Бұрыштың шақтамасы дегеніміз не?
Бұрыштың шақтамасы қалай белгіленеді?
Бұрышқа қанша дәлдік дәрежесі қарастырылған және олар қалай белгіленеді?
Конустылық дегеніміз не?
Конусқа қандай шақтамалар қойылған?
Бекіту әдісіне қарай конустық қондымалар қалай жіктеледі?
Сызбадан тегіс конустық қосылыстың белгісін оқыңыз
Еңістің және конустықтың белгісін кӨрсетіңіз
Конусты қозғалмайтын қосылыстар нені қамтамасыз етеді?
Конусты қосылыстарды қандай аспаптармен бақылауға болады?
4– ТАҚЫРЫП.
БЕТТЕРДІҢ КЕДІР-БҰДЫРЛЫҒЫ, ТОЛҚЫНДЫЛЫҒЫ, ПІШІНІ МЕН ОРНАЛАСУЫНЫҢ АУЫТҚУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ
Дәріс жоспары:
Беттің кедір-бұдырлығы және толқындылығы
Беттiң пiшiнiнен ауытқуы. Орналасудан ауытқу
Беттердiң пiшiнiнен ауытқуын, орналасуын, кедір-бұдырлығын сызбаларда белгілеу
Тәуелдi және тәуелсiз орналасу шақтамалары
Беттердің пішінінің ауытқуын, орналасуын, толқындылығы мен кедір-бұдырлығын өлшеу және бақылау әдістері мен құралдары
Беттiң кедiр-бұдырлығы және толқындылығы
Беттiң кедiр-бұдырлығы деп базалық ұзындықтағы салыстырмалы кiшi адымды тегiссiздiктер жиынтығын айтамыз (сурет 13).
Сурет 13 – Беттің кедір-бұдырлығы
Базалық ұзындық деп беттiң кедiр-бұдырлылығының кӨрсеткiшiнiң сандық мәнi анықталатын, базалық сызықтың ұзындығын айтамыз.
Кедiр-бұдырлылықтың кӨрсеткiшiн анықтайтын базалық сызық ретiнде ортаңғы сызық қолданылады.
Кедiр-бұдырлылықты енi базалық ұзындықтан аспайтын, барлық жерi бiрдей Өңделген беттiң кез келген жерiнен бағалауға болады.
Бұйым бетiнiң кедiр-бұдырлылығын материалына және Өңдеу әдiсiне байланыссыз мынадай кӨрсеткiштер арқылы анықтауға болады:
Кескiннiң орташа арифметикалық ауытқуы R A. Ол кескiннiң барлық тегiссiздiгiнiң орташа биiктiгiн сипаттайды.
Он нүктемен анықталатын, кескiннiң тегiссiздiк биiктiгi R Z. Ол ең шығыңқы тегiссiздiктердiң орташа биiктiгiн сипаттайды.
Кескiн тегiссiздiгiнiң ең үлкен биiктiгi R MAX
Кескін тегiссiздiгінiң адымы S M
Кескiннiң шығыңқы жерiнiң адымы S i
Кескiннiң салыстырмалы тiрек ұзындығы t Р
негiзгi белгi. Өңдеу әдiсi кӨрсетiлмейдi.
b. конструктордың талабы бойынша қойылатын белгі. Материалдың беткi қабатын жонбай Өңдеу (құю, штамптау т.б.)
конструктордың талабы бойынша қойылатын белгі. Материалдың беткi қабатын жонып Өңдеу, яғни механикалық Өңдеу (жону, бұрғылау т.б.)
Беттiң толқындылығы деп адымы базалық ұзындықтан асатын, кезеңмен қайталанатын тегiссiздiктер жиынтығын айтамыз.
Толқындылылық - кедiр-бұдырлылықпен беттiң пiшiнiнен ауытқудың ортасында болады. Толқындылық ең кӨп биiктiк WMAX, адым SW және Өлшеу ұзындығынан LW 5. SW тұрады. Есептеу базасы ретiнде ортаңғы сызықты аламыз.
Егер SW / WZ < 40 болса, онда кедiр-бұдырлылық Егер 1000 (SW/WZ) 40 болса, онда толқындылық
Егер SW/WZ > 1000 болса, онда пiшiннен ауытқуға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |