2. Тақырып. Криминалистік техника және криминалистік фотосүрет пен бейнетаспа
Криминалистік техниканың түсінігі және оның құрылымы. Тергеу және жедел – іздестіру жұмыстарын жүргізгенде қолданылатын техникалық әдістер мен құрал-саймандардың түсінігі. Айғақ заттарды, іздерді және басқа да криминалистік объектілерді іздеп табуға, оларды бекітуге, алуға және зертеуге пайдаланылатын тәсілдер мен құрал-саймандар.Тергеу чемоданын, бейнетаспаны, криминалистік лабораторияны пайдалану ерекшеліктері.
Криминалистік объектілерді сараптамалық зерттеу үстінде қолданылатын ғылыми-техникалық құрал-әдістер
Сот фотографиясының түсінігі және түрлері. Сот фотографиясын тергеушінің және криминалист-маман мен сарапшының жұмысында қолдану.
Сот-тергеу фотографиясының әдістері: панорамалық, стереоскопиялық, репродукциялық, өлшеп түсіру. Адамды, заттарды және басқа да объектілерді тану үшін түсіру.
Оқиға болған жерді фотосуретке және бейнетаспаға түсіру ерекшеліктері.
Сот-зерттеу фотографиясы және оның тәсілдері. Көзге көрінбейтін инфрақызыл, ультракүлгін және рентген сәулелерінде фотосуретке түсіру және т.б.
Сот фотографиясын қылмыстық іс жүргізу барысында қолдануға лайықтап шығару. Тергеу кезінде бейне және дыбыс таспасын пайдалану.
2 - тақырып. Сот фотографиясы
1- сабақ .
Сот фотографиясының жалпы негіздерімен таныстыру.
Сот фотографиясының жалпы және жеке әдістері.
Фотоаппараттың құрылысы мен тетіктерін, оған керекті өзіндік материалдармен таныстыру.
Фотоматериалдар және фотосурет шығаруға керекті заттармен таныстырып жұмыс жасау.
2 - сабақ.
Қылмыстық оқиға болды деген жерді сот фотографиясының жеке әдістерін қолданып фотосуретке түсіру (сызықты, шеңберлі панорама тәсілдерін қолданып бағдарлап, шолып, түйінді және детальды).
Белгілі бір орынды түсірудің әртүрлі түрлерін орындау.
Криминалистік полигон ішінде, аудиторияда сот фотографиясының әдістерін қолданып фотосуретке түсіру (мәйіттің табылу фактісі бойынша оқиға болған жерді).
Репродукциялық, тану үшін көрсету фотосуреттерін жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |