Кіріспе зерттеудің көкейтестілігі


Мәтiндiк Мәтiннен тыс компонеттер



бет6/18
Дата26.05.2022
өлшемі1.45 Mb.
#458686
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Электр оку кешен дипл

Мәтiндiк Мәтiннен тыс компонеттер





Бағдарлық аппарат

Безендiрiлген материалдар

Меңгерiлген аппаратты ½éûìäàñòûðó


Түсiндiрме

қосымша

негiзгi






Сурет 1. Оқулық құрылымы


Оқулықтың негiзгi басты мәтiнi оқулық ақпаратының бастау жерi болып табылады. Сондықтан оны оқушы меңгеруге және оқып үйренуге мiндеттi. Негiзгi мәтiннiң элементтерi электрондық оқулықтың мазмұнынан құрылады, негiзгi терминдер және оларды анықтау, негiзгi фактiлер, негiзгi заңдардың сипаттамасы, заңдылық және оның зерттелуi, негiзгi теориялық бейнесi, объектiлердi дамыту және бiлiмнiң нақты бөлiмдерiне бағытталады.


Қосымша мәтiн - сөз жүзiндегi вербальды жеке құрылымның, оқулық материалдарынан тұратын негiзгi мәтiннiң жағдайын терең нығайтады. Қосымша мәтiндерге ғылыми әсерлi дәлелдемелер оқушыны бейiмдеуге күш салады, зерттеу жұмыстарының элементтерiмен оқушыларды таныстырып, үйренушiнiң жеке көзқарасын iске асыруға, оқығанын саралауға мүмкiндiк туғызады.
Қосымша мәтiн элементтерiне мыналар жатады:

  • құжаттар;

  • хрестоматиялық материалдар;

  • көркем шығармалар;

  • ғылыми-танымал және мемуарлар әдебиетiнен үзiндiлер;

  • әңгiмелер мен көркем шығармалардың бейнелерi;

  • үндеу;

  • библиографиялық және ғылыми жұмыстардың мәлiметi;

  • кесте түрiндегi статистикалық мәлiметтер; т.б.

Түсiндiрме мәтiннiң мақсаты - жеке вербальды құрылымның, оқу материалдарының мазмұнын түсiнiктi және толық меңгерту. Тәрбиелiк белгiлерi түсiндiрме мәтiнiнде былай қорытындыланады, ол - ұйымның өзгермейтiн құралы және қатысушының дербес оқуға әрекетi.
Түсiндiрме мәтiн анықтамалық аппарат деп аталатын басты бөлiмшеден тұрады. Соның талабына сай негiзгi оқулықта мәтiнмен байланыссыз және артық материалдар жоқ. Түсiндiрме мәтiн элементiне мыналар жатады:

  • Оқулықтың кiрiспе бөлiмдерi мен тақырыптары;

  • Ескертулер мен түсiндiрмелер;

  • Сөздiктер;

  • Алфавиттер;

  • Анықтамалар;

  • Картаға, схемаға, жоспарға, диаграммаға графиктерге түсiндiрме;

  • Формуладағы жиынтық кестелерi, бiрлiк жүйесi, коэффициент элементтерi, сондай-ақ нормативтердiң жиынтығы;

  • Символикалық таңбаларды нұсқаушы;

  • Оқулықта қолданатын қысқартуды нұсқаушы;

Сонымен, барлық жоғарыда аталған мәтiндердiң түрлерi (негiзгi, түсiндiрме, қосымша) жалпы бiр тапсырманы курсты терең меңгеруге бейiмдейдi.
Электрондық оқулықта барлық мәтiн түрлерi бар, бiрақ кейбiреулерi дәстүрлiге қарағанда басқаша қатынаста болады. электрондық оқулықтағы мәтiндер дәстүрлiге қарағанда қысқа болады. Өйткенi танымдық мәтiн өзiмен ақпараттық экспертi ұсынбау қажет. Сондықтан ерекше назарда негiзгi мәтiннiң мазмұны болады. Ал өзiнiң толық басымдық қызметiн қажет жағдайда көрсету, олардың өзара қатынасын, сонымен қоса, электрондық оқулықта оқу материалдарының құрылымы болуы, бiлiмдi меңгеруiн қамтамасыз ете отырып, бөлiмдер арасында байланыс жасап, мақсатқа сай бекiтiлген тақырыптық материалдарды зерделеуi керек.
Электрондық оқулықта қосымша және түсiндiрме мәтiндер негiзгi мәтiндегi гиперсiлтемемен жасырылуы тиiс.
1-суретте көрсеткендей мәтiннен тыс компоненттер мыналардан тұрады:

  • ұйым аппараты;

  • безендiрiлген материал;

  • бағдарлық аппарат;

  • Ұйымдық аппарат элементiне мыналар жатады:

  • тапсырмалар мен сұрақтар;

  • жадылар;

  • жаттығулар;

  • кестелер.

Тапсырмалар мен сұрақтар – оқулықтың вербальды құрылымды элементi, мақсатқа бағытталған және өнiмдi өңдеуге оқулық материалдарын, оның активтi ойы мен әсерлi ықпалын өздiгiнен жеке меңгеруге болады.
Жады – бұл бағдарламаның бейнесi, оқушылардың логикалық дәйектiлiгi мен ойлау операциялары, тәжиiрбелiк әрекетi, оқу материалдарын өз бетiнше игеруiне бағыттау, алған бiлiмiн қорытындылау. Жады категориясына қойылымдар жатады.
Электрондық оқулықта жады әдетте әзiр жауап түрiнде көрсетiледi, белгiлi аумақта тышқан нұсқауы арқылы экранда көрiнедi және барлық уақытта тұрады. Жады арнайы қойылымдарда электрондық оқулықтың мәтiнiне қатысады. Гиперсiлтеме түрiнде безендiрiледi және басқа бөлiмдерге немесе тақырыптарға өту автоматты түрде жүредi.
Жаттығу – белгiлi бiлiмдi меңгеруге арналған. Әсiресе осы жаттығу арқылы логикалық ойлау, ақыл-ой еңбегiнiң мәдениетiн қалыптастырады.
Кестелер - құрылымдық элемент, арнайы жадыға бейiмделген, екi немесе бiрнеше түсiнiктердi (сөз, сандарды) салыстырмалы арақатынаста көрiнетiндей етiп, мазмұнын терең түсiнiп, салыстырмалы түрде меңгеруiн қамтамасыз етедi, жүйелеп қорытындылайды.
Дидактикалық функция кестенi ұйымдастыру аппаратының басқа элементтерiмен тығыз байланысты.
Безендiру материалы – мәтiннен тыс құрылымдық компонент. Оқулықтағы ақпаратты толық меңгеруiн қамтамасыз етуге бейiмдеп, үйренушiлердi оқуға қызықтырады, ерекше безендiру материалы болып табылатын көркемдiк бейнелеу негiзiне сүйенiп, тәрбиелiк және ұйымдастырушылық мүмкiндiгiне ие болады.
Электрондық оқулықта әртүрлi безендiрудi қолданады. Олар мыналар:

  • техникалық безендiру;

  • карталар;

  • диаграммалар;

  • схемалар;

  • жоспарлар;

  • сызбалар;

  • әдiстемелiк-нұсқаулық безендiру;

  • графиктер;

  • символдық безендiру.

Бұл әртүрлi құралдар графиктердi, анимациялауды сондай-ақ соңғы уақытта бейне клиптермен де жүзеге асырылады.
Бағдарлық аппарат – оқушылады онда бар материалдарды тез және қатесiз табуға мүмкiндiк бередi, сондай-ақ осы пәнге қатысты басқа бiлiм көздерiмен, нақты әдебиеттермен байланыс орнатады.
Бағдарламалық аппаратының элементiне жататындар:

  • жариялық;

  • нұсқаушы, топтаушы;

  • алғысөз;

  • атап көрсету;

  • дабыл символдары.

Компьютерлiк техниканы қолдану кезiнде кейде қиындықтар туындап, оқулық материалына арнайы әдiстемелер жасап ұсынылады, әдетте оқулықты экраннан оқу қиынырақ және аз әсер бередi. Сондықтан автоматтандырылған жүйеде арнайы өңделген оқу-әдiстемелiк әдебиетiнiң құралдарынан тұрады.
Оқу-әдiстемесiн жасауды қамтамасыз етуде дистанциялық мақсатқа сай жоспарлы комплекс жасайды. Оқу әрекетiнiң барлық этаптарына қолдау көрсетуге мүмкiндiк бередi. Теориялық материалдармен танысудан жеке тапсырмаларды шешуге дейiн.
Дидактиканың тағайындалуы мен әртүрлi оқу-әдiстемесiн қамтамасыз ету 4 сыныпталған блоктан тұрады:
Бiрiншi блоктың компонентi пәндi бастапқы танысудан басталады.
Екiншi блоктың компонентi - теориялық материалдардың мәнiн түсiну мен қорытындылауға, теориясы бойынша алған бiлiмге бақылау жасауға құрылады.
Үшiншi блоктың компонентi-тәжiрибенi дамыту мен игерудi қалыптастыру ұшiн жасалған, шығармашылық көзқарасты дамыту, бейiмдiлiгiн, тәжиiрбесiне жинақтау.
Төртiншi блоктың компонентi – бұл автоматтандырылған кәсiптiк әрекеттегi жүйе немесе оқу үйлесiмдiлiгi. Электрондық оқулық кiтабының ерекшелiгiн сақтайтын магниттiк тасымалдаушы:
- электрондық кiтап гипермәтiндiк желiде тiгiлген, оқу материалдары бойынша бет алды новигацияларды қамтамасыз етедi. Гипермәтiндiк басылым WWW баламалығы болып табылады. Ауқымды интернет желiсiнде қолдануы мүмкiн;
- электрондық оқулық құралы оқытушының дайындығын ықшамдап, тәжiрибелiк сабақта және лекцияларда жүргiзiледi;
- электрондық оқулық кiтабын және оның жеке варианттарын дайындау, шешу жеке қажеттiлiктен туындайды.
Оқу құралы электрондық түрде көптеген оқу орындарында қалыптасып жатыр. Бұл оның шапшаңдығы мен қажеттiлiгiн жоғарылатады. Электрондық оқулық мультимедия бейнелерiмен жабдықталған: графиктер, анимациялар т.б. Сонымен, электрондық оқу құралы бiлiм деңгейiнiң қағаз формасымен салыстырғанда деңгейi жоғары, қағаз формасында тек оқулық материалдарымен таныстыру қарастырылады. Ұйым үшiн оқу танымдық әрекетiне мынадай қажеттi дәстүрлi және электрондық мультимедия формасы және оқу құралдары жатады.

  1. Электрондық оқулық пайдалану туралы ұсынымнан басталады;

  2. Одан әрi мотивация мен жалпы бағдар беретiн кiрiспе жүредi;

  3. Оқыту мотивi арқылы оқыту мақсаты құрылады;

  4. Құрылған оқыту мақсатына студенттiң дайындық деңгейiн бағалайтын кiрiс бақылауын iске асырады;

  5. Әрi қарай талқыланатын тақырыптың теориясы берiлетiн электрондық оқулықтың негiзгi бөлiмi жүредi;

  6. Бақылау және өзiндiк бақылау.

Электрондық оқулықты безендiрудiң эстетикалық ережелерi web-дизайнның гипермәтiндiк құжаттарына арналған дәстүрлi талаптарына сай негiзделген. Олардың ең маңыздылары мыналар:

  1. Таңдалған бағыт бойынша ақпарат өте жақсы құрылымдалған болуы және шектелген түсiнiктеме саны курстың аяқталған фрагментiн бiлдiруi керек;

  2. Оқулық курсының құрылымдық элементтерiне кiлттi гипермәтiндiк, иллюстрациялық, аудио, видео коментарийлер, видео илюстрация сияқты тақырыптар сәйкес келуi керек;

  3. Күрделi илюстрацияның элементерiне курсорды апарғанда, санымен бiрге пайда болып, бiрден жауап беретiн жүйемен қамтамасыз етiлуi керек;

  4. Мәтiндiк бөлiм қажеттi ақпаратты iздеу уақытын қысқартуға көмектесетiн және күштi iздеу орталығы мен индексi бар көптеген тұйығын гиперсiлтемемен қамсыздандыру керек;

  5. Бiр экрандағы мәтiндiк бөлiм қысқа болу қажет. Көп жағдайда "үш-үшке" ережесi қолданылады. Басқаша айтқанда, бiр бетке 3 абзацтан артық орналастырмаңыз, ал әрбiр абзац 3 сөйлемнен артық болмауы керек. Мұндай жағдайды болдырмау үшiн кестенi қолдануға болады;

  6. Түстердiң түстер гаммасы бiр стильде болуы керек;

  7. Электрондық оқулықтың программасының iске асырылуы, сондай-ақ гипермәтiндiк құжаттар құру құралдарына да негiзiледi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет