Кіріспе зерттеу тақырыбының өзектілігі


Конституциялық құқықтар мен бостандықтар жүйесінде адам мен азаматтық қоршаған қолайлы ортаға деген құқық орны



бет2/4
Дата13.06.2016
өлшемі348.5 Kb.
#133663
1   2   3   4

1.2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар жүйесінде адам мен азаматтық қоршаған қолайлы ортаға деген құқық орны.

Заң ғылымында «жүйе» термині қоғамдық саяси ұйымдарға, мемлекеттік органға, құқыққа және басқа да көптеген күрделі қоғамдық құбылыстарға сипаттама беру үшін пайдаланылады.Философиялық ұғым ретіндегі жүйе – бұл бір – бірімен өзара байланысты және өзара әрекеттегі бөліктерден (элементтерден) тұратын тұтас бүтін құбылыс. Тұтас нәрсенің өзін құрайтын бөлшектерсіз мүмкін болмайтыны сияқты, жекелеген бөлшектердің де жүйеден тыс дербес қызмет атқаруы мүмкін емес.

Барлық күрделі қоғамдық құбылыстарды жүйелі түрде қарастыру жүйе түзген құрылымдық бөліктердің барлық белгілері мен ерекшеліктерін көріп ескеруге мүмкіндік береді. Бұдан жалпылық және ерекшелік диалектикасы құрылады.

Азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен міндеттері Қазақстан заңнамасында және әдебиеттерде бұрын да, қазір де бір бүтін жүйе ретінде салыстырмалы түрде алып қарағанда сирек сипатталады.

Олар күрделі құқықтық категория ретінде қарапайым жиынтық емес, бірлік пен ішкі саралану (дифференциация) тән жүйеден тұрады.

Құқықтар мен бостандықтар бірлігі олардың мазмұнын құрайтын қоғамдық қатынастар негізінде болады және қалыптасады.

Тұтастай алғанда, Отандық құқықтық жүйе сияқты Қазақстан азаматтарыныңда құқықтары, бостандықтары мен міндеттер жүйесі материалдық және заңдық қатынастар тұрғысынан бірдей.

Теория мен практикада құқық саласының үш негізгі тармақшаға бөлініп қалыптасуына орай, құқықтар мен бостандықтарды да үш топқа бөлуге болады.

негізгі (негізін қалаушы);

материалдық;

процессуалдық;

Біздің қарастырып отырған қоршаған қолайлы ортаға деген құқық бірінші топқа жатады. Ол конституцяилық құқық нормаларымен бекітілген және мемлекет пен азамат арасындағы қатынасты жанама түрде көрсетеді.

Көптеген конституциялық құқықтар мен бостандықтардың, оның ішінде қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтық құқықтар мен бостандықтардың азаматтық, еңбек және әлеуметтік – экономикалық негізін құрайтынын айта кеткен жөн. Көптеген конституциялық құқықтар мен бостандықтарсыз жеке адамның субъективті құқықтары мен бостандықтар жүйесі жүзеге асырылады деп есептелінбейді. Бір конституциялық құқықтар мен бостандықтар құрамды бөлік ретінде бірнеше салалық жүйеге кіре алады. Көптеген салалық жүйенің органикалық бөлігі бола отырып, конституциялық құқықтар мен бостандықтар олардың ішінде ерекше орын алады, ол осы жүйелер үшін құқықтар мен бостандықтардың барлық салалық жүйелері арқа сүйейтін жетекші принцип болып табылады.

Осыған байланысты конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жеке адамның барлық құқықтары мен бостандықтары шеңберінде өз алдына бөлек жеке жүйе ретінде бөліп алып қарастырған жөн.

Алайда заң тұрғысы қарастырылатын еңбектерде конституциялық құқықтар мен бостандықтарға осындай қадам жасау сирек кездеседі.

Конституциялық құқықтар мен бостандық жүйесінің даму үстінде екенін атап өткеніміз жөн: ол пісіп жетілудің көп немесе өз дәрежесіне жетуі, салыстырмалы түрде алып қарағанда қарапайым немесе күрделі болуы мүмкін. Қойылған мәселелердің шешіміне тек осы жағдайларды ескере отырып қана келген жөн. Құқықтар мен бостандықтар жүйесінің жетілген үлгісіне 1948жылы қабылданған адам құқықтарының жалпы декларациясы, адам құқығы мен бостандықтары туралы Халықаралық факт және осы іспеттес басқа да құжаттар жатады.

Жүйені қоғамның әрбір мүшесінің өмірінде және іс - әрекетінде мүмкін болатын барлық маңызды салаларын өзінің реттеуші әсерімен қамтып отыратын жеке адамның құқықтары, бостандықтары мен міндеттер жиынтығы құрайды. Тиісті сала бойынша конституциялық құқықтар, бостандықтар мен міндеттерді азаматарға бекітіп беру олардың жиынтығын жүйеге айналдырады. Бұл сол немесе басқа конституцияның құқықтар, бостандықтар мен міндеттер жүйесінің бар немесе жоғына дұрыс төрелік ететін шенеуші критерий болып табылады.

Құқықтар мен бостандықтар жүйелілігі оның кепілдік беруімен тығыз байланысты. өз кезегінде конституциялық кепілдік жүйесі. Өз ішінде де, бір – бірімен де негізгі құқық ретінде ішкі байланыстардың күрделі гаммасы ретінде құқықтар мен бостандықтар жүйесі ішіндегі байланыстар оны құраушы элементтер ретінде көптеген бағыттар бойынша өтеді.

1.Бір конституциялық құқықтар мен бостандықтардың немесе міндеттердің жүзеге асырылуы басқа құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру үшін негіз болып табылады.

2. Бір құқықтар, бостандықтар мен міндеттердің орындалуы басқа міндеттердің орындалуын тоқтату үшін негіз болып табылуы мүмкін.

3. Құқықтар мен бостандықтардың бұзылуы немесе азаматтардың өз міндеттерін орындамауы басқа конституциялық құқықтар мен бостандықтарға әсерін тигізеді.

Құқықтардың негативті және позитивті болып бөлінетін жалпы классификациясы қызығушылық тудырады.

Бұлай бөлудің мәні мынада:

Негативті құқықтар мемлекеттің және басқа тұлғалардың міндеттерін адам өмірі үшін барынша маңызды салаларда анықтайды. Негативті құқықтар негізі болып саналады, олар жеке бостандықтың негізін қалайды. Олардың жүзеге асырылуын мемлекеттік ресурстарға тәуелді болмайды.

Позитивті құқықтар, керісінше, олардың практика жүзінде іске асырылуы үшін мемлекеттік иснтитуттар тарапынан белгілі бір жағдайлар туғызуға қадам жасайды. Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық позитивтік құқық болып табылады., яғни оның жүзеге асырылуы, мемлекеттің оның органдарының, лауазымды тұлғалардың және жеткілікті ресурстардың араласуынсыз мүмкін емес негізгі заңдар мен құқықтардың қазіргі позитивтік классификациясы: біріншіден, азаматтық (жеке) және саяси құқықтар мен бостандықтар;

Екіншіден, әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар болып бөлінеді. Құқықтар мен бостандықтарды бұлай бөліп қарау заңдардың әлемдік практикасында да, ұлттық оның ішінде Қазақстан құқық жүйелерінде де қарастырылған.

Қазіргі зерттеушілер тарихи контексте үш құқық жалғастығын бөліп көрсетеді. Осыдан «адам құқығының жалғастығы» деген ұғым шығады.

Бірінші жалғастық құқығының табиғатында екінші жалғастық құқығынан ерекшелігі бар. Оларды негативті құқықтарға жатқызады, ал екнші жалғастық құқығы позитивті, әлеуметтік болып саналады.

Адам құқығының үшінші жалғастығы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптаса бастады. Үшінші жалғастық құқығының табиғаты әр түрлі көзқарасқа толы: Р.А.Мюллерсонның пікірінше, адам үшінші жалғастығын адам құқығы және халық құқығы деп атауға болады: бейбіт өмірге, қоршаған ортаға немесе әлеуметтік және экономикалық дамуға деген құқық әрбір адамға және кез келген халыққа, оның ішінде, жалпы алғанда, адамзатқа тән.

К.Васак құқықтың үшінші жалғастығына адамдардың ынтымақтастығына негізделген ұжымдық құқықты жатқызады және оларды «ынтымақтастық құқығы» деп атады.

Көптеген авторлар үшінші жалғастыққа негізінен «жаңа» құқықты жатқызады.

- Аталған құқықтардың жекелеген адамға қатысты екендігі күмән тудырмайды. Алайда, біздің көзқарасымызша, бұл құқықтардың ерекшелігі сол – олар ұжымдық болып табылады және жеке адамдармен ғана емес, ұжыммен, қоғаммен, ассоциясымен жүзеге асырылады.

Осы көзқарас тұрғысынан алып қарағанда қоршаған ортаға деген құқықты жеке адамға тән дербес және ұжымдық деп қарастыруға болады.

Құқықта деген жаңа көзқарастың адам құқығына деген жаңа қадамның бірінші дәрежелі, екінші дәрежелі, негізгі және негізгі емес деп бөлінуін жоққа шығаратынын атап өткен жөн. Бұл адамның әрбір құқығының оның өмірінде басты роль атқаратындығымен байланысты, олардың ешқайсысы

бір - бірін алмастыра алмайды және бір - біріне бағынбайды.

- Тұтастай алғанда қоршаған қолайлы ортаға деген құқық конституциялық құқық пен бостандықтар жүйесінде маңызды орын алады, бұл құқықтың бұзылуы Қазақстан Республикасының конституциясында бекітілген басқа құқықтармен, бостандықтармен тығыз қарым – қатынаста болады.

өмір сүруге деген құқыпен (экологиялық авариялармен, катастрофалармен немесе өлім қаупі бар созылмалы ластанумен байланысты адам өміріне қауіп төндірушілік);

денсаулықты қорғауға деген құқықпен (өмір сүрудің экологиялық қауіпті шартарының болуы);

жеке адамның қабілетіне деген құқықпен (түрлі экологиялық факторлардың әсер ету нәтижесінде адам денсаулығына экспременттер қолдану);

демалуға деген құқықпен (ауа, су, топырақ, азық – түлік өнімдерінің ластану деңгейінің өсуі);

қауіпсіз аймақтарда еңбекке деген құқықпен (жұмыс орында қоршаған ортаға деген қолайлы жағдайлар мен қамтамасыз ету қажеттілігі);

тұрғын үйге деген құқықпен (тұрғын үйлер аумағындағы жекелеген өндірістік кәсіпорындарда экологиялық қауіптің сақталуы); адамдар мен азаматтардың құқықтарына тікелей қатысты құжаттармен, материалдар мен танысуға деген құқықпен; кез келген заңды тәсілдер бойынша экологиялық ақпарат алу үшін ізденіске, ақпарат алуға, ақпарат беруге, таратуға деген құқықпен;

экологиялық құқық бұзылған жағдайда келген шығынның орнын толтыруға деген құқықпен;

экологиялық факторларға байланысты мемлекеттік өкіметтік органдардың немесе лауазымды тұлғалардың заңсыз іс әрекетіне байланысты мемлекеттен келген зиянның орнын толтыруға деген құқықпен. Осыдан мынадай сұрақ туындайды:

Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың бұзылуы неге өзінен кейін басқа негізгі құқықтар мен бостандықтардың бұзылуына жол береді?

«Қоршаған орта» және «денсаулық» ұғымдары бір – бірімен тығыз байланысты және соңғысы қоршаған орта жағдайына тәуелді. Бұл мәселені кеңінен қарастырып көрейік.

«Денсаулық» ұғымын әр түрлі сипаттауға болады. Жалпы алғанда, Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымының (БДҰ) анықтамасы бойынша, денсаулық деп дене, рухани және әлеуметтік жағынан толық қалыптасқан жағдай түсініледі. Заңдық тұрғыдан алып қарағанда денсаулық дегеніміз – жеке адамның жеке қоғамның құқығын жүзеге асыру және оны пайдалану мүмкіндігі.

әлеуметтік – экономикалық аспектілер материалдық және рухани құндылықтарды құру үшін қоғамның рухани және интелектуалдық әлеуметінің өлшемі ретінде қарастырылады. Психофизиологиялық көзқарас тұрғысынан қарағанада денсаулықтың мәні еңбектің әр түрін жүзеге асыруда дене және ақыл – ой еңбегіне қабілеттілік деңгейінен көрінеді.

Қоршаған орта факторларының әсер ету ерекшеліктері тұрғындар денсаулықтарының көрсеткіштеріне айрықша әсер етеді. өзгерістің ізі сондай – ақ демографиялық процесте де көірнеді. Бұл барлық өзгерістерді жинақтай келе былайша тұжырымдалуы мүмкін:

денсаулықты сипаттайтын барлық көрсеткіштердің динамикалық темпі жеделдетіледі (ауыршаңдық, мүгедектік, өлім –жітім, дене бітімінің дамуы);

потологиялық жаңа эпидемиялық емес темпі қалыптасты;

демографиялық өзгерістер жіті байқалды (қартаю, ерте қайтыс болу);

жоғары деңгейдегі аурулар саны анықталды (қан айналу жүйесінің аурулары, тыныс алу органдарының спецификациялық емес созылмалы түрлері, бақытсыз жағдайлар, улану, дене жарақаттары және т.б.);

бұрын сирек кездескен аурулар тобы байқалды (эндокриндік, аллергиялық, туа біткен жүрек ақау, иммундық жүйе аурулары және т.б.);

кейбір инфекциялқ аурулар өсімі байқалады;

көптеген патологиялардың қалыптасу үрдістері байқалды.

Қорыта келгенде, еңбек ету сапасы, әлеуметтік – демографиялық процесстер, ұрпақты тәрбиелеу және оқыту адам денсаулығының жағдайына байланысты.

- Бұл проблемалардың өзектілігі, өткірлігі мен масштабтық сипатқа ие болуы Лондонда 1999 жылдың 17 маусымында Қоршаған орта мен денсаулықты қорғау бойынша министрлер деңгейінде үшінші конференция декларациясыны қабылдануға әкеп соқтырды.

- Осы Декларацияға сәйкес адам денсаулығы мен қоршаған орта жағдайын жақсарту жұмыстары бойынша жергілікті жоспарларды дайындау және жүзеге асыруға нұсқау беріледі (24б), тұрғындарға ақпараттан хабардар болуға, қоғаммен байланысты күшейтуге, қоғамдастық бірлестіктердің ролін күшейтуге кеңес беріледі. (30б). (48б) Айтылған «қоршаған ортаның факторлары әсіресе бала мен репродуктивті денсаулыққа зиян келтіреді» деген тұжырым ерекше қызығушылық туғызады.

Осыған байланысты балалар ауруының санын көбейту үшін, олардың денсаулық жағдайын жақсарту үшін Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау Ұйымдарының қойған міндеттерін орындауда жетістіктерге қол жеткізу үшін белсенді шараларды қабылдау қажеттігі туады. 1999жылдың 30 наурызында қабылданған «Тұрғындардың санитарлық – эпидемиологиялық жағдайының жақсаруы туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес адамның тұратын жерінде зиянды факторлардың болмауға тиіс екендігі айтылады.

- Өкінішке орай жоғарыда айтылған факторлардың кері жағы да бар. Аталған заңның денсаулық пен қоршаған қолайлы ортаға деген конституциялық құқықты жүзеге асыруда тұрғындардың санитарлық - эпидемиологиялық әл – ауқатының жақсаруына бағытталғанын айта кеткен жөн.

Алайда, құқықтың қоршаған қолайлы ортаға деген негізгі роліне қарамастан осы құқықтың басқа құқықтар мен бостандықтардың бұзылуына әкеп соғады, іс – тәжірибе жүзінде оны жүзеге асыру қиынырақ. Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың жүзеге асырылуына кедергі болатын факторларды жағдайлар мен себептерді анықтаған дұрыс.

- Жоғарыда айтылғандар азаматтардың экологиялық құқықтарының бұзылуының негізгі себептерін айқындауға көмектеседі.

Негізгі себептердің бірі – бұл азаматтардың экологиялық құқық саласындағы заңнамалық нормаларды саналы түрде бұзатын жеке тұлғалар. Аталған тұлғалара құрылыс, реконструкция т.б. жұмыстарда экологиялық сараптаманың қорытындысы оң болған жағдайда, ол мемлекеттік жобаны қолдаудың міндетті элементі болып табылады.

Одан әрі радиациялық апаттар, радиоактивті қалдықтар туралы апараттардың жарияланбай құпия түрде сақталуы да Экологиялық Кодексте заң бұзушылық болып табылады. Мұндай заңнамалардың бұзылуына көптеген мысалдарды келтіруге болады. Түптеп келгенде, бұзу саналы түрде лауазымдық тұлғалардың іс әрекеттегі заңнамаларды бұзумен сипатталатындығы қорқыныш тудырады.

- Қоршаған қолайлы ортаға деген құқық бұзушылықтың кең таралған себептерінің бірі – лауазымды тұлғалардың экологиялық авантюризмі, олардың қабылдаған шешімдері азаматттардың көптеген конституциялық құқығын бұзып жатады. Бұл шешімдердің мазмұны құқыққа қарсы емес сияқты болып көрінгенмен, олар адам денсаулығына жағымсыз әсер етіп, қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкеп соқтырады. Бұл сол шешім қабылдағандарға әу бастан белгілі болатын жайт.

- Осыған байланысты, біздің көзқарасымызша, қоршаған қолайлы ортаға деген лауазымды тұлғалардың, тіпті жалпы алғанда қоғамның құқықтық мәдениет деңгейі де байланысты.

- Осыдан басқа үшінші себепті бөліп көрсетуге болады. Ол – экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған мемлекеттік құрылымдардың іс - әрекеті бекітілген халықаралық талаптар деңгейіне ғана емес, тіпті елдегі әлеуметтік, экологиялық – экономикалық күйреу проблемаларын шешудің нақты мүмкіндіктеріне де сәйкес келмейді.

Осындай жағдайда шетел тәжірибесін оқып – үйрену мен жинақтаудың мән маңызы ерекше.

Соңғы он екі жылдықта Қазақстан экономикалық және экологиялық кеңістік жағынан қатты даму үстінде, оның нәтижесі көзге көрінерліктей. - Экологиялық менеджмент және аудит сызбасы сияқты жаңа әдіс -тәсілдер қолданылуда. Қазіргі таңда Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша халықаралық стандарттарда көрінетін экологиялық басқару жүйесі қалыптасуда және дамуда. [ ]

- Осы және басқа да түйткілді мәселелерді шешу үшін табиғатты пайдалану және қоршаған табиғи ортаны қорғау жұмыстары бойынша Үкіметтік комиссия құрылған. Бұл атқарушы үкіметі мен атқарушы өкімет органдарының іс - әрекетін үйлеструді қамтамасыз ету мақстында құрылған болатын.

- Экологиялық құқықтардың бұзылуының төртінші себебі - әрекеттегі заңнамалардың тек сөз жүзіндегі қалуы. Бұл жеке адам, қоғам және мемлекет мүдделерінің объективті түрде сәйкеспеуімен байланысты туындап жатады.

- Бірнеше ондаған жылдар бойы біздің мемлекетіміз «Мемлекет – қоғам – жеке адам» принципі бойынша өмір сүріп келді. Қазақстан Республикасы Конституциясы 1995 жылы «жеке адам қоғам мемлекет» деген басқа принципті нығайту үшін барлық Қазақстандық азаматтарға біраз уақыт керек. Н.Б.Мухитдинов дұрыс атап өткендей «Әлеуметтік экономикалық даму процесінде қоршаған табиғи ортаны сақтау және сол күйінде ұстап тұру үшін мемлекеттік органдардың қызметін қайта құру мен экологиялық талаптарға сай өмір сүруден басқа мүмкіндіктері жоқ»! алайда бұл стратегиялық міндет іс – тәжірибе жүзінде іске асырылып жатқан жоқ.

- М.М. Бринчук экологиялық заңнамалардың дамуын келесі принциптерге қағидаттауға негізделуі мүмкін деп өз пікірін қарастырады. [ ]

1. Конституциялық

2. Экологиялық заңнамаларды: «құқықтар – міндеттер – жауапкершілік – жүзеге асыру процесі кепілдік» жүйесі бойынша орналастыру.

3. Экологиялық заңнамаларға құқықтық, экономикалық, ұйымдастыру, идеологиялық механизмдерді жүзеге асыратын құқықтық нормаларды жасау және енгізу;

4. Ғылымшылық;

5. Қабылдау практикасын есепке ала отырып мерзім – мерзіммен жаңартып отыру.

- Қазіргі экологиялық жағдай қабылданатын заңдардың тиімділігіне, сапасына және барлық заңнамалар жүйесіне ерекше талаппен қарауды қажет етеді.

- Табиғатты қорғау жұмыстарында заңнамаларды реттеу қажеттігі экологиялық саясатты жүзеге асыру жұмыстары бойынша іс – шаралар кешенінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады.

Қоршаған орта туралы заңнамаларды қалыптастыру барысында аталған саладағы жаңашыл идеяларды ескеріп отырған жөн. Олардың ішіндегі негізгілері экологиялық қауіпсіздікпен тұрақты даму болып табылады.

Тұрақты даму проблемалары сондай – ақ әлемдік деңгейдегі талдау көзі болып табылады. Мәселен, 1997 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының арнайы сессиясы бойынша тұрақты даму жұмыстарындағы іс – шаралардың жүзеге асырылу қажеттігін қолдайтындығын білдірді. БҰҰ Ассамблеясының Бас хатшысының есебінде қоршаған ортамен оның дамуы бойынша үкімет тұрақты даму жұмыстары бойынша ұлттық комиссияларды құру жұмыстарын күшейтуді жалғастыру керектігі айтылады және БҰҰ жүйесіндегі ұйымдар тұрақты даму стратегиясында тұрақты дамуды қолдап отырулары тиіс. [ ]

Қазіргі таңда қоршаған орта жөніндегі заңнамаларды қалыптастыруды тұрақты дамыту мынадай бағыттарда жүзеге асырылуы қажеттігі артып отыр.

табиғатты пайдалануды тиімді түрде қамтамасыз ету;

экологиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін механизмдерді құру;

Біздің көзқарасымызша, экологиялық саясат келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуға тиіс;

- азаматтардың конституциялық экологиялық құқықтарын жүзеге асыру, сақтау және қорғау;

- қоршаған ортаны қорғау жұмыстары бойынша табиғатты пайдалану және қаржылай қамтамасыз етудің экологиялық механизмдерін жетілдіру;

- табиғи ресурстарды өндіру және қоршаған ортаны қорғау механизмдерін жетілдіру;

- қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық білім, тәрбие мен ғылыми зерттеулерді дамыту;

- технологиялық процестер мен өндірілетін өнімдердің халықаралық стандарттар жүйесін өндіру және дамыту.

Бұл бағытттар тізбесін кеңейте және толықтыра беруге болады, алайда қоғамдық қабылдауларда экологиялық өзгерістер енгізбей тұрып оң нәтиже күтуге болмайды.

Бүгінгі таңда едәуір зиян шегіп отырған қоршаған ортада лайықты өмірге деген құқықты және басқа да негізгі құқықтарды жүзеге асыру қиын, кей жағдайда тіпті мүмкін емес. Қоршаған ортаны қорғау – адамзаттың қазіргі келешектегі жақсы өмір сүруінің кепілі.

Жоғарыда айтылғандай қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың адамзат дамуының қазіргі кезеңінде ерекше мәні бар екендігін көрсетеді. Оның жүзеге асырылуы қоғамның саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени салаларын түгел қамтиды.

Қорытындылай келе, адамның өмірге деген құқығы ғана емес, қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы да негізгі құқықтың бірі болып танылуы тиіс. Азаматтардың экологиялық құқығын адам құқықтарының негізгі құқықтарының бірі ретінде бағалау қажеттігі пісіп – жетілді, онсыз басқа құқықтардың болуы да мүмкін емес. Бұл құқықтарды жүйе құрушы құқық деп атауға болады, олар басқа құқықтарды анықтауға себепші болып отырады.

2. ҚОРШАҒАН ҚОЛАЙЛЫ ОРТАҒА ДЕГЕН КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ.

1. Қоршаған қолайлы ортаға деген құқықты жүзеге асыру тәсілі ретіндегі экологиялық ақпарат.

Қоршаған қолайлы ортаға деген құқыты конституциялық жағынан бекітудің маңызы зор. Бұның әлеуметтік құндылығы оның заңдық бектілуінде емес, жүзеге асырылу мүмкіндігінде.

Осыған қатысты И.В.Дюрячиннің «Мән мен мағына тек қаншалықты құқыққа ие болуда ғана емес, соншалықты оның жүзеге асырылуында, пайдалануында» деген ұстанымы әділ болып табылады.

Табиғатына қарай әрі объективті субъективті болып саналатын құқық өзінің адамдардың іс – әрекетінде жүзеге асырылуын талап етеді.

Бұдан құқықты жүзеге асырудың жалпы проблемаларының бір бөлігі болып табылатын азаматтардың субъективті құқығын жүзеге асыру проблемасы туындайды.

Құқықтың жүзеге асырылуы - бұл оның әлеуметтік болмысы мен әрекет тәсілі, басты қызметінің орындалуы, субъективті құқықтың «материализациялануы». Кең мағынада алып қарастырғанда, жүзеге асыру ұғымы ұйымдардың, органдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың заңдық нормаларды нақты істе көрсетуімен түсіндіріледі.

Құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуының саяси – практикалық мәні бар, олардың жүзеге асырылуы процесінде ғана құқықтар мен бостандықтар нақты шындыққа айналады, әлеуметтік қажеттіліктер мен мүдделерді қанағатандыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Құқықтар мен бостандықтардың практикалық жағынан жүзеге асырылуы өзінің заңдық табиғи нормалары жағынан тұтас жүйелердің іске асқанын білдіреді, яғни сол құқықтың шарттарының оны пайдалану тәртібінің, қолдану ерекшеліктерінің, жүзеге асырылуының қайта қалпына келтірудің мазмұны нақтылана түсуі мүмкін.

Еңбектерде құқықтың жүзеге асырылуының мынадай формалары дәстүрге айналған: сақталу, орындалу, пайдалану және қолдану. Аталған формалар конституциялық нормалардың жүзеге асырылу процесінде ерекше мәнге ие болады және олардың арасында өзге құқықтық нормалардың жүзеге асырылу процесіндегідей емес, басқаша қатынас орнайды. Бұл кейбір ортақ элементтердің болуына қарамастан конституциялық нормалардың жүзеге асырылуында түрлі формалардың бір бірін жұтып жібермеуімен түсіндіріледі, тікелей жүзеге асырылу формалары (сақталу, орындалу, пайдалану) құқық субъектілерінің мінез – құлық ерекшеліктерін бейнелейді. Конституциялық нормаларды қолдану мен жүзеге асыруды ұйымдастыру белгілі бір мақсатқа бағытталған реттеу жұмыстарын жүргізудің бір амалы ретінде көрінеді. Әрине құқықты жүзеге асыру формалары өзара тығыз байланысты және бір – бірін толтықтырып отырады. Бұл жағдайда мына бір жайтты есте ұстаған жөн: бір конституциялық норманы түрлі субъектілер әр түрлі формада жүзеге асыруы мүмкін.

Сақталу әлеуметтік субъектілердің барлық жүйесін, тіпті барлық конституциялық нормалардың жүзеге асырылуының бір формасы - орындалуды ажырата білген дұрыс.

Конституциялық нормалардың орындалуы жалпы, сондай –ақ нақты құқықтық қатынастар арасында болуы мүмкін.

Пайдалану құқықтың жүзеге асырлуының бір формасы, мұнда тиісті субъектілер өзіне берілген құқықты пайдалана отырып, конституция рұқсат еткен амалдарды жүзеге асырады. Пайдалану – жүзеге асырудың белсенді формасы, бірақ орындалуымен салыстырып қарағанда, құқықты жүзеге асырушы субъектілердің көзқарас мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ол аз да болса мемлекеттік органдарға тән. Көп жағдайларда құқықты пайдалану конституцияны орындау міндетін білдіреді. Конституциялық нормаларды пайдалану - құқық субъектілерінің әлеуметтік белсенділігінің өзіндік индикаторы, маңызды шарты.

Көптеген конституциялық нормалардың жүзеге асырылуы, оның ішінде қоршаған қолайлы ортаға деген құқықтың жүзеге асырылуы мемлекеттік органдардың тек құқық қолдану әрекеттерінің нәтижесінде ғана мүмкін болатындығын айта кеткен жөн. Аталған әрекеттердің ерекшелігі сонда: ол өзінің тікелей қатысуымен белсенді, шығармашылық сипатқа ие және белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

Конституциялық нормалардың орындалуы коснтитуциялық құқықтық қатынастардың пайда болуымен, жалпы жағдайдан нақты заңдық байланыстарға ауысуымен түсіндіріледі.

Алайда, біздің көзқарасымыз бойынша, құқық нормаларының жүзеге асырылуы азаматтарға бекітіліп берілген құқықтардың жүзеге асырылуымен тепе – тең емес. Бұлардың арасында айырмашылықтар бар. Біріншіден, субъективті құқықтардың жүзеге асырылуы барлық құқықты реттеуші нормамен ғана байланысты. Мұны міндеттемейтін әрі тыйым салмайтын құқықтық реттеуші нормалардың субъектіге құқықты жүзеге асырудағы ерікті таңдау мүмкіндігінің берілуімен түсіндірілуге болады. Субъективтік құқыққа ие тұлға қашан және қандай формада өзінің субъективтік құықығын жүзеге асыратынын өзі шеше алады. Екіншіден, субъективтік құқықтың барлығының жүзеге асырылуы құқықтың тек бір нормасының орындалуымен байланысты бола бермейді. (мәселен, қоршаған қолайлы ортаға деген құқық тек конституциялық құқық нормаларымен ғана емес, экологиялық құқықпен де байланысты). Азаматтың нақты субьективтік құқығының жүзеге асырылу процессі әр түрлі сатыларда сол процесстің күрделілігі мен көп қырлылығына байланысты да реттеліп отырады. Үшіншіден, құқықтар мен бостандықтар олардың практикалық жағынан жүзеге асырылу процесінің бәрін қамтиды. Ерекше назар аударуды талап ететін негізгі мәселелердің бірі құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылу механизмі. Бұл демократиялық процедураларға заңдық принциптерге және әлеуметтік әділеттікке сәйкес тәртіптілік, құрылым, түрлі әлеуметтік және заңдық факторлар, формалар, амалдар, конституциялық нормалардың жүзеге асырылу шарттары мен кепілдіктері арқылы ашылатын ұйымдастырушылық саяси әрі заңдық қатынастардағы күрделі және көп қырлы мәселе. Бұл жерде әңгіме құқықтар мен бостандықтардың нақты жүзеге асырылуы жөнінде болып отыр.

Тікелей пайдалану сатысы жүзеге асырылу процесінің негізгі сатысы болып табылады. Оның алдындағы саты негізгі сатыға дайындық ретіндегі өтпелі саты болып табылады.

Жүзеге асырылу қажеттігі бостандықтар мен құқықтарды жүзеге асыру процесінің барлық сатыларында белсенді мінез - құлықты талап етеді.

Құқықтармен бостандықтардың жүзеге асырылу сатысын бөліп алып қарау бізге жүзеге асыру механизмінің жалпы сипаттамасын білуге мүмкіндік тудырады.

Е.В.Аграновскаяның пікірінше, құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылу механизмін толық оқып - үйрену үшін мына мәселелерді зерттеген жөн:

1) нақты құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылу тәртібі анықталатын заңдық фактілер;

2) құқықтар мен бостандықтардың жүзеге асырылуының белсенді заңды тәртібі, мұнда субьективтік құқық иесі оның жүзеге асырылу тәртібін өзі анықтайды;

3) жүзеге асырылудың заңмен анықталатын процедуралық –құқықтық тәртібі;

4) азаматттардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау (сақтау) [ ]

Басқаша айтқанда, азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру механизмінде олардың жүзеге асырылуына негативтік қасиетін көрсетуші түрлі факторлар белгілі бір роль атқарады. Олардың қатарына: экономика жағдайы, өмірлік игіліктерді тарату қоғамдағы игі ахуал, мәдени әлеумет, материалдық құқықтық реттеу қажеттілігінің болуы, азаматтардың арызына байланысты жұмыстарды қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы өкімет институттарының құқықтарды жүзеге асыруын процеске жұмылдыру, прокурорлық қадағалау әдіс – тәсілдерін пайдалану; өзге мемлекеттік емес органдардың белсенді іс – қимылы және т.б. кіреді. Бұған сондай - ақ азаматтық қоғам, жергілікті басқару институттарының дамуын қосу қажет. Қазақстан Республикасының Конститутциясы (18,33,45 және т.б баптар) атқарушы өкімет органдарына азаматтардың құқығын қорғауды міндеттейді. Әйткенмен мемлекеттік басқаруда осындай әлеуметтік – құқықтық қорғаудың нақты жұмыс істеуші механизмі әлі құрылмаған. Сондықтан азаматтар құқығының жүзеге асырылуы тек заңға ғана емес, әкімшілік пен жауапсыз шенеуніктердің іс - әрекетіне де байланысты. Осыған орай атқарушы үкімет органдарының іс - әрекетінде жеке тұлғаның конститутциялық құқықтарын, бостандықтарымен мүддесін әлеуметтік – құқықтық жағынан қорғау амалдары өзекті болып қала береді.

Сонымен жеке тұлғаның құқығын жүзеге асыру механизмі құқықты пайдалануды бекіту мен қамтамасыз ету жұмыстары бойынша іс - әрекеттің барлық түрлерін қамтуға бағытталған.

Олар:


Құқықтар, бостандықтар мен мүдделер кепілдіктерінің барлық түрлерін заңдық тұрғыдан бекіту;

- Азаматтардың құқықтарын мемлекеттік қорғау мен сақталудың кең таралған жүйесі, оларды нақты пайдаланумен қамтамасыз етілуі, құқықтар мен бостандықтар саласындағы түрлі құқық бұзушылықпен күрес;

- азаматтардың қоғамдық саяси белсенділігінің дамуы, құқықтар, бостандықтар мен заңды мүдделерді пайдалануға саналы түрде атсалысу, құқықтар мен бостандықтарды, заңды мүдделерді қорғауға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық бақылаудың болуы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабына сәйкес әрбір жан қоршаған орта жағдайы жөнінде толық ақпарат алуға құқылы. 1995 жылдың 20 ақпанында қабылданған Қазақстан Республикасының «Ақпарат, ақпараттандыру және ақпаратты қорғау туралы» Заңында ақпаратқа таныстыру формасына қарамастан жеке тұлға, зат, факт, оқиға құбылыстар мен процестер жөнінде мәлімет беру деген анықтама берілген.

- «Ақпарат – біздің сезімдеріміздің бейімделу процесінде сыртқы әлемнен алынған мазмұнды білдіру Алу және пайдалану процесі сыртқы әлемдегі кездейсоқ жағдайларға біздің қалыптасу және осы ортаға деген өміршеңдік процесі болып табылады» деген мазмұнды анықтаманы біз Н. Винерден кездестіреміз. [ ]

Бізді қызықтырушы ақпарат экологиялық сипатқа ие, сондықтан «экологиялық ақпарат» ұғымның мәнін түсініп алған жөн. әрекеттегі заңнамада экологиялық ақпаратқа анықтама берілмеген, бұл біздің көзқарасымызша Қазақстан заңнамасына теріс сипаттама береді. «Азаматтардың қоршаған орта жағдайы туралы ақпаратқа деген құқығы және оны қорғау туралы аталған мәселенің нормативтік шешімдері пайдалы болар еді.

Егер Еуропалық заңнамаларға көңіл бөлер болсақ, Еуропалық қоғамдастық Директивасына сәйкес экологиялық ақпаратты еркін ала алу деген – су, ауа, топырақ, хайуанаттар, жануарлар дүниесі (фауна), өсімдіктер дүниесі (флора), ауыл шаруашылық жерлері мен қорықтар және олардың пайдасы туралы білу деген сөз.

- Экологиялық ақпарат қоршаған ортаны қорғау туралы 1954 жылы қабылданған Евразиялық Кеңесте кең баяндалады. Осы Заңға сәйкес (21-бап), онда су, ауа, топырақ, фауна, флора, жер және жекелеген табиғи телімдер жағдайы туралы ақпараттар қамтылған. Бұл ақпарттар жазбаша, визуальді, ауызша формада болуы мүмкін.

М.М.Бринчуктің пікірі бойынша, экологиялық ақпаратта мынадай әрекеттер қамтылуы тиіс:

- су, ауа, фауна, флора, жер, топырақ, табиғи ландшафтар мен кешендер жай-күйі туралы;

- халықтың денсаулығы мен өміріне зиянды экологиялық қауіп-қатер туралы;

- қоршаған орта жай-күйіне химиялық, физикалық және биологиялық әсерлер туралы;

- табиғи объектілер мен адамға кері әсер етуші іс-әрекеттер туралы;

- қоршаған ортаны қорғау ісі бойынша жүргізілетін іс-шаралар, оның ішінде құқықтық, әкімшілік және басқа да шаралар туралы; [ ]

- егер Қазақстан заңнамасында мына іс-әрекеттердің қажеттілігі бекітілген болса, онда табиғи ресурстарды, табиғатты пайдалану, қоршаған ортаны қорғау, жеке және заңды тұлғалардың экологиялық құқығы мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету салалары бойынша мемлекеттік органдардың, заңды тұлғалар мен кәсіпкер азаматтардың әрекеттері туралы.

Жоғарыда айтылғандарды саралай келе, біздің көзқарасымызда, экологиялық ақпаратқа мынадай анықтама беруге болады: сол арқылы адамды қоршаған орта, оның табиғи объектілер мен адам ағзасына тигізуші (немесе тигізетін) жағымсыз әсері, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау шаралары және азаматтардың экологиялық құқығын қорғауды қамтамасыз ету шаралары бойынша мәліметтер алу деп түсінуге болады.

Экологиялық ақпаратты қоршаған ортаға дейін құқық субъектілерінің барлығы пайдалана алады. Олар: Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік, апатридтер, қоғамдық қалыптасулар, кәсіпкерлікпен айналысушылар, мекемелер, ұйымдар, мемлекеттік құрылымдар, сондай-ақ муниципальдық органдар.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 12-бабына сәйкес берілетін экологиялық ақпарат ақиқат, толыққанды және өз уақытында болуы тиіс. [ ]

Бұл жерде қоршаған орта туралы ақпаратты4 ақиқаттығы жөнінде мемлекеттік органдардың арнайы өкілеттілігі мен басқа тұлғалар айналысады. Ақпараттың қаншалықты ақиқат екендігін бағалау барысында қоршаған ортаның ақпаратын алуда тиісті мемлекеттік органдардың нақты мүмкіндіктері ескерілуі мүмкін.

Ақпараттың толыққандылығы деп оның қызығушы тұлғаларға, атап айтқанда, мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, қоғамдық қалыптасу мен өкілеттік берілген құзырлы тұлғаларға берілуін айтады.

Ақпараттың өз уақытында берілуі дегеніміз – егер заңнамада көрсетілген болса, пайдаланушыға сұраныс берген сәттен бастап, содан кешіктірмей, мүмкіндігінше аз уақыт ішінде құлақтандыру. Егер заңнамада мерзімі белгіленбеген болса, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде қаралған ереже қолданылуы мүмкін.

Заманауи батыстық саяси және құқықтық философияға сәйкес жеке құқықты сыйлау және қорғау концепциясы жеке адамға өз өмірі үшін бақылау жасау құқығын береді. Осыған байланысты ақпараттық келісім туралы доктринаның мәні зор.

Адам өз құқығын жүзеге асыру үшін ақпаратпен танысып отыруға мүмкіндігі болуы тиіс. Ақпарат арнайы, яғни тек осы жеке тұлғаға қатысты немесе сол адам кіретін әлеуметтік тұлғаға да қатысты болуы мүмкін.

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде ауқымды проблемаларды шешу үшін ақпарат рөлінсіз өсу қарқыны байқалады. Бұл «қазіргі таңда қай мемлекет барынша сапалы ақпарат жасай біледі және оны тиімді пайдалана алады, сол өркениеттің жоғары деңгейіне жете алады» деген қорытынды жасауға негіз болады. [ ] Сондай-ақ қоршаған ортаға тиімді экологиялық саясат жүргізудің негізі болатынын айта кеткен жөн.

Осыған байланысты егер қоғам ақпараттандырудың жоғары жетістігіне жете алған болса, онда ол әрі экономикалық, әрі табиғатты қорғау проблемаларын ойдағыдай шешуге қабілетті деген тұжырымға келуге болады. Басқаша айтқанда, ақпараттық қоғам жетістігі нәтижесінде экологиялық ақпаратқа деген құқықтың жүзеге асырылуымен байланысты мәселелердің табысты шешілуіне мүмкіндік бар.

Экологиялық ақпаратқа деген құқықты заңнамалық жағынан реттеуге қарамастан, қарастырылып отырған құқықты практикалық жағынан жүзеге асыруға шешілмеген проблемалардың өте көп екендігін айтуға болады. Олардың барлығы мемлекеттік деңгейде шешімін күтуде. Себебі мемлекеттің Қазақстандық Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғауға міндетті екенін ұмытуға болмайды.

Осыған байланысты, біздің көзқарасымыз бойынша, экологиялық ақпаратқа деген құқықты барынша тиімді жүзеге асыру үшін мыналар қажет:

Қазақстандық заң шығарушы «экологиялық ақпарат» ұғымына нақты дәл анықтама беруі тиіс;

Қоғамның заңнамалық шешімдер жөнінде барынша толық ақпараттандырылуы үшін сол ақпараттың жалпы Қазақстандық қайнар көзі болуы тиіс; Қоғамды өз уақытында экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған процедуралық кепілдіктер заң тұрғысында бекітілген болуға тиіс;

Қоғамдық қызығушылықтың қоршаған орта, оны пайдаланудағы практиканың дамуы туралы тиісті есебін жасау;

Лауазымды тұлғалардың, мемлекеттік және муниципалдық қызметкерлердің экологиялық-құқықтық білімін, экологиялық білімін насихаттауды және экологиялық мәдениетін тәриелеуді жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасындағы экологиялық бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жайлы қоғамдық және парламенттік тыңдалымдары жүйелі түрде жүргізіп отыру;

Табиғатты қорғау заңнамаларын және басқаларды үнемі жетілдіріп отыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет