Класс Time. – 2013. №15. – 10 сәуір Белорустар трактор берді



Дата09.07.2016
өлшемі14.27 Kb.
#188111
Класс Time. – 2013. - № 15. – 10 сәуір
Белорустар трактор берді
Белоруссия Республикасының елшілігі С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне «Беларус- 80 X» тракторының макетін тапсырды.

Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты шараға Қазақстан-Белоруссия арасындағы үкіметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық комиссиясының төрағасы, еліміздің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі Владимир Божко қатысты. Ол ҚазАТУ жанынан құрылған ауыл шаруашылық биотехнологиялары Ғылыми-зерттеу институтының жұмысымен танысты және оқу ордасының студенттері мен магистранттарының сауалдарына жауап берді.

«Техниканың тілін жетік меңгеру үшін студенттерге дәл осындай оқу- әдістемелік құралы ауадай қажет. Бүгінде шаруа қожалықтарының барлығы «Беларус -80 X» тракторын пайдаланады. Себебі бұл трактор өзін тек қана жақсы жағынан көрсетіп жүр. Семейдегі бірлескен кәсіпорыннан жылына осы марканың 700 данасы шығарылады. Бұл техникаға сұраныс бар, болған, бола береді», - деді ресми рәсімде министр.

Айта кетейік, Қазақстан мен Бело­руссия білім және ғылым саласында тығыз қарым-қатынас орнатқан. Соның жарқын көрінісі ҚазАТУ Белоруссия мемлекеттік аграрлық техникалық, Белоруссия ұлттық техникалық университеттерімен және Витебскідегі мемлекеттік ветеринарлық медицина академиясымен қоян-қолтық араласады. Соңғы екі жылда ғана ҚазАТУ-дың 33 студенті Белоруссияның жоғары оқу орындарында академиялық білімдерін жетілдіріп, бір семестр бойы білім алған. 19 магистрант ғылыми тағлымдамадан өтсе, 10 оқытушы біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болған.



Университет ректоры Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, екі ел ғалымдары біріккен оқулықтар жазу мен оқу әдебиеттерімен алмасу ісін де жолға қойып алған. «Біз мұнымен шектелмейміз. Болашақта ҚазАТУ жанынан машина сынағы стансасын құрамыз. Ол ел игілігі үшін қызмет ететін болады. Бұл жерде шәкірттеріміздің шеберлігі шындалады. Олар ұстаздардан үйренгендерін тәжірибеде қолданып, іс жүзінде орындап көреді», - деді универси­тет басшысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет