№1-жаттығу. Сөйлемді аяқтаңыз:
А бағанындағы сөйлемнің басының мағынасы жағынан сәйкес В бағанындағы жалғасын табыңыз. Дұрыс вариантты таңдап, сөйлемді аяқтаңыз. В бағанындағы бір сөйлем артық екенін және әрбір сөйлемді тек бір рет қана қолдануға болатынын ескеріңіз. А бағаны
Компьютер-клиент _______
Сервер__________________
Бір рангілі желідегі компьютер ____
Беріліс ортасы____________
Терминатор______________
Репитер__________________
Маркер__________________
Концентратор_____________
В бағаны
А. Клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет етеді
Б. Ортақ пайдалынылатын ресурстарға ену мүмкіндігіне ие
В. Компьютерлерді қосады
Г.Файл- және принт-сервер ретінде қызмет етеді
Д. Сигналдың шағылысуын болдырмайды
Е. Кабель сақинасындағы сигнал
Ж. Желілік трафикті орталықтандырады
З. Сигналды күшейтеді
И. Ортақ пайдаланылатын ресурстарға енуге мүмкіндік береді
№2 – жаттығу. Дұрыс жауапты таңдаңыз
Келесі бір рангілі желілерге қатысты:
а) сервердің негізіндегі желіге қарағанда жоғары деңгейлі қорғау мен басқаруды қамтамасыз етеді
б) қолданушылар саны 10-нан аспайтын
желілер үшін ұсынылады
в) қуатты орталық серверді қажет етеді
г) қолданушылары көбінесе үлкен
территорияны алады
Желінің «сақина» топологиясының ерекше сипаттамасы?
а) басқа топологияларға қарағанда
кабельді аз жұмсайды
б) беріліс ортасы арзан және қарапайым
в) барлық компьютерлердің үстемділігі
бірдей
г) дұрыс жұмыс істеу үшін терминаторлар қажет
Желінің «шина»топологиясының ерекше сипаттамасы?
а) басқа топологияларға қарағанда
кабельді көп жұмсайды
б) беріліс ортасы арзан және қарапайым
в) басқа топологияларға қарағанда
проблемаларды шешу жеңіл
г)желідегі компьютерлер саны оның
өнімділігіне әсер етпейді
Достарыңызбен бөлісу: |