Ауытқу
1. Пiшiннiң шақтамасы
|
|
|
Түзусызықтың шақтамасы
|
|
|
Жазықтықтың шақтамасы
|
|
Ойыстық,
Дөңестiк
|
Дөңгелектiктiң шақтамасы
|
|
Сопақтық, Көп бедерлiлiк
|
Цилиндрлiктiң шақтамасы
|
|
|
Бойлық қима кескiнiнiң шақтамасы
|
|
Бөшкетәрiздестiк, ертәрiздестiк,
конустәрiздестiк
|
2. Орналасудың шақтамасы
|
|
|
Параллельдiктiң шақтамасы
|
|
|
|
|
|
Перпендикулярлықтың шақтамасы
|
|
|
Көлбеулiктiң шақтамасы
|
|
|
Өстестiктiң шақтамасы
|
|
|
Симметрияның шақтамасы
|
|
|
Өстiң ығысуының шақтамасы
|
|
|
Өстiң қиылысуының шақтамасы
|
|
|
3. Пiшiн мен орналасудың шақтамасы
|
|
|
Шабақтық соғудың шақтамасы Қапталдық соғудың шақтамасы
Берiлген бағытта соғудың шақтамасы
|
|
|
Толық шабақтық соғудың шақтамасы
Толық қапталдық соғудың шақтамасы
|
|
|
Пiшiн мен орналасудан қоса ауытқу (шақтама)
Цилиндрлiк беттiң толық шабақтық соғуы базалық Өске қарағанда тексерiлетiн беттiң цилиндрлiктен ауытқуы мен Өстестiктен ауытқуының нәтижесiнде пайда болады.
Қапталдық соғу (толық) – нақты беттiң (түгел қапталдық беттiң) нүктелерiнен базалық Өске перпендикуляр жазықтыққа дейiнгi ара қашықтықтың ең үлкен және ең кiшi ауытқуларының айырмасы.
Қапталдық соғу қарастырылатын беттiң жазықтықтан ауытқуы мен базалық Өспен салыстырғандағы перпендикулярлықтан ауытқудың бiрiккен нәтижесi болып табылады.
Беттердiң пiшiнiнен ауытқуын, орналасуын, кедір-бұдырлығын
сызбаларда белгілеу
Пiшiн мен орналасудың дәлдiк шектерiнiң әрбiр түрiнiң Өзiндiк белгiсi бар (сурет 16).
Сурет 16 – Сызбада беттің пішіні мен орналасуының шақтамаларының
белгіленуі
Шақтаманың шартты белгiсi өзiндiк таңбадан, сандық мәннен, керек жағдайда Өлшеу базасының әрiп белгiсiнен құралады. Бұл берiлгендердi белгiлi тәртiппен екi немесе үш бөлiктен тұратын жиекке енгiзедi (сурет 16а). Жиектi бағыты бар тұтас сызықпен жалғайды (сурет 16б).
Белгiленудiң түрлерi:
Егер шақтама өске (а) немесе беттеспе (симметрия) жазықтығына (б) жатса, онда қосылу сызығы Өлшем сызығының жалғасы болуы керек (сурет 16в).
Егер шақтама ортақ Өске (в) (беттеспе жазықтығына) жатса, онда қосылу сызығын ортақ өске жүргiзiледi (сурет 16г).
Егер шақтама диаметрмен берiлсе, онда шақтаманың сандық мәнiнiң алдына диаметр белгiсi қойылады (сурет 16д), егер шақтама радиуспен берiлсе, онда шақтаманың сандық мәнiнiң алдына R белгiсi қойылады (сурет 16е).
Егер өстiң қиылысуы, берiлген беттiң пiшiнi, беттеспе дәлдiктерi, сонымен бiрге шақтама диаметрмен берiлсе, онда Т белгiсi қойылады (сурет 16ж), егер осы шақтамалар радиуспен берiлсе, онда Т/2 белгiсi қойылады (сурет 16з).
Егер шақтама беттiң берiлген ұзындығының (ауданының) аймағында жатса, онда оның мәнiн шақтаманың мәнімен бiрге көлбеу сызықпен бөлiп көрсетедi (сурет 16к).
Егер шақтаманы беттiң барлық ұзындығына және берiлген ұзындыққа белгiлеу керек болса, онда берiлген ұзындықтың шақтамасын барлық ұзындықтың шақтамасының астында көрсетедi (сурет 16и).
Егер беттiң пiшiнi мен орналасуының қосылған дәлдiк шектерiнiң бӨлек сызбалық таңбасы көрсетiлмеген болса, онда бiрiншi орналасудың дәлдiк шегi, сосын пiшiннiң дәлдiк шектерiнiң таңбалары белгiленедi (сурет 16м).
Базаны қараланған үшбұрышпен белгiлеп, дәлдiк шек белгiленген жиекпен қосады. Көбiне базаны әрiппен белгiлейдi де, қараланған үшбұрышпен жалғайды (сурет 17).
Достарыңызбен бөлісу: |