Кіріспе оқырмандарға ұсынылып отырған «Криминалистикадан электронды оқу құралы» қазіргі заманғы оқу үрдісіне енгізілген кредиттік технология ерекшелігін ескере отырып құрастырылған көрнекі оқу құралы болып табылады


Cтуденттің өзін-өзі бақылауға арналған тест сұрақтары



бет45/76
Дата01.10.2022
өлшемі388.76 Kb.
#461737
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76
annotation491

Cтуденттің өзін-өзі бақылауға арналған тест сұрақтары:

Тергеу экспериментінің негізі:



  1. айғақты заттарды іздеу

  2. сезіктінің жеке басын анықтау

  3. тәжірибелі әрекеттер жүргізу

  4. көрсетпелер алу

  5. бәрі де дұрыс емес

Тергеу экспериментін жүргізу кезіндегі куәлар мен жәбірленушілердің рөлі:



  1. экспериментке қатысушыларды таңдау

  2. эксперимент нәтижесін бағалау

  3. реконструкция жасауға көмек көрсету

  4. эксперимент фактісін куәландыру

  5. экспериментті бекіту

Тергеу экспериментіне маманды қатыстыру қажеттілігін анықтайды:



  1. қылмыстық әрекетті саралау

  2. бұлтартпау шараларын қолдану

  3. тактикалық шешім

  4. арнайы білімінің қажеттілігі

  5. барлық жағдайда қатысуы міндеттілігі

Тергеу эксперименті жүргізілмейді:



  1. теледидарды осы саңылау арқылы шығаруға бола ма?

  2. шаппаның (след бойка) ізі бойынша тапаншаны идентификациялауға бола ма?

  3. ақшаның суретін осы адамның өзі салуы мүмкін бе?

  4. 50 метр ара қашықтықтағы адамның кім екенін анықтау мүмкін бе?

  5. бөлмеде отырып атылған мылтықтың даусын естуге бола ма?

Тергеу эксперименті арқылы шешілуге жатпайтын жағдайлар:



  1. қандайда бір фактілер мен құбылыстардың болу мүмкіндігі

  2. іздердің пайда болу механизмі

  3. әрекеттер жасау мүмкіндігі

  4. құралдарды идентификациялау мүмкіндігі

  5. кәсіби дағдысының болуы

Қандай тергеу экспериментінде жауабы тексерілетін тұлғаның қатысуы міндетті:



  1. құбылыстардың болу мүмкіндігі

  2. құбылыстар мен мәліметтерді қабылдау мүмкіндігі

  3. белгілі бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі

  4. кәсіби дағдысының болуы

  5. функционалдық қасиеттерді анықтау

Тергеу экспериментінің қатысушыларына нұсқаулықтар бергенде ескерілмейтін факторлар:



  1. процессуалдық жағдайы

  2. әр қатысушының ролі

  3. тәжірибелердің кезектілігі

  4. жүргізілетін тәжірибе мақсаты

  5. тәжірибелі әрекеттерді модельдеу

Эксперименттің тактикалық ережесі болып табылмайды:



  1. бірнеше рет қайталап жүргізу

  2. өзгерілген факторларды ескеру

  3. міндетті шарттарды орындау

  4. тәжірибелерді күрделенген жағдайларда жүргізу

  5. экспериментті кенеттен жүргізу

Эксперименттің дұрыстылығына әсер ететін жағдай:



  1. куәгерлердің қатысуы

  2. жүргізу шарттары

  3. сезіктінің қатысуы

  4. куәлардың қатысуы

  5. жәбірленушінің қатысуы

Тергеу экспериментінің тактикасына жатпайды:



  1. тәжірибенің жағдайы тексерілетін оқиғаға барынша ұқсас болуы керек

  2. тәжірибені бірнеше рет қайталау керек

  3. тәжірибені кезең - кезеңімен жүргізу керек

  4. тәжірибеге қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейтіндей болу керек

  5. кейінге қалдырылмай жүргізілуі керек

Қандай тергеу эксперименті жүргізілмейді:



  1. құбылысты, фактіні қабылдау мүмкіндігі

  2. құбылыстың болу мүмкіндігі

  3. белгілі бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі

  4. іздердің механизмін анықтау мүмкіндігі

  5. бүтінді бөлшектеп идентификациялау мүмкіндігі

Тергеу экспериментінің түрлері жүргізіледі:



  1. қандай да бір құбылыстың болу, болмау мүмкіндігі

  2. дағдының болуын анықтау мүмкіндігі

  3. құбылысты қабылдау мүмкіндігі

  4. қылмыстың механизмін анықтау мүмкіндігі

  5. аталғандардың барлығы тергеу экспериментінің түріне кіреді

Қандай міндеттерді шешуде тергеу эксперименті жүргізілмейді:



  1. ұрланған заттарды жалғыз адам әкетуі мүмкін бе

  2. терезе арқылы пәтерге енуге бола ма

  3. пәтерде отырып, баспалдақтағы әңгімені есту мүмкін бе

  4. двигатель номерін қалпына келтіру мүмкін бе

  5. тұрмыс техникасының 20 қорабы контейнерге сыйуы мүмкін бе

Тергеу экспериментінде қайта қалпына келтірудің рөлі:



  1. ақпаратты алу үшін

  2. ақпаратты тексеру үшін

  3. ақпаратты салыстыру үшін

  4. тергеу экспериментін қайта жаңғырту үшін

  5. жауаптағы қайшылықтарды жою үшін

Тергеу экспериментінің дайындық сатысына жатпайды:



  1. жағдайды қайта қалпына келтіру

  2. бағыт беретін ақпараттарды жинау

  3. бастапқы ақпаратты анықтау

  4. прокурорға хабарлау

  5. тәжірибені бірнеше рет қайталау

Тергеу экспериментінде тергеушінің дайындық әрекетіне кірмейді:



  1. жүргізілген қайта құруды тексеру

  2. тергеу экспериментіне қатысушылардың нұсқаулықтары

  3. куәгерлердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру

  4. қажетті құралдардың бар, жоқтығын тексеру

  5. хаттама толтыру

Белгілі бір ара қашықтыққа жету уақытын анықтаудың негізгі шарттары:



  1. күннің уақыты (апта күні)

  2. ауа райы жағдайы

  3. көлік құралының жағдайы

  4. жүргізушінің айдау деңгейі

  5. барлығы

Тергеу экспериментіндегі қабылдау мүмкіндігінің шарттары:



  1. жыл мезгілі (тәулік уақыты)

  2. қабылдау орны

  3. ара қашықтық

  4. тексеруге сәйкес кедергілер

  5. барлығы

Тергеу эксперименті кезінде қайта қалпына келтіруге жатпайды:



  1. нұқсан келтірілген объектілердің бөлшектерін қайта қалпына келтіру

  2. оқиға орнындағы алғашқы жағдайды қалпына келтіру

  3. жәбірленушінің дене бітіміне ұқсас маникен жасау

  4. құралдың макетін дайындау

  5. қолжазу үлгілерін алу

Айыпталушы оқиға болған жерден үйіне дейін 30 минутта жүгіріп жеткендігін атап өтті. Осы жағдайды қандай тергеу әрекетімен тексеруге болады:



  1. оқиға болған жерді қарау

  2. жауап алу

  3. оқиға болған жерде жауапты тексеру

  4. тергеу эксперименті

  5. беттестіру

Сараптама жүргізу кезінде сарапшы зерттеудің эксперименталды тәсілін пайдаланады. Ол жүргізеді:



  1. тергеу экспериментін

  2. эксперттік эксперимент

  3. жауаптарды нақтылау

  4. қарау

  5. зерттеу

Бөлме терезесінен көру немесе есту мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу экспериментіне неше куәгер қатыстырылады:



    1. біреу

    2. үшеу

    3. бесеу

    4. төртеу

    5. бесеуден көп

Тергеу экспертименті барысында тергеушінің ұсынысы бойынша айыпкер дүкен қабырғасындағы терезе арқылы бірнеше рет өтті. Дүкеннен ұрланған тауарларды ұрлау фактісін қалай бағалайсыз:



  1. саңылау арқылы ұрлау мүмкін

  2. саңылау арқылы ұрлау фактісі анықталған

  3. ұрлау фактісі тек қана түнгі уақытта болуы мүмкін

  4. қабырғадағы саңылау арқылы кіріп ұрлау мүмкін емес

  5. ұрлау фактісі тек қана күндізгі уақытта болуы мүмкін

Төменде көрсетілген жағдайлардың қайсысы эксперименттің нәтижелеріне дұрыс баға береді:



  1. қабылдау мүмкіндігін тексеру кезінде теріс қорытындылар фактілі мәліметтердің ролін атқарады

  2. дұрыс нәтижелер оқиғаның шынайы механизмін куәландырады

  3. дұрыс нәтижелер эксперименттің барлық түрлерінің тікелей дәлелдемелері болып табылады

  4. болуы мүмкін қорытындылар фактілік мәліметтердің ролін атқарады

  5. дұрыс нәтижелер қабылдау мүмкіндігін тексеру кезінде фактілі мәліметтердің ролін атқарады





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет