Кіріспе тақырыптың өзектілігі. Қазақ-жоңғар соғысы ішінде қазақ халқы үшін үлкен қасірет әкелген оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»



бет2/6
Дата15.02.2024
өлшемі75 Kb.
#491880
1   2   3   4   5   6
ЖОБА. АҚЖАЙЫҚ КОМАНДАСЫ. М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БҚУ

Тақырыптың зерттелу тарихы. Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің белігілі бір мәселелерін төңкеріске дейінгі орыс авторларының бірқатары қарастырған. Олардың қатарында төмендегі зерттеушілерді атап өтуге болады: В.М.Бакунин [3], Н.Н.Балкашин [4], Н.Я.Бичурин [5], В.Н.Витевский [6], В.В.Вельяминов-Зернов [7], Я.П.Гавердовский [8], А.И.Левшин [9], А.И.Макшеев [10], Е.К.Мейендорф [11], Л.Мейер [12] және т.б. орыс ғалымдарының еңбектерінде жан-жақты талданды.
Қазақ зерттеушілері арасынан қазақ пен жоңғар қатынастарын ағартушы, ғалым Ш.Ш.Уәлихановтың [13], шежіреші, ақын Ш.Құдайбердиевтің зерттеулерінде нақтыланған [14]. Екі автор да еңбектерінде қазақ-жоңғар күресіне қатысты деректерді енгізген.
М. Тынышбаевтың қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресін зерттеудегі орны үлкен. Қазіргі кезде аталған мәселемен айналысқан тарихшы-мамандардың ешбірі оның еңбектерін зерделемеуі мүмкін емес [15].
Сонымен қатар осы уақыт аралығында жарық көрген Қазақстан тарихындағы қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресін зерттеу проблемасына орай В.В.Бартольд [16], М.Вяткин [17], Г.Е.Грумм-Гржимайло [18], А.П.Чулошников [19], Н.Г.Аполлова [20] және т.б. ғалымдардың еңбектері маңызды болып саналады. Бұл кезеңдегі авторларда өзіне дейінгі, яғни төңкеріске дейінгі уақытта жазылған дүниелерді өз зерттеулеріне қосып, қарастыруына мүмкіндіктері болды. Өйткені алғашқыларында жалпы деректерді жинақтау ісінің негізі қаланған болатын, алайда елімізде таза ғылым тиісті деңгейге көтеріліп, толық қалыптаспаған болатын. Осы екінші мәселені шешудегі бастама жүгі кеңес дәуірі ғалымдардың мойнына артылғаны белгілі.
Қазақ халқының азаттық үшін күресі тарихын зерделеу ісіне М.Қ.Әбусейітова [21], В.З.Галиев [22], А.Қ.Жұмаділ [23], И.В.Ерофеева [24], Б.Б.Кәрібаев [25], Ж.Қасымбаев [26], 3.Қинаятұлы [27], М.Қ.Қозыбаев [28], М.М.Мағауин [1], Г.М.Меңдіқұлова [29], Н.Мұқаметқанұлы [30], К.А.Пищулина [31], А.С.Сейдімбек [32], Р.Б.Сүлейменов [33] сынды еліміздің зерттеушілері өз үлестерін қосты. Бұл уақытқа дейін қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі тарихының жалпы сипаты қалыптасқан еді. Алайда онда кемшін тұстар жеткілікті болатын, кеңес тұсында ол ең әуелі саяси идеологияға байланысты болды.
Қазақ-жоңғар соғысы кезеңдерінде ел арасынан суырылып шыққан тұлғалардың орны ерекше болды. Хандар, билер, батырлар ел қорғаны болып, халық мүддесіне сай үлкен жауапкершілікті алып, жауға қарсы тойтарыс беріп бақты. Осындай аласапыран кездері, яғни еліміз жан-жақтағы көрші елдермен өз мемлекетін сақтап қалу үшін, ел үшін, жер үшін күрескен кезеңде белгілі батырлардың есімдері көптеп шықты. Оларға тарихнамада біраз еңбектер арналды. Сөзсіз, Тәуке хан, Есім хан, Жәңгір хан, Әбілхайыр хан, Абылай хан, Төле, Әйтеке, Қазыбек билер, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Жәнібек сияқты батырлар және жыршы-жыраулар белгілі есімдер қатарынан саналады. Дегенмен де қазақ-жоңғар соғыстары кезінде тарих сахнасына шыққан тұлғалардың кейбіреуі әлі күнге дейін ақиқаты ашылмай жүр.
Ел тәуелсіздігімен бірге әбілқайыртанудағы жаңа ізденістердің қатарына К.Есмағамбетов [34], И.Ерофеева [35], Ә.Мұқтар [36], С.Мәшімбаев [37], Ж.Қасымбаев [38], С.Өтениязов [39], Б.Нәсенов [40], Ж.Жақсығалиев [41], т.б. тарихшылардың сүбелі еңбектері қосылды. Тарихшы Ирина Ерофееваның монографиясы - Әбілқайыр сынды көрнекті мемлекет қайраткерінің шынайы болмысын танытуға арналған алғашқы ғылыми зерттеулердің бірі.
Бөкенбай батырдың ерлігі мен жетістігі туралы заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлы кіші жүз руларының Ресей Империясына қосылған кездегі жағдайды сипаттайтын «Үркер» романында жазған. Әсіресе Әбілқайыр ханмен тізе қосып, отыз жыл бойы сыртқы жаумен жаға жыртысқаны және 1742 жылы сәуірде түркімендермен болған шайқаста ерлікпен қазақ тапқандығы туралы толық баяндалған. Ордабасыдағы жиын туралы да: «Үш алаштың туын тағы да азуы алты қарыс үйсін тұрып, арғын тұрып, алшын тұрып күні кешегі табындардың көсемі Қараұлы Бөкенбай ұстады» делінген [42].
Бөкенбай Қарабатырұлы туралы қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет зерттеушісі, ғалым Мұхтар Мағауиннің қаламына да арқау болды. Атап айтқанда, «Қазақ тарихының әліппесі» атты еңбегінде батырдың ерлігі кеңінен баяндалған. Онда Бөкенбай батыр Әбілқайыр ханның қасында аса ықпалды, халық алдында ерлігі, мәрттігі, абыройлы және айбынды тұлға ретінде бейнеленеді [1].
Қазақ-жоңғар соғыстарының «Ақтабан шұбырында» кезеңінде қазақ арасында аты шыққан бір емес, бірнеше Бөкенбай (Бөгенбай) есімді батыр болғандығына зерттеушілер назар аударған. Бұл батырларды бір-бірнен айырып, жасаған қызметтерін ажыратып зерттеудің қажеттілігін көрсетеді. Бөгенбай батырларға С.Қарамендин, С.Боранбаев сияқты авторлар өз жұмыстарын арнаған [43]. Ал Н.Жетпісбай Қарақұмда жауға қарсы күрес үшін елді рухтандырып, дәл сол жоңғарларға қарсы бар күшті сарп етіп, тойтарыс беруге үгіттеген табын Бөгенбай батыр болғанын зерттеулерінде көрсетіп жүр [44].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет