тұрақтандырушы байланыстар (Мушкамбаров, Кузнецовтан, 2003)
Ақуыз молекуласының фолдингі Ақуыздың бірінші реттік құрылымының (полипептид тізбегі) оның әртүрлі фрагменттерінің екінші реттік құрылымын толықтай анықтайтынын жоғарыда айтқанбыз. Тап осы тұжырымды ақуыздың күрделі құрылымдары-үшінші, төртінші реттік құрылымдарына да жатқызуға әбден болады. Мұны К.Анфинсен 1973 ж. рибонуклеазаға тәжірибелер жасап дәлелдеген. Мұны К.Анфинсен 1973 ж. рибонуклеазаға тәжірибелер жасап дәлелдеген. Рибонуклеаза молекуласы 124 аминқышқылы болатын бір пептидтік тізбектен тұрады. Аминқышқылдарының арасында, тізбектің әртүрлі жерлерінде орналасқан (26,40,58,65,72,84,95,110), 8 цистеин қалдығы кездеседі. Олар 4 жұп дисульфидтік байланыс пайда етеді. Теория күйінде 8 цистеин аминқышқылдары 105 түрлі өзара жұптасқан байланыстар туғыза алады, бірақ табиғи (нативтік) РНҚ-азада олардың тек біреуі ғана іске асады: 26-84; 40-95; 58-110; 65-72. Әрекеттесуші цистеин радикалдары тізбек бойында бір бірінен әжептеуір қашық орналасқан (7-сурет).
7-сурет К.Анфинсен тәжірибесі (Мушкамбаров, Кузнецовтан, 2003)
1.2.2. Фолдинг факторлары Ақуыз молекуласының ІІІ реттік, табиғи (нативті) құрылымының түзілуіне оның белгілі бір лигандпен байланысуы айтарлықтай әсер етеді. Ақуыз-лиганд әрекеттесулердің бірнеше түрлері белгілі: 1) Лиганд ақуызбен байланысып оның құрылымын тұрақтандырады, бірақ конформациясының өзгеруіне айтарлықтай әсер етпейді. Мысалы, лизоцимнің Са2+ ионымен байланысуы; 2) Лиганд ақуыздың ІІІ реттік құрылымын айтарлықтай өзгертеді және тек осы күйінде ол белсенді болады. Мысалы, кальмодулин Са2+ионын байланыстырғаннан кейін белсенділік қасиетке ие болады. 3) Лиганд болмаған жағдайда ақуыз еріген шумақ (глобула), яғни ешқандай үшінші құрылымы қалыптаспаған күйінде болады, мысалы лактальбуминнің Са2+ионымен байланысуы.
Достарыңызбен бөлісу: |