Қатынша киіп алып киімдерін
Гулетіп тарта берді диірменді
("Сұлу әйел мен молда. 1 - кітап, 92 бет").
¥ялмай балаларша сақалыңмен,
Сөз қылып келініңді не қылғаның?
("Сұлу әйел мен молда. 1 - кітап, 93 бет").
Ғылымды халық өнермен аспанға ұшып,
Балықша сүңгіп жүрер суға түсіп
("Ақыл қуат табады ғылымменен, 46 бет, 1987ж.").
1. 4. 8. Молда Мұса өткен ғасырдың соңғы ширегінде етек алған шығыс әдебиеті әсерімен келген білім-түсініктерді де образ жасауға қатыстырады. Мысалы: "Қыз сипаты", "Сүйгенімді сағындым", "Сырым қызға" деген махаббат лирикасына жататын өлеңдерінде:
Суретің асқан жаһаннан
Періште хорлар пішінді
("Сүйгенімді сағындым, 194 бет, б.ғ.ж.").
Жаһаннан асқан суретің
Перінің қызы секілді
("Сүйгенімді сағындым, 194 бет, б.ғ.ж.").
Көңілді ашар дидарың
Көктемгі баһар самалдай
("Сырым қызға, 194 бет, б.ғ.ж.").
Молда Мұса жаһан, періште, хорлар, лэззат, ұрият, мархабат, шэхит, насихат, сөз, нақыл, хүкім, кәріхана, рәсім, мүбәрәк, рабат, ғанибет сияқты сөздерді еркін және жиі қолданған.
1. 5. Метонимияның берілуі.
Ғалымдардың бәрі дерлік өзара ұқсастық пен жақындық негізінде бір заттың орнына екінші заттың немесе құбылысты алмастырып айтуды метонимияға жатқызады. Заттың немесе кұбылыстың тек бір жағын, я болмаса бөлшегін атай отырып, ойдағы затты түгелімен елестету де осы алмастырып айту.
Яғни метонимияның өзге троп түрлерінен негізгі айырмашылығы да, өзгешелігі де осы. А.Байтұрсынүлының метонимия деген терминді алмастыру деп қазақшалауы осы өзгешелікті дөп басады.
Қазақтың тіл білімінің негізін салушы А.Байтұрсынов метонимияны былайша түсіндіреді. "Арасында жақындығы бар екі нәрсенің атын ауыстырып, бірінің орнына бірін айту, алмастыру, ауысу (яғни метонимия) деп аталады (7, 147-173). Осы сияқты тұжырымдар З.Қабденов, М.Белбаев, С.Хасановалардың да еңбектерінде айтылған.
"Метонимия - троп, в котором место названия одного предмета дается названия другого, находящегося с первым в отношнии ассоциации по сменности" (СЛТ, 19) - деген пікірді белгілі бір дәрежеде қорытынды түйін деп қарауға болады.
Ғалым Л.Нұржекееваның еңбегіне сүйене отырып, метонимияны грамматикаға байланысты қарастырып, метонимия жасайтын сөз топтарының лексикалық-грамматикалық ерекшеліктеріне төмендегіше тоқталдық.
1. 5.1. Сын есімдердің метонимия ретінде қолданылуы.
Сөз шеберлерінің шығармаларында ойды бейнелі, әсерлі етіп жеткізу үшін сын есімдерді метонимиялы түрде колданған. Сын есім сөздер заттанып барып метонимия жасайды.
Мысалы Жаман парқы жақсыдан бөлек деген.
(«Адам мен аюдың достыгы», 48).
Бұрынғы жақсылардың бір мақалы
"Надан до стан - дұшпаның зерек" деген
("Адам мен аюдың достыгы").
Береке осы күнде момында жүр,
Мал бағып момын байгүс амалдап жүр
("Сайлау деген елге бір бүлік болды").
Бір бақыл бай бар екен сараң болған,
Есігіне еш кедей бара алмаған
("Қайырымды қыз бен қайыршы, 45").
Бір жігіт Көтеншіден таппадың ба,
Күзеген сақал-мұртын қуға тиіп
("Сырым қызға, 78").
Тақсыр-ау, сіз бір ұлық, біз бір нашар,
Кей жаман ел білмейтін судай тасар
("Тышқан мен түйе").
Іріктеп көріктісін пұлға сатып
("Сайлау деген елге бір бүлік болды").
Бұл өлең жолдарындағы жаман, жақсы, қу, кедей, нашар, көрікті сөздерінің бәрі сын есімдер, бірақ олар жаман адам, жақсы адам, кедей адам, нашар адам, көрікті қыз, қу адам деген зат есімнің мағыналарын білдіреді. Яғни жақсы, жаман, нашар, көрікті сын есімдері адамның сапалық мәнін білдіре отырып, өздері сол сөздің (адам) орнын алмастырып түр.
1. 5. 2. Есімдіктердің метонимия ретінде қолданылуы.
Ежелгі грек ойшылы Аристотель сөз таптарының ішінде есімдіктің де метонимияланатынын сөз еткен. Есімдіктердің басқа сөз таптарының (есім сөздердің) орнына жүретіні белгілі.
Біз бір бұлбұл сайраған
("Сүйгенімді сағындым").
Боп тұрсың сен бір үйрек көлден ұшқан
("Сырым қызға").
Көп адам саялаған сіздер шынар
("Қасымбек болысқа").
Күрең ат кетті мені тастады
("Күрең ат").
Бұл мысалдардағы есімдіктің бәрі адамды немесе адам топтарын алмастырып тұрған метонимиялар.
1.5.3. Етістіктердің метонимия ретінде қолданылуы.
Басқа сөз таптары сияқты етістік те заттанып барып тіліміздегі метонимиялардың жасалуына өзіндік үлес қосады. Етістіктің ішінде есімше сөздерден метонимия айрықша мол жасалады. Мысалы:
Іріктеп көріктісін пұлға сатып,
Пышаққа жарайтынын қырып болды.
("Сайлау деген елге бір бүлік болды").
Пара жеп болыс қойды қалағанын
("Сайлау деген елге бір бүлік болды").
Сайлауда көп құтырған бөрі болды
Ортаға ап оңдырмай түр талағанын
("Сайлау деген елге бір бүлік болды", 43).
Жұлдыздай болып жалтырап
Көргеннің кетер әуесі
("Табиғат тамашалары, 42").
Бұл мысалдардағы пышаққа жарайтынын деген есімше "мал" деген ұғымды білдірсе, қалағанын, көп құтырған, талағанын, көргеннің деген есімшелер адам деген жалпы ұғымды білдіріп, метонимия болып тұр.
Бұл сөзім бәрі нұсқа ойлағанга,
Ілгері бабын бағып байлаганға
Есектей едірейіп шығар есі
Мал бітіп бұрын қарны тоймағанга
("Агаш пен маймыл").
Толған қалмас төгілмей бір шайқалып,
Жалған дүние гуілдеп өтер жанып.
("Өзіңді бүл дүниеде жолаушы біл").
1. 6. Молда Мұса шығармаларының тілінде метафора сияқты ең көп қолданылатын троптың түрі - кейіптеу. А.Байтұрсынов: "Кейіптеуді -жансыз нәрсені жанды нәрсенің күйіне түсіріп тұрпаттау" десе (1,18), Қ.Жұмалиев: "Жаратылыстың жансыз нәрселерін жанды нәрселердей етіп, жандылардың істейтін амалдарын істеткізіп суреттеу" деген тұжырым жасайды (9, 168).
Кейіптеу грамматикалық жағынан алғанда, етістіктен болып, қимыл-әрекетті көрсетіп тұрады.
Ақын табиғаттың көктемнен күзге дейінгі құбылыстарын шебер суреттеген. "Табигат тамашалары" деген өлеңінде де образды етістіктерді пайдаланады.
Мысалы:
Сұлу қыздай сыланған
Бәйшешектер бүрленіп
Шақпагын жағып жарқырап
Күркіреп бұлт күңіреніп
Сыбдыр қағып күйменен
Сулар агып, сылдырап
Жасыл шөптер шайқалып
Біткен жері елжіреп
Қызыл, жасыл, ақ гүлдер
Ашылып бәрі албырап.
Ақын көктем тәрізді табигат құбылысын, суреттегенде оны адам бейнесінде жан бітіре, адамдарга тән әрекет үстінде береді. (персонификация әдісін қолданғандықтан).
Бәйшешектер бүрленіп, сұлу қыздай сыланады, шақпағын жағып жарқырап, бұлт күркіреп күңіренеді, жасыл шөптер шайқалып, біткен жері елжірейді, қызыл, жасыл, ақ гүлдер ашылып, бәрі албырайды.
Мысалы, желдер дүркіреп шөпті тербетіп өсіреді сияқты қимыл атауларын еркін ендірген. Бұлар стильдік қызмет атқарып, поэтикалық құралға айналады.
1. 7. Молда Мүсаның өзіне тән қолтаңбасын танытатын белгілердің бірі - экспрессивтік болуы күшті, модальдік реңкі бар сөздерді образ үшін шебер пайдалануы. Мысалы, жеке адамдарга арнап айтқан сын, сықақ өлеңдерінде, мысал шығармаларында қоғамдағы ұнамсыз құбылыстарды халық мүддесінен шет кеткен, мансаптан басы аиналған, әділдік, нысап, қанағатты ойлаудан қалған атқамшерлерді, өз заманындағы лауазым иесі адамдардың құбылмалы мінезін, уәдесіздігін дәл, әсерлі етіп беру үшін жағымсыз қимылды білдіретін етістіктерді қолданады және оларды көбінесе өткен шақтық көсемше формасында пайдаланады.
Мысалы: адырақтап, қаңғалақтап, тарбаңдап, шабандап, елпектеп, ақыранып, ыржалақтап, тарбаңдап, тоңқаңдап, ыңқылдап, едірейіп, қиқылдап деген етістіктерді келтіреді.
«Абай поэзиялық шығармаларының тілі» деген еңбегінде профессор Р.Сыздықова мұндай экспрессивтік мәні бар көсемше тұлғалы етістіктерді экспрессоидтар деп атайды.
Құс болсаң болар едің ала тақтақ,
Жүрер едің ағаштың басын бақтап.
Жаз бойы жарқабаққа ұя салып,
Ойнар едің шегірткемен ыржалақтап.
("Құс болсаң . . ., 54 бет").
Не тұлпарлар сүрініп қапы кеткен
Адырақтап жер-суды басқанымен
("Жолбарыс пен түлкі, 1 к, 63 бет").
Тарбаңдап жүрер уақты қош
Тасбақалар, кенелер.
("Табиғат тамашалары, 10 бет").
Бір тышқан бір түйені жетеледі
Елпектеп түйе байғұс кете берді
("Тышқан мен түйе, 60 бет").
Мен мұндай өте алмаймын күзеріңнен,
Қиқылдап бұған түссем жүземін мен.
("Тышқан мен түйе, 60 бет").
Қараңғыда қаңғырып қаңғалақтап,
Жігіттік бір талай жыл әуре етті.
("Қарекетке жаратқан адамзатты").
Ойнап айтқан өлеңге ақырақтап
("Мүсабек пен Манат").
Құрбақадай ырбаңдап екі саны
("¥ры мен жолбарыс, 85 бет").
Кетті шығып тоңқаңдап биік шыңға
("Адам мен аюдың достығы, 66 бет").
Өкпеге ыңқылдатып тепті дейді
("Семірген есек, 70 бет").
Бұл етістіктердің барлығының дерлік семантикасында эмоциялық бояу бар.
Молда Мұса ғашықтық цикліндегі "Сүйгенімді сағындым", "Сырым қызға", "Қыз сипаты" өлеңдеріндегі адамның психологиялық күйін білдіретін сөздерді өлең тіліне молынан ендіреді. "Сүйгенімді сағындым" өлеңінде нақтылы адамның көңіл-күйі, сүйгеніне деген сағыныш, үміт, арман, өкініш, сезімдері қат-қабат берілген. Ақын сүйгенін сағынған жігіттің сезім тереңдігін, жан ынтазарлығын әсіре де әсер ленд іре түсу үшін:
Көзімнен ғайып болсаң да
Көңілде тұрсың көлбеңдеп,
Көз алдымнан кетпейді
Суретің ләйім елбектеп,
Қылығың еске түскенде
Ашылар көңілім сергектеп,
Сағынғанмен жетуге
Арада адыр, дөңбек көп,
Ұшқан құстай болар ем,
Сіз жаққа жүрсем бір-бірлеп,
Жүруге әлім келмесе
Жетер едім еңбектеп, - деген тізбекте көлбеңдеп,
елбектеп, сергектеп, бір-бірлеп, еңбектеп деген образды етістіктер келтіреді.
Молда Мұсаның ғашықтық цикліндегі "Сырым қызға", "Сүйгенімді сағындым", "Қыз сипаты" өлеңдерінде: жігіт сүйгенін сағынып сабандай қатып сарғалды, ауыздан шыққан лебізі есіткен жанды мае қылады, сағынғаннан сүйегі балқиды.
Солардың ең әсерлісі - еске түскен сайын ынтықты арттыратын сүйген сұлуға деген ынтызарлықтың асқынғандығынан жігіт көзіне мөлтілдей келіп түра қалатын көз жасының сипаты.
Есіме түссең ынтығым
Күннен күнге асқынар
Білдірер саған амал жоқ
Мөлтілдеп көзде жас тұрар.
Бұл - ешкімде жоқ, тек Молда Мұсаға ғана тән, өзіндік қолтаңба. Бұл қолданыс тәсіл Молда Мұсаны халық поэзиясымен барынша табыстырады. Өйткені халық поэзиясында сөз етіліп отырған зат та, қимыл да жалаң аталмай, өзінің қасиетімен, белгісімен қоса аталады. Мұның өзінде де нақтылы зат пен қимылдан гөрі олардың қасиет-белгісіне көбірек көңіл бөлінеді. Ал бұл қасиет-белгі таза сындық формадағы сөздер болып келмейді, әрекетті суреттеме, әрекетті сипаттама түріндегі сөздер болып келеді.
Мысалы:
Ауыздан шыққан лебізің
Есіткен жанды мае қылар
Біз бір бұлбұл сайраған
Ашылған сіз бір қызыл гүл
Жаһаннан асқан суретің
Перінің қызы секілді
Толқып шыққан күн бе дер
Ажарлы көрік бетіңді
Әтірмен жүпар аңқиды
Тарқатсаң өрген кекілді
("Сүйгенімді сағындым").
Мінеки, Молда Мұса шығармаларында образды етістіктерді қолдану тәсілі кеңінен орын алған.
1. 8. Молда Мұса шығармаларындағы инверсия.
Өлең құрылысындағы инверсияның рөлі мен қызметі зор екендігі мэлім. Инверсия, яғни өлең жолындағы сөздердің дағдылы орнының ауысуы, негізінен, ырғақ пен ұйқасқа қатысты. Өлең жолдарындағы сөздердің (сөйлем мүшелерінің) орындарын өзара алмастыру немесе бір сөйлем болып келетін бірнеше (көбіне екі-үш) жолдардың орнын ауыстыру арқылы айтылмақ ойдың белгілі бір бөлігіне екпін түсіру, сөзді мэнерлеу, моральдық рең беру, тағы сол сияқты бірнеше мақсат жүзеге асырылады.
Тегінде өлең синтаксисінің проза синтаксисінен басты ерекшелігінің бірі инверсияда жатыр. Сөйлем мүшелерінің түркі тілдеріне, соның ішінде қазақ тіліне тән классикалық тәртібі: бастауыштың баяндауыштан бұрын түруы, түрлаусыз мүшелердің өздері қатысты сөздерден (мүшелерден) бұрын орналасуы, құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы компоненттің басыңқыдан бұрын келуі - өлең синтаксисінде жиі және оңай бұзылып, инверсия жасайды. Ғалым Р.Сыздықова: "Инверсия жасау үшін белгілі бір мотивтер керек. Оның үстіне, инверсияның өзі кездесу жиілігіне, қолданылған орнына қарай бірдей емес. Біздіңше, инверсияның бір түрі жалпы ырғаққа, ұйқасқа орай оңай келтірілетін, сондықтан да жиі ұшырайтын болып келсе, енді бір түрі белгілі бір мотивті көздеп әдейі қолданылған болады". (23, 109).
Алғашқы түрге, біздіңше, бастауыш пен баяндауыштың және толықтауыш, пысықтауыш пен соларға қатысты сөздің (көбінесе баяндауыштың) орындарының ауысып келуі жатады. Ешбір өзге мақсат көздемей-ақ, өлеңнің ырғағына, ұйқасына карай баяндауыш бастауыштан бұрын, яғни не жолдың басында, не ортасында келе беруі мүмкін:
1. Бастауыш пен баяндауыштың орын алмастыруы.
Баласы текті атаның Сырым айым,
Қылды ғашық жамалыңа бір құдайым.
(Сырым қызға, 192).
Хат жаздым ғашықтықпен Сырым жанға,
Бермеуші ем бұрын көңіл ешбір жанға.
Сәулесі қараңғы үйді жарық қылған,
¥қсайды-ау ақ бетіңіз атқан таңға.
(Сырым қызға, 192)
Бұдабай, айтар сөзің осылай ма?
Жүруші ек біз де қанып сіздің жайға
("Молда Мұса мен Бұдабай, 122").
Заманында бар екен қариясы
Өзі әйел, ағарған қардай шашы.
("Түзу терек").
Қылды сауда кемпірдің сол терегін
"Берейін деп жаныңа не керегін"
("Түзу терек").
Айтты кемпір "Сатпаймын ағашымды"
("Түзу терек").
Қызымырлығын патшаның көзі көріп,
Қылды қымбат саудасын кемпір келіп.
("Түзу терек").
Болды құмар бойыңды көрген халық.
Тура жүрсек азбаймыз сіз бенен біз.
Жақсы болмас еш қыңыр басылған із.
("Түзу терек").
2. Анықтауыш пен анықталғыш сөздің арасына өзге мүшелердің келтірілуі де инверсияға жатады.
а) Сәулесі қараңғы үйді жарық қылған,
¥қсайды-ау ақ бетіңіз атқан таңға.
("Сырым қызға", 192).
ә) Күрделі анықтауыштың арасында анықталатын сөз түседі.
Ашылған екі бетің қызыл гүлдей.
("Сырым қызға", 193).
Теңізден шығып тұрған сіз бір седеп,
Салынып еш дүкенге тесілмеген.
("Сырым қызға", 193).
2. Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнен кейін түрады.
Әтір мен жұпар аңқиды,
Тарқатсаң өрген кекілді.
("Сүйгенімді сағындым", 194).
ІІ тарау. Молда Мұса шығармаларының лексикалық құрамы.
2.1. Кірме сөздер. Бір тілден екінші тілге ауысқан сөздердің кірме қабатын зерттеу арқылы тарихтың белгілі бір кезеңдегі халықтар арасында болған экономикалық, әлеуметтік, мәдени қарым қатынастарды көруге болады. Аталған түрлі қарым-қатынастардың әсері жайлы мәселені арнайы зерттеген Л. 3. Рүстемов: "Қазіргі қазақ тілінің сөздік қорында түбірлес (түркі) тілдерге ортақ сөздер де, араб, парсы, монгол тілдерінен қосылған сөздер де, орыс, грек, латын т.б. тілдерден ауысқан элементтер де аз емес" (4), -дейді.
Біз Молда Мұса шығармалары лексикасының кірме қабаты қазақ тілінің байырға сөздерімен қатар араб, парсы, түркі, орыс тілдерінен енген кірме сөздерден тұратынын байқадық. Кірме сөздерді төмендегідей тақырыптық топтарға бөліп қарастырдық.
Молда Мүса шығармаларындағы араб-парсы
тілдерінен енген сөздер.
Молда Мұса өлеңдерінде араб-парсы сөздерінің кездесу реті ақынның бүл сөздерді шагатай әдебиеті материалдарымен болсын, я араб тілі ыңғайымен болсын қалай дегенде де жете біліп қолданғандыгын аңғартады.
Молда Мұса жаһан, періште, хорлар, ләззат, урият, мархабат, шәхит, насихат, нақыл, хүкім, рәсім, мүбәрәк, рабат, ғанибет, ишан, сауап, нақ, абат, жамал, бұлбұл, седеп, гүл, дарақ, мәуе, тарбиет, тарих, рақым, тарық, мейман, намаз, қаһар, мешіт, перзент, дүние, дерт, шаһид, хал, баһар, дарақ, пенде, ризық, шариғат деген сөздерді еркін және жиі қолданған.
Бірі сусыз шөлдерден қүдық қазып,
Басына ұлы рабат сарай салмақ.
("Байлар өлсе", 15).
Сіздердей халық қарындасы ағайынның
Сұраушы ем амандыгын дәйім жақтан
("Қызылқұмның елі еді", 15).
Қылды абат шөлді көлдей құдықтарың
("Қызылқұмның елі еді", 17).
Жаһаннан асқан суретің Перінің қызы секілді
("Сүйгенімді сагындым", 19).
Біз бір бұлбұл сайраған
Ашылган сіз бір қызыл гүл
("Сүйгенімді сағындым").
Ғашықтық отын сөндіріп,
Халіме рақым еткейсің.
("Сүйгенімді сағындым").
Жаңбырлы жүктен баһардың
Суға толған сабасы.
("Ақ бұлт пен көк бұлт").
Сырттан байқап қарасам
Дарақтың ата-енесі,
Тәрбиет қылып әуесі,
Әртүрлі пісер мәуесі
("Ақ бұлт пен көк бұлт").
Молда болсаң айтып бер шариғаттан
Сүйегін Әзіретәлі кім ұстаған?
("Кәрі қызбен қағысу").
Биікке сіз бір шырын біткен миуа,
Көп адам іңкэр болған қолы жетпей.
("Молда Мұса мен Манат").
Жақсы деген қыңырлық еш дерек жоқ.
Тарихтарды ақтарып қылса дерек.
("Түзу терек")
Ол жайда да ризығымыз жетіп тұрды,
Бес ай уақыт рақым етіп түрды.
("Қарекетке жаратқан адамзатты", 23).
Жігіттігің көктемнің баһарындай,
Кәрілігің қыс тоқсан қаһарындай.
("Қарекетке жаратқан адамзатты", 22).
Адам түгіл алдайды періштені
Оқыранып тұрса да үйір тартып
("Адам түгіл алдайды періштені")
Тіркестер: ғашықтық дерті, жүзі нұрланды хордай болып, аштықтан қүдай алмай, асыл туған дәлет-бақ, мінәжаты қабыл болып, құдайға мінәжат қылу, мархабатпен жұмыс қып, дүние абат болар, бүл заман абат болды, ақырында харап болып, мұратқа жету, рахатқа қол созу, шаһардың падишасы, неке қылды.
Айналайын ағашым, туралықпен
Қылдың құмар шаһардың падишасын.
("Түзу терек")
Ілгері ешбір жоқ еді
Мұндай абат қылынған.
("Ащысай").
Қыздың жүзі нүрланды хордай болып,
Хор-перімен дидары бірдей болып
Ғашықтықтан жігітке қарар қалмай,
Неке қылды ол қызды көңілі толып.
("Қайырымды қыз").
Жақсылар, бұл айтқаным - насихат сөз,
Ұзақ өмір бізде жоқ, уақытымыз тез.
("Тіршілікте ғанибет ғылым ізде").
Ғылым шамын қолына алған адам
Қараңғы тар жолда да сұрінбеген
("Тіршілікте ғанибет ғылым ізде").
Ақырында тілегін беріп құдай,
Мұратына солар да ақыр жеткен.
("Жолдас ұста").
Орыс тілінен енген сөздер.
Молда Мұса тілінде орыс тілінің әсері күшті сезілмегенімен, бұл тілмен қарым-қатынасқа түскені байқалады: өлең тіліне орыс сөздерін қатыстыру әрекеті активтене бастайды, оларды образ үшін пайдалану нышаны байқалады.
Мысалы, порым, автомобиль, пойыз, паравоз, газет пошта, балшабек, пар, параход, айырплан, школ т.б. орыс тілінен енген сөздерді пайдаланады.
Кірісіп жаңа порымға,
Бейнеткеш кед ей озып түр
("Октябрьге 14 жыл").
Теңселіп тұр мінісіп
Автомобиль, пойыз, жорғағы
Ащысайга пойыздар
Барып қалар ақырын
Сусылдап болат паравоз
Тасты басып жапырып
("Октябрьге 14 жыл").
Басылып тұр газетке,
Жер жүзінің хабары
Хабарды халыққа шашып тұр
Пошталардың шабары.
("Талапты жастар").
Пар келмес, "балшабекке" ешбір дұшпан,
Күн батыс өкімінде күн шығыстан
Параход, пойыз да жүр темір жолда
Аспанда айырплан құстай ұшқан
("Жаңаның жақтырып түр түрін кісі").
Әр жерден школ-мектеп ашылып тұр
Қаржыға сансыз ақша шашылып тұр
("Большевик кең қылып тұр тар дүниені").
Молда Мұса шығармаларындағы топонимдер.
Профессор Т. Жанұзақов: Географиялық атауларда халықтың тарихы, тіл тарихы және тарихи география жөніндегі қыруар бай материал, құнды деректер сақталған" (24, 12).
Молда Мұса шығармаларында төмендегідей жер-су атаулары кездеседі: Қызылқұм, Қаратау, Арка, Алтай, Қарпық, Тоқа, Сыр, Ақтөбе, Орынбор, Ащысай.
Жатушы еді Ащысай
Ойлы-қырлы сала боп
Бұл күнде гүлдей ашылды
Берекелі қала боп
("Ащысай", 52).
Арзандығы құлағын елеңдетті,
Ақтөбе, Орынборға көп ел кетті.
("Болыпевиктің әділет бостандығы", 37).
Өлеңім өзен Сырдың ағысындай,
Жүйріктің өршіп шығар шабысындай
("Өзіңді бұл дүниеде жолаушы біл", 25).
Қызылқүмның елі деп арман етер,
Арқада Алтай, Қарпық, Тоқадағы
("Қызылқұмның елі деп", 15).
Молда Мұса шығармаларындағы этнонимдер
(ел-жұрт атаулары, ру атаулары).
Молда Мұса шығармаларында қазақ халқы мен көршілес қалмақ, өзбек, орыс, тәжік, түрік, жүһид атауларымен бірге қазақтың ішкі атаулары да аталады.
Қоңыратта бір бай болған ілгеріде,
Бар шығар білмегені де, білгені де.
("Адалдық пен арамдық", 74).
Көтеншеде Құлыншақ өлеңші еді,
Шу дегенде суырылып жөнеуші еді.
("Ақын деп сыртымыздан әркім қанық", 24).
Ауылың жылда шығар Сарысуға
Жолықтық қоныстас боп қыпшақ қуға
("Молда Мұса мен Будабай", 118).
Будабайым, қай рудан озып жүрсің
Мойынды әр тарапқа созып жүрсің
Мұнда симай кеткенің Үндістанға
Әр жерде жеті ру боп тозып жүрсің
("Молда Мүса мен Будабай", 122).
Қалмақтың сен секілді тіліменен
Орта жүз өлеңіме болды-ау нала
("Молда Мұса мен Будабай", 123).
Патшаның уақытында мұндай ма едік?
Ықтиярсыз бір тұтқын құлдай едік
Қазақ, сарт, орыс, жүһид бірдей болып,
Еш жүртқа теңгерілмес мұндай ерік
("Большевик кең қылып тұр тар дүниені", 34).
Үргеніш, Қашқар менен тәжік, түрік,
Қыз тумас ешбірінен сіздердей боп.
("Молда Мұса мен Будабай").
Молда Мұса шығармаларының материалдық
мәдениет лексикасы.
Ғасырлар бойы жер бетінде тіршілік етіп келе жатқан қай халықтың болмасын күнделікті тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, кәсібін, ұлттық сана мен талғам негізінде қалыптасқан мәдениетін бейнелейтін өзіне тән материалдық дүниесі болатыны белгілі.
Қазақ лексикасындағы заттың мәдениет атауларын арнайы қарастырған профессор Ж. Манкеева бұл атаулардың өзіндік ерекшелігін: "Заттың мәдениет лексикасы ұлттық тұрмыс пен шарушылық ерекшелігіне сай технологиялық процесс нәтижесінде, өз мәні мен атқаратын қызметіне сай сөз тудырушы модельдер арқылы жасалатын лексика-семантикалық категория ретінде, куммулятивтік қызметі негізінде сақталған материалдық өндіріс пен мәдени туындылардың атаулары" (11, 13) - деп тұжырымдаған.
Зерттеу жұмысымызда заттың мәдениет лексикасын төмендегідей топтарға жіктеп қарастырдық.
2. 1.6. Қару-жарақ атаулары.
Қазақ қару-жарағының зерттелуі XVIII - XIX ғасырларда Қазақстанда болып, қазақтың тұрмыс-салтын зерттеген орыс және Европа зерттеушілері П.И.Рычков, П.С.Паллас, И.И.Фальк, В.В.Радлов, А.И.Левшин, С.Б.Броневский т.б. еңбектерінен бастау алады.
Ертедегі әскери қару-жарақтар туралы құнды мәлімет берген әрі қазақ қаруын этнографиялық тұрғыдан алғаш зерттеушілердің бірі -қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлиханов. Қазақ халқының қолөнерін зерттеген Ә.Маргұлан, Ж.Аргынбаев, С.Қасиманов, Р.Шойбеков т.б. ғалымдар еңбектерінде қазақтың қару-жарағының да жекелеген түрлерінің жасалу технологиясы, көркемдік тәсілдері зерттеліп, оларға қатысты халықтық терминдер айтылады. Қазақ батырларының қару-жарағын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеген академик Ә.Қайдар кейбір эпостық шыгармаларда, мақал-мәтелдерде кездесетін әскери мәнді сөздердің түп-төркінін, мағыналарын танытқан академик Р.Сыздықова қазақ тіліндегі әскери лексиканы зерттеген Т.Байжанов, Н.Уәлиүлы т.б. еңбектерінде қазақ тіліндегі қару-жарақ атауларының қалыптасуын, ерекшеліктерін, семантикасын қарастырган болатын.
Молда Мұса шығармаларында пышақ, өткір алмас, шоқпар, ақ найза, сойыл, зеңбірек деген атаулар кездеседі.
Бір пышақ үміткермін өткір алмас.
("Жолдас ұста").
Ілімсіз бос - құр шоқпар
("Талапты жастар").
Қызгыш әскер атқан оқ
Бүйірінен көктеп өтіп тұр
("Октябрьге 14жыл").
Молдеке, найзаң қайда түйрейтұғын
("Молда Мұса мен Манат айтысы").
Аса алмас қыз жігіттен жұртын билеп,
Ешжаумен ұрыса алмас сөйыл сүйреп.
("Мұсабек пен Манат").
Ақындық алтын шоқпар қойып кетер
Қойып кетсе төбеңді ойып кетер
Ақындардың келеді тілі қанжар
Біреуді іреп, біреуді сойып кетер
("Ақындардың келеді тілі қанжар").
Достарыңызбен бөлісу: |