Кіріспе Зерттеудің өзектілігі


III тарау Жүсiпбек Аймауытұлы еңбегiндегi кәсiп таңдау мәселесi



бет7/11
Дата05.12.2023
өлшемі427 Kb.
#485521
түріӨмірбаяны
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
=Дип. Ж. Аймауытов

III тарау Жүсiпбек Аймауытұлы еңбегiндегi кәсiп таңдау мәселесi.
3.1 Кәсіби бағыт-бағдар берудің психологиялық астарлары.
Әлеумет тұрғысындағы зор кемшiлiктiң бiрi әлеуметтiк мүшесi, әр адам « өз орнында » қызмет етпеу. Адам - өзiнiң ыңғайымен, еркiмен қызмет ететiн зат. Кiсi iштен туғаннан-ақ белгiлi бiр өнерге, қызметке икем болып табылады. Басқаша айтқанда, әр адамда бiр нәрсеге талап, ыңғай, қабiлет яки зеректiк болады. Бiреу бала оқытуға ,бiреу етiк тiгуге , бiреу әкiм болуға, бiреу мал бағуға ,бiреу әскерлiкке , бiреу жазушылыққа , бiреу дәрiгерлiкке , бiреу саудаға ,бiреу сөзге, бiреу дауға ыңғайланып жаралады .өмiрде түк жүмысқа икемi жоқ адам сирек болады. Ең болмаса өтiрiк айтуға зерек болып жаралады. Кiмде – кiм өз ыңғайымен , өз жолымен жүрiп қызмет етсе ол өзiнеде , әлеуметке де пайда келтiредi. « өз орнында » iстеген адамның жґмысы да өнiмдi , берекелi болады. Қайғы сол: өз жолын тез тауып алатын адам сирек кездеседi. Адамның көбi ана жолға , мына жолға бiр түсiп өмiр бойы өз соқпағын таба алмай , сенделумен өтедi.
Санап қарасақ әр өнер , әр қызмет мемлекетке , әлеуметке керек. Әлеумет те , мемлектте әр адамның еңбегi , берекелi , пайдалы болуын тiлейдi. Егер әр мүшенiң еңбегi жемiстi болса , соғүрлым әлеумет тұрмысы да , тез оңалады. Әр адамның еңбегi қашан жемiстi болмақ. Әркiм « өз орнында » қызмет iстегенде. Олай болса бұл негiзгi мәселе.
Әр адам әлеуметтiң мүшесi болып , әлеуметке пайдасын тигiзу керек. Екiншi , әр адам өз пайдасын , өз мақсатын көздемек. Бас мақсаты бiр жола ұмытып , әлеумет қызметiне түгел берiлетiн адам болу мүмкiн емес! Ондай адам кемде кем. Бiреу әлеумет үшiн еңбегiн көп жұмсайды. Бiреу бойын тежеп , бас мақсатын көбiрек сақалайды. Айырма жалғыз осында . Бұл адамның табиғатынан туатын заң.
Адамның өзiн тану , өз жолын табу өте қиын. Бұл қиындық әсiресе жастардын басында: олар тәжiрбиесiз , олардың көңiлi , ойы құбылмалы , толқымалы , сондықтан өзiн сынай алмайды. Жастар өздерiн қай жолға түсерiн бiлмей дағдарады.
Әр адам әлеуметке мүше болғандықтан , әлеумет iсiне көмектес болуға мiндеттi.Көмектес болу үшiн кәсiп таңдау керек.Бұл күнгi сот ,қазына , дәрiгерлiк т.б. оқитын жастардын көбiсiнiн ойы әкiмдiк , комиссарлық.Олардын iшiнде әкiмдiкке таланты бары да жоқ емес , бiрақ өнерi қысқаннан ұмтылып жүр деуге тым көп. Анығында бұл бiр жұқпалы селебе дерт болу керек. Қазақ айтады: « Бәрiн бiрдей қойшы болсаң – құл боласың , бәрiң бiрдей тойшы болсан – жын боласын » дейдi.
Әр бiр өнер белгiлi мiнсiз қасиетiн тiлейдi. Ондай қасиетi болмаса , қызмет жемiстi болмайды. Белгiлi бiр өнерге арналып , бейiм бола туған адамда ондай қасиет анық байқалады. Мысалы , артистiк – бойына бiткен мiнез қасиетi. Бiреудiң басынан кешiрген халiн ұға бiлу , өзiн өзгенiң орнына қоя бiлу. Басқалардың қалпына түсу. Оның үстiне артист болуға өткiр сезiм , күштi қиял , жаттау қабiлетi , үстамдылық сипаттары да керек . Саудагер болуда , құнтақты , ептi , айлакер , пысық , епшiл , тапқышыл , жылмаң болмай болмайды. Саудагер көрсе қызар , шыдамсыз , күйгелек болса ұрынады , ұтылады. өткiр сезiм , күштi қиялдық саудагерге түкке керегi жоқ. Әскер қызметi көнбiстiктi , ерлiктi , тәуекелшiлдiктi , тез байыптақыштықты тiлейдi. Осындай өзгеше сипаттар әр адамға белгiлi рең бередi. Қай адам қандай кәсiп iстейтiнi түрiненде көрiнiп тұрады. Әскери адамның жүрiс – тұрысы , сөз дауысы тез , тың , келiсiлмелi , тақ- тақ келедi. Дүкеншi болса , әдепшiл , жылмаң , жарамсақ келедi.Жақсы оқытушы болу үшiн iлтипатты, тұрақты , кең , мiнезi ауыр , жатық бойына берiк , ұстамды болу керек. Шәкiрттерiнiң қылт еткен қылығын байқап, жауабына әзiр болу керек.
Өнерге ыңғайлы , болу үйренумен , машықтанумен , жүре табылмайды. Адамiштен туа өнерге бейiм болып туады. Ол өзайтқан iшкi дауысымен жүру керек.Бiрај көбiнесе олай болмай шығады. Өнер таңдау оңай iс емес. Қазiргi кезде бұл мәселенi шешуге мектепте жараған жоқ. Мектеп , үй iшi де бұл жағынан келгенде жас буынға түзу жөн сiлтей алмай келедi. Үй iшi баласын белгiлi бiр өнерге арнағанда , оның ыңғайымен есептеспейдi. Көрнектi орында шен алатын , мал қызмет еткенiн қалайды. Ал ендi жас буынды өз еркiмен жiберсек , өзi одан ары адасады. Кейде жолдасы қай жолды таңдаса , ол да соған елiктейдi. Кейде бiреудiң орнына , дәрежесiне қызығып , соның жолын көксейдi. Сонымен терiс жолға түсiп кетедi. Өз жолында қызмет ету ырыстың басы. Шу дегеннен өзiнiң тура жолын тауып алатын ырысты адамдарда бар.
Өмiрде ешбiр iске ыңғайсыз , қабiлетсiз адам сирек болады. Бiрақ сол қабiлет қандай қызметке керек тiгiн табу керек. Әрине , бiреудiң қабiлетi артық , бiреудiкi кем , бiреудiкi өрге домалайды , ол жґмысты екiншi бiреу iстесе , орнынанда мызғыта алмайды. Бiреудiң басы милы , бiреудiң қолы ептi. Мұның екеуi де әлеуметке керек.
Бiр iске олақ адамды ешнәрсеге икемсiз , мүлдем топас адам деуге болмайды. Рас , адамның көбi iске тұрлаусыз , табансыз , бiрдi бастап , бiрдi тастағыш келедi. Мұндайлар толық адам емес. Бұлар дауыстың өзi емес , жаңғырығы. Бұлар қай ортаға кез келсе , сол ортаның жағдайына ыңғайланып жүре бередi. Өз ойынан шығаратын өздiк өнерi болмайды. Олар есекке қосақталса да , атқа қосақталса да үйiр болып кетедi. Тура жолына түсуге адамды табиғаты тура жетектей бермейдi және адамның жетiлуi де дәйiм бiр бағытпен жүре бермейдi.
Адамның қабiлетi , икемдiгi жетiлуге , я болмаса жетiлмей кешiгуге өзiнен болмаған сыртқы шарттардың ықпалы бар. Бұл күнде адамның қызмет таңдауына сыртқы жағдайдын салмағы күштi.
Маструков деген ғалым оқушылардан мағлұмат жинаған. Анықталғаны: тiлеген оқуға түсуге сыртқы шарттар бөгет ететiн шәкiрттер саны 50 % , оқушының өзiнен болатын себптермен өз жолына түсе алмайтындар 20 %, сыртқы және iшкi себептерден оқи алмайтындар 30% екен. Белгiлi қызмет таңдауды тiлейтiндер 40% ғана болып шыққан. өзгелерi қандай өнердi таңдауды ойламайды , яғни өздерi де бiлмейдi екен.
Келешекте кiм арман етедi деп қарағанда , арман еткен өнерiнен азды – көптi қабiлетi барлар 29%, күштi қабiлетi барлар 14%, екi тiлегiме үйқасқаны барлары 29%, мұратына жетуге анық тiлегi барлар 4%, ешнәрсеге икемдiгi жој деушiлер 6%, ендi икемдiгiнiң бар жоғын бiлмейтiн 11% икемдiк дегеннiң не нәрсе екенiнен хабарыда жоқ.
Осы тәрiздi « Менiң қалауым » атты диффериенцалды диогнотикалық сауалнама . Онда оқушы мектептi бiтiрген соң кез – келген кәсiптi орындай алады делiк. Мен бґл сауалнаманы №107 орта мектебiнiң 9«б» сыныбына жүргiздiм. Ол екінші қосымшада көрсетiлген. Осы сауалнама бойынша оқушылардың қай кәсiпке ыңғайы бар екенiң анықтадық.
« Адам – жаратылыс »- егiншi , малшы , омарташы , зоотехник , мал дәрiгерi , агроном , орманшы боламын деушiлер 9%, ал «Адам- техникаға » бейiмдiлiгi барлар 17 % .«Адам – адам » деген кәсiптiк түрiнде 32%, « Адам – таңбалар » жүйесiне –бухгалтер , экономист , ғалым , құрастырушы , бағдарлама жасаушы т.б.-ды 36%, ал « Адам – көркем бейнеге » бейiм оқушылар 6% құрады. Бұған қарап бiз қазiргi замандағы жас буынның неге икем екенiң анықтадық. Бiрақ мұнда да олардың алдында айтылғандай тура жолға түскенiн , не түспегенiң анық айта алмаймыз.
Сондыјтан ең бiрiншi жан жүйесiнiн әдебиетiмен танысу қажет. Жан жүйесi адамға ең жақын , керектi , әркiмнiң кiм екендiгi ,жан өмiрi жайынан әңгiме құрады , бiз көбiнесе өзгелердiң мiнезiн , мiнiң көргiш келемiз; өз мiңезiмiздi , өз қасиетiмiздi , өз мiндетiмiздi көрмеймiз ,көргiмiз келмейдi. Бiздiң сыр – сипаттарымызды басјалар байјайды .
Өзін білу, өз қасиетін тауып алу жанның тереңдігін тілейді. Басқаша айтқанда асқан ақылды, дана кісілер өзін сыпай алады. «Мен», «менен», «менікінің» деген мағынасы екі деп Абай айтқандайын, «Мен» деген мағына әр түрлі. Адамда «Меншік мен» бар, «Мендік мен» бар. «Әлеуметтік мен» бар. Біздің «менікі» деп меншіктеп жүрген денеміз тәніміз «меншік - мен», «менікі» жалғыз денемен тамам болмайды: менің үй – ішім, әке – шешем, олардың қызығы, қуанышы, қайғысы, менің де қуанышым, менің де қызығым, менің бір мүшем. Ендеше олар да – «меншік - мен». Киетін киім, тұратын үй, кітабым, саймагым, тағы маған меншікті мүліктің бәрі – «меншік менге» жатады. Жалпы көп өмірде «меншік менді» артық көреді, соны бағалы санайды.
Өзімізді бақылау, сынау үшін қақ жарылуымыз керек. Өзімізді ірі сыншының, ірі сыналатын заттың орнына қоя білу керке. Қақ жарылып, бір өзін екі кісінің орнына қоя білуге, әрине, дағы, әдет керек. Өзін білу оп – оңай, бір жола табылмайды. Бұл ілтипаттың күшейіп, жетілуімен табылады. Ілтипатымызды күшейте – күшейте қақ жарылуды үйренеміз. Өзін - өзі дұрыс, анық бақылап жазған жазушылардың шығармаларын оқудың пайдасы зор. Анық өмірді суреттеген өнерпаздардың сырлы шығармалары жақсы үлгі. Адамның жан құбылыстарын зерттеп, таныс болу үшін сол шығармалардағы кейіпкерлердің (тип) бастан кешірген халдерін бақылау керкек. Өзін бақылауға бұл құрал болады. Әркімге өзінің басынан кешірген хал – жайын күнделікке жазып отырудың да өзін бақылауға маңызы күшті.
«Меңнің» санасыздық жағынан ықпалын көрсету үшін «көңіл – күйін» алайық. Әркімде бір талпыну, шабыт бар. Осы шабыттар түрлі себептермен кейде көтеріліп, кейде төмендеп тұрады. Санамыздың қармағына бір рет ілініп қалған нәрсе кейде мүлдем ұмытылп кеткендей көрінсе де, анығында ол ұмытылмайды, тек орыны ауысып, санасыздық дүниесіне кетеді. Мәлімсіз бір қуаттың ықпалымен сол ұмытылған нәрселер өзін - өзі түртіліп, кейде санамызға қайтып келеді. Ол келсе қиялыммыз қозғалып, іске кіріседі. Жүрекпен сырласып, жүйелі, тізбекті үлгілер, кейіптер туғызады. Сонда біз не көтеріліп шабыттанамыз, не кірбіңдеп жабығамыз. Міне, жандық осндай халін көңіл - күйі дейміз. Олай болса, санасыздық дүниесі біздің көңіл – күйіиізге де әсері тиеді екен. Кейбір жұмысты жақсы істеудің көңілдің көтеріңкі болуы жағымды шарттың бірі.
Адам өзін білуге күнделік жазып, өзімен кеңесудің пайдасы бар деп жоғарыда айтылды. Шарты табылса күнделік жазу адамды кірбең қылатын заттардан құтқаруға құрал болады. Ол шарт мынау: күнделікті өз басы үшін ғана жазу; жанының әрбір толқындарын, жүректің терең сырларын, басынан кешірген халдерін асырмай-жасырмай, шын жазу.
Жан дүниесінің жалпы ағынымен таныс болу әр адамның өз жан құбылыстарымен танысып, зерттеуге пайдасы бар. Өйткені жан жүйесінің мақсаты: жалпы адамның жан құбылыстарын, олардың қатынасын, себебін тексеру. Бірақ жалпы адамдарға тиісті жанның қасиеттерінен басқа, әр адамға хас, өзгеше сипаттар да бар. Адам өзін және өзгелерді ұғыну үшін ғылымнан жолбасшылық керек. Ондай жол басшы болуға жарайтын ғылым, жан жүйесінің жеке адамдар өзгешелігін зерттейтін бөлімі. Рас, бұл бөлім әлі жас, жеке адамда болатын алуан-алуан мінез қасиеттерін түгел тексеріп, жан заңдарын түгел ашты деуге болмайды. Бұл бөлімнің болашағы алдында. Бірақ жаста болса әр адамның өзгеше сипаттарын тексеруге бұл бөлімнен азды-көпті көмек табылады.
Әр адамда болатын өзгеше қасиеттерді жіктеудің ең жабайы, қолайлы жолы сыртқы әсерлерге әрбір адам жанының қалай тебіренуін, қалай жаңғыруын бақылау. Айналадағы дүниеге адамның жаңғыруын яки серпілуін жан ағыны дейміз. Осы серпілудің айырмасы әр адамның өзгеше қасиеттерін көрсетеді. Адамдардың сыртқы сыртқы әсерге серпілу мінездерін байқағанда екі түрлі негізді айырма барлығы анықталған: тез серпілу, созалаң серпілу. Серпілудің осындай айырмасына қарап, әр адамның мінезін айырамыз. Алдымен бұл айырма бір адамның сыртқы дүниеге, сыртқы затқа қалай қарайтындығын көрсетеді. Тез серпілетін адамдардың қарасында өзіндік мінез болады. Олар қандай іс болса да белсеніп, құлшынып кіріседі. Бір мақсаты – оның өзі істегені. Айналадағы нәрселердің өзіне қатынасы қандай болса, маңызы сондай көрінеді. Бұлар нәрсе болсын, көбінесе өз көзімен қарап, өз сүйемімен өлшейді. «Ашуын қолына ұстап отырады » деп, кейбір ашуланшақтарды айтады ғой жұрт. Сол сықылды бұл кейіптес адамдар өзінің «мендігін» қолына ұстап отырады. «Мен» бұрын жүреді «мен» қашанда болса әзір тұрады. Сондықтан бұл кейіпкерлер тез серпіледі, тез қайталайды. Өзін ұстау оларға қиын. Бұлар өзімдік (субъективный) кейіпкерлер.
Енді біреулер сырттан алған әсерге жуық маңда селт етіп серпіле қоймайды. Азды-көпті ұғынған, саналанған кезде барып қайталайды. Бұлар өзгелік (объективный) кейіпкер. Өзімдік кейіпкерлердің ынтасы, ілтипаты, көбінесе, қозғалысқа, қимылға ауады. Өзгелік кейіпкерлердің ілтипаты терең ойландырарлық әсерге түйіледі. Соңғылар, егер ілтипатын өзіне аударды бар ғой, мәселені өзі сезгенімен, өз қарасымен шешпейді. Сырттан бір түрткі жолыққанға шейін қозғалысын тоқтата тұруға да шамасы келеді. Қайталаудың осындай айырмасы келешектегі мінездің ұрығы іспетті. Адамда жас басынан-ақ байқалады. Жас баланың қозғалысында есейгенде болатын мінезінің өзгешелігі көрініп тұрады. Америка ғалымы (психолог) Болдуин балаларда болатын екі кейіпкерді алады. Бірін қозғалғыш, ұшқалақ (ісшіл), ал енді бірін ұстамды (сезімді) байсалды деп атайды. Ұшқалақ бала сырттан алған әсердің ыңғайына тез құбылады. Оны сыртқы ықпал билейді. Бір нәрсенің пысы жеңді-ақ, ол дереу, қолма-қол сол бағытта істей бастайды. Ол ойланбай, тез істеуге икем тұрады. Оның іліктестік (ассоциация) қызметі өте тірі болады. Ойдың әрбір қылт еткен ұшқыны, егер ол (ұшқын) қимыл тілейтін болса, дереу сыртқа шығады, не іске айналады.
Ортаның беретін әсерлерінен бұрынғы әдеттенген қызметі арқылы тез сіңдіріп алады. Ондай ұшқалақ бала әр нәрсеге тез әдеттенеді. Саналы көзқарастан да оның әдеті басым болып отырады. Ұшқалақ баланың ілтипаты онықсыз, сондықтан әрқашан тың әсерге мұқтаж болады. Ілтипаттың орнықсыздығынан не туады? Одан туатын салдар мынау; ойдың талдау қызметіне қабілетсіз болады, тез жалпылауға икем тұрады. Нәрсенің айырмасын байқауға, жаттауға шамалы келеді.
Байсалды бала көп жерде ұшқалақ баланың мінезіне мінезі қарсы. Ұшқалақ бала қозғалысты, іске ұмтылуды, белсеніп кірісуді тілесе, байсалды бала жадағайлықты, керенаулықты, баяулықты, іссіздікті, дененің қзғалмауын, алған әсерін ішінде сақтауды, іске өрең асыруды қалайды. Бұл кейіптес балалар жаңа қимылға қиналып үйренеді. Көргенін тез қағып ала алмайды. Терең қадағалайды. Жуырда икемге көнбейді. Бұдай кейіпкерде үйірлік сезімі кем болады яғни бойкүйезденіп, именіп, тайсалып, бұйығы тұрады. Байсалды баланың ілтипаты орнықты жаңа әсерлерге ілтипаты тез көше бермейді, нәрсенің тәптіштерін ұғуға талпынса, малтығып , ауырлап қалады, өйткені бұл кейіпкер өте бақылампаз, байыпты келеді. Оған ақылдың талдау жолы орайдлы. Оның толғамы сенімдірек. «Әділдік», «міндет» деген жақсы сипаттар олардан табылады.
Ересектерде болатын бұл екі кейіпкердің парқын Астауалд жақсы суреттейді. Ол оқымыстыларды (ғалымдарда) негізде екі кейіпке бөледі;
Үлгішіл (классик), романшыл (романтик) деп. Үлгішілдер ақыл қызметіне шабан, романшылдар шапшаң. Бұл парық екі кейіпкердің әдісіне де, ғылым еңбегінің нәтижесіне де реңк береді. Романшылдың көп нәрсеге ынталы болуына тез серпілгіштігі себеп болады. Романшылдық басы әрқашан неше түрлі оймен, планмен толулы. Келесі ойларына жол беруге асығып, Романшылдар басына келген планды іске тез асыруды қалайды. Ой қызметіне шалымдылығы жұмысты тез бітіруге қолқабыс етеді. Романшылдар мәселені шешті-ақ, дереу орныдауға тырысады.
Романшылдар жылдам, қозғалғыш қайнаған қаны, қызу жігерімен шәкірттерді еліктіріп, мектепке жан кіргізеді. Өз тұсында замандастарына жұғымды, сүйкімді беделді де болады.
Үлгішілдер бұлай емес, олар өте ақырын, баяу қимылдайды. Басына бір ой келсе, оны әбден салмақтамай, күдіктісін анықтамай өзгелерге айтуға батылы бармайды. Ол бар ынтасын, бар жұмысын бір ойдың төңірегіне түйілдіреді. Ол ойын әбден шынықтырып, кемеліне келтіргенше, тоздырғанша тастай алмаайды. Сондықтан көлем жағынан қарағанда, оның жұмысы көбінесе елеусіз болып, көзге түсе бермейді. Бірақ бұл оңтай жұмысты түбірлеп зерттеуге жақсы; олардың қызметі көбінесе терең болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет