О О О О 2 сурет Полипептид тізбегінің бір учаскесі (Мушкамбаров, Кузнецовтан, 2003)
Асп
Лей
Иле
Арг
3 сурет Пептид тобының байланыстары (Николаевтан, 2007)
• α – ширатпа – полипептид тірегінің суперширатпа пайда етуі арқылы түзіледі, бұл кезде радикалдар (R) ширатпаның сыртына бағытталған. Ақуыздың екінші реттік құрылысы ─ NH тобымен СО тобы арасындағы сутектік байланыс арқылы тұрақтанады. Бірақ бұл кезде сутектік байланыс көршілес ─ NH , -СО топтары арасында емес бір аминқышқылындағы СО тобы 4-ші амин қышқылындағы NH тобымен байланысады; олардың бір – біріне жақындауы ширатпа пайда болуы арқылы жүзеге асады. Сонымен ширатпаның бір оралымында орташа 3,6 амин қышқылы кездеседі.
•β – құрылымы да – амин қышқылындағы ─ NH , -СО топтары арасындағы сутектік байланыс арқылы түзіледі, бірақ бұл кезде суперширатпа пайда болмайды, ал полипептид тірегі (остов) қатпарланып орналасады.
4 сурет. -ширатпаның
құрылысы (Николаевтан, 2007)
Ақуыздың II-ретті құрылымында радикалдар (R) тікелей қатынаспайды, бірақ бұл оның ешқандай рөль болмайды деген сөз емес, яғни R-дар қосалқы рөль атқарады. R-дар полипептид тізбегінің қалайша ширатылатынын немесе ширатылама жоқ па осыны анықтайды. Ақуыздың II-ретті құрылымында радикалдар (R) тікелей қатынаспайды, бірақ бұл оның ешқандай рөль болмайды деген сөз емес, яғни R-дар қосалқы рөль атқарады. R-дар полипептид тізбегінің қалайша ширатылатынын немесе ширатылама жоқ па осыны анықтайды.
5-сурет. Қатпарлы құрылым (β-құрылым) (Николаевтан, 2007)
Ақуыздың III – ші реттік құрылысы – глобулярлы құрылысы: - бұл ақуыз молекуласы-ның 3 өлшемді кеңістікте сан алуан бұрылып, оралып табиғи – термодинамикалық ең тұрақты күйінде орналасуы, яғни нативті (табиғи) құрылым деп атайды. Ақуыздың III – ші реттік құрылысы амин қышқылдарының R-дары арасындағы байланыстар арқылы тұрақтанады. АҚ радикалдары арасында (R) 4-5 түрлі байланыстар кездеседі: |