Кіріспе Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет11/23
Дата03.01.2022
өлшемі0.77 Mb.
#450773
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23
Ағыраев М.М.

Көрсеткіштің атауы

 


 

 

Нақты 2017 жыл

 

 


 

Нақты 2018 жыл

 

 



2019 жыл

Фактінің ауытқуы

2019 ж. (+,-)

Жоспар

Нақты

2018 жылғы фактіге



2019 жылға арналған жоспарға


1

2

3

4

5

6

7

8

1

Өндірістік өнім көлемі, млн.теңге

1 552 020,0

1 855 288,1

1 929 000,0

1 914 552,2

59 264,1

-14 447,8

2

Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі, млн.теңге

200 841,7

228 246,6

275 037,0

275 186,7

46 940,1

149,7

3

Негізгі капиталға инвестиция, млн. теңге

437 132,7

516 168,2

600 000,0

598 340,9

82 172,7

-1 659,1

4

Тұрғын үйді іске қосу, мың ш.м.

792,3

908,6

 


939,5

 


1021,2

 


112,6

 


81,7

 


5

Шағын және орта кәсіпкерлік, тіркелген субъектілер саны,  мың бірлік.

 

 

 



 

 

63,1



 

 

 



 

 

-



 

 

 



 

 

-



 

 

 



 

 

68,6



 

 

 



 

 

-



 

 

 



 

 

-



 

- жұмыс істеп тұрған

 

54 430

59 152

59 116

4 686

-36

6

Бөлшек сауда, млн. теңге

561 076,4

613 099,7

 


657 800,0

 


656 522,5

 


43 422,8

 


-1 277,5

 


7

Тіркелген жұмыссыздар саны, мың адам

 

20,6


21,1

20,9

20,9 (4кв)

-0,2

0

2.3 Ақтөбе облысындағы әлеуметтік қолдау көрсету және жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламаларын талдау

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі 2021 жылға дейін одан әрі күшейту өзгерістерді шаралары  (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылы 24 сәуірдегі № 396 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейін  Әлеуметтік даму тұжырымдамасын  шске асыру үшін әзірленді.

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіндегі түбегейлі өзгерістер 2009 жылы  «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануымен  бастау алды.

Жаңғыртудың бірінші кезеңінде (2010 – 2013ж.) жалпы оналтудың қызметтерін көрсетуден  арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ауысу жүзеге асырылған соған сәйкес  нормативтік құқықтық актілер әзірленді.

Екінші кезеңде (2014 – 2017ж.) әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінде  демонополизацияландыру қамтамасыз етілді. Азаматтарға әлеуметтік қызмет көрсету ұйымдарын таңдау құқығы беріліп қызмет алушылардың шығындарды бірлесіп, өтеу қағидаты енгізілді.

Үшінші кезеңде (2018-2021ж.)әлеуметтік қызмет көрсетудің қолжетімділігін кеңейту мақсатында жұмыс істеп тұрған ірі интернат-үйлерді деинституционализацияландыру,  шағын жинақталған ұйымдардың желісін кеңейту, көрсетілетін қызмет бөлігінде монетизациялауды енгізу, сондай-ақ жүйені ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жоспарланған болатын. 

Халықты жұмыспен қамту — барлық деңгейдегі әкімдер қызметінің басты міндеті. Бұл бағытта келесі жұмыстар атқарылды:

2019 жылы 21138 жаңа жұмыс орны ашылды, оның ішінде 58%-ы тұрақты.

Өңірде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда, оның негізгі мақсаты — өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз халықты белсенді экономикалық қызметке барынша тарту.

2019 жылы 36 035 адамды жұмыспен қамту жоспарланған болатын. Жұмыс артығымен орындалды. 43 132  адам жұмысқа орналасты.

Бағдарлама аясында қолдау шараларымен 2,9 мыңнан астам адам қамтылды, олар қажетті мамандықтар бойынша оқуға жіберілді.

Жалпы қабылданған шаралардың арқасында жалпы жұмыссыздықты 4,8% (2019 ж. 3-тоқсан), ал жастар жұмыссыздығын 3,3% (ҚР– 3,8%) деңгейінде ұстап қалу мүмкін болды.

2019 жылға шетелдік жұмыс күшін (ШЖК) тарту бойынша квота 1670 бірлікті құрады, жыл қорытындысы бойынша 978 азаматқа рұқсат берілді, яғни квота 58%-ға пайдаланылды.

2020 жылға квота бойынша шетелдің жұмыс күшін  тарту 1305 бірлікке дейін төмендеді. Бүгінгі таңда 85 жұмыс беруші тарапынан 32 890 қазақстандық қызметкерлер тартылған, бұл — олардың жалпы санының 97%-ы.

2020 жылы 4-санат бойынша (білікті жұмысшылар) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота толық қысқартылды.

Биыл облыстың жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары аясында 36 000-нан астам адамды жұмыспен қамту, кем дегенде 21 000 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланып отыр.

Бұл жоспардың орындалу мақсатында Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бір қатар жұмыстар жүргізді.

Конституциялық құқықтарды қорғау және азаматтардың мемлекеттік мекемелердің қызметіне сенімін жоғарлату, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күндер өткізіледі [21].

Сыбайлас жемқорлық қаупын болдырмау алдын алу мақсатында басқарма жанынан Қоғамдық кеңес құрылды, міндетті түрде Қоғамдық кеңестің құрамына Басқарманың, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының, кәсіпкерлік субъектілер өкілдерінің қатарынан құрылды. Сыбайлас жемқорлықпен нәтижелі күресті қамтамасыз ету және құқықтық білім деңгейін арттыру үшін Басқарма қызметкерлері арасында құқықтық-түсініктеме жұмысын жүзеге асыру мақсатында Басқармада құқықтық оқыту, мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқолыққа қарсы бағытталған біліктілігін арттыру, басқарманың қызметі, оның міндеттері және мемлекеттік қызметтер туралы халықты бұқаралық ақпарат құралдардар арқылы ақпараттандыру бойынша медия-жоспар жасалды.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қалыптастыру мақсатында басқарманың веб-сайтында басқарма басшыларының және бөлім басшыларының табыс декларациясы жарияланды, сонымен қатар ай сайын басқарманың қызметкерлері мемлекеттік бағдарламаларды қарқында және нәтижелі халықты құқықтық ақпараттандыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП АОФ қоғамдық қабылдаунда азаматтарды қабылдайды.

Алқа отырысында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің талдау мәселелері қаралды.

Өтініш білдірушілердің негізгі бөлігі жеңілдіндірілген санаттағы тұлғалар: Соғыс және еңбек ардагерлері, зейнеткерлер, жұмысыз азаматтар, мүгедектер.

Облыс тұрғындарынан келіп түскен өтініштерде негізгі мәселе әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысқа орналастыру, жәрдемақы тағайындау және төлеу, материалдық көмек көрсету, мүгедектерді оңалту.

2020 жылы 167 өтініш тіркелді. Жеке және заңды тұлғалардың 160 өтініші уақытылы қаралып, түсіндірілді, қалған өтініштер бөтен мемлекеттік органдарға құзыреті бойынша қарау үшін жолданды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет