Кіріспе зерттеу тақырыбымыздың өзектілігі



бет8/10
Дата04.03.2024
өлшемі367 Kb.
#494137
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Негізгі бөлім

ҚОРЫТЫНДЫ

Жасөспірімдердің девиантты мінез – құлқының формасына нашақорлық, маскүнемдік, коррупция, өзімшілдік және топтық эгоизм т.б жатады.


Осы мәселенің мүмкүн боларлық шешу жолдары екінші тарауда қарастырылған, яғни девиантты мінез – құлықтың негізгі себептері әлеуметтік теңсіздік болып табылады. Девиантты мінез – құлықтың өсу деңгейін төмендету әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық, құқықтық, экономикалық тәжірибенің алдына көптеген міндеттер қояды. Біздің көзқарасымыз бойынша жасөспірімдермен жүргізілген алдын – алу жұмыстарының мақсаты балалардың тиімді әлеуметтенуіне және баланың қалыптасу процесінде өмірге қабілетті және жауапкершілікті болып қалыптасуына көмектесу. Сонымен қатар зерттеу кезінде біз жасөспірімдердің әлеуметтенуі әлеуметтік тәрбиенің тиімділігіне байланысты деген қорытындыға келдік.Сонымен қатар тәрбие жұмысы әлеуметтік бақылаумен толықтырылуы қажет.
Өзінің эгоистік қызығушылықтарын бірінші орынға қоятын жасөспірімдерге мәжбүрлеу шаралары қолданбаса, онда ешқандайда гуманды идеялар бала өмірін қайта қалпына келтіруге көмектесуі мүмкін емес.
Бірақ сонымен қатар отбасының материалдық жағдайын қарастыра отырып, рухани аспектілерді де мүлдем жоққа шығаруға болмайды. Біздің ойымызша қазіргі жасөспірімдердің арасындағы күрделі мәселелердің туындауы олардың алдарына нақты мақсат қойып және барлық қиындықтарды жеңіп оған жетуді ұмытқан. Сонымен негізгі экономикалық және рухани факторларды бір – бірімен байланыстыра қарастырыу қажет. Болмаса девиантты мінез – құлықты бір жақты қарастыру күрделі қиындықтарға әкелуі мүмкін. Сонымен девиантты мінез – құлытң феноменін жан – жақты талдау осы мәселені үш негізгі бағытта зерттеудің қажеттілігіне әкеледі;
1 девиантты мінез – құлықтың болу себептері;
2.девиантты мінез – құлықтың алдын – алу мәселелері;
3.девиантты мінез – құлықпен күресудің әлеуметтік – педагогикалық мәселелері.
Оқыту және тәрбиелеу жұмыстары барысында девиантты мінез – құлықты жасөспірімдердің адамгершілік құндылықтарды сіңіру және оның алдын – алу үшін төмендегідей нұсқауларды ұсынамыз:

  1. мектеп ұжымы жас ұрпақты адамгершілік тұрғыдан әлуметтендіру мәселесіне қатысты тәлім – тәрбиелік шараларды іс жүзіне асыру барысында, оқушылардың бойына ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың өнегелік үлгілерін үйлестіре дарыту заңдылығының қазіргі кезде үлкен мәнге ие екенін есте сақтау қажет;

  2. өскелең ұрпақты тұлға ретінде қалыптастыру үшін олардың бойына өздерінің адамдық бітім болмыстарының, адамгершілік қадір – қасиеттерінің, әлеуметтік тәжірибенің өнегелік үлгілерінің, рухани құндылықтар мен рәсімдердің, салт – дәстүрлер мен жөн – жоралғылардың алдағы бүкіл өмір бойы сіңірілуіне түрткі болып отырған қабілеттілікті дарытуға күш салынуы керек;

  3. адамгершілік тәрбиесін тәрбиенің барлық түрлерімен кіріктіре жүргізудің басты шарты ретінде өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақтың тәрбиесіне қатысы бар барлық әлеуметтендіру институттарының - мектептің, отбасының және ортаның, ақпарат құралдарының, қоғамдық тәртіп сақтау органдарының, түрлі жастар ұйымдары мен бірлестіктердің жұмыстарын үйлестіре жүргізген жөн;

  4. осы қарастырылып отырған мәселеден шығудың тиімді жолы алдын – алу жұмыстарына орта мектепке және басқада білім беру мекемелеріне әлеуметтік педагог пен психологтарды көптеп орналастыру;

  5. оқушылармен ағартушылық жұмыстары бастауыш сыныптан бастап, оқу бітіргенге дейін жүргізілуі тиіс;

  6. мемлекет тарапынан педагогтарды әлеуметтік және экономикалық жағынан қатамасыз ету;

  7. мемлекет тарапынан өзіне - өзі көмектесуге арналған орталық ашу(онда девиантты мінез – құлықты жасөспірімдерге жан – жақты медициналық, педагогикалық, психологиялық, құқықтық көмектердің қамтылуы қажет).

Сонымен қатар оқушы жастардың, жасөспірімдердің теріс қылық жасаушылықтарын батырлыққа, ерлікке бағалап, олардың осындай жағымсыз қылықтарды көптеп жасауларына ықпалы көбірек болып отырғаны ақпарат көздері, мемлекеттік емес газет-журналдар, тобырлық санаға арналған басылымдар, лас бейнефильмдер көрсетіп, тек жарнама жасау арқылы байып отырған теледидарлар.
Жас ұрпақтың адамгершілік тәрбиесіне, ұлттық болмысымызға тән тәлім-тәрбиелік құндылықтарды игеруіне мүмкіндік жасайтын, балалардың танымдық ерекшелігін ескерген арнайы көркем эстетикалық сапалы бағдарламалардың ақпарат көздерінен орын алуы тиіс деп санаймыз.
Бұл мәселеге байланысты ел басымыз Н.Назарбаев: “Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе-білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады” деп атап көрсетті [11].
Есірткінің іс-әрекетін алғашқы нақты зерттеу жұмыстары. Бұл бірінші кезекте Самуил Тейлор Кольридж, Томас де Квинтет және басқа да бірқатар ғалымдар туралы. Кейінірек оларға химиялық құралдардың көмегімен алғашқы есірткіге тәуелділерді "оңалтуды" жүргізуге тырысатын тәжірибе-ғалымдар (Ф. Зертюрнер, У. Джеймс, Г. Дрессер, А. Хоффман және 67 басқалар) қосылды. Ф. Зертюрнердің қызметінің нәтижесі жаңа есірткі затының – морфиннің пайда болуы болды.
XX ғасырда есірткіні зерттеу Девиантология аясында жүргізілді,онда көбіне есірткі кешені зерттелді. Бұл жерде Р. Мертон, А. Коэн, У. Шелдон, А. Габиани, Я. Гилинский, Б. Левин, Л. Журавлева, М. Позднякова, Л. Кесельман, Л. Тимофеев, Э. Колесникова сияқты ғалымдарды атауға болады.
Жасөспірімдік есірткіні зерттеу девианталогтарды зерттеу тақырыбына айналды және ол С. Бычков, А. Гришко, И. Кириллов, З. Коробкин, В. Попов, Ф. Ямбиков және т.б. есімдерімен байланысты. Есірткінің жай-күйінің өзгеруі, атап айтқанда, есірткіге айналатындардың ерте жасы жасөспірімдік есірткінің танымның жеке затына бөлінуіне көп ықпал етті.
А.Е. Личко мен В.С. Битенский есірткі мен психотропты заттарды қолдану мотивтерінің классификацисын жасап ұсынған болатын: 
-Әлеуметтік-психологиялық мотивтер: мәдениет пен дәстүрге негізделген мотивтер; басқа адамдардың немесе референтті топтың қысымынан бағынуды сипаттайтын субмиссивті мотивтер; жеткіншектік топтың «есірткілік құндылықтарына» еліктегісі келетіндігін көрсететін псевдомәдени мотивтер. 
-Өз санасының өзгеруін қажет ету: гедонистикалық мотивтер; атарактикалық мотивтер; мінезқұлықты гипербелсендіру мотивтері. 
-Есірткіге патологиялық елігу мен абстинентті синдромның салдарымен байланысты патологиялық мотивация.
Н.Ю.Максимованың пікірінше, жеткіншектерді есірткі мен басқа да психтропты заттарды қолдануға итермелейтін себептер төмендегідей: 
-өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыруда кездесетін қиыншылықтардан жеткіншектің продуктивті жол таба алмауы
-эмоционалды қозуды аз уақытқа жоюға мүмкіндік беретін психологиялық қорғаныш әдістерінің эффективтілігінің төмендігі мен толық қалыптаспауы; 
-жеткіншек жол таба алмайдын психотравмалық жағдаяттардың болуы.
Жасөспірімдердің есірткі мен психотропты заттарды қолдану мотивтерін модельдер ретінде қарастыруға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет