3.5 Ауаның құрамындағы бензин буы концентрациясын анықтау
Құрылғы: газоанализатор УГ-2
Ауаның құрамындағы бензин буының концентрациясын анықтау УГ-2 газоанализатордың көмегімен анықтауға болады.
Газоанализатордың жұмыс жасау принципі зиянды заттармен ластанған ауаны ауатәрізді құрылғысы бар индикатор түтікшесі арқылы ауаны соруға негізделген. Индикатор түтікшесінде боялған бағанның түзілуі анализделетін бу мен индикатор түтігіне толтырылатын реактивтің арасындағы реакция нәтижесінде жүреді. Нәтижесінде бастапқы түстен айырмашылығы бар зат түзіледі. Ауадағы анализделетін газ концентрациясы түтіктегі индикатор ұнтағының ұзына бойына боялған бағанына пропорциональ болып келеді.
Бензиннің атмосфералық ауадағы ШМК, мах бір реттік концентрациясы 5 мг/м3, орта тәуіліктік концентрациясы 1,5 мг/м3-ке тең. Біздің зерттеулерімізде бензин заправкалардың маңынан ық жағында тұрып 4 мин бойына алынған ауаның құрамында бензин парының мах бір реттік концентрациясы 12,5 мг/м3, 3 км қашықтықта 7,5 мг/м3, 6 км қашықтықта 4,5 мг/м3.
3.6 Тобыл-Торғай экологиялық департаментінің 2014 жылдық есебі
ҚР стратегиялық құжаттарында көрсетілген экологиялық саясатты орындай отырып, атмосфералық ауаның жағдайын бақылау бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде, өйткені атмосфералық ауаға зиянды заттардың шығарылуының жылдан жылға жоғарылауы - Ақтөбе облысының маңызды экологиялық проблемаларының бірі болып отыр. Егер 2013 жылы шығарылған зиянды заттардың көлемі 303,9 мың тонна болса, 2014 жылда 325,3 мың тоннаға өсіп отыр.
Автокөліктерден шығарылатын зиянды заттар атмосфералық ауаға шығарылып жатқан зиянды заттардың жалпы көлемінің қомақты үлесін құрайды, егер 2013 жылы автокөліктерден шыққан зиянды заттардың көлемі 94,2 мың.тн. болса, 2014 жылы (шамамен) ол – 106,8 мың тоннаға өсті, яғни жалпы шығарындылар көлемінің 32,8 құрайды.
Кесте 12. Шығарындылар көлемінің жылдар бойынша көрсеткіші (мың тн.)
Шығарындылар көзі
|
2013 жыл
|
2014 жыл
|
Барлығы, соның ішінде:
|
303,09
|
325,3
|
Стационар
|
208,89
|
218,5
|
Жылжымалы (автокөлік)
|
94,2
|
106,8
|
Кесте 13. Ақтөбе облысының ауа бассейнін ластайтын негізгі ластаушы заттар:
2013 жыл шығарындылар көлем, мың тн.
|
Барлығы
|
Соның ішінде: қатты-14,52, газтәрізді-210,98
|
Күкіртсутек (2 кл)
|
Екі кыш-қылды азот (2 кл)
|
Екі кыш-қылды күкірт (3 кл)
|
Сажа (3 кл)
|
өлшенген заттар (3 кл)
|
Көмір тегі қышқылы (4 кл)
|
Көмірсутегі (4 кл)
|
Басқа
лары
|
218,5
|
0,106
|
12,6
|
76,5
|
10,6
|
6,2
|
63,5
|
38,5
|
10,5
|
Ақтөбе облысының статистикалық есебінің мәліметтері бойынша ластаушы заттар шығарындыларының көздері 7789 құрайды, оның 4451 ұйымдастырылған, 596 тазарту құрылғыларымен жабдықталған, 159 жабдықталуы тиіс, соның ішінде «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ – 945 шығарынды көзі бар, оның – 469 ұйымдастырылған; «ҚазақОйл Актөбе» ЖШС– 313, ұйымдастырылғаны – 150; «ТҰК Казхром» АҚ АФЗ - 717, ұйымдастырылғаны – 237; «ТҰК Казхром» АҚ ДТКБК – 278, ұйымдастырылғаны – 152; «АХҚЗ» АҚ – 176, оның ішінде: ұйымдастырылғаны – 144; «Ақтөбе ЖАҚ ИОА» МГБ – шығарынды көздері – 688, оның – 597 ұйымдастырылған[30].
Достарыңызбен бөлісу: |