Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора мен эпифора



бет5/24
Дата19.12.2022
өлшемі279.01 Kb.
#467466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Кіріспе І тарау. М. Мақатаев өлеңдеріндегі лексикалық анафора ме-dereksiz.org

Жұмыстың зерттеу әдісі. Поэтикалық мәтіндегі сөздердің мәнерлілігін, әсерлілігін, бейнелілігін ашатын анафоралық және эпифоралық қайталамалардың маңыздылығын, қызметін көрсету үшін лингвистикалық талдау пайдаланылды. Сонымен қатар зерттеу барысында сипаттама, салыстырмалы, контекстік талдау сияқты әдіс-тәсілдері қолданылды.

Жумыстың теориялық және практикалық маңызы. Диплом жұмысының теориялық құндылығы лингвистикалық тұрғыда жеке ақын шығармашылығына қатысты тың пікірлер мен тұжырымдар айта алғандығында жатыр. Зерттеу жұмысының практикалық маңызы жоғары оқу орындарының филология факультеттерінде "Қазіргі қазақ тілінің грамматикасы", "Стилистика" "Тіл мәдениеті" курстарын окытуда арнайы курстар мен семинарлар ұйымдастыруда, солардың оқу бағдарламасында пайдалануға болатындығында.

Диплом жұмысының материалы. Қазақ тіл білімінің З.Ахметов, АЪІсқақов, З.Қабдолов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, К.Аханов, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ә.Болғанбаев, М.Серғалиев сияқты ғалымдардьщ ғьшыми қүнды түжырымдары басшылыққа алынды. Сондай-ақ диплом жұмысына негіз етіп М.Мақатаевтың 2001 жылы "Жалын" баспасынан шыққан төрт томдық шығармалар толық жинағы алынды.Дипломдық жұмыс.. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Тарау. М.Мақатаевтың өлеңдеріндегі лексикалык,

анафора мен эпифора

Лексикалық анафора мен эпифора М.Мақатаевтың өлеңдерінде ерекше орын алады. Лексикалық анафора мен эпифора - қайталама түрлерінің ішіндегі ең толымдысы, қызмет ауқымы орасан кең болып келетіні және әдеби тілдің стиль түрлерінің барлығында дерлік қолданылатыны. Өлеңнің мазмұнын аша түсетін, әр түрлі сипаттағы іс-әрекеттерді бір арнаға жинақтайтын, ең алдымен бір жайтқа ерекше назар аудартуды көздейтін лексикалық анафора мен эпифора поэтикалық мәтіндерде жиі қолданылады. Лексикалық қайталамалар қазақ тіл білімінде қалған қайталама түріне қарағанда көбірек зерттелген түрі болып саналады.

Көркем мәтінде қолданылатын лексикалық анафора мен эпифора шартты түрде үшке топтастырылады:

  1. көркем мәтінде таза стильдік қызмет атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар;


  2. көркем мәтінде аралас қызмет (стильдік және мәтін түзушілік) атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар;


  3. көркем мәтінде құрылымдық-композициялық (мәтін түзу және мәтін дамыту) қызмет атқаратын лексикалық анафора мен эпифоралар.


Лексикалық анафора мен эпифоралардың қайталама ретінде сан алуан түрлері бар. Мысалы: дистантты, контактілі (редупликациялық), сатылы (ступенчатый), коп сатылы (многоступенчатый), саңылаулы (сквозноіі), тұйықты (замкнутый), семантикалық (семантический), күшейткіштік (усилительный) қайталамалар болып келеді.

Жалпы айтқанда, "лексика — белгілі бір тілдегі сөздік құрамы, яғни омоним, синоним, антоним, фразеологизм сөздерінің жиынтығы".[ 10,200] Сондықтан біздің басты мақсатымыз — омонимдер, синонимдер, антонимдер, фразеологизмдер арасындағы лексикалық анафора мен эпифораларды тауып, талдау жасау, оларды қайталама түрі ретінде анықтау, омонимдік, синонимдік, фразеологиялық, антонимдік анафора мен эпифоралардың қолданылу ерекшеліктерін айқындау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет