Практикалық жұмыс №5.
Тақырыбы: С#мволдық жолдарды өңдеу функциялары.
Тапсырма: Төмендегі есептердің С# тілінде программасын құрыңдар:
Берілген əріп дауысты ма екенін анықтаңдар.
Сөздегі орыс алфавитінің бас əріптерін экранға шығарыңдар.
6 цифрдан тұратын трамвай билетінің «бақытты билет» екенін анықтаңдар.
С#мволдық жолдағы жақша ішіндегі С#мволдарды экранға шығарыңдар.
Сызықшамен бөлінген екі сөздің алғашқысын экранға шығарыңдар.
Сөздегі бірінші кездескен «а» əрпінің индексін табыңдар.
Сөйлемдегі сөздердің санын табыңдар.
Берілген мəтіндегі “а” əрпін “о” əрпімен алмастырыңдар.
Сөйлемде неше сөз бар екенін анықтаңдар.
Берілген əріп дауысты ма екенін анықтаңдар.
1 ашылған жəне 1 жабылған жақшасы бар мəтін берілген. Жақша ішіндегі барлық С#мволдарды шығарыңдар.
Сөйлемдегі неше сөз берілген əріптен басталады?
Латын əрпімен жазылған сөздегі барлық кіші əріптерді бас əріппен алмастырыңдар.
Практикалық жұмыс №6.
Тақырыбы: Функцияны қолданып программалау.
Тапсырма: Төмендегі есептердің С# тілінде программасын құрыңдар:
Нүктеден шеңбер центріне дейінгі қашықтықты табу функциясын қолданып, 8 элементтен тұратын нүктелер масС#вінің центрі (1,1), радиусы R шеңберге тиісті нүктелерінің санын табыңдар.
Табаны а-ға тең, биіктігі 2-ден 6-ға дейін 0,5 қадаммен өзгеретін үшбұрыштардың орташа ауданын, үшбұрыш ауданын табу ішкі программасын қолданып есептеңдер.
n нүктенің жазықтықта координатасы берілген. Екі нүктенің ара қашықтығын табу функциясын қолданып, берілген нүктелерден координаталар басына дейінгі қашықтықтарды табыңдар.
n! –ды табу функциясын қолданып, алғашқы 10 жұп натурал сандардың факториалдарын табыңдар.
Екі нүктенің ара қашықтығын табу процедурасын қолданып, төбелері берілген үшбұрыштың периметрін табыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |