Кіріспе. ӨЗара ауыстырымдылық туралы ұҒымдар


Метрикалық бұранданың шақтамалар мен қондырмалар жүйесі



бет21/37
Дата02.11.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463847
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37
Д рістер ЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫ НЕГІЗДЕРІ (1)

Метрикалық бұранданың шақтамалар мен қондырмалар жүйесі


Мемлекеттiк стандарт бойынша диаметрi 1 мм-ден 600 мм-ге дейiнгi және адымы Р= 0,2 – 6 мм-ге дейiнгi метрлiк бекiту бұрандаларына шақтама пен негiзгi ауытқулар ұсынылады (сурет 18). Бұранданың кескiнiнiң бүйiр бетiнiң (яғни ортаңғы диаметрiнiң) түйiндесу сипатына қарай саңылаумен, Өтпелі және керiлiспен қондырулар қолданылады.

Сурет 18 – Саңылаумен қондырмадағы ойма Өзек пен бұраманың метрлік бұрандасының шақтамаларының орналасуы

Бұрандалы тетiкбӨлшектердi саңылаумен қондыру үшiн МЕСТ 16093-81 мемлекеттiк стандарты бойынша сыртқы бұрандаға 5 негiзгi ауытқу (d, e, f, g, h), iшкi бұрандаға 4 негiзгi ауытқу (E, F, G, H) қарастырылған. Бұл ауытқулар барлық диаметрлерге бiрдей. E және F негiзгi ауытқулары -арнаулы қондырғылардa қолданылады.


Сыртқы бұрандаға негiзгi ауытқу болып - жоғарғы ауытқу (-es), ал iшкi бұрандаға негiзгi ауытқу - тӨменгi ауытқу (EI) болып табылады. Ал екiншi шектi ауытқулар бұранданың берiлген дәлдiк дәрежесi бойынша анықталады.
МЕСТ 16093-81 стандарты бойынша бұрандаларға мынадай дәлдiк дәрежелерi қолданылады:
Ойма Өзектiң диаметрi үшiн: сыртқы диаметр – 4, 6, 8
ортаңғы диаметр – 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10*
Бұрама диаметрi үшiн: iшкi диаметр – 4, 5, 6, 7, 8
ортаңғы диаметр – 4, 5, 6, 7, 8, 9*
Ескерту: 1) d1 –ойма Өзектiң iшкi диаметрi мен D-бұраманың сыртқы диаметрлерiнiң дәлдiк шектерi анықталмайды;

    1. Ойма Өзек пен бұраманың ортаңғы диаметрлерiнiң дәлдiк шектерi қосарланған болып келедi Td2 (D2);

    2. Ойма Өзектiң iшкi диаметрi мен ортаңғы диаметрлерiнiң жоғарғы ауытқулары тең es(d1) = es(d2);

    3. Бұраманың сыртқы диаметрi мен ортаңғы диаметрлерiнiң тӨменгi ауытқулары тең EI(D)=EI(D2).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет