8 - тақырып. Адамды сыртқы бейнесі бойынша криминалистік теңденстіру. Қылмыстық тіркеу. Криминалистік техниканың дәстүрлі емес бағыттары
1 – сабақ. Адамды сыртқы бейнесі бойынша криминалистік теңденстіру. Қылмыстық тіркеу
Адамның сыртқы бейнесінің элементтері мен белгілерін жіктеу.
Ауызша бейнелеу тәсілі бойынша адамның сыртқы пішінін сипаттау ережесі.
Ауызша бейнені және фотосуретті құрастыру.
Криминалистік тіркеудің түсінігі, түрлері, маңызы.
Дактилоскопиялық карталарды дайындау, қылмыс жасағандарды есепке алу картасымен таныстыру.
Папиллярлы сызықтарды талдау.
Дайындалған дактилокартаның негізінде формула шығаруды үйрену.
Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, жеке басы анықталмаған адамдарды, қылмысты жасау әдісі бойынша тіркеу.
Ашылмаған қылмыстар бойынша жиналған дәлелдемелерді криминалистік есепке алу.
2 – сабақ. Криминалистік техниканың дәстүрлі емес бағыттары
Криминалистік техниканың дәстүрлі емес бағыттарының түсінігі, оның мәселелері. Криминалистік техниканың дәстүрлі емес бағыттарының ғылыми негіздері. Материалды әлемдегі объектілердің жекелілігі және олардың салыстырмалы тұрақтылығы.
Материалдар мен заттарды криминалистік зерттеу. Объектілердің түрлері.
Микроіздер мен микробөлшектердің түсінігі, олардың криминалистік маңызы. Оларды табу, бекіту және алу. Бұл мәселелерді шешуде пайдаланатын техникалық құрал-жабдықтар.
Криминалистік фоноскопия, оның объектілері, қасиеттері мен криминалистік маңызы. Фоноскопия объектілерін бекіту және алудың әдістері мен құрал-жабдықтары.
Криминалистік одорология, оның объектілері, қасиеттері. Иіс іздерінің криминалистік маңызы. Оларды табу, бекіту және алудың әдістері мен құрал-жабдықтары.
Суық қаруды криминалистік зерттеу. Суық қарудың түсінігі және оның жіктелуі. Суық қаруды қарау, бекіту және алу.
Қарудың жаңа түрлерінің пайда болу перспективасы және тенденциялары.
СӨЖ тапсырмалары:
Альбомға сигналитикалық фотосурет бойынша габитологиялық ережелерді қолданып тұлғаның сипаттамасын жасау.
Дактилокарталар бойынша негізгі және қосымша формулаларды есептеп шығару
Төмендегі есептерді шығарыңыз:
Дактилоскопиялық формуланың негізгі бөлігі бойынша оның негізін анықтаңыз: 78968 / 17329
Дактилоскопиялық формуланың негізгі бөлігі бойынша қай саусақта шеңбер тәріздес өрнектің бар екенін анықтаңыз. 15 / 17
Дактилоскопиялық формуланың қосымша бөлігі бойынша оның негізін анықтаңыз: 87349 / 15682
Дактилоскопиялық формуланың негізгі бөлігі бойынша қай саусақта шеңбер тәріздес өрнектің бар екенін анықтаңыз. 9/11
Дактилоскопиялық формуланың қосымша бөлігі бойынша оның негізін анықтаңыз:31785 / 91347
Дактилоскопиялық формуланың негізгі бөлігі бойынша қай саусақта шеңбер тәріздес өрнектің бар екенін анықтаңыз: 27 / 19
Дактилоскопиялық формуланың қосымша бөлігі бойынша оның негізін анықтаңыз:31645 / 82546
Дактилоскопиялық формуланың негізгі бөлігі бойынша қай саусақта шеңбер тәріздес өрнектің бар екенін анықтаңыз: 16 / 4
Достарыңызбен бөлісу: |