ШҚБЖ-да 19 квалитет бар: олар 01, 0, 1, 2, 3.....16, 17.
Ең жоғарғы дәлдiкке 01 квалитетi, ал ең тӨменгi дәлдiкке 17 квалитетi сәйкес келедi, яғни 01-ден 17-ге қарай дәлдiк тӨмендейдi (Кейбір оқулықтарда 18-ші квалитет те кездеседі).
Квалитеттiң шақтамасы шартты түрде латын әрпiмен IT және квалитет нӨмiрiмен белгiленедi. Мысалы: IT 6 - 6 квалитеттiң шақтамасы.
5-17 квалитеттегi шақтама мына формула бойынша анықталады:
ITq =a.i, (21)
Мұндағы: IT - кез келген квалитеттегi шақтама q - квалитет нӨмiрi
a - берiлген квалитет үшiн, орнатылған квалитетке тәуелдi және номинал өлшемге тәуелсiз болатын өлшемсiз коэффициент, оны шақтама бiрлiктерiнiң саны деп атайды. i - шақтама бiрлiгi (мкм) номинал өлшемге тәуелдi көбейткiш. 1-ден 500 мм арасындағы номинал Өлшем үшiн мына формула арқылы есептеледi:
i = 0.45.СР + 0,001. ДСР (22)
Мұндағы: ДСР = Д
.
min
max
номинал өлшемнiң ортаңғы интервалы.
Д
Шақтама бiрлiгi i(I) дәлдiк шектiң номинал өлшемге байланысын кӨрсетедi және стандартталған дәлдiк шектi анықтаудың негiзi болып табылады.
Қорытынды Шақтама бiрлiктерi (i) тек қана өлшемге тәуелдi, ал тетiкбӨлшектердiң Өңдеу әдiсiне, тағайындалуына, жұмыс шартына тәуелсiз, яғни шақтама бiрлiгi әртүрлi өлшемдердiң дәлдiгiн бақылауға мүмкiндiк бередi және дәлдiктiң жалпы мӨлшерi болып табылады, немесе әртүрлi квалитеттердiң шақтаманың масштабы болып табылады.
Бiрдей Өлшемдердiң шақтамалары шақтама бiрлiктерiнiң санына (a) тәуелдi болғандықтан, әртүрлi квалитеттерде әртүрлi болады, яғни квалитеттербiрдей номинал өлшемдердiң дәлдiгiнанықтайды.
ТетiкбӨлшектi Өңдеудiң әртүрлi әдiстерiнiң белгiлi экономикалық жетiстiктi дәлдiгi бар: яғни тетiкбӨлшектi қаралап егеу - дӨрекi дәлдiкпен, жұқалап ажарлау- жұқа, таза дәлдiкпен Өңдеуге мүмкiндiк бередi. Сондықтан квалитеттер iс-жүзiнде тетiкбөлшектi өңдеу технологиясын алдын-ала анықтайды.
5//. Өлшем дәлдiгi екi шектi Өлшем арқылы берiлетiн, ал негiзгi тесiк пен негiзгi бiлiктiң шақтама Өрiсi нӨлдiк сызықпен салыстырғанда ассиметриялы орналасқан, шектi ассиметриялы жүйелер болып табылатын шақтама Өрістерінің негізгі ауытқуларын келесі тақырыпта қарастырамыз.
6//. Бұйымдардың Өлшемдерін бақылауды 18-200С болатын бӨлме температурасында жүргіземіз.