Қорытынды
Анықтау кезеңінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесін кесте 4-тен көре аласыздар.
Кесте 4
|
Бақылаушы топ
|
Эксперименталды топ
|
Жоғарғы деңгей
|
27%
|
29%
|
Орта деңгей
|
38%
|
37%
|
Төменгі деңгей
|
35%
|
34%
|
Анықтау кезеңінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі
Жоғарғы деңгей – оқушы қойылған тапсырманы 1 минуттқа жетпей орындады.
Орта деңгей – оқушы қойылған тапсырманы 1 минут пен 1,5 минут аралығында орындады.
Төменгі деңгей – оқушы қойылған тапсырманы 2 минут ішінде орындады.
Салыстырмалы түрде корсетілген пайыздық көрсеткіштерді гистограмма1-ден көре аласыз.
Гистограмма1
Анықтау кезеңінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі.
2 кезең. Қалыптастыру кезеңінде келесідей жұмыстар жүргізілді.
Сабақтар
Тәрбие сағаттары
Зертханалық жұмыстар
Шығармашылық жұмыстар
Бақылау тобында ешқандай жұмыстар жүргізілген жоқ. Эксперимент тобында жоғарыда көрсетілген жұмыстар жүргізілді.
Аталған экспериментальды жүйенің шарттары болып мыналар табылады:
оқушы білім беру үрдісінің бесенді қатысушысына айналу қажет;
мұғалім туындаған сұрақтар мен мәселелер бойынша қолдау көрсете отырып, кеңес беріп оқушылардың қасында және бірге жұмыс жасайды;
кеңесші рөлінде болады;
зерттеу үдерісі кезінде басты рөлде сұрақ немесе мәселе болады, себебі ол баланың ойлуын мәселені шешуге ізденуге бағыттайды;
зерттеу мазмұны жас деңгейі мен мүмкіндіктеріне, сонымен қатар, оқушылардың нақты білімдеріне сәйкес келуі қажет;
зерттеу тақырыбы оқушыларға қызықты болу керек;
оқушы зерттеу барысына өз еркімен қатысады;
жұмыстың барлық сатысындағы күтілетін нәтиже –бұл шығармашылық қабілеттерді дамыту, оқушы тарапынан жаңа білімді, білік пен дағдыны меңгеру;
зерттеуді қорғау – бастап оқып жатқан зерттеушінің басты сатыларының, кезеңдерінің бірі;
тақырып бойынша жұмыс барысында саяхаттарды, зерттеу- серуендерді, әлеуметтік акцияларды, әртүрлі мәтіндік ақпараттар көзімен жұмыс жасауды, тәжірибелі маңызды өнімдерді даярлау мен кең қоғамдық көрсетілімдерді (ата-аналар және мұғалімдердің қатысуымен) енгізу өте тиімді болып келеді.
Көрсетілген жағдайда біз теориялық талдаудың қалыптасу деңгейін зерттейміз: модельдеу, логикалық – танымдық және белгілік – символикалық әрекеттер.
1) бастапқы – Зерттеу жұмысын жүргізуге төмен деңгейде қызығушылық білдіру, зерттеу әрекеті жайлы білімдердің, зерттеу әрекеттері біліктерінің болмауы. Зерттеу әрекеттерін ұқсастық бойынша жүзеге асыру мүмкіндігі. Оқыту зерттеуі кезінде оқушы белсенділік пен өзіндік көзқарасты сирек білдіреді, ешбір идея бермейді. Тек мұғалімнің басшылық етуінде ғана.
2) бастапқы деңгей –Зерттеуді жүргізуге сыртқы дәлелдердің пайда болуымен, мұғалімнің көмегімен проблеманы табу және оны шешудің әртүрлі нұсқаларын ұсынумен сипатталады. Бастапқы сатыда балалар ересектердің көмегімен ұқсастық бойынша қысқа мерзімді қарапайым зерттеулерді жүргізуге қабілетті. Өзінің зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білім негіздерін, кейбір қарапайым зерттеу біліктерін меңгергендігі байқалады. Креативтіліктерінің танытуын төмен деп бағалауға болады.
3) продуктивті (өнім беру) деңгейі –Зерттеу жұмыстарын жүргізуге деген тұрақты сыртқы және ішкі мотивтер, өздігінен жүргізуге деген қалауы бар (жеке немесе топпен) зерттеу. Оқушыда зерттеу әрекеттері жайлы белгілі бір білімі бар, оқу зерттеулерін жүзеге асыру барысында көптеген біліктерді меңгерген (өздігінен немесе мұғалімнің көмегімен зерттеу тақырыбын, мақсатын және міндеттерін анықтай алады, ақпарат көздерімен жұмыс жасай алады);
4) креативті деңгей – Әртүрлі зерттеулерді жүргізуге тұрақты қызығушылық білінеді, зерттеу тақырыбын таңдауда өздігінен және шығармашылық жағынан келу, мақсат, міндеттер қоя білу, қойылған міндеттерді шешуде өнімді тәсілдерді табу; зерттеудің барлық сатыларында жұмысты жүзеге асыру кезінде өздігінен жұмыс жасаудың биік үлестік көрсеткіші; әрекет нәтижесін ерекше ұсына білу дағдысы.
Осыған орай біз мынандай критерилерді бөлдік:
Оқушы гипотезаны ұсына алады;
Оқушы мәтіндегі маңызды мәліметтерді таба алады;
Оқушы сұрақтарды құрай біледі;
Оқушы өзінің іс – қимылының жоспарын құрай біледі;
Оқушы себеп – салдарлық байланысты белгілей алады;
Оқушы оқығаны/көргені/естігені бойынша қорытынды жасай алады;
Оқушы қойылған мәселені шешудің бірнеше нұсқаларын ұсына алады.
Мысал ретінде екі сабақты қарастырайық.
Достарыңызбен бөлісу: |