Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі



бет2/12
Дата17.07.2022
өлшемі0.76 Mb.
#459710
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Рахметова Арай диссертация 13 июнь

Зерттеу мақсаты: Студенттерді этностық құндылықтар арқылы отбасылық өмірге психологиялық дайындау.
Зерттеу нысаны: Жоғары оқу орны студенттерінің оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні – этностық құндылықтар арқылы студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау.
Зерттеудің ғылыми болжамы.
1. Ғылыми-педагогикалық және психологиялық материалдарды зерттеп ғылыми-философиялық әдебиеттермен танысу, талдау және мерзімді басылымдарды зерделеу нәтижесінде біз “этностық құндылықтар” деген ұғымға жан-жақты талдау жасалды. Бұл ұғымдарға берілген анықтамалар жоғары оқу орнында және студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындауда ой қалыптастыруда негіз болмақ.
2 Студенттердің бойында этностық құндылықтар қалыптастыруға негізделген көркемфильмдер, электронды оқу-әдістемелік құралдарды және тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосып отырған еңбек ерлері, қоғам қайраткерлері туралы әдеби шығармаларды шығаруды қолға алу қажет.
Зерттеу мақсатына сәйкес, келесі міндеттер қойылады:

  • этнопсихологиядағы отбасы мәселелеріне теориялық тұрғыдан талдау жасау;

  • отбасы мәселелерінің психология ғылымындағы зерттелу жағдайын ғылыми - теориялық негіздеу;

  • әлеуметтік ортаның және отбасы қарым-қатынасының студент психикасына әсерін айқындау;

  • отбасылық өмірге студенттер дайындығын айқындадың әдістемелік жолдарын дайындау;

  • этностық құндылықтар негізіндегі студенттерді отбасылық өмірге психологиялық дайындау әдістемесі бойынша тәжірибелік эксперимент жүргізу.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері. Отбасы аясындағы қарым-қатынас дамуындағы бағдарланған теориялар мен тұжырымдық негіздер Б.Г. Ананьев, А.Г. Харчев, И.С. Кон, В.С. Торохтий, В.В. Драгунова, И.В.Гребенников, және т.б. психологиялық тұрғыдан дамуы мен тұлғалық қарым-қатынас жайында А.Н. Леонтьевтің, С.Л. Рубинштейннің, Л.С. Выготскийдің, және А.Н. Ананьевтің т.б. зерттеушілер еңбектерінде, сондай-ақ отандық ғалымдар С.Қ. Бердібаева, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов және А.Ж. Аяғановалардың психологиялық және этнопсихологиялық зерттеулерінде қарастырылған.
Зерттеуде қолданылған әдістер. Алға қойылып отырған мақсатқа орай зерттеу әдістері жүйесінің студенттерді отбасылық өмірге этностық құндылықтар негізінде дайындығын анықтау үшін психологиялық және педагогикалық әдебиеттерге және түрлі сауалнамалық, анкеталық әдістер арқылы жүргізіліп сараптама жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет