ІІ ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2.1 Жазық айнаның қасиеттерін өлшеу жұмыстарында қолдану
Қалай ойлайсыздар, қарапайым сызғыштың көмегімен өлшеуге келмейтін биік ғимараттардың биіктігін қалай өлшеуге болады?! Оны қарапайым жазық айнаның көмегімен жүзеге асыруға болады. Өлшеу барасында жұмыстың дәлділігін анықтау үшін біз: а) мектеп ғимаратының б) баскетболь шеңберінің с) ойынға арналған тіреудің д) шырша ағашының биіктігін өлшедік (1-4 сурет).
1-сурет
2-сурет
3-сурет
4-сурет
Бұл жұмыста біз келесі геометриялық заңды қолдандық:
Шағылу заңы: жарық сәулесінің шағылу бұрышы сәуленің түсу бұрышына тең
5-сурет
Сондықтан екі бірдей АВС және үшбұрыштары үшін келесі теңдеу дұрыс болады:
Енді біз келесі жағдайды қарастырамыз. Ғимараттың жоғарғы бөлігінен келетін жарық сәулесі жерде жатқан жазық айнаға түседі де, айнадан шағыла отырып, бақылаушының көзіне түседі. 3-ші суретте нәрсені өлшеп тұрған адам мен жарықтың шағылған сәулесінің үшбұрышты беретінін көруге болады [5].
6-сурет
Айнаға түсккен жарық сәулесінің бұрышы мен шағылу бұрышы тең болғандықтан, жердегі үшбұрыштың бұрыштары бір-біріне тең. Демек үшбұрыштар бірдей және олар үшін келесі өрнекті жазамыз:
Мұндағы, –өлшенетін дененің биіктігі, - өлшейтін дененің биіктігі, - жазық айнадан өлшенетін денеге дейінгі арақашықтық, - өлшейтін денеден жазық айнаға дейінгі арақашықтық. Осыдан өлшенетін дененің биіктігін анықтайтын формуланы аламыз:
Өлшеуді жүргізу үшін бізге келесідей құрал-жабдықтар керек: жазық айна, өлшеуіш құрал. Өлшенетін денеден белгілі бір арақашықтықта тұрамыз және жазық айнаны ортаға қоямыз. Жазық айнадан өлшенетін дененің басы көрінбейінше алыстай береміз (7-сурет).
7-сурет
Өлшейтін денеден жазық айнаға дейінгі арақашықтықты өлшейміз. Айнадағы өлшенетін дененің басы көрінетін жерден бастап денегей дейінгі арақашықтықты өлшейміз. Содан кейін өлшейтін адамның көзінен бастан жерге дейінгі биіктікті өлшейміз (8-сурет).
8-сурет
Мектеп ғимаратының биіктігін өлшеу:
Алынған нәтижелер: м, 1,5 м, м,
Формула:
Шешімі:
Баскетбол шеңберінің биіктігін өлшеу:
Алынған нәтижелер: м, 1,44 м, м,
Формула:
Шешімі:
Ойынға арналған тіреудің биіктігін өлшеу:
Алынған нәтижелер: м, 1,2 м, м,
Формула:
Шешімі:
Шырша ағашының биіктігін өлшеу:
Алынған нәтижелер: м, 1,94 м, м,
Формула:
Шешімі:
1-кесте
|
, м
|
, м
|
, м
|
, м
|
Мектеп ғимараты
|
1,2
|
1,5
|
13,45
|
10,76
|
Баскетбол шеңбері
|
1,2
|
1,44
|
5,15
|
4,3
|
Ойынға арналған тіреу
|
1,2
|
1,2
|
2,1
|
2,1
|
Шырша ағашы
|
1,2
|
1,94
|
1,05
|
0,64
|
Біздің өлшеуіміздің дәлділігін анытау үшін, біз мектеп ғимаратының архитектуралық құжатынан оның биіктігін біліп алдық. Ол үшін өлшеу қателігін пайызбен өлшеу керек. Ол үшін өлшенген дененің нақты биіктігіненен біздің өлшеуден алған биіктіктен айырмасын, өлшеу биіктігіне бөліп, 100 көбейтеміз.
Біздің тәжірибеміздің қатесі:
Демек біз қолданған өлшеу әдісі бізге дененің биіктігін 92 дәлдікпен өлшеуге мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |