1 Студенттерді отбасылық өмірге нарық жағдайындағы этностық құндылықтар арқылы даярлаудың теориялық негіздері
1.1 Студенттердің отбасылық өмірге дайындаудың психологиялық ерекшеліктері
Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады. Адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап отбасының тәрбиесін алады [3].
Отбасы – адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс - тіршілік әкеледі. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын ешнәрсе толтыра алмайды [4].
Отбасы дегеніміз әлеуметтік нормалары мен санкциялары бар, мінез-құлқы мен ережелері, ерлі-зайыпты жұптар мен ата-ананың, балалардың бір-бірімен қарым-қатынастарын реттеудің жүйесі қалыптасқан әлеуметтік институт болып саналады.
Сонымен қатар отбасы некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен,өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады. Некенің маңызды принциптері бар [5]. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сұйіспеншілік , өзара сыйластық жатады. Ал оның негiзгi белгiлерi:
а) некелiк немесе оның барлық мүшелерiнiң қандық туыстық байланысы;
б) бiр жердегi бiрге өмiр сүруi;
в) ортақ отбасылық бюджет (қазына).
Бұл жерде заңдық жақтары мiндеттi емес. Басқа да белгiлерi нақты емес: бiрге өмiр сүру қашанға дейiн созылады бiр апта әйтпесе бiрнеше жыл; бұкiл отбасы бюджетiнiң қанша бөлiгiне әрбiр мүше кiредi т.б. Мұндай белгiлер объективтiлеу боп көрiнер едi [6].
Үлгiлi отбасы-адамның бақытының маңызды, жақсы бiр бөлiгi. Қоғам сондай мықты, жақсы отбасыға назар аударады. Отбасының құрылуы, некеге тұруы заңмен реттелсе де жетекшi рол атқаратын мораль (адамгершiлiк). Мынаны атап айту керек, некенiң көптеген жақтары оған отыратын адамдардың арымен бақыланады. Ойланып, ақылменен отырған неке-сәттi, жақсы болады, ал ойланбай отырған неке-елiктiргiш болады.
Неке-бұл тарихи келiсiлген, қоғамдық рұқсат етiлген және реттелген әйел мен еркек арасындағы қатынастар, олардың құқығын бiр-бiрiне мiндетiн, балаларына, өз ұрпақтарына, ата-аналарына қатынастарын орнатады. Басқаша айтсақ, неке-ол отбасының дәстұрлi құрылу құралы, оны қоғамдық бақылау қоғамның өзiн өзi сақтауы мен дамуының бiрден бiр қаруы, жолы [8].
Адамгершiлiкпен некеге тұру реттелiп отырса, айырылысу яғни ажырасу да адамгершiлiкпен жұргiзiледi. Егер ерлi-зайыптылар арасындағы сыйластық, достық, татулық, сұйiспеншiлiк жойылса, отбасы емес, онда некенiңбұзылуы адамгершiлiк боп есептеледi.
Отбасы көптеген қоғамдық ғылымдардың: әлеуметтанудың, құқықтанудың, этнографияның психологияның, демографияның зерттеу обьектісі болып саналады. Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі жағдайын зерттейді [9].
Отбасының әлеуметтік институт ретіндегі қағидаларына және отбасындағы жағымсыз жағдайларға атап айтқанда, ажырасу фактілерінің көбеюі, жалғызбасты аналардың санының артып отыруы, психологтардың назарын көбірек аудартып отыр. Отбасындағы туыстық қатынастардың белгілі бір жағдайға қарай шектелмейтіндігі қарастырылды. Сондықтан олардың тұрмысында ортақ элементтердің болуы, отбасымүшелерінің экономикалық өзара көмек көрсетуі ұнемі ұшырасып тұрады. Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады.
Отбасындағы билікті бөлу, яғни билікке, лидерлікке ие болу және ондағы міндеттерді бөлу сипатына қарай отбасының екі типі сақталған. Оның біріншісі —дәстүрлі немесе авторитарлық отбасы [10]. Дәстүрлі отбасында мынандай сипаттар тән:
· Ер адам негізгі мәселелер бойынша шешім қабылдаушы болып саналады, оның қожайындығы басым;
· әйелдің ер адамға экономикалық жағынан тәуелділігі;
· отбасындағы міндеттерді бөліп, ер адамның және әйелдің міндеттерінің бекітілуі.
Отбасындағы билікті бөлуге орай қалыптасқан отбасының екінші түрі - згалитарлық немесе демократиялық отбасы. Бұл отбасында:
· үй шаруасына қатысты міндеттердің отбасы мүшелері арасында тең, әділ бөлінуі;
· ерлі - зайыптылардың тұрмыстық мәселелер бойынша бірлесіп шешім қабылдауы;
· демалыстарын бірге өткізуі, балалар тәрбиесіне бірдей қатысуы тән.
Ерлі-зайыптылардың немесе олардың ата-аналарының, туыстарының алатын орнына қарай отбасылар гемогенді және гетерогенді болады, Гемогенді отбасында ерлі-зайыптылар бірдей әлеуметтік жіктен шыққандар болса, ал гетерогенді отбасында олар әртүрлі әлеуметтіктоптардан, касталарлдан, таптардан тарайтындар. Отбасы мен некені әлеуметтік және демографиялық белгілерінің ерекшеліктеріне қарап гомогамдық отбасы және гетерогамдық отбасы деп бөлу әдісі де қолданылады [11].
Гомогамдық отбасы мүшелерінің ұлты, жас мөлшері, кәсібі, білімі біртектес болса, ал гетерогамдық отбасында бұл көрсеткіштер керісінше әр түрлі болып келеді. Отбасы кеңістік-аумақтық, яғни тұрған мекег-жайына қарап патрилокалды және матрилокалды болып бөлінеді. Патрилокалды отбасында жас жұбайлар кұйеуінің әкесінің ұйінде тұрады, матрилокалды отбасында келіншек пен кұйеу жігіт әйелдің ата-анасының ұйінбірге мекендейді. Жас жұбайлар ата-аналарынан мұлдем бөлек тұратын болса, онда оны неолокалды отбасы дейді .
Әрбір қоғам некеге отырар жастарға таңдау берерде отау тігушілердің өздеріне қандас шағын топқа жатпайтын, бөтен жердегі адамға ұйленуіне ғана рұқсат етеді, бұл құбылысты экзогамия деп атайды. Некеге отырар кезде тек өз тобының ішінен ғана жұбай тандауды талап ететіндер де бар, мұндай мәдени үлгі эндогамия деп аталады [12].
Экзогамиялық және эндогамиялық некелермен қатар некенің моногамия және полигамия деген түрлері де бар. Моногамияда бір ер адам бірғана әйелмен некеде тұрады. Полигамияда бір жұбайлардың бірінің, яғни бір әйелдің бірнеше ер адамдармен немесе бір ер адамның бірнеше әйелмен некеде болуы. Отбасының қызметi функциясы (мiндетi)-оның белсендiлiгiн көрсету құралы. Барлық қоғамда отбасы өз мiндетiн орындайды: халық санын ұдайы өсiру, бұған физикалық (бала туу) және адамның отбасыда рухани-адамгершiлiктi ұдайы өндiру; Шаруашылық–тұрмыстық.
Отбасының шаруашылық-тұрмыстық мiндетi жеке қосалқы шаруашылығымен, бау-бақшасымен, отбасы мүшелерiнiң өз-өзiне қызмет етуiмен, тұрғын жайдағы санитарлық-гигиеналық тазалық, отбасы бюджетiн сақтаумен көрсетiледi; Тәрбие. Отбасының әлеуметтiк тәрбиелiк мiндетi ата-аналардың балаларға рухани – адамгершiлiк, саяси, әдептi тәрбие берумен айқындалады; Бос уақытты пайдалану мен ұйымдастыру [13]. Оның мақсаты - отбасы мүшелерiнiң таланттарын, мұмкiндiктерiн жемiстi ету, рухани байлықтарын белсендi демалуға пайдалану.
Халықты ұдайы өсiруде биологиялық аспектi мен бiрге баланы оқыту мен тәрбиелеуде отбасыны ешқандай да қоғамдық мекемемен ауыстыруға болмайды. Бала тек қана отбасыда ең бiрiншi нәтижелi өзiн қалыптастырады. Қазiргi жағдайда қоғам, әлеуметтiк институттар (мектеп, лицей, жоғарғы оқу орны т.б.) беретiн тәрбиенi қандай отбасы бере алады [14]. Бiрақ балаға отбасы берген адамгершiлiк-психологиялық тәрбие оның бойында ұзақ сақталады, мұмкiн өмiр бойы сақталар. Бала отбасыда өмiрдiң әлiппесiн танып бiледi.
Отбасының тиiмдi және экономикалық iс-әрекетi қоғам өмiрiмен тығыз байланысты, сондықтан да мемлекет немқұрайлы қарап отырмайды. Егер ұзақ уақыт бала тәрбиесiне мемлекет онша қатысты болмаса, қазiр ол мемлекеттiк және отбасылық iс боп саналады. Отбасы балаға адамдар арасында өмiр сүруге үйретедi, оған белгiлi саяси-идеялық көзқарастарды, әлемдi танушылықты, адамгершiлiк нормалар мен ережелердi егедi. Бала отбасыда адамгершiлiк нормаларымен танысады, үйренедi [15]. Осында балада мiнез-құлық қалыптасады, жеке адамгершiлiк-психологиялық жақтары қалыптасады.
Тәрбие-ұлы iс: онда адам тағдыры шешiледi.
Тәрбие кұнделiктi отбасы мүшелерiмен, туысқандармен басқа да отбасы мүшелерi араласатын адамдармен баланың қатынасуы, араласуымен iске асырылады. Бала мектепте, техникум, лицейде, жоғарғы оқу орнында, өндiрiсте еңбекте болса да отбасының тәрбиелiк мiндетi жойылмайды, тәрбиелiк әсер жасөспiрiмдiк кезде, ержеткенде де тоқталмайды. Жақсы ортада өнегелi отбасыда өскен бала өз iс әрекетiнде қоғамдық немесе өз коллективiнiң мүшелерiнiң пiкiрлерiн басшылыққа алып қана қоймады, өз туыстарының, жақындарының пiкiрлерi маңыздырақ болады [16]. Туылған кезде бойымызда жоқ, бiрақ бiзге өмiрде керек нәрселердiң бәрi тәрбиемен берiледi. Барлық жеке адам өздерiн қоғамдық пайдалы еңбекпен қалыптастырады.
Әр жылы еңбек еткен адам кезектi еңбек демалысына шығады, сәтi келгендерi еңбек демалысына шығады, сәтi келгендерi демалыс ұйлерiнде, санаторийлерде демалады, тынығады. Сонда да болса ең жақсы демалып тынығатын, физикалық кұш жинайтын, моральдық, психологиялық жәрдем алатын жерiмiз отбасы, отбасы боп табылады. Бiрақ отбасыда қатынастар әр тұрлi қалыптасады: Ұнамды, жағымды және жағымсыз, терiс, бұлар адамға әр тұрлi әсер етедi [17]. Мiне, осы жерде отбасының коммуникативтi функциясы-адамдарды қатынасуда, бiрiгуде қанағаттанарлық қажеттiлiгi маңызды роль атқарады.
Социологтар неке мен отбасының рухани-адамгершiлiк негiзi махаббат пен парыздық, жауапкершiлiк пен мiндеттiң бiрлiгi деп атап көрсетедi.
Махаббат дегенiмiз не? Махаббат адамның кұрделi, сырлас қатынастарының бiрi, әйел мен еркектiң табиғи және әлеуметтiк байланысының бiрлiгi, яғни табиғи – биологиялық қажеттiлiгi мен адамгершiлiк-әдеп, физикалық және психологиялық қатынастары.
Отбасылық қатынастардың ерекшелiгi адамгершiлiк нормаларының, принциптерiнiң ерекшелiгiн анықтайды. Бiрiншi орында ата-ана махаббат, достық пен өзара қамқорлық, ерлi-зайыптылық, ата-аналық, қыздың, ұлдың парызы және өзара қамқорлығы, еркектiк және әйелдiк абырой, бiр-бiрiнiң мақтанышы, ерлi-зайыптылық тазалық, берiлгендiк, өзара сыйластық, рухани және идеялық бiрлiк т.б. алады [18]. Ерлi-зайыптылардың арасындағы әйел мен еркектiң өз аттарына сай болуы. Әйелге тән қандай қасиеттер? Әйелдiк қасиеттерге мейiрiмдiлiк, жұмсақтық, сезiмнiң әсемдiгi мен нәзiктiгi, аналық қамқорлығы, балаға ғана емес үлкендерге де, оқығандығы-тәрбиелiлiгi, берiлгендiгi, ұнемi ерiн моральдық жағынан демеп отыруға дайын болуы, ерiнiң бойына өзiне деген сенiмiн арттыру, өзiнiң және ерiнiң қасиетiне мәпелеп қарау. Қандай қасиеттер ерлерге тән? Ерлерге тән қасиеттер деп мыналар болып танылады: оқығандығы-тәрбиелiлiгi, әйелге (қызына, қарындас-аналарына) көмекке әрдайым дайын болуы, оларға физикалық және моральдық жағынан кеңпейiлмен көмек көрсету, жинақылық, салауаттылық, тұрақтылық, парасатты ой, өзiне сенiмдiлiк, мақсатқа ұмтылушылық т.б.
Өмiрге оптимистiк көзқарасы, кездескен қиындықтармен тапқыр да жiгерлi кресе бiлу, сергектiк, жарқын, әзiл тұсiнетiн, физикалық, рухани кұшке ие, сезiмтал және жақындарына ынталы назар сап отыру, отбасысына, балаларына қамқор болу осылардың – бәрi ерлерге тән қасиеттер. Еркек нәзiк, ақылды сезiнуге, ойлауға, бейiм болған сайын өзiне әйелдердi көбiрек тарта түседi [19]. Ерлердiң ұй шаруасында әйелге көмектесуiн оның қасиетiн төмендеткенi деп тұсiнедi, бұл дұрыс емес. Отбасы - ұш махаббаттың: ерлi-зайыптылардың, ата-ананың, баланың махаббаттарының қорытпасы. Ол парыздан, берiлгендiктен, мақсат-мұдделердiң бiрлiгiнен ажырамайды.
Қазiргi кезде отбасыны әлеуметтiк-таптық белгiсiне – жұмысшы отбасыны, ауыл-шаруашылық қызметкерлерiнiң (фермер, кооператор, арендатор) отбасысы; екiншiден, қалалық, ауылдық (орналасу тұрiне қарай); ұшiншiден бiр ұлтты, ұлтаралық (ұлттық белгiсiне), төртiншiден, өмiр сүру кезеңiнде (жас отбасы, бала кұтiп отырған отбасы, орта жастағылар отбасысы, үлкен жастағылар отбасысы, қарттық жастағылар отбасысы т.б.); отбасы мүшелерiнiң санына қарай (баласыз отбасы, аз балалы, көп балалы отбасы т.б.) сипатталады [20].
Егер отбасының ұш тұрiнiң (әлеуметтiк-таптық белгiсiне, орналасу тұрiне, ұлттық белгiсiне) сипаты қарапайым болса, өмiр сүру кезеңi мен сандық құрамына байланысты түрлерi көп айырмашылыққа ие.
Жас жұбайлар отбасы. Бұл ендi ғана пайда болған отбасы. Жас отбасы. Бұл көтпеген кедергiлерде (отбасылық) жұбайлық өмiрде кездестiрген олардың әрқайсысы өмiрде тек бiр махаббаттың аз екендiгiн тұсiнген отбасы. Бала кұтiп отырған отбасы. Бұл кезеңде әйелдiң өзгеруi байқалады, болашақ әке де өзгерiстер болады. Бiр-бiрiне шектен тыс қамқорлық пайда болады. Мұндай қатынас болашақ ана мен балаға екi есе керек.
Жұбайлық өмiрдiң орта жасындағы отбасы (ұш жылдан он жылға дейiнгi бiрге өмiр сүргендер). Бұл кезең бұл отбасылар ұшiн жауапты да қиын кезең. Нелiктен? өйткенi тап осы кезеңде жұбайлық өмiрiне пыстырады, өзара қатынастағы бiрқалыптылық жалағастырады. Дау-жанжалдар туа бастайды, осы кезеңге отбасының ажырауы, бұзылуы тап келедi. Жұбайлық өмiрдiң үлкен жасындағы отбасы (он-жиырма жылдық бiрге өмiр сүргендер). Мұндай отбасылардағы ерлi - зайыптылардың моральды - психологиялық ахуалының сәттi болуы – көбiне олардың адамгершiлiк қасиеттерiнiң байлығына, өзара көнбiстiгiне, қажеттiлiктерi мен мұдделерiнiң сай келуiне байланысты [22].
Жұбайлық өмiрдiң қарттық жасындағы отбасы. Бұлар бiрнеше он жылдар бiрге өмiр сүргендер. Уақыттың екi қанаты бар: бiрi-қуанышыңды әкетедi, екiншiсi-көз жасыңда сүртедi, құрғатады. Мұндай жағдай олардың балалары некеге тұрып, немерелерiнiң пайда болуымен пайда болады. Ерлi-зайыптылар өмiрдiң жаңа кезеңiн бастайды, бiрi-ата, екiншiсi-әже болады, отбасыда жаңа мiндеттер қалыптасады [23].
Отбасының белгiлi бiр бөлiгi баласыз, аз балалы, көп балалы отбасыны құрайды. Баласыз отбасы-мұнда он жылға дейiн бiрге тұрып бала болмағандар жатады. Мұндай отбасылардың әрбiр үшiншiсi ерлер тарапының талабымен ажырасады.
1. Бiр балалы отбасы. Мұндай отбасылар қалады 53,6%, ал ауылдың жерде 39-40% құрайды. Мұндай отбасының әрбiр екiншiсi ажырасады. Бұдан бала санының аздығына байланысты отбасы ажырасады деп қарамау керек, ерлi-зайыптылар осылайша ұзақ уақыт бiрге тұра алмайтындықтан келесi баланы өмiрге әкелуге тәуекел етпейдi. Мұндай отбасыдан шыққан балалардың жан-жақты дамыған, моральды-психологиялық жақсы қалыптасқан адам болуы екiталай. Көптеген психологтар мен социологтар мұндай адамдарда жауапкершiлiктiң болмауы, еңбек сұйгiш еместiгi, жеке басып ойлаушылық, адамдармен қалыпты қатынас жасау алмауын көрсетедi.
2. Аз балалы отбасы (бiр, екi балалы). Социологтар мен политологтардың бақылауы бойынша екiншi баланың туылуы бiр балалы отбасыға қарағанда отбасының тұрақтылығын 3 есеге артады екен. Бұл отбасылардың әрбiр алтыншы, жетiншi жұбы ғана ажырасады.
3. Көп балалы отбасы үш баладан көп балалы отбасы. Бұл отбасыларда ажырасу сирек болады, болған жағдайда да ол ерiнiң кұнәсiнен болуы мұмкiн. Бұл жерде ананың еңбегi зор, сондықтан да қазiргi кезде әйелдердiң көпбалалы болуға ұмтылуы кем.
4. Толық емес отбасы. Мұндай отбасыда ата-ананың бiреуi ғана болады (көбiне жалғыз басты ана). Мұның себебi-ерлi-зайыптының бiреуiнiң қайтыс болуы, ажырасу немесе некесiз туылған бала, жалғыз басты әйелдiң бiреудiңбаласын асырап алуы т.б. Мұндай типтегi отбасы әлеуметтiк сапасыз, тиiмсiз. Мұндай отбасыдағы балалар көп уақыттарын ұйден тыс өткiзедi, себебi аналары жұмыста болады. 50% заң бұзушылар осындай отбасылардан шыққандар.
5. Жеке, қарапайым отбасы. Мұндай отбасыны балалы, баласыз ерлi-зайыптылар құрайды. Олар ата-аналарынан, туыстарынан бөлек, өздерiнше өмiр сүредi. Сондықтан да олар өз өмiрлерiн қалай құрғылары келсе солай жасайды.
Демографиялық саясат дегенiмiз - қоғамға қажеттi жете тұсiнiлген демографиялық iс - әрекеттi құруға бағытталған әлеуметтiк шаралар жүйесi. Демографиялық саясат тууды, барлық категориядағы жастарға қамқорлықты реттеу шаралар жүйесiн болжайды [24]. Қазiргi кезде қоғамның әлеуметтiк институты сияқты отбасы дағдарысы да айқынырақ бола тұсуде, одан шығатын жол әзiр анық емес. Дағдарыс отбасы өз мiндетiн дұрыс жұргiзбегендiктен көрiнедi: ерлi-зайыптылық өмiрдiұйымдастыру, бала туу мен тәрбиелеу, халықты ұдайы өсiрiп отыру, жұмыс кұшiн көбейту.
Қазiргi демографиялық жағдай неке-отбасылық қатынастарының дамуының мақсатты бағдарламасын талап етедi. Мұндай бағдарлама жастардың отбасылық өмiрге дайындығын, отбасы беделiн, оның тұрғын үй және экономикалық жағдайларын, әр түрлi функциядағы адамдармен отбасыда, қоғамда оптимальдi үйлесуiн қамтиды [25].
Отбасыны құрып, қалыптасуы-оңай iс емес. Отбасы да басқа барлық қоршаған шындық сияқты объективтi және субъективтi қайшылықтарды жеңе отырып дамиды. Қайшылықтардың iшiнде мыналарды табуға болады: туудың азаюы және халық санының өсуiнiң төмендеуi, әйелдердiң ерлерге қарағанда санының өсуi, отбасының орташа санының кемiп, өлiмнiң көбеюi, еңбек өнiмдiлiгiнiң азаюы, отбасы қажетiнiң өсiп, оны қанағаттандыру мұмкiншiлiгiнiң азаюы т.б. отбасыға, некеге жеңiл мiнездiк пен қарау, абыройды ұмыту, арсыздық пен маскұнемдiк, тәртiпсiздiк пен азғындық, ажырасу т.б.
Мынадай көтпеген жағдай болады. Үлкен қалалардағы халық санының өсуiн бала туудың төмендеуi баяулатып отыр. Мигранттарды жұмысқа қабылдамау ұшiн жасалған қатаң шешiмдердiң өзiн бұзып, жұмыс кұшi жетiспегендiктен оларды жұмысқа алуға мәжбұр боп отыр. Осы миграцияның әсерiнен үлкен қалалардағы туу ұрпақтардың орнын басатындай шамаға жетпейдi [26].
Болашақта осы сияқтылардың салдарынан жаппай аз балалы отбасылар пайда болады. Әзiр оны ешкiм зерттеп жатырған жоқ. Осы заманғы отбасы адамдардың мұдделерiнiң қалыптасуын, саяси идеяларының пайда болатын ортасы боп табылады. Отбасыда және сол арқылы балада, жасөсiпiрiмде алғашқы әлеуметтiк қатынастар, бағалы бағыт-бағдарларқалыптасады.
Отбасының жақын адамдармен қатынастардың негiзiн, адамдардың еңбекке, қоғамдық – саяси iс-әрекетке бағытын қалыптастыратынын ұмытпау керек. Ересек адамдарды мәдени, адамгершiлiкке тәрбиелеу қиынырақ, себебi ата-аналары қалыптасып келе жатқан жас баланы тәрбиелеуде тиiмдi [27]. Сондықтан да отбасыда мақсатты, белсендi тәрбие мен бiлiм аз болады, ата-аналар негiзгi уақыты мен кұш-жiгерiн материалдық жағын қамтамасыз етуге жiбередi.
Социологтардың зерттеуi бойынша жұмыс iстейтiн әйел бала тәрбиесiне 16 мин. жексенбi кұндерi 30 мин. уақыт бөледi екен. Отбасыда баламен рухани қатынас жасау тек қана олардың мектептегi сабағын тексерумен, алған бағаларын бiлумен шектеледi.
Отбасыдағы берiлетiн жағымсыз тәрбиенiң себептерi көп. Ол ең бiрiншiден экономикалық даму деңгейiнiң төмендiгi, ата-ана уақытының басым көп бөлiгiн кұн көрiс табуға жiбередi, мәдени өмiрдiң төмендiгi, қоғамның халықты құрғақ сөзбен алдауы, екi жақты мораль.
ТМД елдерiнде әйелдер туралы мәселенi ерлермен бiрдей етiп шешедi: олар заң жүзiнде өндiрiсте, тұрмыста еркекпен тең құқылы. Ал, шындығына келсек әйелдер екi есе ауыртпалықпен өмiр сүредi[28], жұмыс iстейдi, отбасына қарайды. Отбасының бала тәрбиесiн жақсарту мiндетiндегi маңызды бақыт - әйел мен еркек арасындағы отбасыдағы қатынасты жаңадан құру керек. Зерттеу мынаны көрсетедi: қалада тұратын әйелдiң қарапайым отбасыда баламен өтетiн уақыты аптасына 77 сағат, оның iшiнде үйде - 36 сағат. Басқаша айтқанда әйел-ананың орташа еңбек күнi жексенбiнi қосқанда 11 сағат болады екен. Тұрмыстағы әйел мен еркектiң теңсiздiгi осы заманғы жас отбасылардың берiк болмауын арттырады.
Жастарды отбасылық өмiрге дайындауда мектептiң ролi айрықша. Мектепте “Қоғам және адам” курсымен қосып “Отбасылық өмiрдiң этикасы мен психологиясы” деген курсты жүргiзсе болады. Бұл сабақты көбiне өз маманы емес тарихшы, әдебиетшiлер жүргiзедi. Сондықтан да жоғарғы сынып оқушыларымен өткiзген сабақ балабақшадағыдай боп көрiнедi. Жастарға ең керегi, маңыздысы отбасыны жоспарлау әдiсi мен техникасы жетiспейдi. Осы жетiспеушiлiктiң әсерiнен көптеген келеңсiз жәйттер-мезгiлсiз екi қабат болу, бала алдыру, қажетсiз балалардың дұниеге келуi пайда болады[29].
Жасөспiрiмдер отбасыда ата-аналармен, өзiнен кiшiлермен жиi дау-жанжалға келiп қалады. Сондықтан да оларға ең маңызды бiлiм-ол отбасыдағы дау-жанжалды қалай шешу керектiгi. Жасөспiрiмдерге сенбеушiлiктiң әсерi-45% жасөспiрiм ата-аналарына мектепте отбасының этикасы мен психологиясы туралы оқитындықтарын айтпайды екен. Отбасыда мұндай нәрселер аз сөз болады.
Мемлекеттiң отбасыны дамытудағы басты мiндетi мен функциясы: отбасыны қорғау, оның iсiне негiзсiз араласуды қорғайды. Қазiргi кезде отбасыны қорғау мемлекеттiк саясатқа енгiзiледi[30]. Бұл жерде мынаны атап өту керек, жас отбасының еңбек потенциалын тиiмдi пайдалану мемлекеттiң әлеуметтiк саясатының қазiргi кезеңдегi маңызды жолы.
Бiрiншiден, өсiп келе жатырған ұрпақ - мемлекеттiң жұмыс күшiн толтыратын жалғыз көзi.
Екiншiден, өндiрiс технологиясының өсуiмен, ғылым мен техника жаңалықтарын өмiрге ендiруде кұрделi мамандықтар мен мамандықты керек ететiн еңбек, терең бiлiмдi мамандар қажет болады. Жастар әлеуметтiк-психологиялық жас ерекшелiгiмен жаңа типтегi жұмысшыға керектi қасиеттерге ие болады.
Үшiншiден, отбасыны сақтаудың маңызды бағыты мемлекеттiк шарада бар. Мемлекеттiң демографиялық саясатында тууды ғана қамтамасыз ету емес, ана мен баланы қорғау, отбасы саулығын қорғау да қамтылған.
Төртiншiден, демографиялық саясатының маңызды объектiсi жастар, оның iшiнде студенттер. Жастардың негiзгi әлеуметтiк мәселесi бiлiм алумен, еңбек жолын бастаумен, отбасы құрумен, мамандығын жетiлдiрумен сипатталады.
Физиологиялық жетiлудiң сәйкес келмеуiндегi, ерте некенiң көбеюiндегi, нарық қатынастарындағы қиындықтарды жеңудегi т.б. мәселелердi тиiмдi шешудi талап етедi. Демографиялық саясаттың мақсаты отбасының осы сатыдағы қалыптасуында отбасыдағы баланың тууылуы, ата-ананың өмiрi пропорционалды үйлесуi керек [31].
Адамдардың денiнiң саулығы, белсендi өмiрдi ұлғайту мемлекеттiң демографиялық саясатының басты назарында болуы керек.
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да әлеуметтік құбылыс бола отырып, ол адамзат өмір сүру жағдайына қарай құрылып, оның дәстүрлері мен әдеттері ғасыр өткен сайын жаңа сипатта көрініс береді [32]. Отбасын әлеуметтану ғылымында былай деп көрсетеді «отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру» [33].
Яғни, адамзат отбасын құра отырып, сол шағын мемлекетке әлеуметтенеді, отбасылық құндылықтар қалыптастырады және әдет-ғұрып дәстүрлерін дамытады. Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ.
Ең алдымен біз жастар тәрбиесіндегі отбасының рөлін айқындап алайық. Әдебиеттерде көрсеткендей, “Отбасы – жанұя, үй деген сөздің синонимі”, яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандас адамдар жиынтығы [34]. Бір оттың басында өмір сүруге дайындық физиологиялық және психологиялық тұрғыдан негіздеуді қажет ететіндігі сөзсіз. Ер адам мен әйел адамның сезімдерінен туындаған шешім мен жауапкершілікті ұғыну негізінде отбасылық өмір бастала отырып, ұрпақ жалғастыру процесі жүзеге асады.
Кейбір ғылыми зерттеулерде, отбасыға мынадай анықтама берілген: қазіргі заманғы отбасы – ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының негізгі функцияларының қатарына мыналар кіреді: өмірге бала әкелу, оны тәрбиелеп, өсіру, ең бастысы ерлі-зайыптылар жыныстық қарым-қатынас қажеттілігін және эмоциялық сезімдерін және басқа ішкі және сыртқы (әлеуметтік, экономикалық) мұқтаждықтарын өтеу [35].
Көптеген зерттеулерде отбасына деген жағымды қатынас таныту балалық шақтан қаланады деп тұжырымдалады. Балалық шақта адамгершілік қасиет ата-ананың балаға қатынасына және олардың өз басына деген қатынасына тәуелді болып келеді. Балалық шақ онтогенезде даму барысында адам өмірінің маңызды кезеңі. Тұлғаның балалық шағының өту жағдайына байланысты, яғни оның санасы мен жүрегіне қоршаған әлемнің әсер етуіне қарай бүгінгі нәрестенің ертеңгі болмысы қалыптасады. Қазақ халқы отбасы тәрбиесіне ерекше мән беріп, «он үште- отау иесі» деген. Ерте кезде қазақ отбасыларында қыз баланы 3-5 жастан анасы қасына алып, үйдің жұмысына араластырса, ұл балаларды аңшылық, мал бағу сияқты түздің тірлігіне араластырған. Осы орайда, қазіргі өмір тіршілігіміз мүлде басқа сипатта. Сондықтан отбасында әке мен ананың қарым-қатынасы тұлғаның болашақтағы отбасы егесі ретінде қалыптасуының негізі болып табылады. Ал, қазіргі таңдағы ересек азаматтардың өзі отбасылық жауапкершілік пен міндеттерді дұрыс түсінбеуінен қаншама шаңырақ шайқалып жатқаны белгілі [36].
Әрдайым отбасы мүшелері тұлғаның ең алғашқы қоғамдық ортасы мен өмір тәжірибесін жинақтау мектебінің ұстазы болып табылады. Бұл жағдайда отбасы қарым-қатынасында жағымды сезімдер оның мүшелерін көркемдейтін болады. Отбасы әлеуметтік институттың алғашқы сатысы болғандықтан тұлға өмірін әрдайым қолдап отыруы қажет. Себебі, осы әлеуметтік ортада әр баланың ата-анаға деген сүйіспеншілігі шексіз, шартсыз, кіршіксіз болып табылады. Егер бала өмірінің алғашқы жылдарында ата-анасының сүйіспеншілігі оның өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етсе, өсе келе ата-ана махаббаты адамның ішкі, эмоциялық және психологиялық әлемінің қауіпсіздігі мен қолдау қызметін атқарады.
Ата-ананың махаббаты – адамның жан және тән саулығының, рухани байлығының және берекесінің сапа көрсеткіштері мен қайнар көзі болып табылады. Дәл осыдан ата-ананың бірінші және негізгі міндеті баланың көзқарасында оны жақсы көретіні туралы сенімділікті қалыптастыру болып табылады. Қандай жағдай, қандай күйде болсын балада ата-ана сүйспеншілігінен еш күмән болмауы тиіс [37]. Ұрпағына қай жас кезеңінде болмасын әрқашан мейіріммен, ілтипатпен және ізгілікпен қарау – ата-ананың табиғи да ең керекті міндеттерінің бірі.
Ата-ана сүйіспеншілігіне сенімділікті ерекшелеу бала тұлғасында кейбір жағдайларға байланысты қажеттілік тудыратындығы белгілі. Қазіргі таңда өсе келе бала ата-анасынан бөлек кететін жағдайлар сирек кездестіріп жүрміз. Бұл жағдайда баланың ең жақын адамдарымен эмоциялық байланыстары үзіліп, психологиялық, ішкі жан дүниелік жағынан алшақтайды. Қазіргі таңдағы зерттеулерге сүйене отырып, психологтар жеткіншектік кезеңдегі маскүнемдік пен нашақорлықтың астарында көбіне ұрпағын сүймейтін ата-аналар жатқанын дәлелдеген [38]. Нарық жағдайында, материалды құндылықтар басым болып тұрған уақытта отбасылық тәрбиеге негізгі психологиялық талап – махаббат болып табылады. Яғни, баланы сүйіп және күнделікті соны жетекшілікке алып қоймай, сонымен бірге баланың өзі қандай қиындықтар мен қақтығыстар, жанжалдар туындатып отырса да, тіпті ол өзара қарым-қатынаста болмасын, мейірімін, олардың оған деген кіршіксіз махаббатын, жылуын үнемі сезінуі керек. Тек осы жағдайда ғана адамның ішкі әлемі дұрыс қалыптасып, сүйспеншілік негізінде ғана адамгершілік құлықтық іс-әрекет жасалады, ал сүйіспеншілікке тек сүйіспеншілік ғана үйретуі сөзсіз.
Қоғамдағы түбегейлі бетбұрыстарға орай, отбасылық қарым-қатынас сипатында, оған деген көзқарас жаңа сипатта көрініс беріп жүр. Ғылыми-экономикалық даму жағдайында ата-ана өз сезімдеріне, жүрегінің үніне, өз баласының қабілеттеріне сенімділікпен арқа сүйеуі керек. Осы орайда, ата-ана тәрбиенің қандай жүйесін ұстануына тек өзі ғана шешім жасауы тиіс. Бұл жағдайда баланың жараланғыш нәзік жүрегі үшін оның отбасында сүйікті екенін сезіну, ата-анасы үшін қымбат екенін ұғыну болып табылады [39].
Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, өскелең ұрпақтың қалыптасуындағы отбасының маңызды рөлі оның бала дамуындағы әсерін және қайталанбастығымен, даралығымен және жақындығымен анықталады. Шын мәнісінде ата-анадан жақсы баланы ешкім біле алмайды [40]. Жоғарыда атап өткендей біз жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындауда балалық кезеңдегі отбасыішілік қарым-қатынасқа тікелей байланысты жағдайларды сипаттап отырмыз.
Ата-ана тәрбиесі негізінде отбасында тұлғаның адами сапалары қалыптасады. Бұл адами сапаларға адамгершілік, қайғыра білу, сөйлеу мәдениеті, зейінділік, мақсаттылық, инабаттылық, ізгілік және т.б. қасиеттер кіреді. Керісінше, ата-ана стиліне қарай, отбасышілік қарым-қатынасқа байланысты өзімшілдік, қаталдық, үлкенге деген дөрекілік, қоршаған ортаға салғырттық, жауапсыздық және аяусыздық сияқты жаман қылықтар да дамитыны сөзсіз [41]. Осы орайда, ұрпағының тұлғалық сапаларын қалыптастыру мақсатында ата-аналар әр жағдайда отбасылық салт-дәстүрді ұстанып, өз ата-анасына құрметпен қарап, баласына боларлық тәрбиеші болып, шыншылдық, адалдығын көрсетіп, оны жетілдіруі керек.
Жалпы алғанда, әлемде мекендейтін тіршіліктің ішіндегі ең әдемі де қорғансыз тіршілік иесі-бұл адамзат болып табылады. Адам баласы тұлғалық дамып, әрі жетіліп өзіндік өмірге тән мен жан үйлесімдігіне жету үшін және әлеуметтік күрделі қатынастарға дайындалуы үшін шамамен екі он жылдықтай керек. Осы онжылдықтар адамға білім алып, тәжірибе жинап, мамандық алып, еңбек әрекетіне қатысып, қоғамда өз орнын табу үшін маңызды болып келеді. Сондықтан әрбір кезеңдегі тұлғалық дамуды ғылыми тұрғыда зерттеу маңызды мәселелердің бірі. Біздің зерттеуіміздің басты мәселесі болып табылатын студенттерді отбасылық өмірге дайындау өзінің құндылығымен алға шығады.
Белгілі ғалым, гуманистік психологияның негізін салушы А. Маслоу тұлғаның сәтті дамуы үшін оның қажеттіліктері өтелуі тиіс деген тұжырым жасайды [8]. Бұл қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі оның қалыпты дамуына, құрдастарынан қалмай жетілуіне немесе оның қате жолға түсуіне әсер етеді. Сонымен қатар, баланың жеке тұлға ретінде қалыптасып, қоғамда өз орнын табуына мүмкіндік береді. Айтылып отырған мәселе тікелей оның ата-анасының қатынасына тәуелді болып келеді.
Бүгінгі күні отбасылық өмір сүру жағдайлары түрлі сипатта көрініс беріп отырған жайы бар. Отбасында ерлі-зайыптылардың бірге тұруы, олардың ара қатынасын айналасындағылардың «жақсы» деп бағалауы некеде де бақыттылығын білдіре бермейді. Отбасы өмірінің астарында қитырқылардың әртүрі болады: сырттай тату болып есептелетін отбасыларда ерлі-зайыптылардың бір-бірін жек көріп, рухани салқындық байқалуы мүмкін [42].
Өз балаларының жан дүниесін ата-аналардың жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта туындату үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыру қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Белгілі психолог Э. Фромм тұжырымдамасында көрсеткендей, ананың және әкенің махаббаты табиғаты, генезисі және көріну формасы бойынша бір-бірінен ерекшеленеді және баланың тұлғалық дамуында әртүрлі әсер етеді [9]. Ананың махаббаты- шексіз, нәзік және шарттанбайды. Әкенің махаббаты- баладан көп нәрсені талап етеді және ол шарттанған болып келеді. Ол махаббатқа бала лайықты болуы тиіс. Әке махаббатының туа берілетін алғышарты болмайды, ол бала өмірінің алғашқы жылдарында қалыптасады деп тұжырымдайды кейбір зерттеулер бар [9]. Бала әкенің махаббатына лайық болуы үшін белгілі бір әлеуметтік жүйенің талаптарына сәйкес болуы тиіс. Егер бала анадан эмоциялық қолдауды және жақындықты сезінуді қалайтын болса, әкеден бірлескен іс-әрекетте серіктесті және беделді болудың қайнар көзін табады. Баланың ата-анаға деген қатынасы ерлі-зайыптылардың бірі-бірімен қарым-қатынасынан туындайды.
Қазіргі таңда көп белең алып отырған ажырасуға аз қалған ерлі –зайыптылар түрлі ойлардан бірге тұра береді. Біреудің қызмет беделіне нұқсан келмес үшін, екіншілерін–белгісіз тұманды болашақ үрейлендіреді, үшіншілерін–бала алдындағы борышын өтеуде отбасы маңызды деп есептейді. Алайда мұндай позиция көп таралған адасуларға алып келеді.
Әке мен ана отбасында баланың бойында белгілі бір қасиеттердің дамуына негіз болады. Бала өзін әкесі сияқты көріп, өзін сол сияқты сезінеді, өзінше оның күшін, сенімділігін, ересектігін алғандай болады. Ол балаға жанына рухани тепе-теңдік пен сабырлық қалыптастыруға көмектеседі. Кейбір жағдайларда ерлі-зайыптылар өзінің жұбайын бала арқылы мойындамайды. Жұбайын бала арқылы мойындамау - отбасы қарым-қатынасының бұзылғандығының күрделі белгісі, әйелінің не күйеуінің эмоциялық тартымдығының жоғалғандығының көрінісі [43]. Ерлі-зайыптылардың бірін-бірі “өзгертуге ” тырысу күші отбасылық қарым-қатынаста балаға бағытталады. Мұндай отбасыларда бала әрдайым қысымшылықта болады, ол әрине баланың тұлғалық дамуына әсерін тигізбей қоймайды. Бұған қарамастан бала өзін-өзі бағалауын онша жоғалтпайды, өйткені ол ата-анасының бірінің қамқорлығына ие екенін сезінеді.
Нарық жағдайында отбасында ата-ананың екеуі де ортақтық сезімін сезбесе, болашаққа бірлескен жоспар құрмаса, оның алға басуынан өмірлерінің даму жетістіктерін көрмесе, тұлғааралық қысымшылық туады. Мұндай отбасылық жағдай әрине баланың тұлғалық дамуына соққы болары сөзсіз. Дегенмен, ата-ананың қандай шешімі болғанда да бала дамуына кері әсерін тигізбеуі шарт болып табылады.
Отбасы нақты қоғамда өмір сүретін болғандықтан оның жалпы сипатымен қатар, өзі өмір сүретін әлеуметтік қатынастардың мазмұнына сәйкес ерекше белгілері де болатыны анық. Отбасы туралы философ, педагог, психолог, әлеуметтанушы, мәдениеттанушы және т.б. ғалымдар анықтама беріп, еңбектер жаза отырып, осы мәселенің негізін қалаған. Айталық, әлеуметтанушылардың пікірінше, отбасы бұл қоғамның ажырамас бөлігі, оны тар мағынада қолдану мүмкін емес десе, ал психологтар отбасы бұл әлеуметтік институт, қоғамның бастауыш ұйымы, бірігіп шаруашылық жүргізетін және өмір сүретін кіші топ деп қарастырады [44].
Әлеуметтік институттардың бірі ретіндегі отбасының бала тәрбиесінде рөлі төмендегідей:
бала тәрбиесінде отбасы басқа әлеуметтік институттарда жүргізілетін тәрбиелік ықпалдарға қарағанда басым болып келеді;
жаһандану жағдайындағы өркениетті, зайырлы, құқықты мемлекеттің азаматын тәрбиелеуде отбасы қоғамның негізгі буыны болып табылады;
отбасы өскелең ұрпақтың бойында ең құнды адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын қоғамның ажырмайтын басты әлеуметтік институт;
отбасының ең басты міндеттерінің бірі жеке тұлғаны әлеуметтендіру. Ол өскелең ұрпақтың дене жетілуіне, шынығуына, рухани және адами дамуына, ең құнды жалпы адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықты бағалауға, еңбек ету дағдысын тәрбиелеуге ықпал етуші;
отбасы бала тәрбиесінде адамзат қоғамының тарихындағы ғасырлар сынынан мүдірмей өткен ұлттық дәстүрді жалғастырушы;
отбасының әлеуметтік міндеттерінің өзегі тәуелсіздікке ие болған ҚР мемлекеттік заңдарын құрметтеуші, елжанды азамат тәрбиелеу;
отбасы баланың мамандықты еркін және саналы таңдауына ықпал жасаушы.
Кез-келген отбасы оның мүшелері үшін аса маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында құрылады. Қандай да болсын бұл қажеттіліктер отбасылық қатынастардың дамуымен ортақ, топтық және қоғамдық қажеттіліктермен толықтырылады. Отбасы мен тұлға және отбасы мен қоғам арасындағы өзара әрекеттестік жүйесі мен олардың мүшелерінің белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделген тіршілік ету сфераларымен байланыс жүйесінің көрініс табуы отбасының функциясы деп аталады [45]. Жоғарда айтылған мәселелер төңірегінде отбасының негізгі функциясы анықталады.
Әлеуметтік институт ретінде отбасы қоғаммен тығыз байланыста бола отырып, оның функцияларының бірқатары тікелей қоғам талаптарынан туындайды. Бір жағынан, отбасы-бұл өз заңдылықтары мен қызметтері әрекет ететін тұлғааралық қарым-қатынастар сферасы болып табылады. Осы орайда, қоғамның отбасыға және қоғамға қатысты, сонымен қатар, отбасының тұлғаға және тұлғаның оған қатысты функцияларын атауға болады. Осы тұрғыдан отбасы функцияларын әлеуметтік (қоғамға қатысты) және дара (тұлғаға қатысты) деп қарастыруға болады [46]. Отбасы функциясы қоғамның отбасы институтындағы қажеттіліктерімен және отбасылық топқа қатысты тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты болып келеді. Сонымен қатар, отбасы функциялары терең тарихи, қоғамның тіршілік әрекетінің әлеуметтік–экономикалық жағдайларымен тығыз байланысты. Сондықтан уақыт өткен сайын отбасы функцияларының сипаты мен оның иерархиясы өзгереді [47]. Уақыт өте келе отбасындағы жетекші рөлге ата-аналар болып саналатын ерлі-зайыптылар ие болады. Көптеген зерттеулерде отбасының функциясын шартты түрде барлық түрін шамамен төмендегі екі топқа бөліп қарастырады:
1.Ерлі–зайыптылар функциясы;
2. Ата–аналар функциясы.
Ерлі–зайыптылар функциясына рухани қарым–қатынас, күнделікті шаруашылық, басқарушылық (ерлі–зайыптының екеуі де отбасының тұтастай өмір сүру әрекетінің ұйымдастырушылары болып табылады) функциялары, алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы, өкілеттілік функциясы (ерлі-зайыптылар өз отбасыларының өкілі ретінде қоғамның барлық ошақтарының алдында өз отбасы атынан шығады), эмоциялық, жыныстық–эротикалық және басқа да функциялар жатады.
Ата–аналық функциялар тобы балаларды туу және тәрбиелеу функцияларын еңбекке қабілетсіз және кәмілетке толмаған отбасы мүшелеріне қамқорлық ету, оларды материалдық және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету функцияларын құрайды.
Рухани қарым–қатынас функциясы отбасындағы бос уақытты бірге өткізудегі, өзара жан дүние байлығын нығайтудағы қажеттіліктерді қанағаттандыруда көрініс табады. Сонымен қатар оның құрамдас бөліктері: отбасы ішіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен, көркем әдебиет пен шығармашылық пен өзара бірлестіктегі отбасы мүшелерінің байланыс әрекеті, отбасының өз мүшелерінің қоршаған орта мен әлеуметтік орта арасындағы әртүрлі байланыстарға әсері болып табылады [48].
Некедегі ерлі–зайыптылардың арасындағы үйлесімді тұлғалық келісушіліктерден отбасылық бақыт құралады, яғни бұл процесс барысында ой алмасу мен жағымды эмоциялар алмасуы жүзеге асады. Мұндай қарым-қатынастағы жағымды кері байланыстардың жүзеге асуына қажетті жағдай қалыптасқан әдет–ғұрып ережелері мен қағидалар жүйесі болып табылады. Бұл функцияның ең басты мақсаты – отбасында неғұрлым тығыз өзара түсінушілікті қамтамасыз ету [49]. Сондықтан рухани қатынастарды жетілдіру қарым–қатынас мәдениетінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Ерлі-зайыптылардың қарым–қатынасы – тұлғаның өз-өзін жүзеге асыру сфераларының біріне жатады.
Отбасында ерлі-зайыптылар арасындағы рухани қарым–қатынас мәдениетінің негізі өзінің серіктесіне тең қарым–қатынаста қарау болып табылады. Мұндай қарым–қатынас барысында ерлі–зайыптылар өздерінің рухани әлемін, айналасындағылармен байланыс қабілеттерін жетілдіре түседі. Егер де ерлі-зайыптылардың бірі екіншісінен өзін жоғары санап, өз тұғасын биік қойса, онда өзара түсінушілік ғана бұзылып ғана қоймай, сонымен қатар қарым–қатынастың барлық түрінің бұзылуына әкелуі мүмкін [50]. Осы орайда, ерлі-зайыптылардың бірін–бірі сыйлауы, өзара қолдауды қамтамасыз етуі аса маңызды болып табылады. Бұл жағдайлар нәтижесінде жан тыныштығын сақтауға және эмоциялардың жақындасуына көмектеседі.
Отбасының эмоциялық функциясы оның мүшелерімен эмоциялық қолдау, психологиялық қорғаныс, өзара сыйластық және көңіл білдірудегі қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз етеді [51]. Отбасындағы оңтайлы эмоциялық атмосферасы оның әрбір мүшесіне ішкі сезімдерінің жағдайын жасырмауға, қуанышымен бөлісуге, сәтсіздіктер мен көңіл-күйін айтуға, толғандырып жүрген мәселелер бойынша кеңес алуға, рухани және физикалық күш–қуатын толтыруға және қалпына келтіруге кең мүмкіндік ашады [52].
Отбасының алғашқы әлеуметтік бақылау функциясы–отбасы мүшелерімен, әсіресе әртүрлі жағдайларға (жасерекшелігі, сырқаттануы және т.б) байланысты әлеуметтік ережелермен толық сәйкестікте өзінің әрекетін өз бетінше құруға жеткілікті деңгейде қабілетсіз мүшелерімен әлеуметтік ережелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылады [53]. Отбасында әрбір мүшесінің физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағатандырылуына ерлі-зайыптылардың жауапкершілік сезімі жоғары болуы шарт.
Отбасының мемлекеттік мекемелермен, қоғамдық ұйымдармен, еңбек ұжымдарымен және басқа да отбасы мүшелерімен (туыстық, достық, көршілік), сонымен қатар, жекелеген тұлғалармен байланыс жасап, олармен түрлі сипаттағы қарым–қатынасқа түсетінін ескеру аса маңызды болып есептеледі.
Жоғарыда аталған функциялар көмегімен отбасы басқа әлеуметтік қауыммен экономикалық, идеологиялық, заңды, жалпы мәдени, эмоциялық және басқа да қатынастар орната, сонымен қатар, әлеуметтік әлеммен өзара байланысқа түсе отырып, қоғамның алғашқы бөлігі ретінде өзін танытады.
Қазіргі таңда аса маңызды және өзектілерінің қатарына күнделікті тұрмыстық–шаруашылық (экономикалық) функциясы да жатады. Бұл функция материалдық қажеттілікті қамтамасыз етуге (азық–түлік, тұрғын үй, киім, алғашқы қажеттілік заттары) бағытталған және отбасылық топтың барлық мүшелерінің денсаулықтары мен физикалық күш-қуатының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс [54]. Отбасының экономикалық функциясы мынадай негізгі компоненттерден тұрады: қоғамдық өндіріске қатысу, үй шаруашылығын жүргізу, отбасылық қаржыны қалыптастыру, тұтынушылық әрекеттерді ұйымдастыру болып табылады. Осы орайда, біздің ғылыми жұмысымыз нарық жағдайында жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындау болып таңдалуының өзі осы функцияға негізделіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |