Эфир майларының құрамын сандық сараптау əдісі.
Эфир майларының құрамын сандық сараптаудан бұрын, алдымен өсімдіктер- дегі эфир майларының пайыздық мөлшері анықталады.
Негізгі теориясы: өсімдіктердегі эфир майлары су буымен бірге шығады, өлшемді ыдыста жиналған шамасы бойынша мөлшері анықталады.
Эфир майларының құрамын сандық сараптауда газ хроматография – масс спектроскопия (GC-MS) əдісі қазіргі кезеңде кеңінен қолданыс тапқан сараптау техникасы. Олардың сандық құрамы хроматографиялық нормалдау əдісімен анықталады. Жоғары талдағыштық капилляры ГХ (GC), сақталу көрсеткіші жəне компьютерлік сандық мəліметке сай келетін масс-спектроскопиясы графигінің бірлікте қолданылуы эфир майлары химиясы жəне басқада органикалық сараптау аймағындағы анықтау стандартына айналды.
Табиғи қосылыстар химиясының негіздері
Эфир майларын зерттеу жəне стандарттау.
Эфир майлы өсімдік шикізаттарының сапасы осы шикізаттағы эфир майының сандық мөлшерімен анықталады. Оны анықтау үшін өсімдік шикізатын су буымен айдап, алынған эфир майының көлемін өлшеп, оның салмақ-көлемдік процентін анықтайды. Бұл анықтау Мемлекеттік фармакопеялар (X, XI басылымдар) бойынша Гинберг немесе өзгертілген Клевенджер аппараттарында жүргізіледі.
Эфир майларының сапасын жəне түрін анықтау. Ол үшін əуелі, эфир май- ларының түсін, иісін, дəмін, яғни оргонолептикалық қасиеттерін, одан кейін физикалық жəне химиялық көрсеткіштерін анықтайды. Физикалық көрсеткіш- терге (тұрақтылыққа) эфир майларының тығыздығы, айналу бұрышы, сəуле сындыруы, спиртте ерігіштігі жатады.
Ал химиялық тұрақтылыққа (константаға) қышқылдық саны (ҚС), эфирлік саны (ЭС), ацетилденгеннен кейінгі эфир саны (а.к. ЭС) жатады. Бұл тұрақтылықтардың сандық мөлшері Мемлекеттік Фармокопеяда (ГФ, X, XI басылымдар) жəне басқа да нормативті техникалық құжаттарда – НТД, ГОСТ, ФС, ВФС көрсетілген.
Тығыздық
Көптеген эфир майлар судан жеңіл, бірақ кейбір эфир майлар судан ауыр болады. Барлық эфир майларының ішінде ең жеңілі Pinus sabiniana қарағайы- ның эфир майы, оның тығыздығы – 0,6962, ал ең ауыры – гаультерия эфир майы, оның тығыздығы – 1,188.
Өсімдік эфир майының тығыздығы өсімдіктің өсіп жетілуіне, эфир майының алыну тəсіліне, сақталу жағдайы мен мерзіміне байланысты.
Сондықтан эфир майының айқындалған тығыздығының ауытқуына байла- нысты олардың сапасы туралы пікір айтуға болады. Мысалы, эфир майының ты- ғыздық мөлшерінің азаюы эфир майындағы оттектік қосылыстардың аз болуын- да, бұл жағдай өсімдік шикізатын мезгілінен бұрын ерте жиналғанын көрсетеді. Керісінше, тығыздықтың мөлшері жоғары болса, сонымен қатар түсі қоңыр түске өзгертсе, эфир майы оттегімен тотығып, сапасының өзгергенін дəлелдейді.
Айналу бұрышы
Эфир майлары оптикалық активті қосылыстардан тұрады. Сондықтан олар- дың айналу бұрыштарының сандық мөлшері əртүрлі, тіпті қарама-қарсы болуы да мүмкін. Осыған байланысты анықталатын айналу бұрышының тұрақтылығы, ол компоненттердің айналу бұрыштарының қосындысы болып саналады. Осы- ның салдарынан эфир майларының айналу бұрыштарын сенімді тұрақтылыққа (константаға) жатқызу қиынға түседі. Бірақ кейбір эфир майларының құрамында бір компонент болса, оның айналу бұрышының тұрақтылығы эфир майының са- пасын көрсетуі мүмкін. Мысалы, эфир майының айналу бұрышының теріс мағы- насы лимоненге байланысты болса, айналу бұрышының мөлшері неғұрлым жо- ғарылаған сайын, эфир майында солғұрлым лимоненнің көп болғанын көрсетеді.
Эфир майының белгілі айналу бұрышының, тіпті оның бағытының өзгеруі эфир майының сапасының өзгерісін дəлелдейді.
Сəуле сындыру
Эфир майының жоғарғы рефракциясы жəне жоғарғы тығыздығы эфир майындағы оттектік қосылыстардың мол екенін көрсетеді.
Бұл екінші жағынан өсімдік шикізатының дер кезінде жиналғанын анықтай- ды. Сол сияқты эфир майының жоғарғы рефракциясы ұзақ сақталғанда полиме- ризацияланғанын, тотыққанын көрсетеді. Сондықтан оның сапасының төмендігі байқалады.
Г. Ш. Бурашева, Б. Қ. Есқалиева, А. К. Умбетова
Спиртте ерігіштігі
Эфир майының спиртте ерігіштік қасиеті оның түрін дəлелдеп қоймай, сонымен бірге сапасын да көрсетеді. Эфир майының спиртте ерігіштігін пайдаланып, олар- дың ішіндегі май қоспаларын жəне басқада көмірсутектерін анықтауға болады.
Қышқылдық саны
(ҚС). Қышқылдық саны деп 1 г эфир майындағы бос қышқылдарды нейтрал- дауға жұмсаған КОН мөлшерін айтады. Бұл маңызды көрсеткіш, өйткені сапасы жоғары эфир майларында бұл көрсеткіш 0,5-5 мг-дан аспайды. Бірақ эфир майы ұзақ сақталғанда күрделі эфирдің ыдырауынан ҚС мөлшері ұлғаяды.
Эфирлік сан
(ЭС) деп 1 г эфир майындағы күрделі эфирлерді сабындауға жұмсалған КОН мөлшерін айтады. Бұл көрсеткіш те өте маңызды көрсеткіш, өйткені эфир майларының хош иісі күрделі эфирлерге байланысты болады. Сонымен қатар бұл химиялық константадан басқа, эфир майларында негізгі компоненттердің сандық мөлшері анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |