Кіріспе тарау


Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық



бет6/7
Дата20.05.2022
өлшемі90.99 Kb.
#458033
1   2   3   4   5   6   7
Мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының психологиясы

2.3. Бастауыш мектеп оқушыларының оқуға танымдық
қызығушылығын дамытуда мұғалімнің атқаратын жұмысы
Республикада оқыту мазмұны жаңартылып, жаңа буын оқулықтарының негізінде жасалған бағдарламалар бастауыш мектептің жаңа жүйеге көшіуін әрбір мұғалімнен жаңаша жұмыс істеуін, батыл шығармашылық ізденісін, оқушылардың белсенділігі мен қызыуғушылығын арттыруды талап етеді. А.С.Макаренко оқушыларды сабаққа тарта білу,олардың оқуға қызушылығын арттырып, білімге құмарту керектігіне баса көңіл бөлді. Оның пайымдауынша, қызығушылық сапалы оқудың негізгі жолы, ешбір қызығусыз тек қана зорлық күшімен жүргізілген оқу оқушы бойындағы білім алуға деген құштарлықты жояды.
Жас бала не нәрсені болса да құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан, әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін іздестіру қажет.Қазіргі сабақтың түрлері сайыс, жарыс сабағы, концерт, аукцион,кіріктіру сабағы т.б. өз нәтижесін беріп жүр. Әсіресе, халықтық, педагогиканы пайдаланып, ата- бабаларымыздың жақсы дәстүрін шәкірттердің бойына дарыту мақсатында халық ауыз әдебиетін пайдалануға болады.Қазақ халқының мейірімділігі, кеңпейілдігі, сыпайылығы,көпшілдігі, сөзге беріктігі туралы әңгімелеу арқылы осы қасиеттерді шәкірт бойына сіңіру, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу,әдептілікті бйік ұстаусияқты әдет- ғұрыпты үйретуге болады. Оқушының пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта проблемалы жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып кез келген, проблеманы шешуге үйренеді.
Дамыта оқудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесі 3 негізгі құраушыдан (оқу мақсаттарының қойылуы, оны шешудің жолын бірлесе қарастыруы, шешімнің дұрыстығын дәлелдеуі)тұрады. Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының, оқуға деген қызығушылығы артады.
Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды қайталанбас кезең. Содықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс.
Бастауыш мектеп балаға білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді.
Білім беру мекмелерінің қазіргі жаңа құрлымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жаңаша іскерлік пен жаңа технологияны ендіру міндеттерін шешуді талап етуде. Мұның өзі бастауыш мектепте оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыруда маңызы зор екендігін айғақтайды.
Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден – кез келген бала адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақтаған тәжірбиесін меңгертуге бағытталған оқу әрекеті арқылы дамиды, білім, білік, дағдыны қабылдайды. Екіншіден – кез келген оқушы шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өзінің мүмкіндіктерін дамытады.Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің асыруға бағытталған жаңа әдіс- тәсілдер іздейді. Проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.
Екі әрекетте оқушылар – екі түрлі мүдделер көзделген әр түрлі мақсатты шешеді. Мысалы оқу әрекетінде белгілі дағдыны қалыптастыратын, белгілі бір ережені меңгеретін жаттығулар орындаса, шығармашылық әрекеттерде баланың іздену жұмысы басты нысана болады. Оқу әрекеті баланың жалпы қабілетін дамытса, шығармашылық әрекет нақты жағдайды шешу барысында нәтижеге жеткізетін қабілеттерін дамытады.Жаңа буын оқулықтары ұстаздардан шығармашылық пен ізденушілік,жаңашылдықты талап етеді. Оқушыларға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру – әр ұзтаздың негізгі міндеті. Бастауыш сынып оқушыларының ой- өрісін дамытуда ойын әрекетінің маңызы зор. Ойын – балалардың негізгі іс- әрекеттерінің бір түрі. Ойын балалар үшін күрделі әрекет. Балалар білімді ойын арқылы да ала алады. Сабақтағы ойын арқылы білімін шыңдап, ой- өрісін кеңейте алады. Ал ойынның өз мақсаты, жоспары, тәрбиелік мәні, қажетті заттары, ерекшеліктері болады. Баланың жас ерекшелігіне, сай ұымдастырылған ойындар баланың ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез- құлқын, қалыптастырады және де сабаққа деген қызуғышылығын арттыру.
Оқушылардың сабақтағы қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырудың жолдары сан-алуан. Бұл пікір педагогикалық әдебиеттерде көрсетіліп, нақтыланған әрі бірнеше ғалымдар пікірлеріне үндесіп отырады. Сондықтан қандай да бір пән болмасын, сол пәнге оқушының қызығушылығын, белсенділігін қалыптастыруды тудыру жолдары, шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлерін жинақтап көрсетуге болады.
1. Берілетін білім мазмұны мен оқушының жас ерекшелік ақыл-ой даму деңгейінің сәйкестігі.
2.Берілетін білім мазмұнының қызықты болуы.
3. Оқу әрекеті мотивінің,міндет мақсатының, айқындылығы
4 .Мұғалімнің кәсіби және мәдени құзырлығының жоғары деңгейлігі.
5. Оқушылардың міне-құлық, қабілет ерекшелігінің ескерілуі.
6.Оқушылардың өз бетінше және шығармашылық жұмысының тиімді ұйымдастырылуы.
7.Оқытудың көрнекілікке, бақылау әрекетіне негізделе жүргізілуі.
8. Оқушының оқу мүмкіндігін, денсаулығын есепке ала оқыту
9.Проблемалық ситуация тудыра оқыту тиімділігі.
10. Ерік – жігері, жауапкершілік, борыштық сезімін тәрбиелеу.
Сабақта берілетін оқу материалдарын оқушыларға жеткізу үшін, әр – түрлі оқыту әдістерін қолдануға болады. Мектептегі ең кең тараған оқыту әдісі – ол мұғалімнің ауызша баяндауы. Бұл әдіс оқу процесінде жетекші рөл атқарады, барлық пәндерді оқытуда және сабақтың түрлі кезеңдерінде әсіресе жаңа материалды түсіндіруде кеңінен орын алады.
Мұғалім өзінің сөзін көрнекі бейнелермен байланыстырады. Мұғалімнің ауызша баяндауы, сұрақтарды анық және түсінікті етіп қоюы, проблемалы ситуация тудыратын етіп қоюы, баяндалатын материалдың ең маңызды жерлерін айырып беруі, хабарлаудың жүйелі және дәлелді болуы қажет. Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді сонымен қатар дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны жөн.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет