі, болашақ гуманитарлы бағдарланған маманның моделін жасау проблемасы.


Болашақ маманның моделін жасауға кірісу барысында тұлғаның кәсіби іс-әрекетінің пәндік және қызметтік жақтарынан басқа тұлғалық жағын ескеру маңызды болады, сонымен бірге маман іс-әрекетінің шығармашылық жақтарын. Шынында, қазіргі білімберудің міндеті ұрпақтан ұрпаққа түрлі ғылымдарды жеткізу, технократиялық бағдарланған білімдер, біліктер мен дағдылардың қалыптасуын қамтамасыздандыру деп танылмайды. Білімберу сферасы “материалды және рухани әлемның тұтас суретін қалыптастыруға, рухани, мәдени, адамгершілік құндылықтарды олардың ұлттық және жалпыадамзаттық түсінуіндегі” міндетті (Б.С.Гершунский).

Сонымен, ажырамас параметрлері ретінде, болашақ маманның моделін құрайтын, келесілерді қарастыруды ұсынылады:



  1. Сауаттылық, оқытушылық деңгейі деп түсініледі, қазіргі адамның әрекеттенуі үшін қоғамда талап етілетін және оған қосқанда қажетті білімдерді, белгілі бір ғылым мен техникада, өнердегі және т.б. мағлұматтарды білуді қамтиді.

  2. Біліктілік– қажетті кең ой-өрістің және тұрлі мәселелерді түсіну тереңдігі бойынша белгілі бір таңдаушылықтың болуын қамтитын жүйе.

  3. Кәсіби құзырлылық дегеніміз өзіндік кәсіби деңгейімен, тәжірибесімен, тұлғаның жеке ерекшеліктерімен, оның білім алуға ұмтылыстарымен, шығармашылыққа қабілеттілігімен, іске жауапкершілігімен анықталатын жүйе.

  4. Мәдениет дегеніміз белгілі бір іс-әрекетті немесе білімдер кәсібін меңгеруде қол жеткізген жетілудің деңгейі.

  5. Менталитет дегеніміз әлемді қабылдаудың терең негіздерін, мінез-құлық пен дүниетанымдық негіздерін, адамның қылығы мен оның қоғамның өміріне түрлі жақтарын қамтитын жүйе.


Болашақ маман тұлғасының өзін -өзі дамытудың моделіне маман мәдениетінің негізгі компонентері (білімдер, біліктер, дағдылар, тұлғалық қасиеттер; кәсіби-шығармашылық және эмоциялық тұрғысынан құнды іс-әрекет тәжірибесі; кәсіби этика); кәсіби-тұлғалық мәдениетінің құрылымдық компоненттері (мотивациялық; бағдарлаушылық; бағалаушылық; мазмұндық-операционалдық); болашақ маман моделінің қомпоненттері (сауаттылық; біліктілік; кәсіби құзырлылық; мәдениет; менталитет) кіреді. Осы моделдің сұлбасы төмендегі №1-ші суретте көрсетілген:







Болашақ маман моделінің қомпоненттері:

  • Сауаттылық;

  • Білімдарлық;

  • Кәсіби біліктілік;

  • Мәдениет;

  • Менталитет.

1-ші сурет. Болашақ маман тұлғасының өзін -өзі дамыту моделінің сұлбасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет