Практикалық жұмыс №2.
Тақырыбы: Тармақталу операторлары. Таңдау командасын қолданып программалау
Тапсырма: С# программалау тілінде тармақталу жəне таңдау операторларының көмегімен программа құру.
a,b,c сандары берілген. Қабырғалары осы сандар болатын үшбұрыш бола ма?
Берілген нүкте сыртқы радиусы R1, ішкі радиусы R2, центрі координаталар басындағы сақинаға тиісті бола ма?
Үшбұрыштың үш қабырғасы берілген. Берілген үшбұрыш
а) тең бүйірлі
б) тең қабырғалы бола ма?
Енгізілген адам жасына байланысты оны 4 топқа: мектепке дейін, оқушы, қызметкер, зейнеткер, бөлетін программа жазыңдар.
Айдаһарға əр жыл сайын 3 бас шығады, ал жүзге толғаннан кейін 2 бастан шығады. N жастаға айдаһардың неше басы мен неше көзі бар?
А1(Х1,У1),А2(Х2,У2),А3(Х3,У3),А4(Х4,У4) нүктелері берілген. Бұл нүктелер параллелограм төбелері бола ала ма?
Ай нөмірі бойынша сол айдағы мейрам күндерін экранға шығаратын программа құрыңдар.(Мысалы: n=1 1- қаңтар Жаңа жыл мейрамы, n=3 8- наурыз Аналар мейрамы, 22- Наурыз мейрамы.)
Апта күні нөміріне байланысты, сол күнде болатын сабақ санын шығарыңдар.
1-ден 12 – ге дейінгі натурал санға сəйкес ай атын шығарыңдар.
Берілген өлшем бірлік бойынша (1 – дециметр, 2 – километр, 3 – метр, 4 – миллиметр, 5 - сантиметр) жəне L ұзындығы бойынша кесінді ұзындығын метрмен өрнектеңдер.
0-9 дейінгі енгізілген санға сəйкес оның ағылшынша атауын шығаратын программа құрыңдар.
х,у оң нақты сандар берілген. Оларға орындалатын арифметикалық амалдар былайша нөмірленген: 1-қосу, 2-азайту, 3-көбейту, 4-бөлу. Берілген нөмірге байланысты сəйкес амалды орындайтын программа жазыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |