Кіріспе і-тарау. Сезіктіні ұстаудың МӘні мен маңызы


СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ МОТИВТЕРІ



бет3/4
Дата13.06.2016
өлшемі372 Kb.
#134091
1   2   3   4

2.2. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ МОТИВТЕРІ
ҚР ҚІЖК-нің 139-шы бабының 4-ші баптың мәтінінен ұстау туралы негізді шешім қабылдау үшін заңмен белгіленген жағдайлардың болуы жеткіліксіз, оған қоса мотив қажет екендігі көрініс табады. Сезіктіні ұстау кезінде мотивтің болуын талап ете отырып, заң бұл жағдайда да оның ұғымын түсіндірмейді.

Ал, соның арасында ұстау мотивінің нақты ғылыми негізделген анықтамасының болмауы ғылыми еңбектерде де, сондай-ақ заңда көрініс таппауымен қатар анықтау және алдын ала тергеу органдарының қызметкерлері оны әр түрлі түсінеді және міндетті деп есептемеуі оның мазмұнын дұрыс түсінбеуге алып соқтырады. Сондай-ақ бізбен сұралған тәжірибе қызметкерлерінің 47 пайызы ғана ұстауды жүргізу үшін мотив болу керек деген факт те қауіптендіреді. Хаттамада ұстау мотивтерін көрсету туралы заң талаптары көп жағдайда орындалмайды. Осы мәселе бойынша зерттеу деректері келесідей:




Зерттелген хаттамалар

Мотивтері көрсетілген жалтаруға бөгет келтіру

Шындықты анықтауға бөгет жасау

Жаңа қылмыс жасауға бөгет келтіру

50

10

25

15

100%

2,9%

16,6%

12,9%

Ұстаудың мотиві деген ұғымнан нені түсінесіз деген сұраққа 100 сұралған тұлғалар әр түрлі жауап береді; 50% сезікті тұлға тергеуге бөгет жасайды, жалтарады не қылмыстық әрекетін жалғастырады дегенді көрсетті; 30 қылмыс жасау фактісі мен сезіктінің әрекеттерінде қылмыс құрамдарының белгілерінің болуын көрсетті; 80% - ұстау негіздерін көрсетсе, 12% тергеушінің берген сұрағына жауап беруге қиналатындығын айтып көрсетті.

Процессуалистердің арасында ұстаудың мотивін түсінуге қатысты бірыңғай көзқарас жоқ екендігін айта кеткен жөн.

Кейбір авторлар ұстау мотивтерін оның мәнімен, мазмұнымен ұқсатады, екіншілері ұстаудың қажеттілігін тудыратын нақты деректер, фактілер, жағдайлар ретінде қарайды.58 Сонымен ұстау мотивтері дегеніміз қылмыс жасады деп сезіктелген тұлға қашуға оқталды немесе тұрғылықты жері жоқ немесе сезіктінің тұлғасының анықталмағандығы жөнінде куәландыратын үшіншілер.59

Авторлардың тағы бір тобы ұстау мотивтерін қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны ұстау қажеттілігімен түсіндірілетін нақты әрекеттер ретінде түсінеді.

Сонымен қатар ұстау мотивімен байланысты сұрақтың нақты шешілуі процессуалдық құжаттарды рәсімдеу үшін маңызы зор.

Ұстау мотивтері, егер оларды психологиялық аспекті деп түсіндірсе, ұстау туралы шешім қабылдайтын тұлғаның әрекеттерін ойша негіздейтін талаптану функциясын атқарады.

Қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізетін тұлға дәлелдемелерді бағалау кезінде оны ішкі сенімі бойынша бағалау еркіндігіне ерекше құқыққа ие. Ішкі сенім — заңмен белгіленген тәртіпте сыртқы әсер етуден тәуелсіз шындықты іздеу, сондай-ақ табылған шындық негізінде әрекетке талпыну (яғни мотив).

Мотиів — ұстауды жүргізген тұлғаның жүріс-тұрысын өзімен -өзі емес, тек мақсатымен тығыз қатынаста ғана айқындалатындығын айта кеткен жөн.

Ұстау мотивтерін осы әрекетті жасау үшін қозғаушы бастау беруші ретінде, ұстаудың тікелей мақсатына жетудің ұмытылысы ретінде және оған жетудің қажеттілігін түсіндірілетін бастаулар ретінде қарастыратын авторлармен біз келісеміз.60

Ұстау сезіктіні:

а) анықтау мен тергеуден жалтару;

б) қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіру;
в) қылмыстық әрекетін жалғастыру мүмкіндігінен айыруға бағытталған. Бұл ұстаудың тікелей, жақын мақсаты.

Біздің көзқарасымыз бойынша, осы қолданудың бастаулары ретіндегі ұстау мотивтері ұстаудың тікелей, мақсаттарымен тығыз байланысты ұстау қылмыс жасады деп сезіктелген тұлға оны ескерту ұстаудың тікелей мақсаттары болып табылатын әрекеттерді жасайды деп қауіппен түсіндіріледі; яғни анықтау мен тергеуден жалтарады, немесе қылмыстың іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіреді немесе өзінің қылмыстық әрекетін жалғастырады. Басқа сөздермен айтқанда бұлтартпау шарасын тандау негіздері ұстау негіздерінің екінші қатарын құрайды деуге болады.61

Ұстау мотив объективті негізде пайда болатын субъективтік түрткі болып табылады. Ол қылмыстың іс материалдары негізінде, сезікті жағдайда аталған әрекеттерді жасайды деген қауіп туғызатын ақпарат негізінде құрылады.

Сондай-ақ қылмыстық-процессуалдық заңда оның заңдылығының бір шарт ретінде тергеу әрекетінің мотивіне сілтеме тек ұстауға қатысты ғана айтылатыны өзіне көңіл аудартады. Мысалы, ұстауға "туыстас" шешілуі алдын ала қамауға алуға қатысты заң мұндай талаптар қоймаған. Ол осы шараларды қолданудың негізін анықтауға әр түрлі тұстан келуімен түсіндірілуі мүмкін. Бұлтартпау шарасы ретіндегі алдын ала қамаудың негізі оны қолданудың белгілі бір жағдайларымен, яғни егер сезіктіні тергеу мен соттау жалтарады, іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіреді немесе қылмыстық әрекетін жалғастырады деген жағдайларымен шектеледі. Бұл жағдайларда мотив керек емес. Қысқа мерзімді бас бостандығынан айыру үшін мотивті қажет етпеу неліктен екені түсіндірілуі қиын. Ұстаудың бұлтартпау шарасымен тығыз байланысты, олардың шешетін міндеттері бір екені белгілі ғой. Ұстау -прокурордың санкциясынсыз тұлғаға оған қатысты әлі айып тағылмағанда кейінге қалдырмайтын жағдайларда қолданылатын өзіне бұлтартпау шарасы.

Біздің ойымызша осыған байланысты әрекет етіп тұрған заңға кейбір түзетулер (коррективалар) енгізу керек. Әсіресе, жоғарыда айтқанымыздай, ұстау мотиві мәселені тәжірибедегі қызметкерлер үшін сондай-ақ ұстау кезінде қол сұқпаушылық кепілдіктерін күшейту үшін өте маңызды.

ҚР ҚІЖК-нің 132-бабында көзделген жағдайдың болуы тұлғаға қатысты сезік тудыру және ұстауды жүргізуді бір мезгілде жүзеге асырып, тұлғаны қылмыстық процесс субъектісі сезіктіні жағдайына қоюға мүмкіндік береді. Негіздердің мұндай бірыңғай болуы өзара байланысты болғанымен, бірақ әр түрлі процессуалдық феномендердің шешімін сәтті деп атауға болуы екі талай.62 ҚР ҚІЖК-нің 1321 бабында тізбектелген жағдайлар тұлғаның жасалған қылмысқа қатыстылығын көрсететін фактілі деректер болып табылады. Ұстаудың қолдануды реттейтін баптың барынша нақты редакциясы қажет. Ұстаудың міндетті шарты болып сезік үшін сондай-ақ ұстау үшін негіз сияқты болу керек.

Тұлғаны қысқа мерзімді болсын бас бостандығынан айыру үшін осы шараның қажеттілігіне сендіретін қосымша жағдайлар керек. Сезікті тұлғаны қысқа мерзімді бас бостандығынан айыруға итермелеуші бастаулар ретінде ұстаудың мотивтері көрініс табады.

Заң ұстау мотивтерін осы бұлтартпау шарасының негізділігінің қосымша жағдайлар керек. Сезікті тұлғаны қысқа мерзімді бас бостандығынан айыруға итермелеуші бастаулар ретінде ұстаудың мотивтері көрініс табады.

Заң ұстау мотивтерін осы бұлтартпау шарасының негізділігінің қосымша кепілі ретінде қарастырды. Ұстау мотивтері ұстау хаттамасында міндетті түрде көрсетілуі тиіс. (ҚР ҚІЖК-нің 139-6. 1-б.)

Ұстаудың мүмкін болатын мотивтерінің қатарына тұлғаға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасының қолданудың негізін кейінірек қолдана алатын жағдайлар жатады ( ҚР ҚІЖК-нің 143 б.) Жекелеп айтсақ, ұстау мотивтеріне сезікті бостандықта жүрген кезде.

а) анықтаудан, тергеуден немесе соттан жалтарады;

б) қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі


келтіреді;

в) қылмыстық әрекетін жалғастырады деген түрлі мәліметтер жатады;

Сезіктіге ұстауды қолдануда түрлі шешімді қабылдау кезінде келтірілген сезіктінің ауырлығын, сезікті тұлғаның тұлғасын, оның жасын, тұрғылықты тұратын жерінің болуы т.б. жағдайлар (Мысалы, соттылығының болуы) ескере отырып, мотивті анализдеу керек (ҚР ҚІЖК- 144-б.).

Сезіктінің ол неден сезіктелетінін білу құқығы әр ұсталғанға ұстау негіздері дереу хабарланатындығымеи, сондай-ақ ол жасады деп сезіктелетін қылмыстың заң квалификациясы түсіндірілуімен кепілденеді. (ҚР ҚІЖК 14.3.).

Е. Г. Жәкішевтің, Т.К. Биятовтың пікірлері бойынша, ұстау мотивтері - ұстау қажеттілігі негіздейтін деректер. С.Т. Тыныбеков ҚР ҚІЖК-сі мен Ұстау туралы ережеде (3 бап) келесідей деп белгіленген деп есептейді: тергеуші хаттамада ұстау мотивтерін көрсетуге міндетті. Сонда ұстау мотивтері дегеніміз не? Тергеуші білмейді және ол түсінікті де, өйткені заң бұл ұғымға түсініктеме бермейді. Заңдылық тұрғысынан ұстаудың мұндай ұғымы принципиалды маңызды мәнге ие, ол сезік фактісімен ұстау фактісі арасындағы байланыстырылушы буын болып табылады.

Бүгінгі күнде ұстау мотиві ұғымы түсіндірілетін жалғыз әрі әлі де әрекет ететін нормативтік акт - Ішкі Істер органдарымен аталған ережелерді қолдану тәртібін реттейтін КСРО Ішкі Істер Министрлігінің бұйрығы. Осы бұйрықка сәйкес ұстаудың мотивтері болып келесілер табылады: қылмыстың алдын алу; тергеу мен соттан жалтару мүмкіндігін ескертуі іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіру мүмкіндігінен айыру.

Бұл жағдайлар мазмұны бойынша бұлтартпау шарасын қолданудың негіздері мен мақсаттары болып табылмайтындығын байқау қиын емес. Ұстау мотивтері, сонымен, алдын ала тергеудің қалыпты барысында пайда болатын мүмкін кедергілердің ескертілу қажеттілігін білдіреді.

Мұндай мәжбүрлеу шарасының процессуалдық мағынасына сәйкес келетін ұстаудың мақсаты да осыдан тұрады. Ұстау қолданылуы мүмкін, егер осымен қатар ұсталған тұлга қылмыс жасады деуге негіздер болған болса (ҚІЖК 108 б.) немесе ол қылмыс процесінің қалыпты бағытына кедергі келтірді деген негіздер болған болса (жалтара отырып, қылмыс-әрекетін жалғастыра отырып т.б.) Ал тұлғаның қылмысқа қатыстылығын анықтау және қамау туралы шешімнің мақсаттары ұстаудың процессуалдық мәнін де, тұлғаға қол сұқпаушылык, конституциялық қағидасына да сәйкес келмейді. Бұл мақсаттар сезіктіні бостандығынан айырмай-ақ та жүзеге асыру мүмкін. Осыған байланысты ұстау қамаудан немесе ерекшеленді деген сұрақ туындайды. Біздің заңмен және тәжірибеде жүзегі асырылып, реттеліп, ұстау- ол сезіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы түрінде қолданылатын бүркемесінің нысаны.

Мазмұны бойынша оның қамаудан айырмашылығы жоқ. Айырмашылығы рәсімделуінде, яғни ол прокурордың санкциясынсыз және қандай да бір процессуалдық кепілдіктерсіз қолданылды, мұнда бас бостандығынан айыру туралы айтылса да.

Қылмыстық процесте ұстау институтының болуы және соған белгіленген режимнің болуы басынан-ақ жылдам дереу (экстрный), кейінге қалдырылмайтын жағдайларға негізделген және бұл жағдайдан тыс ұстаудың мәні де, негізде болмайды.

А.Н. Ақпановтың пікірі бойынша алдын-ала тергеу және анықтау органдарының көптеген қызметкерлері дәлелдеуде, мысалы, ұстау жүргізілген кезде, жедел іздестіру ақпарат пайдалану, қолдану мүмкіндігін толық түсінбейді. Ал ұстаудың 4-ші негізі көпшілік жағдайда қолданылмайды деп есептейді.

Кейбір тергеушілер осы негіз бойынша сезіктіні ұстауды қысқартылған түрде түсінеді, яғни олар жедел өкілеті; кейде құжатталмаған ойларға сенеді.

Осыған байланысты 17.04.95 ж. Каз КСРО-ның ҚІЖК-нің 109-бабының 4 пунктісін (қазіргі ҚР ҚІЖК-нің 132-бабының 4-тармагы) бірыңғай қолдану тәртібін белгілеу мақсатында ҚР Бас прокурорының ҚР ҮҚК-нің және ҚР ІІМ-нің №16. 26-95 "Қаз. КСРО-ның ҚІЖК-нің 109-бабының 4-тармақтарын қолдану тәртібі туралы" нұсқауы қабылданған. Онымен сезіктіні жедел іздестіру акпараты бойынша бірыңғай ұстау белгіленген.

Қылмыс жасаған немесе дайындап жатқан тұлға осы нормаға сәйкес "Жедел іздестіру қызметі туралы" заңның 12-бабының 4-тармағында көзделген және кем дегенде облыстық прокурордың санкциямен жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижелері бойынша ұсталады.

Сол заңның 11-бабының 3-тармағына сәйкес аталған жедел іздестіру нормаларына келесілер жатады: пошталық жіберулерді бақылау; пошта-телеграфтың байланыс каналдарында сыртқы белгілер бойынша жедел іздестіру; телефон сөйлесулерді тыңдау; техникалық байланыс құралдарына; компьютерлік жүйелер мен үйлерге ену және оларды зерттеу.

Өзге де жедел — іздестіру шараларын жүргізуге прокурордың 132-бабының 2-бөлімінің 4-ші тармағы бойынша қылмыстық процессуалдық ұстау негізіне енгізе алмайды. Аталған ереже өзге де сөйлесулерге абоненттер арасында секторлық өткізгштік, радио және өзге де сөз ақпаратын берудің техникалық құралдарының көмегімен жүргізілетін сөйлесулер жатады.

Алдын ала тергеу сатысында азаматтардың бостандығын шектеу мәселесін реттеу үшін ҚР 30.03.99 ж. №353-13 РК қабылданған “қылмыс жасады деп сезіктелген және айыпталған тұлғаларды қамауда ұстаудың тәртібі мен жағдайлары туралы" заң қабылданады.63

Ресейде 1995 жылғы 21 маусымдағы №103-Ф.З. "Қылмыс жасады деп сезіктелген және айыпталғандарды қамауда ұстау туралы" заң қабылданды.64 Біз осы көзқарастарды қолдаймыз және А.Н. Ахпановпен келісеміз.

ҚР ІІМ. 1993 жылғы 25 наурыздағы №124 бұйрығымен ұсталған және қамауға алынған тұлғаларды уақытша ұстау үшін ішкі істер органдарының изоляторларының жұмысы туралы нұсқау белгіленген. Мұнда қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларды қысқа мерзімді ұстаудың тәртібі туралы республикалық ереже қабылданғанға дейін әрекет етіп тұрған 1976 жылғы 13 наурыздағы №4203-ХІ.65 "КСРО жоғарғы қысқа мерзімді ұстаудың тәртібі туралы ережесі" жетекшілікке алу қажеттілігі туралы айтылған.

С.Т.Тыныбековтың пікірі бойынша, алдын ала тергеудің демократизацияланумен және сезіктінің құқықтарын қамтамасыз ету сұрақтарының өзектілігінің өсуімен байланысты ұстау институтын алып тастап, оның орнына ерекше жағдайларда қолданылатын бұлтартпау шарасы түріндегі сезіктіні қамауға алуды қалдыру қажет. Ал ұстау жылдам әрекет ретінде қылмыстық істі қозғау туралы, бұлтартпау шарасын таңдау туралы сұрақты шешу үшін тергеу органдарына алып келуімен жедел шара ретінде жүзеге асырылуы тиіс, "ҚР-ның жедел іздестіру қызметі туралы” заңның 11-ші бабында келесідей делінген: "Жалпы іздестіру шаралары болып қылмысты жасаған не жасап жатқан тұлғаны қудалау және оны ұстау жатады”.66

Аталған фактілер негізінде ұстауды қолдану қажеттілігі процессуалдық орган сезікті тұлға тергеуден немесе анықтаудан жалтарады, қылмыстық іс бойынша шындықты анықтауға кедергі келтіреді немесе қылмыстық әрекетін жалғастыруда деген тұжырымға келген жағдайда пайда болады. Анықтау органының немесе тергеушінің сенімі бекітілетін фактілер, біз жоғарыда көрсеткеніміздей, шындыққа сәйкес келуі керек. Алайда бұл фактілердің тұжырымдары қандай да бір деңгейде мүмкіншілік сипатқа ие. Мұндағы мүмкіндік дегеніміз — тергеу органдарында бар фактілі деректер жақын болашақта тергеудің қалыпты барысына кедергі келтіретін белгілі бір фактілердің пайда болуы немесе тергеушімен жасалған тұжырымдардың мүмкіндігі, біздің ойымызша, белгілі бір факт шынымен де бар немесе болашақта болатынына толық сенімнің болуын талап етпейді. Ұстау- сезіктінің болашақтағы жүріс-тұрысын ескертудің құралы болғандықтан толық шынайылықпен айту қиын.

Бірақ әр нақты ұстауды қолданған жағдайда тергеуші, анықтау органының қызметкері олар процессуалдық мәжбүрлеу шарасын неліктен қолданғандығын сезікті тұлғаға түсіндіруі қажет.

2.3. СЕЗІКТІНІ ҰСТАУДЫҢ ПРОЦЕСУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ

Бұл шара кейінге қалдырмайтын тергеу әрекеттеріне жатады, яғни ұстау-шектеу сипаты бойынша қамауға алу түріндегі бұлтартпау жарасы, қылмыс жасады деп сезіктелгеи тұлғаға қатысты қолданылатын қылмыстық-процессуалдық мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Оның мәні - қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаны оның жеке тұлғасын анықтау мақсатында, жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында және оған қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселесі шешу мақсатында қысқа мерзімді бас бостандығынан айырудан тұрады.

Ұстау өндірісінің ережелері ҚР ҚІЖК-нің 134, 135, 136-шы баптарында көрініс тапқан. Сонымен қатар "қылмыс жасады деп сезіктелген сезікті тұлғалар мен айыптаушыларды қамауда ұстау тәртібі туралы" заңда да осы тергеу әрекетінің негізгісі ережелері көрініс тауып, бекітілген.

Ұстау өндірісіне белгіленген тек белгілі бір негіздер мен жағдайлар орын алған жағдайларда ғана жол беріледі. Ұстау тек қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларға қатысты және сол жасалған әрекет үшін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген жағдайларда ғана жүзеге асыру мүмкін және тек алдын ала тергеу орындары, анықтау органдары немесе прокурор ғана тұлғаны ұстау туралы сұрақты шешуге өкілетті.

Жоғарыда көрсетіп кеткеніміздей, тұлғаны ұстау үшін ұстау негіздері міндетті түрде орын алуы керек.

Осыған сәйкес ұстау негізі дегеніміз — тұлғаны қылмыс жасады деп сезіктеуге негіз беретін фактілі деректердің орын алуы.

Бұл фактілі деректер ҚР ҚІЖК-нің 132-ші бабының 2-бөлімінде көрініс тапқан. Осыған сәйкес қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырушы орган негіздердің бірі болған жағдайда:


  1. адам қылмыс жасау кезінде немесе оны тікелей жасағаннан кейін ұсталса;

  2. көрген адамдар оның ішіндс жәбірленушілер қылмыс жасаушы ретінде ол адамды тура көрсетсе не ол адам азаматтардың
    қылмыс жасаған адамдарды ұстауға құқығы тәртібімен ұсталса;

  3. ол адамда немесе оның киімінде, өзінде немесе тұратын үйінде
    қылмыстың анық ізі табылған кезде;

  4. жедел іздестіру қызметінің заңға сәйкес алынған материалдарында ол адамға қатысты ол жасаған немесе дайындап жатқан ауыр немесе аса ауыр қылмыс туралы анық деректер болған
    кезде бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданылуы мүмкін
    болатын қылмыс жасағандығына күдік келтірген адамды ұстауға
    құқылы;

  5. адамның қылмыс жасағандығына сезіктеуге негіз беретін өзге
    де деректер болған кезде ол адам жасырынуға әрекет жасаған не оның
    тұрақты тұратын жері болмаған немесе сезіктінің жеке басы
    анықталмаған жағдайларда ғана ұсталады (ҚР ҚІЖК — нің 132 бабы
    3 бөлігі). Яғни, мұндағы өзге де деректер" дегеніміз іс бойынша
    өндіріс барысындағы пайда болған немесе сезік үшін жеткілікті
    болатын деректер.

Заң анықтау органдары мен тергеушінің егер заңмен белгіленген жағдайлар мен негіздер болған жағдайдағы олардың тұлғаны ұстауға құқығын айтады. Ал, ұстау құқығы міндет болу үшін осы нақты жағдайлардағы оның қажеттігін негіздейтін мотив болуы керек.

Ұстау мақсаттары - бұл процессуалдық мәжбүрлеу шаралары көзделінетін мақсаттарымен анықталады, ұстаудың мақсаты болып тұлғаның жасалған қылмысқа қатыстылығын анықтау және қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану сұрағын шешу болып табылады.

Ұстау хаттамасы, егер оны анықтаушы орган бастығымен бекітілуін талап етеді.

Сезіктіні ұстау кейінге қалдырмайтын сипатқа ие және ол үшін прокурордың санкциясы қажет етілмейді. Ұстау мерзімі 72 сағат, оны ұстауға болмайды.

Кез келген сезіктін ұстау жүргізілген жағдайда да ұстау хаттамасы толтырылуы тиіс. Мұнда ұстаудың негізі мен дәлелдері, ұстау жүргізілген жер мен уакыт (сағаты мен минутын көрсете отырып), тінтудің нәтижелері, сондай-ақ хаттама толтырылған уақыт ұстаулы жүргізген тұлға жөніндегі мәліметтер, сезік келтірілген адамның құқықтары (ҚР ҚІЖК-нің 68-ші бабы, соның ішінде оның қорғаушы шақыру және соның қатысуымен жауап беру кұқығын түсіндіру көзделуі тиіс. Ұстау хаттамасына оны жасаған адам қол қояды. Ұстау хаттамасы ұсталған тұлғаны (УҰИ-на (ИВС) орналастыруға болып табылады.

Тәжірибеде ұстау көп жағдайларда ұсталғанды жеке тінтумен қатар жүргізіледі. Яғни, ұстауды жүзеге асырған адам ұсталған адамда қару бар деп ұйғаруға негіз болған не ол өзінің қылмыс жасағандығын айғақтайтын дәлелдемелерден құтылуға тырысқан жағдайларда немесе өзге де қажетті жағдайларда ұсталған адамға дереу жеке тінту жүргізуге құқылы жеке адамды тінту ережелерін негізге ала отырып. (ҚР ҚІЖК-нің 233-ші бабы). Сезіктіні жеке тінту үшін арнайы қаулы шығарылмайды және ол прокурордың санкциясынсыз жүргізіліп, жеке тінтудің нәтижелері жеке тінту хаттамасына толтырылады. Сонымен қатар сезіктіні ұстау кезінде жүргізілетін жеке тінтудің ерекшелігі бұл тергеу әрекет куәлердің қатысуымен жүргізілуі мүмкін жүргізілген ұстау туралы анықтаушы мен тергеуші ұстау хаттамасы жасалған сәттен бастап он екі (12) сағаттың ішінде прокурорға жазбаша хабарлауға міндетті. Прокурор жүргізілген ұстау туралы жазбаша хабарламаны алғаннан кейін ұстаудың зандылығымен негізділігін немесе оны қамаудан босату туралы санкция беруге міндетті.

Ұсталған тұлғаларды қамаудан босату келесі жағдайларда жүргізіледі:


  1. қылмыс жасады деген сезік расталмаса;

  2. ұсталған адамға қамауға алу түріндей бұлтартпау шарасын
    қолдануға негізі болмаса;

  3. ұстау қылмыс жасады деп сезіктелген тұлғаларды ұстау тәртібін бұза отырып жүргізілсе, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың қаулысы бойынша босатылуға жатады.

Ұстау кезінен бастап 72 сағаттың ішінде сезіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалуға тиіс немесе ол босатуға жатады.

Егер ұсталған кезден бастап 72 сағат ішінде ұстаушыны ұстау органының бастығына арызданушының, тергеушінің ұсталған адамға бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды қолдану туралы прокурор санкцияландырған қаулысы келіп түспесе, ұстау органының бастығы ұсталған тұлғаны өзінің қаулысымсн бірден босатады және ол туралы іс жүргізіп жатқан адамға және прокурорға хабарлайды.

Ұсталған адамды ұстау орны әкімшілігінің бастығы осы талаптарды орындамаған жағдайда заңмен белгілегендей жауапты болады.

Ұсталған адамды босату кезінде соңғысына оны кім ұстағандығы, ұстаудың негізі, орны және уақыты, босатудың негізі мен уақыты көрсетілген анықтама беріледі.

Хаттама толтырылғаннан кейін ұсталған сезікті мәртебесіне ие болады және оған осы кезден бастап ҚР ҚІЖК-ін 68 бабында көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндіріледі.

Ұстағандардың (сезіктілердің) процессуалдық жағдайын сипаттау кезінде олар Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактінің 9-шы бабының 4-ші тармағына сәйкес және ҚР Конституциясының бабына сәйкес олар ұстаудың заңдылығы мен негізсіздігін тек прокурорға ғана емес, сондай-ақ сотқа да шағымдана алатындығын айта кеткен жөн.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сот - тергеу тәжірибесі негізіндегі алдын ала тергеудегі сезіктінің процессуалдық жағдайының теоретикалық және тәжірибелік анализі осы диплом жұмысының тақырыбы бойынша келесідей тұжырымдар мен теоретикалық ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді:

1. Бүгінгі таңда адамның жеке басына қол сұқпаушылықтың


процессуалдық кепілдерінің жүйесін құру мүмкін емес, егер алдымен
қандайда бір нормативтік актіні қабылдамайынша және оның
етуіне қол жеткізбейінше. Осы процесте ұстау институтының
дамуының келесідей бағыттары бізге дұрыс деп көрінеді:

  • ұстауды колдану шектерін тарылту;

  • оны қолданудың процессуалдық тәртібін жетілдіру;

  • қылмыс жасады деген сезікпен ұсталған тұлғаға процессуалдық мәртебесін бекіту;

  • ұстаудың заңдылығы мен негізділігіне прокурорлық және
    соттық қадағалаудың құқықтық негізін кеңейту;

  • ұстауды қолдануға ведомстволық процессуалдық бақылауды
    жетілдіру;

  • негізсіз және заңсыз ұстау нәтижесінде азаматтардың бұзылған құқықтарын, ар-ожданы мен қадір-қасиетін қалпына келтіру тәртібін әрекеттерінің бланкілерінің өзі заң күшіне ие бегілеу

2. Тәжірибе көрсеткендей, процессуалдық тергеу болады: кей жағдайларда бланктың өзін ҚР ҚІЖК-нің бабына алмастырады. Ал егер бланкте барлық құқықтар мен міндеттер көрсетілмей ол ҚР ҚІЖК-нің бабы бойынша сандармен көрсетілсе, бұл бланктер алдын ала тергеу органымен және прокуратура органымен бекітілуге жатады.

3. Алдын ала тергеу сатысында заңдар, сезіктінің құқықтары


мүдделері қатаң сақталуы тиіс.

4. Тәжірибе көрсеткендей, республика бойынша ұстау хаттамасының бірыңғай үлгісі жоқ. Процессуалдық құжаттарды бірыңғай және дұрыс рәсімдеу мақсатында, соның ішінде ұстау хаттамасын мемлекет бойынша бірыңғай ұстау хаттамасын жасап, құру керек.

5. Біздің пікіріміз бойынша дәлелдеменің қайнар көзі ретінде сезіктінің жауабы болып дәлелдеу затының кіретін жағдайларды растайтын немесе оны жоққа шығаратын фактілер табылуы тиіс. Осыған байланысты сезіктінің жауабының затының негізінде процессуалдық мәжбүрлеу шараларын таңдау үшін негіз алған жағдайлар емес, дәлелдеудің пәні болып табылатын сезіктінің әрекеттері жатуы тиіс. Мұндай әрекеттердің қатарына, біздің пікіріміз бойынша сезіктінің алдын ала тергеуді жүргізу кезіндегі жүріс-тұрысы емес, оның қылмыс оқиғасымен байланысы мен жүріс-турысы жатуы керек. Айтылғандарды ескере отырып, ҚР ҚІЖК-нің 119-бабының 2-ші бөлімінің редакциясын толықтырудың мәні бар және оны келесідей етіп жазу керек деп ойлаймын: "Сезікті оған қатысты пайда болған сезік жөнінде жауап беруге, сондай-ақ оған белгілі істің жағдайлары жөнінде жауап беруге құқылы".



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет