Кіріспе. ӨЗара ауыстырымдылық туралы ұҒымдар


Трапециялық бұранда (Трапециядальная резьба)



бет23/37
Дата02.11.2022
өлшемі0.76 Mb.
#463847
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37
Д рістер ЗАРА АУЫСТЫРЫМДЫЛЫ НЕГІЗДЕРІ (1)

Трапециялық бұранда (Трапециядальная резьба). Кұштердi беру үшiн, айналмалы қозғалысты түзу сызықты қозғалысқа айналдыру үшiн трапециялық бұранда пайдаланылады. Оның кескiнi – кӨлбеу қабырғаларының арасындағы бұрышы 300 болатын тең бүйiрлi трапеция. Трапециялық бұранданың тағайындалған адымдары: 1,5; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 12; 16; 20; 24;
32; 40; 48. Трапециялық бұранданың белгiсi Tr әрiптерiнен, номинал диаметрiнен, кiру саны Ph пен адымы Р-дан және солақай бұранданың белгiсi LH әрiптерiнен тұрады.
Мысалы: Tr 20x4 (P2) LH, мұндағы: Tr-бұранданың трапеция екенiн кӨрсетедi; 20-бұранданың номинал диаметрi; 4-бұранданың екi кiрмелi екенiн бiлдiредi; Р2-адымы 2 мм-ге тең, LH- бұранда солақай екенiн кӨрестедi. Бұранда бiр кiрмелi болса Ph, ал оңқай болса, LH деген жазу болмайды.
Тiректiк бұранда (Упорная резьба). Сыртқы әсер бiр бағытты болатын механизмдерде тiректiк бұранда қолданылады. Оның кескiнi – тең бүйiрлi емес трапеция; трапеция ның бiр бүйiрi бұранданың осiне перпендикуляр түщумен 300, ал екiншi бүйiрi 30 бұрыш жасайды. Тiректiк бұранданың адымы трапециялық бұранданың адымымен бiрдей. H=1.5878P; h=0.75P; h1 =0.8677P; i=0.4189P; r=0.1243P. Тiректiк бұранданың белгiленуi: S80x10LH (солақай), S80x10 (оңқай), мұндағы S-тiректiк бұранда, 80-номинал диаметр, 10-адым.
Құбырлық бұранда (трубная резьба). Құбырларды жалғастыру үшiн құбырлық бұранды қолданылады. Сондықтан оларға тығыздықты қамтамасыз ету мақсатында жалғастырылған жерден сұйық ақпайтын, ал газ шықпайтын болуы қажет үлкен талаптар қойылады. Құбырлық бұрандалар конустық және цилиндрлiк болып ажырайды. Құбырлық цилиндрлiк бұранданың бастапқы кескiнi-тӨбесiндегi бұрышы 550 болатын тең бүйiрлi үшбұрыш. H=0.960491P; h=0.640327P; R=0.137329P. Кескiн бөбелерi шеңбер доғаларымен дөңгеленген. Құбырлық бұранданың негiзгi Өлшемi – дюйммен есептеледi. Дюйм ұзындық Өлшемi. Бiр дюймде 25,4мм бар. Құбырлық бұранданы былай белгiлейдi: G2 , мұндағы G– бұранданың құбырлық цилиндрлiк екенiн кӨрсетедi; 2-екi дюйм деп оқылады және ол бұрандалы құбырдың iшкi диаметрiн анықтайды. Оны мм-ге айналдырып, дӨңгелектегенде 50мм болады. Ал бұранданың диаметрi
d=D=59,616 мм-ге тең. G1 12 мұнда құбырлық бұранданың негiзгi кӨрсеткiшi
11/2 дюймге тең. Бұрандалы құбырдың iшкi диаметрi 40мм, ал сыртқы диаметрi 47,805мм.
Конустық метрлiк бұранданың метрлiк бұрандадан айырмашылығы бар. Өйткенi ол цилиндрiк бетке емес конустылығы 1:16 болатын конустық бетке салыады. Оның кескнi мен Өлшемдерi қарапайым метрлiк бұранданың кескiнi мен Өлшемдерiне сәйкес келедi. Белгiленуi: МК 20х1,5. Мұндағы М-метрлiк, К- конустық, номинал диаметрi –20мм, адымы-1,5мм және бұранда оңқай.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет