Кіріспе Мақсаты



жүктеу 0.9 Mb.
бет1/6
Дата09.06.2016
өлшемі0.9 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Кіріспе

Мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуді және оларды еңбекке даярлауды одан әрі жетілдіру және зоология сабақтарында өлкетану материалдарын оқудың көп жылғы тәжірибесі барысында, оған деген оқушылардың қызығушылығы артып, білікті білімдері қалыптастырады. Сонымен қатар олардың пайда болуына байланысты атейстік көзқарастары қайта қалыптасып, туған елдің табиғатынсүю, қорғау және мәпелеу, патриоттық сезімдері жетіле түсу.

Міндеттері: 1. Оқушылардың жеке бақылауы және бастауыш мектеп табиғаттану оқулықтары бойынша таныс жергілікті материалдарды қолдану, оқушылдардың жануарлар әлемі дамуының күрделі заңдылығын дұрыс қабылдауына көмегін тигізіп, оқушының диалектикалы-материалдық дүние танымын қалыптастыру.

2. Олкетану материалдарын оқу, ауыл шаруашылығының дамуына тығыз байланысты, оқушының алдын-ала тәсіптік бағдарын анықтаудағы оның Республиканың күнделікті өмірімен байланысын жеңілдете түседі. Зоология сабақтарында олкетану материалдарын кеңінен қолдану. Қазақстан мектептерінде жалпы білім беру және кәсіптік мектептердегі реформаның негізгі бағыттарындағы мақсаттарды жүзеге асырылуына қолайлы жағдайлар туғызу.

3. Қазақстан бағдарламасы осы сұрақтарды оқушылар танымының негізі бойынша қарастыруды ұсынады. Орта мектеп бағдарламасы, зоология курсын бастапқы оқуы кезінде де, сәйкес жүйеліктің негізгі ережелері мен қатар оқушылардың бұл материалдарды жете игеруі, олардың ботаниканы оқу кезіндег өсімдіктер әлемі табиғи жайлы түсінігімен тығыз байланыстыру.

Жаңашылдығы: Қарапайымдалар түрін оқуда, талшықаяқтылар тобына жаьтатын кәдімгі амеба, одан кеін қыл аяқтылар мысалға келтіреді. Бұл топ өкілдерінің өмір сүруі мен құрлымының өзгешелігі жасыл эвглен мен вольвоксты мысалға алынып түсіндірілуі. Ары қарай осы топ өкілдерінің ішіндегі құрылымы күрделірек инфузория талқыланады. Инфузория туфлекасының оқу барысында қарапайымдылардың бір түрі споровиктерге, безгек паразиті (безгек қоздырушы) және )позема) тұт ағашы жібек құртының ауруын қоздырушы, түсініктеме берілді.

Осы тақырып бойынша безгек паразитті мен поземанің даму жағдайы мен құрлымымен танысу барысында өлкетану материалдарын кеңінен нәтижелі қолдаану мүмкіндігі туындайды. Қарапайымдыларды оқу кезінде оқушыларға, Қазақстан Республикасы Егемендік алғаннан кейінгі жылдары безгек ауруының алдын-алу, болдырмау іс-шаралары жүргізілгендіктен айтып кеткен жөн. республиканың оңтүстік аумағындағы ыстық климаты жағдайында, дизинтерия амебасы сияқты іш ауруын қоздырушылардың адам организіміне енуіне жол бермеу үшін, жеке және қоғамдық гегиена талаптарын орындау өте маңызды. Оқушыларға міндетті түрде қайнатылмаған әсіресе жабық шағын суаттардан алынған суды пайдалану қауіпті екендігін ескерті керек.

«Көп торшалы жануарлар» бөлімінде оқушылар ішек қуыстылар тобымен танылады. Тұщы суда кездесетін полип (су жылан) гидра ) республикамыздағы үлкен және шағын су қоймаларында кездеседі.

Ары қарай құрттар мынадай кезепен оқытылады:



  1. Жалпақ құртар түрі (кірпікті құртар тобы, сорғыштар тобы, таспақұрттар тобы).

  2. дөңгелек құрттар (кольчатке) аз қылшықтылар және көп қылшықтылартобы.

Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру.

Келесі тақырыпта моллюскалар тобының өкілдері-бауыраяқтылармен екі жармалылар. Ғылым және білім министрлігі бағдарламасы бауыраяқтылармен таныстыру барысында үлкен прудовикті мысалға келтірді. Қазақстан жерінде кездесетін дала ұлуы мен шырышты ұлу құрылымы талқыланды. Моллюска-лардың бұл түрлері мақтаға, жоңышқаға, бақша және басқа ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян, сондықтан оқушылардыөмір сүруімен, құрлымымен танысуы тек танымдық ғана емес сонымен қатыр тәжірибелік маңызы зор. Оқушылар моллюскалардың ішкі құрылысының ерекшеліктерін танып өолармен күресу жолдарын біледі.

Екі жармалы тобымен танысу барысында, Қазақстан Республикасы аумағындағы көлдері мен ағысы жәй өзендерінде кездесетін тіссіздер мысалға алынады.

Осы моллюскаларды оқу кеінде, шығу тегі бір екендігін және орналасу өзгешелігін анықтау мақсатында басқа түрлері мен салыстырылады. Буынаяқ-тылартобынаоның түрлері өте көп. Бағдарлама оның мына үш тобын оқуды ұсынады.

Шаян тәрізділер, өрмекші тәрізділер және шыбын-шіркейлер. Шаян тәрізділерді оқу кезінде. Қазақстанның су қоймалары мен өзендерінде кездесетін өзен шаян мысалға алынды. Оның ішкі және сыртқы құрылысы талқыланды. Сонымен қатар кәсіпшілік маңызы бар басқа да ірі және ұсақ шаян тәріздлерге де түсініктеме беріледі.

Зоология курсында, Қазақстанның балық шаруашылығында жем ретінде кеңінен қолданылатын ұсақ шаян мен циклопака тоқталып өткен жөн.

Ғылым және Білім беру Министрлігінің бағдарламасы, өрмекші тәріздес-терге тоқталғанда өрмекші –ала бүйі мысалға алынуды ұсынды. Дегенмен ,өрмекші-ала бүйі Қазақстан аумағында көп кездеспейді, бізде кездесетін тұрлері: шаян, қарақұрт және бүйі. Бұл шаян тәріздестер Қазақстан территор-иясында көп кездеседі, сондықтан оларды көптеген оқушылар біледі. Бұл шаян тәріздестердің уы аңдарға, адамдарға өте қауіпті, сондықтан да бұлар жайлы оқушылардың білуі өте қажет. Әсіресе шаян тәріздестер шаққан алғашқы сәтте көмек көрсете білу өте маңызды. Бұл типтерга кенелер тобы да қажет. Республикамыз аумағында қайталама сүзек ауруын қоздырушы кене және қотыр кенесі кездеседі. Бұл кенелер мен жануарларда кездесуі мүмкін. орта Азия жануарлар дүниесінде кездесетін, өсімдіктер шырынымен қоректенетін өрмекшелі кене арам шөптерден ауыл шаруашылық өсімдіктеріне өтіп, оларды зақымдайды. Кенелер Қазақстан аумағында көп кездесетіндіктен және паразиттік түрде өмір сүретіндіктен зоология курсында оқытылуы тиіс.

Бағдарлама шыбын-шіркейлер тобымен, мамыр қнңызының сыртқы және ішкі құрылысымен бастауды ұсынады. Біздің көз қарасымыз бойынша, республиканың барлық аймағында кездесетін наурыз қоңызын мысалға алған дұрыс. Наурыз қоңызын оқу кезінде оқушыларға оның ортасын көрсетіп, ауыл шаруашылық және сәндік өсімдіктерінің жауы ретінде таныстыру мүмкіндігі көп. Сонымен қатар наурыс қоңызын мысалға алу арқылы оның дамуын, көбеюін қадағалап, метаморфиза құбылысын байқауға болады.

Қазақстан Республикасы аймағында кездесетін, тік қанаттылар отрядының өкілдері оазистік прусин немесе итальяның шегіртке бұрыннан бері мақтаның зиян кесі болып табылады. Тірі қанаттылар мен танысу барысында, олардың толық емес метаморфозасы арқылы дамуын көрсетіп, олардың ауыл шаруашылық химиясы жетістіктері мен авиациясы қолданысына тоқталып өткен дұрыс.

Біздің Республикамыздың табиғат аясында кездесетін өсімдіктер биті (тля), тең қанатталар отрыдына жатады. Жеміс ағаштарында (алма, алмурт) алма битін сүйектілерде (шабдалыда) –шабдалы биті, ал мақтада мақта биті болады. Бұл аталғандар сортын шақпа ауыз аппараты, яғни тұмсығы арқылы өсімдік шырынымен қоректеніп, жылдам көбейеді, өсімдіктерге зиян келтіреді. Биттер қанатты және қанатсыз болып келеді. Қанатты биттер жақын орналасқан басқа өсімдіктерге ауысады. Бит биологиясының білудің ауыл шаруашылық өсімдіктеріне зиян келтіруші биттермен күрес жүргізуде маңызы зор болмақ.

Қазақстан аумағында кездесетін қос қанаттыларды оқу кезінде өлкетану материалдары кеңінен қолданылады. Жарғынаттылар өкілі балды аралар мен құмырсқалар республикамыздың барлық аудандарында кездесетіндіктен, оларды танып-білу оқушылар қызығушылығын арттырады.

Омыртқалаларды оқу, балықтар тобы (класын) талқылаудан басталады. ТМД елдері орта белдеуі мектептерінде бірнеше рет ала бұғасымен танысады. Бұл мысал арқылы балық организімінің морфологиясы анатомиясы және басқа физиологиялық жүйелері, шартты рефлексі оқытылады.

Өзен алабұғасы Қазақстан Республикасында кездеспейтіндіктен, оқушыларға балықтың бқл түрі таныс емес. Республика өзендері мен көлдерінде, су қоймаларында әртүрлі балықтар кездеседі әсіресе сазан мен туқыға бай. Бұл балықтарды еліміздің мектептеріндегі оқушылар жақсы білетіндіктен, балықтар тобын оқуды сазаннан бастау қажет. Сонымен қатар жергілікті мысалды қолдануда, қоршаған ортаға байланысты көрнекті құрал ретінде әр түрлі балықтарды көрсетуге болады. Бұл балықтар көл, су қоймалары, канал балықтары (сазан, туқы) жылдам ағысты тау өзендері балықтары (мартнка) және су түбіндегі балықтар (түркістан лақасы және т.б.).

Жергілікті кәсіпшілік түрлері мен танысуда теңіз, ағын су және тұщы сулардағы балықтарға түсінік берілді. Балықтарды қорғау сұрағын талқылау барысында Республикамызда құрылған тоған шаруашылығы мен Қиыр Шығыстың бағалы балық түрлері бар су қоймалары жайлы айтылады. Бұл су қоймаларында кәсіпшілік маңызы бар толстолобик, ақ амур жыланбас және т.б. түрлері кездеседі.

Толстолбик және ақ амур тек қана тамақ ретінде қолдануға ғана қолданылмайды, сонымен қатар олар жасанды су қоймаларындағы су өсімдіктерінің жайлап кетуіне жол бермейді.

Гамбизия балығы, безгек аумағына қарсы күресте маңызды рөль атқарады. Гамбузия безгек масасы личинкасымен қоректенетіндіктен, оны совет ғалымдары ТМД елдерінде жойылған.

Қос мекенділер тобын оқуда, біздің елімізде көп кездесетін көл құрбақасы мен бақа мысал ретінде ыңғайлы объект. Қазақстан Республикасын-да қос мекенділердің осы түрлері ғана кездеседі.

Жылы, құрғақ климат бауырымен жорғалаушылар үшін ыңғайлы, сондықтан Қазақстан далалары мен шөлейтті жерлері тау етектері ТМД елдері орта белдеуіне қарағанда булар өте көп кездеседі. Ғылым және Білім беру министрлігі ұсынған бағдарламасында, Қазақстан аумағында кездесетін бауырмен жорғалаушылар берілмеген. Сондықтан бұл тақырыптағы ширақ кесірткенің орнына дала ағамасын мысалғы алғын дұрыс. Сонымен қатар үлкен кесіртке-варан, аяқсыз сарықарын сияқты қызықты түрлеріне де жалпы өту қажет.

Улы жыландарды оқығанда эфа, дала сұр жыланын, улы емес жыландардан су жыланын, қара шұбар жыланын мысалға алу ұсынылады. Оқушыларға Қазақстан ғалым герпотологтарының улы жыландардан жүйелі түрде көбейту мақсатындағы жұмыстары жайлы айтылады.

Құстардың сыртқы құрылысымен танысу кезінде Қазақстан елді-мекендерінде кішкене кептер мысал ретінде алынады. Бұл құстар ақпан айының соңы мен наурыз айының басынан бастап ұя салып, жұмыртқа басын шығарып балапандарын қоректендіреді. Бұл құбылыстарды әр оқушының бақылауына мүмкіндіктер бар. Кішкене кептер көп жағдайларда үлкен тұрғын үй балкондарына ұя салады және арнайы жасалынған жәшікшелер олар үшін өте ыңғайлы болмақ. Бұл құс отырықшы құстармен таныстыруда тамаша мысал және балапан басып шығарушы бөдене, тау куры /кеклик/ және фазан сияқты құстармен салыстырып түсіндіріледі.

Бөдене және құр кәсіпшілік маңызы бар құстар және құстар оқушыларға жақсы таныс.

Жыл құстарын өткен кезде, кесіреткеге қарсы күресте маңызы бар, ұзақ, қарлығаш, үйрек т.б. құстарға түсінік беріледі.

Оқушыларға бау-бақшалармен мақталықтарға тигізетін пайдасы бар құстар және оларды қорғау жайлы айту өте маңызды. Сонымен қатар осындай маңызды проблеманы шешу үшін оқушылар не істеу қажет екендігіне де көңіл бөлінеді.

Оқушыларға соңғы жылдары Үнді елінен келген майна-ұзақты мысалға алуға болады және дибергенция құбылысы түсіндіріледі.

Үй құстарымен танысу барысында оларды ыстық климат жағдайында ұстау ерекшелігі және еліміздегі құс шаруашылығы туралы айтылады. Сүтқоректілер тобы өкілдерінің құрылымымен, физиологиялық функцияларымен танысу барысында ТМД елдері орта белдеуінің жануарлар әлемі мүлде өзгеше болғандықтан жергілікті мысалдарға көңіл бөлінеді.

Насекомқоректі жануарлар отрядының салпан құлақ түрі кірпі, европалық түріне қарағанда кішкене болып келеді және ол құрғақ, ыстық климатқа тез бейімделіп ауылшаруашылық эиянкестер личинкаларымен, моллюскаларымен, ұсақ кеміргіштермен, кейде тіпті жыландармен қоректенеді.

Қос қанаттылар отрядын оқуда жарғанат және жирен вечерница мысал ретінде алынады. Жарғанаттар зиян насекомдарды көп мөлшерде жойып, пайда келтіреді.

Кеміргіштер отряды шөл, шөлейт және оазистерге бейімделген әр түрлі өкілдерге бай. Табиғат жағдайына байланысты мынадай әртүрлі кеміргіштер болады: қосаяқ, құмтышқан, саршұнақ, жайра т.б. Бұл кеміргіштер ауылшаруашылық өсімдіктері зиян келтіреді, кей түрлері (тышқан, саршұнақ, атжалман) инфекциялық ауру таратады.

Қоян тәріздестер отрядының, біздің республикамызда кездесетін құм қоян сәндік өсімдіктер плантациясына едәуір зиян келтіреді. Құм қоян ыстық климатқа бейімделген, жүні сұрғылт, артқы аяқтары ұзын, сақ құлақ болып келеді.

Жыртқыштар отрядының өкілдерінің қоршаған ортаға бейімделген ерекшеліктері бар.

Мысық тұқымдасына тоқталу кезінде, биік тауларды мекендейтін күшті де ширақ тау барысына, шөлейт жерлерде кездесетін, құм паранасына түсінік берілді.

Жергілікті жануарлар әлемінің өкілдер төбет тұмсықтары шөл қасқыры, шие бөрі және терісі орташа бағалы қағанқа түлкісі жайлы айтылады. Тау етектерінде, арша, жеміс, жаңғақ ормандарында кездесетін ақтырнақты аю, тұқымдасы Сібір аюына қарағанда кішкене болып келеді.

Жабайы аша тұяқтылар өкілі. Қызыл кітапқа енген джейран және әдемі де шапшаң жабайы елік жайлы оқушыларға айтып өту маңызды. Сонымен бірге бұранда мүйізді және орта азиялық арқарлар жайлы мәлімдеу оқушылар қызығушылығын арттырады.

Жергілікті қаракөл, қазақы қойлары мен ірі қара мал тұқымына көңіл бөлу қажет.

Тақ тұяқтылар отрядына жататын, үй жануарлары есек пен ат шөл жерлерге, және оның аз мөлшері өсімдіктеріне байімделгендіктен еліміздің шаруашылығында көп пайдаланылады.

Біздің Республикамызда, ұзақ уақыт бойы сусыз, қорексіз жүре алатын түйелер, көлік-арба транспорты ретінде қолданылады. Оның арқасындағы өркеші, шөлейт жердегі өмірге бейімделген, май қоры болып табылады.

«Сүт қоректілер маңызы мен пайдалы жауарларды қорғау» тақырыбын өту кезінде, оқытушы Срдария өзені атырауларын мекендейтін андатра жайлы айтып өтуі қажет. Қазіргі кезде андатра кәсіпшілігі елімізге көп мөлшерде бағалы елтірі беруде.

Қазақстан елінде өсірушілік дамыған және өзінің қорықтары бар. Қара бурыл түлкі мен қара күзен өсіретін аң өсіру шаруашылықтары құрылған.

«Жер бетінде жануарлардың таралуы және жауарлар әлемін қорғау» тақырыбын өту барысында, оқушылар жер бетіндегі жануарларын көп алуан түрлерімен, әсіресе ТМД елдері жануарлар әлімімен танысады. Алдын-ала Қазақстан аумағында мекендейтін жануарлар жайлы жиналған мәліметтерді, басқа аумақ жануарлар түрлерімен, өмір сүру ортасымен салыстырып түсіндіруде қолданылады.

Зоология курсын оқу нәтижелі болу үшін әртүрлі көрнекті құралдар қолдану қажет. Көрнекті құрал ретінде ұсақ түрі жануарлар, тұлыптар, сұйық препараттар мен микропрепараттар, қабыршақтар коллекциясы сияқты табиғи объектілерді және үлгі-мұляждар, қабырға суреттері, сызбалар мен таблицалар сияқты жасанды түрлері қолданылады.

Табиғи объектілер жеткілікті мөлшерде болған жағдайда оқушының өзіндік жұмысын орындауы үшін оларды тарату материалдары ретінде қолданылады.

Қазақстан мектептерінде, Ғылым және Білім беру Министрлігі ұсынғанөлке тану материалдары енген көрнекті құралдармен қатар жергілікті өлке тану материалдары кеңінен қолданылады.

Ендігі ретте биология оқытушысына, өлке тану материалдары мен көрнекті құралдары қолдану мүмкіндігін көрсететін, бағдарламадағы тақырытардың әр сабақтарына әдістемелік өндірулер беріледі.
Зоология – жануарлар жайындағы ғылым, оның даму тарихы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды зоолоия ғылымының мазмұнымен таныстыру және оның шығу мен даму адамның қажеттілігіне байланысты екендігін көрсету. Өсімдіктер мен жануарлар арасындағы негізгі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды тауып көрсету.

Методтары: Баяндау, әңгіме.

Құрал-жабдықтар: Табиға құралдар. Тірі табиғат мүйісінен тірі балықтар мен басқа жануарлар. Суретпен бейнелеген құралдар. Құрттар, моллюскалар, насекомдар, балықтар, бауырмен жорғалағыштар, сүт қоректілерді бейнелейтін таблицалар.



Сабақтың барысы: Зоология ғылымының анықтамасы. Мұғалім сабақты оқушылардан: қандай биологиялық пәнді оқып бітірдіңдер? Ботаника ғылымы нені зерттейді?-деп сыныпқп сұрақ қоюдан бастайды.

Мұғалім оқушылардан осы сабақтан бастап зоологияны оқып үйренетін-дерің айтады. Мұғалім тақтаға «зоология» деген сөзді жазды да, оның қазақ тіліндегі мәнін (жануарлар жайындағы ғылым) түсіндіреді.

Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар жайындағы әңгіме. Мұғалім оқушылардан жануарлардүниесінен өздеріне белгілі өкілдердіатауды талап етеді. Әдетте оқушылардың көпшілігі сүт қоректілер өкілдерін атайды.

Кезекшілер мұғалімнің сұрауы бойынша кутты, молюсканы, балыкты, кусты жэне баска да жануарларды бейнелейтін таблицаларды іледі. Мұғалім тек денесін түк басқан, төрт аяқты аңдар ғана емес, құрттар да, улу да, насекомдар да, балықтар да, құстар да т.б. жануарлар деп аталатындығын түсіндіреді.

Бұдан кейін мұғалым оқушыларға осы алуан түрлі организмдердің арасында қандай ұқсастықтардың болатындағын және не себепті олардың барлығы жануарларда жатқызатынын, жаңа ғана оқып өткен өсімдік организімдерінен бұлардың қандай айырмасы бар екенін ойлауды ұсынады.

Қойылған сұраққа жауап беру үшін оқушылар ең алдымен өсімдіктер мен жануарлардың тірі организімдерге жататындықтарын естеріне түсірулері керек. Демек, өсімдіктер мен жануарлардың қандай белгілері жалпы ортақ екендігін таба білу қажет.

Оқушылар өсімдіктиерге де, жануарларға да ортақ белгілерді атайды да, олардың мұғалім тақтаға: қоректену, тыныс алу, өсу, көбею клетка құрылысы деп жазады.

Одан кейін мұғалім оқушылардан өсімдіктер мен жануарлар арасындағы айырмашылық белгілерді атауды, жасыл өсімдіктер немен және қалай қоректенетініне, жануарлар немен және қалай қоректенетініне жауап берулерін талап етеді.

Оқушылардың жауабынан қоректену процесіне айырма бар екендігі белгілі болады: жасыл өсімдіктер органикалық емес заттармен қоректенеді, олардан хлорофилдің жәрдемімен органикалық заттар түзеді. Жануарлар органикалық емес заттардан органикалық заттар түзе алмайды, олар дайын органикалық заттермен қоректенеді.

Мұғалім оқушылардан өсімдіктердің арасында дайын органикалық заттрмен қоректенетіндері болатынын, болмайтындығын сұрайды.

Оқушылар саңырауқұлақтар мен бактериялар жайында естеріне түсіреде. Сонда мұғалім жануарлар мен саңырауқұлақтардың қоректену процесіндегі айырмашылықты анықтай түсу үшін оқушылардан: жасыл емес өсімдіктер мен жануарлар организімдерінің қоректену процесіндегі айырмашылықтар неде? Саңырауқұлақтар қалай қоректенеді? – деп сұрайды.

Қайтарылған сұрақтардан соң мұғалімдер жануаарлардың өсімдіктерден айырмашылығы-олардың көп жағдайда қорегін қармап алып, жұтатындығын да және астың қорытылуы жануар денесінің ішінде болатындығында екендігіне ерекше көңіл аударады. Ас қорту былай болады: ас қорту сөлдерінің әсерінен еритін қоректік заттар түзеді, ал қорытылмаған қалдықтар сыртқа шығарылып тасталады.

Мұғалім оқушыларға: өсімдіктер мен жануарлардың арсында қандай елеулі айырма бар? – деген сұраққа жауап беруді ұсынады.

Өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы елеулі айырма әртүрлі тәсілмен қоректенуінде, -деп оқушылар өздігінен қорытынды шығарады. Одан ары өсімдіктер мен жануарлардың арасында басқа да айырмашылықтардың бар екендігі, атап айтқанда: жауарлардың көпшілігін қозғалу органдары, нерв системалары және сезім органдары болатыны белгілі болды.

Әңгіменің нәтижесінде мұғалім тақтаға, ал оқушылар дәптерлеріне өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қоректенетін таблица құрады.

Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастық және айырмашылық белгілері.





Өсімдіктер

Жануарлар




Ұқсастықтары

1

Қоректенуі

Қоректенуі

2

Тыныс алуы

Тыныс алуы

3

Өсуі

Өсуі

4

Көбеюі

Көбеюі

5

Клеткалық құрылысы

Клеткалық құрылысы




Айырмашылығы

1

Органикалық емес қоректенеді. Хлорофилдің жәрдемі мен жарық бар жерде сумен көмірқышқыл газдан органикалық зат түзе алады.

  1. Органикалық заттар мен өсімдіктерді немесе басқа жануарларды жеп қоректенеді.

  2. Қозғалу органдары, нерв системасы және сезім органдары болады.

Қорыта келгенде, оқушылар дәптеріне өсімдіктер мен жануарлар жөнінде олар біртұтас органикалық дүниені құрайтын, өзара ұқсастықтары бар бір-бірімен тығыз байланысты тірі организімдердің екі тобы екендігін қортынды-лап жазады. Өсімдіктер мен жануарлардың арасында ұқсастықтар олардың екеуі де өте ертеде жалпы ортақ бір ата-тектен тарағанын көрсетеді. Олардың арасындағы айырма біртіндеп келіп шыққанда, қазіргі уақытта ол елеулі дәрежеге жеткен.

Осы айырмашылықтарына негізделе отырып, тірі организімдердің біреулері - өсімдіктерге, ал екінші біреулері – жануарларға жатады.

Оқушылардың оқып зерттемек болып отырған ғылымы жануарлардың құрылысын, организімдерден өтетін процестерді, тіршілігін, даму процестерін қарастырады.

Зоологияның шығуы мен дамуы жайында баяндау. Мұғалім зоология ғылымы өте ертеде адамның қажеттігіне байланысты келіп шыққанын айтады. Микроскопты ойлап шығарудың өте үлкен маңызы болғанына көңіл аударады. Зоологияның дамуына діннің қандай кертартпа әсерінің болғанын атап көрсетеді.

Оқушылар білімін пысықтау. Оқушыларға мынадай сұрақтарға жауап беру ұсынылады: зерттейді? Органикалық дүниені қандай тірі организімдердің топтарын құрайды? Қандай белгілеріне қарап бір тірі организімдерді өсімдіктерге, екінші біреулерін жануарларға жатқызады? Өсімдіктер мен жануарлардың арсындағы ұқсастықтар нені білдіреді? Зоология ғылымның шығуы ненмен байланысты.

Үйге тапсырма беру. Оқушыларға үйге тапсырма беруден тұрын мұғалім оқушыларды зоология оқумен таныстырады, оқулықтың мұқабасын формасын қарап, авторларын естеріне сақтап, мазмұнын оқып шығуды тапсырады.

Мұғалім үйге берген тапсырманы орындағанда тиісті парагрфтарды оқумен қатар, суреттерін де қарап көру және парагрфтың соңындағы сұрақтарға жауап бере білу қажет екенін айтады.



Жануарлар классификациясы.

Сабақтың мақсаты: Түр, туыс, тұқымдас, отряд, класс, тип туралы ұғымдар жайында, жануарлардың табиғи системасы жөнінде алғашқы түсінік беру.

Методтары: Табиғи құралдар. Көбелектердің және үлкен перломутровка жұлдызқұрттардың колекциясы. Суретпен бейнеленген құралдар. Бұрын аттары аталған көбелектердің суреті салынған атластар немесе таблицалар.

Сабақтың барысы: Қайталау және оқушылдар білімін тексеру. Мұғалімнің тақтаға шығарған оқушыларының біреуі өсімдіктер мен жануарлар белгілерінің ұқсастықтарын, екіншісі-олардың белгілеріндегі айырмашылқты жазады. Оқушылар білімі бірінші сабақтың соңында берілген сұрақтар бойынша тексеріледі.

Жаңа материалдарды оқыту. Мұғалім оқушыларға өткен сабақта олар зоологияның даму тарихымен танысқандардың естеріне түсіреді. Ол ғалымдардың жылма –жыл жануарлардың көптеген түрлерін тауып, анықтайтындығына ерекше көңіл аударады. Мұншама көп өсімдіктер мен жануарларды қалай тәртіпке салып, оларды бір жүйеге, системаға, қалай келтіру керек. Мұғалім өсімдіктердің қандай топтарға бөлінетін оқушылардан сұрайды. Оқушылардың жауаптарынан кейін мұғалім енді олардың жануарлар дүниесі системасымен танысатынын баяндайды.

Мұғалім сыныпқа мынадай сұрақ қояды: бұл көбелектер қайда кездеседі, олардың бір-бірінен айырмашылығы неде? Көбелектердің жұмыртқа салатынын, кейін олардан личинка жұлдызқұрттардың шығатынын ескертуге болады.

Оқушылардың столдарына какаймен көбелек траурницаның жұлдыз құрттарының коллекциясын таратып береді, осы көбелектер мен олардың личинкалары бейнеленген таблицаларды іліп қояды. Мұғалім бұл түрлеріндің ұқсақтықтарын белгілеуге ұсынады. Осыдан кейін калакай көбелектің салған жұмыртқасынан тек қана калакай көбелек дамып жетілетіні, ал траурницаның салған жұмыртқаларынан тек траурница дамып жетілетініне көңіл аударады. Бұл екі көбелекті шағылыстырудан будан пайда болмайды.

Жаңа материалды оқушылар жақсы түсіну үшін мұғалім жануарлар түрлеріне қосымша мысалдар келтіреді. Үй тышқанының түрі жайында баяндап беруге болады. Барлық үй тышқандар бір-біріне ұқсас келеді, үй тышқанының балаларынан, дала тышқаны немесе басқа тышқандар емес, сөзсіз үй тышқандары шығады. Алайда үй тышқанынан басқа егістікті, орманды мекендейтін және өздеріне тән ерекшеліктері бар тышқанның толып жатқан басқа түрлері белгілі.

Мұғалім түрдің анықтамасын береді, ал оқушылар оны дәптерлеріне жазады. Мұғалім тақтаға қарастырып өткен көбелек түрлерінің схемасын сызады. Сонан соңмұғалім бұл көбелек түрлерінің арасындағы өз ара айырма-шылықты түсіне, мінез-қылығына, қоректенуіне, жұлдызқұрттарының сыртқы құрылысына қарап оңай табуға болатындығына көңіл аударды.

Оқушылар көбелектермен жұлдызқұрттарды қарап көріп, оларды салыстырады, олардың белгілеріндегі жалпы ұқсастықтарды және айырмашы-лықтарды табады. Мұғалім оқушылардың назарын айқындалған ұқсастық белгілердің қарастырып отырған түрлер арасындағы туыстық байланысты көрсететіндігіне аударады. Ұқсас түрлер будан гөрі ірірек жануарлар топтарына-туыстарға біріктіріледі. Калакай көбелек траурница күндізгі емен көбелек-булардың бәрі ванесса туысының түрлері. Бір туысқа жататын жануарлардың арасында әрдайым туыстық байланыс болады. Мұғалім таблицадан немесе коллекциядан үлкен перламутровка көбелегін көрсетіп, оқушыларғаванесса туысына жататын көбелектің белгілеріндегі айырмашы-лықты табуды ұсынады. Бұл туыстардың арасындағы ұқсастықтар, бір туыстың ішіндегі түрлердің арасындағы ұқсастыққа қарағанда кем болады.

Классификациямен таныстыру барысында мұғалім ұқсас туыстардың бір тұқымдасқа біріктірілетінін айтамыз. Мысалы аңдардың ішінде-ит, түлкі, поляр түлкісі, қорқауқасқыр деген туыстары белгілі. Ежелгілерінің жалпы ұқсастығына қарай оларды ит тұқымдасына біріктірді.

Туысқан ұқсас тұқымдастар өзінше отрядқа біріктірілді. Мысалы ит тұқымдасы, мысық тұқымдасы, аю тұқымдастары жыртқыштар отрядына кіреді. Ұқсас отрядтар одан да ірірек топқа-класқа біріктіріледі. Мысалы, жартқыштар отряды, маймылдар отряды, кит тәрізділер отряды сүтқоректілер немесе аңдар класына жатады. Туыстық (ұқсас) кластар ірі топ-типтерге біріктіріледі. Классификацияны оқып түсіндіру барысында мұғалім тақтаға мынадай схема сызады



Калакай көбелек Күндізгі емен көбелек Траурница

Түрлер




Туыстар



Тұқымдастар




Отрядтар


Кластар


Типтер


Мұғалім түрден типке қарай көтерілген сайын система топтарының арасындағы ұқсастықтар мен туыстық белгілер біртіндеп азая беретініне, ал айырмашылықтар арта беретініне ерекше назар аударды. Сонымен қатар жануарларды типтен бастап түрге дейін қарастырғанда ұқсас белгілері біртіндеп көбейеді де айырмашылықтары азаятыны болады.

Мұғалім оқулықтың форзацындағы суреттерді пайдалана отырып, классификация дегенінің не екенін, сондай-ақ осы күнгі система жануарлардың ғылыми классификациясы болып табылатынын және жануарлар дүниесінің қарапайым формасынан күрделі формасына қарай тарихи дамуын көзге елестететінін түсіндіреді.

Мұғалім жануарлардың әр тобының латын тілінде ғылыми аты болаты-нын баяндайды. Ғылымда латын тілі классияикациялық бірліктерді анықтау үшін халықаралық тіл ретінде қабылдаған. әрбір түрдің аты екі сөзден тұрады. Мысалы:

Түрі – Ванесса калакай көбклкгі

  1   2   3   4   5   6


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет