Кіріспе зерттеудің көкейкестілігі



бет10/12
Дата17.07.2022
өлшемі0.76 Mb.
#459710
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Рахметова Арай диссертация 13 июнь

ҚОРЫТЫНДЫ


Oтбaсы – барлығымыздың жүрегімізге ең жақын сөз. Ол – махаббат пен тыныштықтың, мейірім пен жарасымның, қуаныш пен мерекенің мекені. Адам баласының өсіп-өнетін алтын ұясы. Cыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай ғана Отан. «Oтан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю – отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы баспалдағы. Оның ер жетіп, бойжетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік қасиеттерінің белгілері отбасында қалыптасады. Барлығымызға белгілі – әлемдегі біздің ең шынайы байлығымыз – ол, әрине біздің отбасымыз. Тек қана отбасы бізге күш пен өзімізге деген сенімділік береді, өмір үйрететін сабақтардан сүрінбей өтуге көмектеседі, ұлттық құндылыққа баулыйды. Бір сөзбен айтқанда, отбасы - барлық рөлдері бөлініп қойылған қоғамның шағын моделі болып табылады. Демек, отбасы – бала бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастырудың қайнар бұлағы, бастауы. Әр үйде балалар санасына ұлттық құндылықтарға деген көзқарастар жүйесін, салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды, даналық сөздерді, тыйым сөздерді, тәрбиелік мәні жоғары үлгілерін сіңіретін де отбасы. Осы тұрғыдан отбасын ұлттық құндылықтарды қалыптастыратын, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын ұлттық мәдениетті тәрбие арқылы тасымалдаушы орта ретінде қарастыруға болады 
Диссертациялық жұмыстың тақырыбына қарай жүргізілген теориялық және практикалық, эксперименттік жұмыстарды саралай отырып, мынадай қорытындылар жасалды.
Біріншіден, отбасын құруға психологиялық тұрғыдан дайындаудың ғылыми зерттеулерде қалыптастырылған тұжырымдары мен көзқарастарына теориялық тұрғыдан талдау жасалып, ғылыми қағидаларға сипаттама берілді. Теориялық талдау барысында отбасы ұғымының қоғамдық маңызы мен әлеуметтік институт ретіндегі функциясы мен әрекеттері, сонымен бірге отбасындағы қарым-қатынастардың өзіндік ерекшеліктеріне сипаттама жасалды.
Отбасының әлеуметтік кешендік құбылыс тұрғысындағы алатын орны салмақталып, оған кеңес кезеңіндегі және шетелдік, қазақстандық психология саласындағы ғылыми зерттеулерге теориялық талдаулар жасалды.
Отбасындағы қағидалар мен ерекшеліктер, құрылымдардың тұжырымы дайындалды. Отбасының негізгі ұстанымын этностық құндылықтар тұрғысында негіздеудегі басты мақсаты мен қазақ халқы мәдениетiнің және дiни дәстүрлер, ұстанымдардағы ғылыми пайымдаулардың маңыздылығы тереңінен талқыланды. Сонымен бірге бүгінгі уақытта қазіргі қазақ отбасының қаншама дәстүрлерi мен діни ұстанымдарының этнопедагогикалық және этнопсихологиялық ғылыми ұстанымдармен өзара қарым-қатынасымен байланыстырып, халықтың тұрмысы мен тiршiлiгiне терең еніп, сол халықтың басты ұстанымына айналған дәлелді жағдаяттармен анықталады.
Екіншіден, жастарды отбасылық өмірге дайындауда қоғамның отбасының мектептің, яғни әлеуметтік институттардың рөлі теориялық тұжырымдалып, олардың әрқайсының орны жүйеленеді. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы әлеуметтік қатынастардың, яғни нарық жағдайының отбасылық өмірге тигізіп жатырған жағымсыз жақтары да сараланады. Отбасылық дағдарыстар мен шиеленістер себептері анықталып, қазіргі таңдағы түйткілді мәселелердің шешу жолдары бойынша тұжырымдар жүйеленді.
Отбасындағы қазіргі таңдағы түйткілді жағдайларды саралай келе оны шешуде этностық құндылықтардың рөлі көрсетіледі. Отбасылық қарым-қатынастардың жай-күйін, сондай-ақ, оның өнегелік ахуалын, әлеуметтік, құрамын, демографиялық ерекшеліктерін ескеріп, жастарды оған дайындау және оған негізделген зерттеулерді жүргізу аса маңызды екендігі баса айтылады.
Қазіргі таңдағы ұлтымыз тарихи дамудың өзіндік жолынан өткен, өзінің бай мұралары арқылы жалпы адамзаттық мәдени өркениетке зор үлесін қосу жағдайында дәстүрлер, әдет-ғұрыптар отбасылық өмірді ғылыми негіздеуде этнопсихологиямен тығыз астасып жатырғаны белгілі.
Сондықтан қазақ халқының мәдениетіндегi, әдебиетiндегі, өнердегi, этнопсихологиясындағы ұлттық және жалпыадамзаттық мәселелердің басты тақырыбы жалпы және айрықша қасиеттерi болып есептеледi. Жалпы алғанда-оларды жақындастырады, ал айрықша қасиетi болса сол, олардың әрқайсысы ерекше мәнге ие болып келетінінде болып табылады.
Тұлға қоршаған әлеммен эмоциялық байланысқа түсе отырып, оны сезінеді, оқиғалардың мәнділігін түсінеді. Осы орайда, жоғарыдағы айтылғандардың барлығы дерлік құндылықтарға бағдарланған өзіндік анықталу болып табылады.
Қазақ халқының ұлттық тұрмыс-тiршiлiгі мен жалпыадамзаттық мәселелері бүгiнгi таңда әртүрлі халықтардың этнопедагогикасын және этнопсихологиясын зерттеушiлердi толғандыруда. Осы орайда, халықтық педагогика мен психологиясының ұлттық ерекшелiктерiн бүгінге жеткен тарихымен және өткен тарихи кезеңдерiмен салыстыра отырып қарастыру дәстүрге айналып келедi.
Үшіншіден, студенттерді отбасылық өмірге этностық құндылықтар арқылы психологиялық дайындау эксприменттік тұрғыда жүргізілді. Студент-жастардың отбасылық өмірге деген көзқарасын, яғни болашақ отбасына деген қатынасын этностық негіздеу арқылы біз жұмысымыздың құндылығын жоғарылаттық.
Экспериментте қолданылған әдістемелер қазақ аудиториясына бейімделіп, сенімділігі мен валидтілігі жоғарылығымен ерекшеленеді. Экспериментке қатысқан респонденттердің белсендігі жоғары болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет