Кіріспе жұмыcтың жaлпы cипaттaмacы



бет23/24
Дата13.09.2023
өлшемі164.78 Kb.
#477427
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
ДИПЛОМ

Уайым-қайғыларың жоқ болсын.


Қарындарың тоқ болсын,
Қайғыларың жоқ болсын!


Қуаныштан, шаттықтан,
Айырмасын құдайым.


Осы мысалдардан көретініміз халық танымында қуаныш жағымды, ал қайғы жағымсыз құбылыс. Сондықтан да айтылатын өсиет пен баталарда қуаныш көптеп тіленіп, қайғы, керісінше, балмауы тіленеді. 
Сөйлеу актінің бір жағынан вербалды емес актілермен, екінші жағынан ментальді актілермен ортақ белгілері бар. Біріншісімен оларды мақсатты бағытталуы жақындастырса, екіншісімен пропозиционалды мазмұнның болуы жақындастырады. Сөйлеу әрекеті адамның ментальді және реалды қызметі арасында аралық рөлін атқарып, олармен бірге ортақ кешен құрайды. 
Сөйлеу әрекеті сөйлеу актісін мезгіл категориясынан алыстататын ментальді әрекетке барынша жақындайды. Себебі пікір уақытқа қатыссыз (атемпоральді) деп саналады. Пропозиционалдық мазмұнның қатысуымен сөйлеу әрекеті этикалық, утилитарлы бағалаумен бірге ақиқаттық бағаға да ие болады. Сөйлеу әрекеті сөзге қатыссыз әрекеттермен оларды жақындататын ең алдымен мақсатты бағытталушылық, ал ментальді әрекетпен жақындататын пропозиционалды мазмұн. Сөйлеу әрекеті – ментальді әрекет пен адам әрекеті кезінде аралық рөл атқарады да өзара біртұтас кешен құрайды.

Қорытынды

Ұлттық дүниетанымда орын алған қуаныш пен қайғы сезімдерінің орны ауқымды. Себебі адамзат өмірі екеуіне де ортақ үрдіс ретінде танылады. Ал өмірдің ащысы мен тұщысы сияқты қуаныш пен қайғы өмір бойы араласып жүріп отырады.


Осы зерттеу жұмысында әлем бейнесінің түрлері ажыратылып, ерекшеліктері көсетіліп, осыған байланысты мынадай ойлар айтылды: «әлем бейнесі» – өмір шындығының нақты ақиқат құбылыстары, оның санадағы, адамдар ұғымындағы оймен жасалған бейнесі; «әлемнің тілдік бейнесі» – белгілі бір тілдік ұжымның күнделікті санасында тарихи түрде қалыптасқан және тілде бейнеленген әлем туралы түсініктердің жиынтығы, шындықты концептуализациялаудың белгілі бір тәсілі«әлемнің ұлттық тілдік бейнесі» – әлем туралы кейбір түсініктердің ортақтығына қарамастан, оларға әр ұлт өзінше ерекше бір реңк үстеуі арқылы танылатын, көбіне ұлттық таным арқылы анықталатын әлем бейнесі; «әлемнің концептуалды бейнесі» – адам санасында жинақталған, белгілі бір тәртіпке түскен әрдайым жаңарып тұратын әлем туралы білімнің жүйесі болып табылады.
Концептінің ғылыми түсініктерін талдау барысында оның сөзбен, ұғыммен байланысы көрсетілді. Көптеген ғалымдардың пікірлерін келтіре отырып концептінің құрылымы күрделі екеніне көзіміз жетті.
Қуаныш және қайғы эмоцияларының адам өмірінде алатын орны зор, үлкен болғандықтан оларды концепт ретінде қарастырдық.
«Қуаныш» және «қайғы» концептілерін талдауға кіріспес бұрын осы сөздердің сөздіктегі мағынасы берілген және ол сөздердің қандай етістіктермен, сын есімдерден т.б. байланысатыны анықталған.
Әлемнің тілдік бейнесінің бір бөлшегі болатын концептілердің адам танымында алатын орны зор. Негізінен осы күнге дейін концептілер ретінде адамзат өмірінде үлкен рөл атқаратын ұғымдар алынды. Осындай адамның терең эмоционалдық күйін білдіретін қуаныш пен қайғы сияқты сөздер тілде де өз көрінісін тапқан. Олар жан-жақты түрде адамның жүрегінде, кеудесінде, басында, ойында орын табады. Ол сөз (жақсы хабар, жағымсыз хабар, сүйінші сұрау, көңіл айту ) арқылы, адамның сыртқы келбеті (көзі, қабағы, маңдайы, еріні, беті, шашы) арқылы, іс-әрекеті (шашу шашу, секіру, бет жырту, жылау, айқайлау, жер қазу, жалғыздыққа шалыну, асыр салу, билеу, алақайлау, қол былғау т.б.) арқылы көрініс табады. 
Сонымен қатар осы зерттеу жұмысында «қуаныш» пен «қайғы» оппозиция ретінде алынып, олардың эмоцияларының, физикалық күйлерінің, белгілі бір жас мөлшеріне тәндігінің, өмірдегі ұстанымының, жыл мезгілі және ауа райына тәндігінің т.б. ерекшеліктері ашылады.
Қуаныш және қайғы эмоциялары біріншіден әрекет болып табылады. Сонымен қатар олар сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асады, яғни адам баласы өз басына түскен қайғысы мен қуанышқа кенелген сезімдерін вербалды әрекет арқылы сыртқа шығарады. Қуаныш және қайғы әр халықтың танымындағы ментальді әрекетпен де байланысы болады.
Осы зерттеу жұмысында қолдданылған семантикалық әдіс арқылы қуан және қайғыр сөздерінің семантикалық өрісі анықталған. 
Қорыта айтқанда, қазақ тіліндегі «қуаныш» пен «қайғы» концептілері түрлі аспектіден қарастыруды қажет ететін – тақырыптық аясы кең, этномәдени мазмұны терең, қамтитын мәселелері өте маңызды, концептуалдық өрісі ауқымды концепт болып табылады. «Қуаныш» пен «қайғы» концептілері қазақ дүниетанымының қалыптасу жолдарын көрсете алатын, өзіндік даму тарихы мен күрделі құрылымы бар мәдени концептілер деп айта аламыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет