«Жеті ата» әңгімесі
Теңеу
«Алақандай ауылда өздері шеше алмайтындай қандай дау тууы мүмкін? Ұрлық-қарлық, ұрыс-керіс болса, сол жақты милиция бар, сот бар. Оларға менің не қажетім болды екен?».
«Міне, содан бері де он неше жыл аттай шауып өте шығыпты-ау! Мен Алматыдан шығарда қай пойызбен келетінімді айтып, жеделхат жібергенмін. Мені жақсы білетін екі жас жігіт «Жигули» машинасымен келіп, пойыздан қарсы алды. Аман-сәлемдері түзу, қабақтары жадыраңқы. Соған қарағанда бәлендей алып-жұлып бара жатқан ештеңе жоқ сияқты.»
«Бірталайдан көріспеген ағалар мен жеңгелер шұрқырай қарсы алды. Өң-шырайлары ашық-жарқын, менің келгеніме қуанып қалғандары байқалады. Туыстармен қауқылдасып, аман-сәлем жасаған соң бәріміз үйге кірдік.»
Теңеу
«Бұл – маған аталас туыс болып келетін Қалибектің үйі. Жаңадан қора-жәй салып алған екен, бөлмелері мол, қонақ күтетін залы кең, терезелері самаладай жарық, еңселі үй. Бұлар әлі үстел-орындыққа көше қоймаған. Төрге те- кемет, оюлы сырмақ жайып, оның үстіне көрпе төселген. Соған жайғасып болған соң, туыстар тағы бір рет хал-жағдай сұрасып, тиіп-қашып тіл қатысты да, тосырқағандай тоң-торыс отырып қалды.»
Портрет
«Менің сұрағыма аз-кем үнсіздіктен кейін үй иесі Қалибек жауап берді. Бұл күнде елудің ішін мол аралаған, қызыл шырайлы, сұлу қара мұртты ағамыз арғыбетте ерте атқа мініп, ел басқарған кісі»
Теңеу
«Менің үстіме алдымен Қажыбек, сонан соң Айтбала кірді. Екеуі де – қарасаң көз тоймайтын өрімдей жастар. Қажыбекті кішірек кезінде бір көріп едім, қазір ұзын бойлы, қол-аяғы серейген, алпамсадай азамат.»
Эпитет
«Әкесіне тартқан сұлу өңді, сүйкімді жігіт боп өсіпті. Қыздар ғашық болса болғандай... Ал, Айтбала... Ол да – түр- тұлғасы шешесі Күлшайға келетін сұлу да, сұңғақ, әсем бойжеткен.»
Теңеу
«Арғыбетте құлын-тайдай тебісіп, бірге өскен адамдар ғой.»
«Әлгі Қалибек қу қайда? Біреудің баласын ұрлап алып келіп, інге тығылған суырдай түк білмегенсіп жатыр ма үйінде? Көрсетейін мен оған – бала ұрлағанның қандай болатынын!»
«– Жастардың уәделері тастай берік көрінеді.»
«Біз сенің етегіңнен ұстап едік. Бірақ осында әкелдің де қалың Төртуылды тарыдай шашып жібердің. Қазір Төртуыл әулеті осындағы үш облыста шілдің боғындай бытырап жүр. Жастарымыз кімнің бауыр, кімнің туыс екенін білмейді... Баяғыдай Барқытбелдің бөктерінде айрандай ұйып отыр- сақ, балаларымыз өстер ме еді?»
«Біз бүгін ағайын арасында білместікпен адасып келген бір баланы сөз қылып отырмыз. Ал, арғыбетте қазақтың дүниеге келетін жас төлін қанға бөктіріп, көктей орып жатыр...»
«Бірақ соны үзілді-кесілді, түйеден түскендей етіп айта салмай, алдымен бұл мәселеге шариғаттың қалай қарайтынын, басқа түрік жұрттарының құдалықты қалай шешіп жүргенін әңгімелеп, алыстан орағыттым.»
Достарыңызбен бөлісу: |