Информациялы - рецептивті (дайын рецеппен ) (І) -әдіс әңгіме, лекция, экскурция түрінде, оқулықтың, натуралды немесе жазбаша тарихи құжаттың, тарихи объектінің көшірмесі не суретінің көмегімен жүзеге асырылады. Түрлі жұмыс формалары мен құралдар: оқулық, құжат, сурет, әңгіме, лекция, экскурция барысында ұштастырыла пайданылады. Білімді хабарлау негізінен оқулық бойынша жүргізіледі.
Репродуктивті (қайта еске түсіру) (2)-әдіс тарихты оқыту барыснда мұғалім берген тапсырма бойынша оқушылардың белгілі бір мәтінмен ауызша, жазбаша жатығуларды, басқада оқу қызметтерін өздігінше орындау арқылы жүзеге асады. Бұл әдіс репродуктивті әңгімелесу-қайта еске түсіру арқылы да орындалады.Қолданылатын құралдар бірінші әдісте көрсетілген.
Проблемалық баяндауда (3) – информациялық- рециптивті әдісте қолданылған жұмыс түрлері мен құралдар пайданылады, бірақ айтылатын хабардың мазмұны басқаша болады.
Эвристикалық (тапқылық) әдіс (4) – эвристикалық әңгімелесуді, ізденуді талап ететін тапсырмаларды мұғалімінің көмегімен орындауды (қиянды келтірген жағдайда), оқушылардың іс әрекетін дұрыс бағыт беру үшін мұғалімнің толықтырушы жағдайлар туғызуын көздейді. Мұнда да бұрынғы құралдар пайданылады.
Зерттеу (5) - әдісі де сол құралдардың көмегімен жүзеге асады. Ол зерттеу сипаты бар тапсырмалар беру арқылы орындалады.
Оқу пәніні, бұл жерде тарихты оқытуға арналған әдістер барлық кезде де нақты тәсілдер арқылы іске асырылады, ал оларды біріктіп тұтас және бір бірімен ұштастыра қарасақ , оның бәрі жиылып оқыту әдістемесін құрастырады»7.
1.2. Тарихты оқытуды әңгімелеу тәсілдері
Басты тарихи фактілерді оқып-үйренуде әңгімелеу және бейнелеу тәсілдері жие қолданылады. Сабаққа дайындық барысында мұғалім оқу метериалын мазмұндаудың тәсілін айқындайды. Таңдау барысында мұғалімінің алға қойған міндеті оқушылардың дайындығы мен құрамы ескеріледі. Сонымен бірге тәсіл таңдағанда деректердің мазмұны мен оқытудың көрнекі құралдары да ескерілуі тиіс. Сабақ барысында мазмұндаудың бірнеше әдістері мен тәсілдері қолданылуы мүмкін8.
Сондай мазмұнау тәсілдерінің бірі - әңгімелеу. Тарихты оқытудағы әңгімелеу-тарихи оқиға туралы әңгіме немесе қысқа хабарлама.Әңгімеге қойылатын талаптардың бірі-әрбір тарихи дерекке тән ерекшеліктер туралы ұғым қалыптастыруға көмектесетін уақыт, кеңестік және адамдардың тарихи сипаттамасының бейнеленуі. Мысалы Атилла (Еділ) туралы әңгіме. Сюжетпен баяндалған әңгіме-драматизммен ерекшеленетін белгілі бір тарихи сюжетке құрылған эмоциялық баяндау онда басты тарихи деректер көркем әңгімдедегі сияиқты бейнелі, қарқынды, қызықты етіп жаңғыртылады. Әңгіме негізінде оқиғаның сюжетті схемасы мен кейіпкерлердің әрекеті арқылы дамитын шиеленісті ахуал алынады. Бұндай әдісті Спартак көтерілісі сияқты ірі тарихи оқиғаларды баяндағанда қолданған тиімді.Оған тарихи оқиғаның жарқын эпизодтары, бөлшектер, қатысушылардың мінездемелерін енгізуге болады. Мұғалім әңгімелеу барысында оқиғалы картиналар, аппликациялар, әскери қимылдардың сұлбасын қолданады.
Сюжетті әңгіме шынай болуы тиіс кей жағдайда оған онда шығарылған желілер қосылуы мүмкін. Мысалы, Марафон шайқасы туралы әңгімелегенде ойдан шығарылған жауынгер шынайы тарихи оқиғаға сәйкес әрекет етеді.
Кейде сюжетті әңгімелеу б.д.д. 5 ғасырдағы Ежелгі Грециядағы құлдықтың қалыптасуы туралы күрделі тарихи құбылысты түсіндіру тәсілі ретінде қолданылады. Мұғалім оны түсіндіру үшін тұлғаландыру әдісін қолданады. Бірнеше құл қалай құлдыққа түскендігін әңгімелейді. Бұл жағдай да оқушы әңгіменің сюжеті емес, құлдардың жағдай мен олардың еңбегінің қандай мақсатта пайдаланылғандығын есте сақтауы тиіс. Осындай әңгімелеуден кейін мұғалімінің сұрақтары бойынша әңгіме өткізіледі. Оқушы өз әңгімесі суреттермен, диафильмдермен толықтырады.
Сюжетті әңгімелеудің келесі нысаны – шиеленістіру. Бұл жерде әңгімелеу жанжалды жағдайды шешуге тырысқан екі тұлғаның диалогы түрінде өрбейді. Диалог барысында типтік әлеуметтік құбылыстың мәні ашылады. Сабақ барысында оқушылар бұндай диалогқа жие тартылады.
Достарыңызбен бөлісу: |